Липенский Виктор Александрович

04.06.1994 жылы туған

орыс, бұрын сотталмаған

Шығыс Қазақстан облысының тумасы

Өскемен қаласы, Виноградова көш.,
12-63 мекежайы бойынша тұрады

ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің
3-тармағы бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша

Липенский Виктор Александрович07.10.2013 жылы сағат 07:00-ден сағат 08:20-ге дейін кезеңде әйнек шынысын сындырып, Қабанбай Батыр көшесінде №78 үйдің жанында тұрған «Митсубиси Галант» маркалы автомобильге заңсыз кірген, ондан М.К. Елубаевқа тиесілі қара түсті «Пионер» маркалы автомагнитоланы ұрлаған, осыдан кейін қылмыс жасаған жерден жасырынған, осылай жәбірленушіге 50.000 теңге сомасына елеулі материалдық зиян келтірген.

Осы жасағанына тоқтамай, Липенский Виктор Александрович, 04.06.1994 ж.т., 08.10.2013 жылы сағат 09:00-ден сағат 10:00-ге дейін кезеңде Орджоникидзе көшесіндегі №45 үйдің жанында тұрған «ВАЗ 2109» маркалы автомобильге заңсыз кірген, ондан IMEI код №011623849517601 «Самсунг» маркалы ұялы телефонды ұрлап, кейін қылмыс жасаған жерден жасырынған, осылай жәбірленушіге 20.000 теңге сомасына елеулі материалдық зиян келтірген.

Сонымен, Липенский Виктор Александрович, 04.06.1994 ж.т., ұрлық жасаған, яғни ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген көлік құралының салонына заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлаған.

Күдікті Виктор Александрович Липенскийдің қылмыстық жауаптлығы мен жазасын жеңілдетін және ауырлататын мән-жайлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталмаған.

Жазылғандардың негізінде Виктор Александрович Липенскийге ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген көлік құралының салонына заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлады деген күдік тағылды,04.06.1994 ж.т.,бұрын сотталмаған, орыс, үйленбеген, білімі орта, ҚР азаматы РК, Өскемен қаласы, Виноградов көш., 12-63 мекенжайы бойынша тұрады, жұмыс істемейді. Бұлтартпау шарасы: «ешқайта кетпеу туралы қолхат». Тұрғылықты жері бойынша қанағаттанарлық мінезделеді. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, ІІБ есептерінде түрған жоқ.

 

Күдікті В.А.Липенскийдің кінәсі қылмыстық істің мынадай материалдарымен дәлелденді:

 

- кінәсін жартылай мойындаған, сондай-ақ келтірілген зиян сипаты мен мөлшерін жартылай таныған 04.06.1994 ж.т.күдікті Виктор Александрович Липенскийден жауап алу хаттамасы.

і.п. №32-34, 79-81

 

- 07.10.20__ жылы жәбірленуші ретінде М.К. Елубаевтан жауап алухаттамасы, онда ол өзінің мүлкін жасырын ұрлаудың мән-жайлары туралы түсіндірген.

і.п. №11-12

 

- 08.10.20__ жылы жәбірленуші О.В.Слоновтан жауап алу хаттамасы, онда ол өзінің мүлкін жасырын ұрлаудың мән-жайлары туралы түсіндірген.

 

і.п. №58-59

 

 

- 07.10.20__ жылы куә М.С.Конырбаевтан жауап алу хаттамасы, онда ол өзіне жасалған қылмыстың мән-жайлары белгілі болған мән-жайларды түсіндірген.

і.п. №43-45

 

- 07.10.20__ жылы оқиға болған жерді қарап-тексерухаттамасы, ол бойынша полиция қызметкерлері М.К.Елубаевқа тиесілі қызыл түсті «Митсубиси Галант» маркалы автомобильді қарап-тексерген.

і.п. №4-7

 

- 07.10.2013 жылы қара түсті «Пионер» маркалы автомагнитоласын алу хаттамасы.

і.п. №14-15

 

- 07.10.20__ жылы нәрселерді тану үшін көрсету хаттамасы, оның барысында жәбірленуші М.К. Елубаев өзінің қара түсті «Пионер» маркалы автомагнитоласын таныды.

