Макромолекулалардың конфигурациялық изомериясын мысалмен түсіндіріңіз.

Конфигурация деп молекула құрайтын атомдардың н-е атомдық топтардың кеңістікте нақты орналасуын ж-е жылулық қозғалыстың әсерінен өзгермеуін айтады. Бір конфигурациядан екінші конфигурацияға химиялық байланыстарды үзбей өтуге болмайды. Полимерлер бірнеше конфигурация деңгейлерін түзеді: буындар конфигурациясы, буындардың тізбекке қосылу конфигурациясы, үлкен блоктардың тіркелу конфигурациясы және тізбек конфигурациясы.
Буындар конфигурациясы. Бұл конфигурация негізгі тізбегінде қос байланыс бар полимерлерге тән және орынбасарлардың қос байланысқа салыстырмалы түрде орналасуымен анықталады

Цис-изомерде орынбасарлар қос байланыс кеңістігінің бір жағында,ал транс-изомерде-кеңістіктің екі жағында орналасқан.
Локальді жергілікті изомерия. Изомерленудің бұл түрі винил,винилиден және диен полимерлеріне тән.Винил мономерінің молекуласын алайық:


C(1)(басы) және (2)(соңы) атомдарындағы орынбасарлар әр түрлі болғандықтан,екі типті қосылу мүмкін:Басы басына типімен қосылу басы соңына қарағанда кедергі әсерінен өте сирек болады.

Стереоизомерлер. Бұл изомерлер мынадай синтетикалық винил полимерлеріне

Және кейбір табиғи полимерлерге(белоктар,полисахаридтер, нуклеин қышқылдары)тән.
Стереоизомерлердің болуы Х орынбасарлары бар көміртегі атомының тетраэдрлік конфигурациясының әр түрлі болуында.
Буындардың немесе орынбасарларының кеңістікте ретті орналасуы полимерлердің конфигурациялық изомерлерін береді,оларға d және l(оптикалық)изомерлер жатады.Буындары мен орынбасарлары кеңістікте белгілі бір ретпен орналасқан полимерлер стереоретті немесе стереоарнаулы деп аталады.
Изотактикалық полимерлерде макромолекуланың негізгі тізбегіне кіретін әрбір қарапайым буындарда кем дегенде бір асимметриялы атом болуы тиіс.Молекулалық тізбектің жеткілікті ұзын бөлігінде қайталанатын бір типті асимметриялы атомдар бірдей кеңістіктік конфигурацияда болуы керек(бәрі d немесе l ).Изотактикалық полимерлердің жазық ирек конформациясындағы бір типті орынбасарлар (R) негізгі тізбек жататын жазықтықтың бір жағында,ал екінші типті орынбасарлар (H) екінші жағында болады:

Синдиотактикалық полимерлердің макромолекуласының негізгі тізбегіне кіретін әрбір қарапайым буындарда кем дегенде бір стереоизомерлік орталығы немесе псевдоасимметриялы атомы болуға тиіс,ол өте ұзын молекулалық тізбекте болады,ал бір типті псевдоасимметриялы атомдар жүйелі конфигурацияда орналасады.Синдиотактикалық полимерлердің жазық ирек конформациясындағы бір типті орынбасарлар (R) негізгі тізбек жататын жазықтықтың жан жағына кезек кезек орналасады:

Егер полимер тізбегіндегі орынбасарлардың орналасуында ешқандай заңдылық болмаса,онда атактикалық құрылым болады: