Мемлекет қаржысы. Мемлекеттің шығыстары, пайдалану жолдары
Мемлекеттік қаржылар – қаржы жүйесінің басты буыны, оның қалыптасуы мемлекеттің пайда болуымен б/ты. Кех-келген қоғамда мем бірқатаар факторларға: 1) қоғам-ң дамуының таңдап алған үлгісіне 2) саяси құрылысына 3) сыртқы факторларға қалай эко/қ қызметке қатысады. Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты.
Мемлекет қаржысының функциялары экономикалық категория болып келеді: бұл- бөлу мен бақылау функциялары.Бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысын неғұрлым толық сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қимылдарының қажеттігінен туындайтын құрамдас қосалқы функцияларды көрсетеді.1)орналастыру2)қайта бөлгіштік
)тұрақтандыру қосалқы функциялары,
Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті (муниципалдық) денгейде іс-әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік және жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларына қіріктіреді. Экономикалық және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың денгейіне қарай мемлекеттің қаржысы жалпымемлекеттік(республикалық) және жергілікті( муниципалдық ) қаржылар болып бөлінеді.
Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз б/ты 2 процесс п.б.: 1) мем қаржылардың қарамағына қаржы русерстарын жұмылдыру (мем кірістер) 2) қаржыларды мем/ң әр түрлі қазметтеріне пайдалану – бұл процестің алғашқысы өзінің көрінісінің мем кірістері ұғымына 2-ші мем/ң шығыстарында көрініс табады.
Мемлекеттің шығыстары — бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары — мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.
Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.
Мем/к шығындардың құрамына келесілер кіреді:1)эко/ны қаржыландыру
2)ғылыми-тех/қ прог қаржыландыру 3)әлеу-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
4)қорғанысқа және басқаруға жұмсалатын шығыстар кіреді;
Мем/к шығындардың мақсатты сипаты – мем/к қаржыларды қатал белгіленген шараларды қолданумен анықталады. Бұл арқ ұлттық шаруашлықтағы және аудандардағы жеке салалардың даму пропорциясы қамтамасыз етіледі. Яғни, ғылыми-тех/қ прогресті маңызды әлеу/к мәселелердің шешімдері анықтайтын перспективалы және прогрессивті салалардың дамуына қаржы бөлінеді. Мем/к шығыстарды қаражаттардың ең жоғарғы тиімділігін пайдаланған жағдайда мем/к қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған б/ты мем/ң шығыстарын қаржыландырудың 2 әдісі бар: 1) шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйым/ды қаржыландыру – меншікті ресурстар; банк кредиттер есебінен жасалынады; 2) бюджетке қаржыландыру – бюджеттік тәртіппен қаржы/тын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп аталады.
31.Макроэкономикалық тепе-теңдік пен қаржы.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды эко-қ параметлерді теңестіруді қажет етеді:сұраныс пен ұсыныс;тауар және ақша массасы;жинақ ақша мен инвестициялар;инфляция мен жұмыссыздық;кірістер мен шығыстар және т.б.Қаржы теориясында мемл. Қаржыларының ұлттық өнім мөлшерімен өлшенетін өндіріске әсерін түсіндіру үшін «мультипликатор» ұғымы пайдаланылады.Мультипликатор тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнімнің ауқымын екі әдіспен анықтаудан шығады:1).шығыстар бойынша,яғни бүкіл өндірілген өнім массасын сатып алуға қажетті эко-қ субъектілердің барлық шығыстарының жиынтығы бойынша;2)кірістер бойынша,яғни суб-ң өнім өндіруден алатын табыстары тұрғысынан.Тепе-теңдік ұлттық өнім және шығыстардағы ұлттық өнімдердің осы өзгерісін тудырған бастапқы өзгерістен ауытқудың арақатынасын шығыстардық мультипликаторы,ал салық төлемдеріндегі өзгерістің тепе-теңдігі ішкі ұлттық өнімнің одан туындайтын өзгерісіне қатынасын салықтардың мультипликаторы д.а.
1.шығыстар бойынша : ЖҰӨ-нің құны мына формула бойынша қалыптасады:ЖҰӨ=C+I+G+Xn
Мұндағы: С-елдің бүкіл халқының тұтыну шығыстарының көлемі.
I-инвестициялар, G-мемлекеттік сатып алу, Xn-таза экспорт
2.кірістер бойынша ЖҰӨ-ні өлшеу мына элементтерді жиынтықтаумен жасалады:1)Амортизация;2)Бизнеске салынатын жанама салықтар;3)жалақы; 4)ренталық төлемдер;5)пайыз;6)кіріс;7)корпорация пайдасы.Инфляцияны немесе дефляцияны (бағалардың төмендеуі) ескере отырып түзетілген Ж¥Ө көрсеткіші нақты Ж¥Ө болып саналады.
Кейнстік моделдерде шығыстардағы өзгерістер тудырған өндіріс көлемінің, табыстың және жұмыстылыктың арасындағы тепе-теңдік түсіндіріліеді. «Өндірістің тепе-тендік деңгейі — өнімнің осы колемін сатып алу үшін жеткілікті жалпы шығыстарды камтамасыз ететін өндіріс келемі немесе Т¥Ө- нін тепе- теңдік деңгейінде сатылған тауарлардың (Т¥Ө-нің) жалпы саны сатып алынған тауарлардың (С+І+G+X) жалпы санына дәлме-дәл тең».
Мультипликатор іс-әрекетінің негіздемесі «үнемдеуге шектi бейімділік» - MPS және «тұтынуға шекті бейімділік» - МРС ұғымдарымен анықталады. Бірінші жағдайда бұл үнемдеулердегі өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы, екіншісінде - тұтынуға өзгерістің кірістегі өзгерісіне қатынасы. Осыны негіздей отырып, мультипликатордың сандық мәнін мына ара салмақпен білдіруге болады:
ме =1/MPS = 1/1-МРС
Мультипликатордың құбылысы ұлттық өндірістің нақтылы көлемі мен жұмыстылықты өзгерту, инфляцияның үстінен бақылау және экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттін шығыстарымен және салыктармен саналы айла-шарғы жасау болып табылатын дискредициялық фискалдық саясатты жүргізген кезде пайдаланылады.