Пән бойынша глоссарий

Бақылау ауқымы - бақылауға жататын мәселелердiң тiзбесiн, бақылаумен қамту кезеңiн және оның ұзақтығын қамтитын бақылау көлемi;

Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері- бюджет процесіне қатысушылар, мемлекеттің қатысуы бар субъектілер, бюджет қаражатын алушылар, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар;

Бақылау субъектілерi - iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкілетті орган, iшкi бақылау қызметтерi;

Бақылау iс-шарасы (бақылау) - бақылау объектiсiнiң қызметін заңнамаға сәйкестiгі мен жасалған шаруашылық және қаржы операцияларының тиiмділігі, олардың бухгалтерлiк есеп пен есептілікте көрсетiлу дұрыстығы тұрғысынан құжаттамалық және iс жүзiнде тексеру жөнiндегi мiндетті бақылау iс-әрекеттерiнiң жүйесi;

Ревизор - бақылау iс-шарасын жүзеге асыратын бақылау субъектiсiнiң қызметкерi, сондай-ақ бақылау iс-шарасына қатысуға тартылатын өзге ұйымның маманы;
тексеру тобы - бақылау iс-шарасына қатысуға тартылған өзге де ұйымдардың мамандарын қоса алғанда бақылау субъектiсiнiң екi және одан көп қызметкерi;

Аралық акт - кешiктiрмей (жеке) құжаттамалық ресiмдеудi талап ететiн жекелеген мәселелердi тексеру нәтижелерi бойынша жасалатын бақылау актiсi;

Бақылаудың жеке бағдарламасы - нақты бақылау объектiсiнiң бақылау iс-шарасын жүргiзу кезiнде тексеруге жататын мәселелердiң тiзбесi.

Бақылау объектісі – бюджет процесіне қатысушылар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;

Бақылау объектісін таңдау –дайындық кезеңі, оның барысында бақылау іс-шараларының бүкіл процесін жоспарлап, жүргізу үшін қажетті алғышарттар жасалады және бақылау объектісінің қызметінің нәтижесі, туындайтын тәуекелдер мен кездескен проблемалар туралы ақпаратты жинауға, талдауға және бағалауға негізделеді;

Өлшемдер– көрсеткіштер тізбесі, солардың негізінде бақылау объектісін белгілі бір тәуекел тобына жатқызу туралы шешім қабылданады.

Тәуекел – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы мен өзге де заңдарын сақтамаудың, бақылау объектісіне оқиғаның немесе іс-әрекеттің тигізетін жағымсыз әсерінің ықтималдылығы, ол қаржылық бұзушылықтарға, бюджет қаражатының ұрлануына (ысырап болуына) әкеліп, мемлекетке экономикалық зиян шектіруі мүмкін;

Тәуекелдің деңгейін бағалау –тәуекелдің параметрлерін сипаттайтынбарлық тәуекел жағдайларын заттай-бұйымдық және құн бойынша талдау;

Тәуекел тобы – белгіленген параметрлер мен көрсеткіштерге сәйкес алынған өлшемдер бойынша бақылау объектілерін шартты түрде топтастыру;

Тәуекелдерді басқару – тәуекелдерді сәйкестендіру мен талдауға және шешімдерді қабылдауға байланысты процесстер, олар тәуекел жайттарының туындаған оң салдарларын барынша арттырып, ал орын алған теріс салдарларын барынша азайтуды қамтиды;

Тәуекелді талдау – тәуекел деңгейін бағалаудың процесін оңтайландыру мақсатында бақылау объектісі қызметінің қандай да бір саласына тәуекелдің тигізетін ең үлкен әсерін анықтау үшін жүргізілетін әрекет;

Мемлекеттік аудит – бұл талдау, бағалау және басқарудың тиімділігін тексеру және бюджеттік қаражаттың жұмсалуы, квазимемлекеттік сектордың субъектілері мен мемлекеттің активтері, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, сонымен қатар мемлекет кепілдік болған қарыздар, бюджеттік қызметті орындауға қатысты басқару тәуекелділіктерінің негізі.

Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері

Тақырып 1. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың экономикалық мазмұны

 

Сабақтың мақсаты: Бақылау туралы жалпы түсінік анықтау, оның функциялары мен міндеттерін, қағидаларын оқып үйрену.

Дәріс сұрақтары:

1. Бақылау туралы жалпы түсінік, оның функциялары мен міндеттері

2. Бақылау қағидалары

Дәріс тезисі

 

1. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің ажырамас құраушы бөлігі болып табылады. Қаржылық бақылаудың болуы, объективті түрде, экономикалық категория ретінде қаржыға тек бөлуші ғана емес, бақылау функциясы да тән болуымен түсіндіріледі. Сондықтан да өз міндеттерін шешу мақсатында мемлекеттің қаржыны қолдануы міндетті түрде бұл міндеттердің орындалуы бойынша бақылау жүргізуді білдіреді. Қаржылық бақылау мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тұтас жүйесімен, оның ішінде қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының және азаматтардың қатысуымен арнайы бақылау органдарымен, құқықтық нормаларда бекітілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

«Бақылау» термині қоғамдық процестерді басқару жүйесінің функциясы болып табылады. Бұл, негізінен, құқықтық мемлекеттің әлеуметтік басқарылуына, саяси басшылығына, халықтық демократиясына қатысты болып келеді. Әлеуметтік басқару функциясы ретінде бақылау объективті түрде қажет. Ол бақылауға алынған объектінің мінез-құлығын түзете отырып, бекітілген мінсіз үлгілер бойынша басқару процесін бағыттайды.

«Бақылау» термині латынның «контра рутулус» деген сөзінен шыққан, (белгіленген, болжанған, болып жатқан немесе болған құбылысты немесе процесті) «қарсы қою» деген мағынаны білдіреді. Француз тілінен аударғанда «бақылау» бір нәрсені тексеру дегенді білдіреді. Ол екі нұсқада жүргізілетін тізім дегенді білдіретін, басқа «сontrole» деген базалық сөздің өзгеруі нәтижесінде қалыптасқан.

Бақылау- ревизиялық қызмет сұрақтарына арналған арнайы әдебиеттерде бақылау мәні шаруашылық заңнаманың сақталуын үнемі тексеру және мемлекеттік тәртіпті бұзуларды анықтау мағынасында қолданылады. Шындығында, басқару субъектісі тексеріс объектісі сәйкес орнатпаларды қалай орындап жатқандығына тексеру жүргізеді.

Қорыта келгенде, бақылау қабылданған басқарушылық шешімдердің негізділігі мен тиімділігін бағалау, оларды жүзеге асыру дәрежесін анықтау, істің жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылдауға қабілетті құзыретті органдарға уақытылы ескертуге жататын ауытқулар мен қолайсыз жағдайлардың болуын анықтау мақсатында, басқарылатын объектінің жұмыс істеуін бақылау және тексеру жүйесін білдіретін, басқару функцияларының бірі болып табылады.

Абленов Д.О. өзінің «Қаржылық бақылау және тереңдетілген аудит» атты еңбегінде бақылау жүйесін бақылау мақсаттарына қол жеткізу процесіндегі оның элементтерінің өзара әрекеттесуі ретінде сипаттайды, яғни бақылау жүйесі келесі элементтерден құралады:

1) бақылау субъектісі (кім бақылайды);

2) бақылау объектісі (кімді бақылайды);

3) бақылау пәні (нені бақылайды

4) бақылау қағидалары;

5) бақылау әдістері (ненің көмегімен бақылайды);

6) бақылау техникасы мен технологиясы;

7) бақылау процесі;

8) бақылау жүргізу үшін бастапқы мәліметтерді жинақтау және өңдеу;

9) бақылау нәтижесі және оны жүзеге асыру шығындары;

10) бақылау нәтижелері бойынша шешім қабылдайтын субъект;

11) бақылау нәтижелері бойынша шешім қабылдау.

Бақылау процесі – белгілі бір бақылау міндеттерін жүзеге асыру және сәйкес қағидалар, типтер, әдістер және техникаларды қолдану арқылы тиімдірек тәсілдермен басқарудың алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге кепілдік беруге бағытталған, бақылау субъектілерінің қызметі.

