Химия пәні мен оның маңызы

I. Химия пәні мен оның маңызы

II. Химия нені зерттейді

III. Химия ғылымының тарихы

IV. Химия ғылымының даму тарихы. Химия ғылымы және оның пайда болуы.

Алхимия дәуірі

Алхимиядан – химияға

Флогистон дәуірі

V. Ғылымдағы жетістіктер.Ұлы ғалымдар және олар ашқан жаңалықтар. Химияның ғылым ретінде қалыптасуы

VI. Д.И. Менделеевтің периодтық заңы және Менделеевтің периодтық жүйесі

Орытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Химия ғылымы ежелгі заманнан пайда болған ғылым. Химия негізінен элементтерді және олардың қосылыстарын зерттейді. Барлық элементтер (көміртегінен басқасы) мен олардың қосылыстарын зертейтін химияны Бейорганикалық химия дейді. Бейорганикалық қосылыстар 300 мыңнан асады. Тек көміртегі қосылыстарының құрылысын, құрамын, оларға байланысты реакциялар мен құбылыстарлды зерттейтін химияны органикалық химия деп атайды. Органикалық қосылыстар 4 миллионнан асады. Бұлардан басқа физикалық химия, коллоидтық химия, электрохимия, химия технология тағы басқа пәндер оқытылады. Химияның табиғатты, тірі дүниені зерттеуде және халық шаруашылығын дамытудағы маңызы зор. Химияның негізгі міндеттеріне халық шаруашылығына қажетті сапалы өнімдер алу, өндіріс қарқынын арттыру, қалдықсыз заттар өндіру тағы басқа жатады. Табиғатта халық шаруашылығына қажетті заттар кездесе бермейді. Сондықтан химиялық әдістерді және химияның жетістіктерін пайдаланып алуан түрлі өнімдер өндіреді. Қазіргі кезде химиялық синтез әдісін пайдаланып табиғи табиғи қазбалармен бірге кездесетін қосалқы газдардан органикалық химия өнімдерін өндіреді. Әсіресе химия өнеркәсібінде технологиялық процестері жақсарту және жаңа технологиялық әдістерді іске қосу өнімдердің шығымының сапасын арттырумен бірге қоршаған ортаны қорғауға да зор пайдасын тигізіп отыр. Қазіргі кезде химиялық әдістерді пайдаланып өнеркәсіпке қажетті аса таза заттар алу өндірістік мөлшерде жүзеге асырылуда. Халық шаруашылығына қажетті қара және түсті металдарды олардың қосылыстарынан тотықсыздандырып алу тек химиялық өнімдер: күкірт қышқылы, азот қышқылы, тұз қышқылы, сілтілер, сода, сабын, резеңкелер, пластмассалар, каучуктер, жасанды талшықтар, мұнай өнімдерін өндіру, сонымен бірге ауыл шаруашылығына қажетті калий, азот фосфор тыңайтқыштарын және микротыңайтқыштарын, гербицидтер тағы басқа өндіру іске асырылады. Химиялық реакцияларды пайдаланып, дәрі-дрсектер, тау-кен жұмысына қажетті қопарғыш заттар өндіреді.бір ғана мұнайдың өзінен 20 мыңнан астам, ал таскөмірден одан да көп органикалық және минералдық заттар алынады. Химия жетістіктерін пайдаланып қазіргі химия өнеркәсібі 50мыңнан астам халық тұтынатын өнімдер өндіреді. Соңғы кезде зор көңіл бөлініп отырған қоршаған ортаны қорғау мәселесінде химияның алатын орны ерекше. Өндірістік суларды тазарту ауа және су тазалығын сақтау және бақылау, қалдақсыз жұмыс істейтін өндірісті жүзеге асыруда химия ғылымы мен өнеркәсібінің маңызы зор.

Химия пәні мен оның маңызы

Күнделікті өмірде біз отынның жануын, металдардың тоттануын, судың булануын, қатуын, органикалық заттардың жерді құнарландыратынын байқап жүрміз. Бұларды құбылыстар деп атайды. Табиғатта не түрлі құбылыс жүреді. Егер құбылыс нәтижесінде заттың пішіні, агрегаттық күйі өзгеретін болса, ол физикалық құбылыс болады. Құбылыс кезінде заттың құрамы өзгеріп бір заттан жаңа зат түзілсе ол химиялық құбылыс болғаны. Ал темірдің тотығуы найзағай кезінде азоттан азот окидің түзілуі, т.б., химиялық құбылысқа жатады. Өйткені су буға айналған кезде оның құрамы өзгермейді, жаңа зат түзілмейді. Ал темір тоттанғанда қатты жылтыр металдан борпылдақ оксидқа айналып, жаңа зат түзіледі. Бір заттың басқа затқа айналуы арқылы болатын құбылыстарды химиялық деп есептейді де, заттың осы химиялық өзгеру процесін химиялық реакция деп атайды. Барлық химиялық реакциялар жылу қабылдап, не бөле жүреді. Сонымен химия заттар жайлы, олардың қасиеттері, қүрылысы жайлы ғылым. Химиялық құбылыстар ылғи табиғатта жүріп отырады. Өсімдік, жануар организмінде жүріп жатқан биологиялық процестердің негізі химиялық реакциялар. Мысалы: жасыл жапырақта күн сәулесі әсерінен көмірқышқыл газы мен судан көмірсутектер түзіледі (фотосинтез). Мал және адам организмі қоректік заттардың ыдырауының, тотығуының нәтижесінде өмір сүре алады. Өсімдік және жануар организмінде қазіргі 70-ке жуық химиялық элемент бар екені белгілі. Олардың рөлі әр түрлі. Сондықтан да өсімдік пен мал организмнін химиялық жолмен зерттейді. Химия негізінен элементтерді және олардың қосылыстарын зерттейді. Барлық элементтер (көміртегіден басқасы) мен олардың қосылыстарын зерттейтін химияны бейорганикалық химия деп атайды. Бейорганикалық қосылыстар 300 мыңнан асады. Ал органикалық қосылыстар 4 млн-нан асады. Бұлардан басқа физикалық химия, коллоидтық химия, электрохимия, химиялық технология т.б. пәндерә оқытылады. Химияның табиғатты, тірі дүниені зерттеуді және халық шаруашылығын дамытудағы маңызы зор. Химиялық реакциялардың негізінде химиялық өнімдер: күкірт қышқылы, азот қышқылы, тұз қышқылы, сілтілер, сода, сабын резеңкелер, пластмассалар, каучуктер, жасанды талшықтар, сұнай өнімдерін өндіру, сонымен бірге ауыл шаруашылығына, қажетті каллий, азот, фосфор тыңайтқыштарын және микро тыңайтқыштар, гербицидтер т.б. өндіру іске асырылады. Химиялық реакцияларды пайдаланып дәрі-дәрмектер, тау-кен жұмысына қажетті қопарғыш заттар өндіріледі. Бір ғана мұнайдың өзінен 20мыңнан астам, ал таскөмірдің одан да көп органикалық және минералдық заттар алынады, химия өнеркәсібі 50 мыңнан астам халық тұтынатын өнімдер өндіреді.