ылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері.
Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айқындаудың маңызы зор.
Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысудеп танылады.
Қылмысқа қатысу барысында қымыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірігу қылмысқа қатысудың объективтік белгісі ретінде бірнеше адамдардың өз күштерімен бірлесіп әрекет жасауын білдіреді, оладың барлығы өз күштерін біртұтас қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағыттайды. Қымыстық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерін біріктіргенде, қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды, ал басқалары қылмысты ойдығыдай жасауға көмектеседі. Біріккен әрекеттер арқылы қол жеткізілген нәтиже барлық қатысушылар үшін біртұтас, орта, бөлінбейді.
Тек қасақан жасалған қылмыстардың ғана қылмысқа қатысы болуы мүмкін, ал қылмысқа қатысушы барлық адамдар қасақана түрде әрекет етеді.
Абайсыз қылмыстарда қылмысқа қатысу бомайды. Егер бірнеше адам абайсызда қоғамға қауіпті жағдай туғызса, оның әрқайсысы жасаған әрекеті үшін жауап беруге тиіс.
жетекшілігімен жоғарғы Арнайы курс бөлімінде және магистранттарға арналған толықтырып құрастырылған жаңа әдістемелік нұсқа қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімінің тиісті сұрақтарына арналған, теориялық қылмысты саралау мәселесі атты нұсқаны бейнелейтін болсақ, бұл нұсқа: Кіріспе, қылмыстық құқықтық теориялық мәселесін оқытудың мақсаты және қылмыстық құқықтың теориялық мәселесін оқытудың міндеті атты үш тақырыпшадан тұрады. Аталмыш арнайы курсқа арналған нұсқа төмендегі сұрақтарды қамтиды.
— Қылмысты саралау мәселесінің ұғымы және маңызы.
— Саралау түсінігі, маңызы және жалпы сұрақтар, қылмысты саралаудың түрлері.
— Негізгі қылмыстық заң қылмыстың құрамы бойынша саралау мәселелері.
Қылмыстық саралау заңның маңызы қылмысты саралау пайдаланатын қылмыстық заңсыз нормалар мәселесі, қылмыс құрамы қылмысты саралау үшін заңдылық үлгі.
— Қылмыстық құқықтық нормалардың құрылысы және зиянды әрекеттердің
мәселелерін саралау.
— Қылмысты объективтік жағының саралау мәселелері. Объектінің түсінігі,
түрлері және оның маңызы. Қос объектілік қылмыстар, қылмыстың заты, оның саралау мәселелері. Саралау барысында зияндылық әрекетті табу. Қылмыстық әрекетінен зиянды зардабын табу. Себепті байланыс және қылмысты саралау мәселелері. Объективті жағынан факультативтік белгілерінің қалай саралауға әсер етуі.
— Қылмысты субъективтік белгілер бойынша саралау мәселелері. Жалпы
ережелер субъекті бойынша қылмысты саралау мәселелері. Қылмысты саралау барысында қылмыскердің жасын есепке алу. Ерекше субъектілер тарапынан жасалынған қылмыстарды саралау. Саралау барысында кінәнің нышандарын анықтау мәселелері. Ниет пен мақсат бойынша саралау мәселелері.
— Аяқталмаған қылмысты саралау. Қылмысқа оқталуда оның түрлерін
анықтау. Қылмыстан өз еркімен бас тарту және оны саралау. Қылмысқа қатысушылықты саралау мәселелері, қылмысқа қатысушылықтың түрлері саралау. Қылмысқа қатысушылардың кейбіреуінің қылмыстан бас тартқан жағдайы оның саралауға әсері.
— Көптік қылмыстық бойынша саралау мәселелері.
— Қылмысты қайталау немесе кәсіп ретінде қылмыс жасау саралау әсері.
— Қылмыстық құқықтық нормалардың бәсекелесуі және саралау мәселелері.
Жоғарыда көрсетілген әдістемелік нұсқада қылмыстық құқықтағы қылмысты саралау теориясының сұрақтары толық көлемде қамтылған. Сонымен қатар әдістемелік нұсқаның соңғы бетінде жоғарыда көрсетілген алты тақырыпқа қолданылатын әдебиеттердің тізімін толық және нақты құрастырған. Қылмыстық құқықтағы қылмысты саралау теориясы өте күрделі әрі маңызды құбылыс. Елімізде жоғарғы оқу орындарының заң факультетінде арнайы курс ретінде тереңдетілген салада ғылыми және тәжірибе тұрғысынан дәріс сабақтары өткізілуде.