Қаржылық бақылау пәні оны нормативтік-құқықтық реттеудің бекітілген ережелерін сақтауға негізделген, кеңейтілген ұдайы өндіріс және қаржылық ресурстарды басқару процесі болып табылады.

Қаржылық бақылау қаржылық тәртіптің бұзылуын анықтауға көмектесетін, заңдылықты қамтамасыз етуге, меншікті қорғауға, қаражаттарды дұрыс және тиімді қолдануға септігін тигізетін, экономикалық бақылаудың маңызды нысандарының бірі болып табылады.

Қаржылық бақылаудың маңызы, оны жүргізу кезінде, біріншіден, мемлекеттік билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қаржылық қызметі процесінде бекітілген құқықтық тәртіптің сақталуы, және екінішіден, жүзеге асырылатын әрекеттердің экономикалық негізділігі мен тиімділігі, олардың мемлекеттің міндеттеріне сәйкес келуі тексерілетінінен көрініс табады. Сөйтіп, ол жүргізілетін қаржылық қызметтің заңдылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етудің маңызды тәсілі ретінде қызмет етеді.

Қаржылық бақылау дегеніміз ЖІӨ мен ұлттық табысты бөлу мен қайта бөлудің барлық сатыларында, кәсіпорындар мен ұйымдардың тұтас шаруашылық қызметін бақылау болып табылады. Қаржылық бақылау қаржылық әсер ету арқылы, яғни әр түрлі ынталандырулар, жеңілдіктер және санкциялар көмегімен, сонымен қатар қандай болмасын құралдардың жеткіліктілігі, өтімділік, төлем қабілеттілік, айналымдылық, рентабельділік, капитал құрылымы және т.б сияқты қаржылық көрсеткіштерді қолдану жолымен жүзеге асырылады. Қаржылық бақылау барлық қаржылық-құқықтық институттарға тән.Сондықтан қаржылық бақылауды жүргізу тәртібі мен ұйымдастыруды реттейтін жалпы қаржылық-құқықтық нормалардан басқа, оның жеке қаржылық-құқықтық институттардағы ерекшелігін қарастыратын нормалар да бар. Қаржылық құқықпен реттелетін қатынастардағы қаржылық бақылаудың негізгі мазмұны келесілерге негізделеді:

а) ұйымдар мен азаматтардың мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдары алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындауын тексеру;

б) мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың шаруашылық қарауындағы немесе оперативтік басқаруындағы ақша ресурстарының (бюджеттік және меншікті қаражаттар, банк несиелері, бюджеттен тыс және басқа да қаражаттар) дұрыс пайдаланылуын тексеру;

в) кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қаржылық операцияларды, есеп айрысуларды және ақша қаражаттарын сақтауды жүргізу ережелерін сақтауын тексеру;

г) өндірістің ішкі резервтерін анықтау – шаруашылық рентабельділігін арттыру мүмкіндіктері, еңбек өнімділігінің өсуі, материалдық және ақшалай қаражаттарды үнемдірек және тиімдірек қолдану;

д) қаржылық тәртіптің бұзылуын болдырмау және ескерту. Олар анықталған жағдайда, бекітілген тәртіп бойынша ұйымдарға, лауазымдық тұлғаларға және азаматтарға ықпал ету шаралары қолданылады, мемлекетке, ұйымдарға, азаматтарға материалдық зиянды өтеу қамтамасыз етіледі.

Қаржылық бақылау ұйымдастырудың спецификалық нысандары мен әдістерін қолдана отырып, мемлекеттік билік органдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, сонымен қатар халықтың қаржылық және онымен байланысты операциялары мен әрекеттерін тексеру бойынша, бақылау субъектілерімен жүргізілетін шаралар жиынтығы ретінде көрініс табады.

Қаржылық бақылауды жүргізу мақсаты бюджет қаражаттарын жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз ету және оны жұмсау тиімділігін арттыру болып табылады:

Қаржылық бақылаудың келесідей негізгі міндеттері бар:

· мемлекет пен қоғам алдындағы қаржылық міндеттемелердің орындалуын тексеру;

· кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың шаруашылық қарауындағы немесе оперативтік басқаруындағы ақша ресурстарының дұрыс пайдаланылуын тексеру;

· кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қаржылық операцияларды, есеп айырысуларды және ақша қаражаттарын сақтауды жүргізу ережелерін сақтауын тексеру;

· өндірістің ішкі резервтерін анықтау – шаруашылық рентабельділігін арттыру мүмкіндіктері, еңбек өнімділігінің өсуі, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету, материалдық және ақшалай қаражаттарды үнемдірек және тиімдірек қолдану;

· қаржылық тәртіптің бұзылуын болдырмау және ескерту.

Мемлекеттік қаржылық бақылау тек қана экономиканың қоғамдық секторын қамтитынына қарамастан, ол міндеттер тізімінде көрсетілгендей, негізінен, салықтық есеп айырысуларды есептеудің, бюжеттен қаржыландырылатын мемлекеттік тапсырыстарды кәсіпорындардың орындауының дұрыстығын тексеру арқылы, барлық меншік нысандарының кәсіпкерлік қызметіне де таралады. Сәйкесінше, қаржылық бақылау объектісі тек бюджеттік-салықтық сфера мен бюджеттік процесс қана емес, нарықтық қатынастар субъектілерінің тұтас қаржылық-шаруашылық қызметі болады. Осымен қаржылық бақылаудың мемлекеттік бақылау мен басқарудың маңызды элементі ретіндегі үлкен рөлі мен маңызы анықталады.

Басқаша айтқанда, қаржылық бақылау объектісі бюджеттік қаражаттарды толықтай жұмылдыру, ұлттық табыстың бөлігін территориялық, әлеуметтік және салалық бөліктерге қайта бөлу және оны мемлекеттің өз функцияларын орындауы мақсатында тиімді қолдану мәселесі бойынша, бір жағынан мемлекет, екінші жағынан заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын ақшалай қатынастар болып табылады.

2. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің басты шарты қағидаларды, яғни жалпы бақылау қызметін қамтитын негізгі ережелерді сақтау болып табылады.Сонымен қатар, мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды атап өткен жөн. Негізінен, бұл талаптар қағидалар болып табылмайды, бірақ мемлекеттік қаржылық бақылаудың жекелеген элементерінің тиімділігін, жалпы мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің тиімді жұмыс жасауын талап етеді. Сызба түрінде бұл қағидалар мен талаптар 1-суретте көрсетілген.

Суретте көрсетілгендей, қаржылық бақылаудың негізгі қағидалары келесілер болып табылады:

· заңдылық;

· тәуелсіздік;

· жариялылық;

· объективтілік;

· жауапкершілік;

· теңгерімдік;

· жүйелілік.

Заңдылық қағидасы келесілерді қарастырады:

· мемлекеттік қаржылық бақылаудың нормативтік-заңнамалық базасының және жалпы Қазақстан Республикасының заңнамасының сапасы, яғни оның қоғамдық дамуы, мемлекеттік қаржылық базаны нығайту және күшейту мақсаттарына сәйкестігі;

· өз бақылау өкілдігін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының(олардың өкілдерінің), сонымен қатар олармен құқықтық қатынастағы (мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының шешімдерін орындауды қоса алғанда) барлық ұйымдардың құқық нормаларын сақтауы. Жалпы алғанда, мемлекеттік қаржылық бақылаудың заңдылығы – мемлекеттік бақылаушыларды , бақыланатындарды, сонымен қатар шешім қабылдайтын мемлекеттік органдарды қоса алғанда, үшінші тұлғаларды да қамтитын жүйелі ұғым. Мысалы, біріншісінің де, екіншісінің де жұмыс жасауы бойынша барлық сұрақтары, олардың бақылау органарымен өзара қарым-қатынасының сұрақтары да нормативтік-құқықтық актілермен анықталады.

  • Қаржылық бақылау органдарының тәуелсіздігі (ұйымдастырушылық, функционалдық, қаржылық) заңнамамен қорғалады. Мемлекеттік бақылау органдары (бақылаушылар), өздері қызметін тексеретін, заңды немесе жеке тұлғалардан, сонымен қатар қандай болмасын жолмен соңғыларымен байланысты тұлғалардан ұйымдастырушылық, функционалдық, материалдық және басқа да сипаттағы (мүдде, жеке немесе туыстық байланыс тұрғысынан) тәуелсіздікке ие болуы керек (яғни,соңғыларының тарапынан ешқандай ықпал болмау керек).

 

 

Қағидалар
заңдылық
t j9QmNkf649AMWZvlkyCNax+Qa3DjIOPiodE5eKSkxyGuafi2ZyAo0e8sTslqOp+nqc/OfHExQwfO I815hFmOUDWNlIzmdRw3Ze9B7Tr80yieda9QY6ky10n/sapj+TioWa3jUqVNOPdz1o/V33wHAAD/ /wMAUEsDBBQABgAIAAAAIQDYAiQU2wAAAAcBAAAPAAAAZHJzL2Rvd25yZXYueG1sTI7BTsMwEETv SPyDtUhcELXTQlTSOBVC6okDIq04u/E2iYjXUey05u/ZnuA0Gs1o5pXb5AZxxin0njRkCwUCqfG2 p1bDYb97XIMI0ZA1gyfU8IMBttXtTWkK6y/0iec6toJHKBRGQxfjWEgZmg6dCQs/InF28pMzke3U SjuZC4+7QS6VyqUzPfFDZ0Z867D5rmenYfek0ns9Tv6QP9ivj9imND8nre/v0usGRMQU/8pwxWd0 qJjp6GeyQQwaXlY5NzVcheOlWmUgjuzXGciqlP/5q18AAAD//wMAUEsBAi0AFAAGAAgAAAAhALaD OJL+AAAA4QEAABMAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAFtDb250ZW50X1R5cGVzXS54bWxQSwECLQAUAAYA CAAAACEAOP0h/9YAAACUAQAACwAAAAAAAAAAAAAAAAAvAQAAX3JlbHMvLnJlbHNQSwECLQAUAAYA CAAAACEAWJEGuh0CAABCBAAADgAAAAAAAAAAAAAAAAAuAgAAZHJzL2Uyb0RvYy54bWxQSwECLQAU AAYACAAAACEA2AIkFNsAAAAHAQAADwAAAAAAAAAAAAAAAAB3BAAAZHJzL2Rvd25yZXYueG1sUEsF BgAAAAAEAAQA8wAAAH8FAAAAAA== ">
тәуелсіздік
жариялылық
объективтілік
жауапкершілік
E 4Uh6HJohT+T10xgay4/IsLejfHHd0Ois/0lJj9KtafixBy8oUR8NamM1nc+T1rMzX1zN0PGXkeYy AoYhVE0jJaN5E8f92Dsvdx2+NA7P2Lc42VZmrtPUx6pO5aM887ROq5T0f+nnrF8Lv3kEAAD//wMA UEsDBBQABgAIAAAAIQBVEEcN3QAAAAgBAAAPAAAAZHJzL2Rvd25yZXYueG1sTI/NbsIwEITvlXgH ayv1VuyUKgohDkJIHHrogT9xNfE2iYjXaWwgvH23p/a2oxnNflMsR9eJGw6h9aQhmSoQSJW3LdUa DvvNawYiREPWdJ5QwwMDLMvJU2Fy6++0xdsu1oJLKORGQxNjn0sZqgadCVPfI7H35QdnIsuhlnYw dy53nXxTKpXOtMQfGtPjusHqsrs6Dd+byqnD5fTRh+N6/1k/5jO7nWv98jyuFiAijvEvDL/4jA4l M539lWwQnYY0UwlHNcxSEOxn6p2PM+ssAVkW8v+A8gcAAP//AwBQSwECLQAUAAYACAAAACEAtoM4 kv4AAADhAQAAEwAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAW0NvbnRlbnRfVHlwZXNdLnhtbFBLAQItABQABgAI AAAAIQA4/SH/1gAAAJQBAAALAAAAAAAAAAAAAAAAAC8BAABfcmVscy8ucmVsc1BLAQItABQABgAI AAAAIQAJQ8wmGgIAADgEAAAOAAAAAAAAAAAAAAAAAC4CAABkcnMvZTJvRG9jLnhtbFBLAQItABQA BgAIAAAAIQBVEEcN3QAAAAgBAAAPAAAAAAAAAAAAAAAAAHQEAABkcnMvZG93bnJldi54bWxQSwUG AAAAAAQABADzAAAAfgUAAAAA ">
теңгерімдік
жүйелілік

 

 

Бақылаушы және бақыланатын жүйелердің сәйкестігі
Әрбір бақылау субъектісінің бақылануы
Бақылау жоспарының құпиялылығы
Бақылау жүргізудегі қажет емес кезеңдерді, процедураларды алып тастау
Регламенттеу
Экономикалық тиімділік
Бюджеттік процесс аясында бақылау субъектілерінің әр түрлі біліктіліктерін үйлестіруді қамтамасыз ету және бақылаудың соңғы мақсатына қол жеткізуде мүдделер бірлігін қамтмасыз ету
Ақпаратпен қамтамасыз ету
Тұрақтылық және кешенділік
Мемлекеттік бақылаушылардың біліктілігі, ұқыптылығы мен адалдығы
Бақылау әдіснамасының жарамдылығы
Дамыту мен жетілдірудің үздіксіздігі
Басымдығы
Оңтайлы орталықтандыру
Жеке жауапкершілік
Өзара әрекеттесу және үйлесімділік

 

 


Ауытқулар туралы уақытылы хабарлау

 

1-сурет. Мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру қағидалары мен талаптары Қорытындылай келгенде, кез келген тәуелсіздік– ұйымдастырушылық, функционалдық, жеке, қаржылық және т.б– қоғаммен, салық төлеуші азаматтармен байланыссыз мүмкін еместігін атап өткен жөн. Бірақ осы аспект мемлекеттік қаржылық бақылаудың келесі қағидасында да қарастырылады. Жариялылық қағидасы мемлекеттік және коммерциялық құпияға қатысты бекітілген нормалар мен ережелерді сақтау кезінде қаржылық бақылау нәтижелеріне жалпы қол жетімділікті білдіреді. Оны жүзеге асыру мемлекеттік билік органдары мен халықтың тек мемлекеттік қаржылық жүйені басқарудағы ғана емес, жалпы мемлекеттік басқарудағы нақты істің жағдайынан хабардар болуына мүмкіндік береді. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың жариялылығы – қазіргі демократиялық қоғамның қажетті атрибуты болып табылады. Жариялылық қағидасы мемлекеттік қаржылық бақылау органының қызметінің ашықтығын, әрбір азаматқа бақылау қызметінің нәтижелері туралы ақпарат қол жетімді болуын қарастырады. Баспасөзде тексеріс нәтижелері туралы есеп беру материалдарын ғана емес(мемлекеттік, коммерциялық және басқа да заңмен қорғалатын құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып), атқарушы және сот билігі органдарының бақылаушылар қорытындыларына ресми жауаптарын да, оның ішінде бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шараларды көрсете отырып(бұл жерде бұл жауаптарды бағалау да, жалпы анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерге билік органдарының жауап қайтаруына бағалау беріледі ), жариялау қажет. Соңғылары бұқаралық ақпарат құралдарында кең талқыланатын болады, ол өз кезегінде, сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарды олардың қызметінен табылған қателерді түзетуге итермелейді.

Қолданылған әдебитеттер:

 

1. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі: оқу құралы/ Д.О. Абленов. –Алматы: Экономика, 2007.

2.Зейнельгабдин А.Б.Финансовая система Казахстана: становление и развитие. Монография- Астана: Изд.КазУЭФиМТ, 2008

3.Оксикбаев О.Н. Независимый финансовый контроль в Казахстане: становление, институциональное укрепление и перспективы развития. Астана, 2006

4. Бейсенова Л.З. Основы финансового контроля. Учебное пособие для студентов и магистрантов – Астана «Центр Элит»,2010

 



php"; ?>