і.п. №18-20

 

- 08.10.20__ жылы оқиға болған жерді қарап-тексерухаттамасы, ол бойынша полиция қызметкерлері О.В. Слоновқа тиесілі ақ түсті «ВАЗ 2109» маркалы автомобильді қарап-тексерген.

 

і.п. №51-54

 

- 08.10.20__ жылы IMEI коды №011623849517601 қара түсті «Самсунг» маркалы ұялы телефонды алу хаттамасы.

 

і.п. №61-62

 

- 08.10.20__ жылы нәрселерді тану үшін көрсету хаттамасы, оның барысында көрсетілген нәрселердің ішінде жәбірленуші О.В.Слонов өзінің IMEI коды №011623849517601 қара түсті «Самсунг» маркалы ұялы телефонын таныды.

і.п. №65-67

 

Мінездеме-анықтамаға сәйкес В.А. Липенский ұрғылықты жері бойынша қанағаттанарлық сипатталады.

і.п. №90

 

Нарколог дәрігер мен психатр дәрігердің анықтамалары бойынша
В.А. Липенский оларда есепте тұрған жоқ.

і.п. №88

 

ҚР БС ҚСжАЕК-тің ШҚО бойынша Басқармасының талаптарына сәйкес В.А. Липенский бұрын сотталмаған.

і.п. №91

 

04.06.1994 ж.т. Виктор Александрович Липенскийге ҚР ҚК-нің
188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен күдіктену бойынша айыптау актісі 10.10.20__ жылы жасалды және №15631003103706 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен бірге ҚР ҚПК-нің 300-бабының тәртібімен Өскемен қаласының прокурорына жіберіледі.

көзделген көлік құралының салонына заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлады деген күдік тағылды,

 

Осыүш парақтаға айыптау актісі маған 10.10.20__ жылы 19 сағат 00 минутта жарияланды.

Күдікті: ______________________ В.А. Липенский

(қолы)

Қорғаушы: _________________________ И.И.Иванов

(қолы)

Сонымен қатар маған ҚПК 64-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген құқықтар,сондай-ақ:

1) өзінің не үшін айыпталып отырғанын білуге;

2) прокурор бекіткен айыптау актісінің, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманың көшірмесін алуға;

3) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдермен қорғауға және қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыт пен мүмкіндікке ие болуға;

4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға;

5) тергеп-тексерудің кез келген сатысында процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге немесе оған келісім білдіруге және процестік келісім жасасуға, процестік келісімнің көшірмесін алуға;

6) ҚПК көзделген жағдайларда, қылмыстық істі алқабилер қатысатын соттың қарауы туралы өтінішхат мәлімдеуге құқылы екенім түсіндірілді.

 

Күдікті: ______________________ В.А. Липенский

(қолы)

 

ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ

тергеушісі

полиция капитаны(қолы)А.Г.Асетханова

 

№15631003103706сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары бойынша

АНЫҚТАМА

№15631003103706 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары Бірыңғай тізілімде 07.10.20__ жылы№23559 тіркелген.

і.п. №1, 48

- 08.10.2013 жылы күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылды.

і.п. №82-84

- 07.10.20__ жылы А.В. Липенский күдікті ретінде танылды.

і.п. №28-29, 75-76

- 07.10.20__ жылы және 08.10.20__ жылы мына төменде көрсетілген нәрселер заттай дәлелдемелер ретінде танылды және сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына қоса тіркелді:

қара түсті «Пионер» маркалы автомагнитола, ол сақтау қолхатына сәйкес жәбірленуші М.К. Елубаевта сақталуда.

IMEI коды №011623849517601 қара түсті «Самсунг» маркалы ұялы телефон, ол сақтау қолхатына сәйкес жәбірленуші О.В. Слоновта сақталуда.

і.п. №41-42, 85-86

- 07.11.20__ жылы В.А. Липенскийге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық түріндегі бұлтартпау шарасы таңдап алынды.

і.п. №39

- 10.10.20__ жылы жәбірленушілер М.К. Елубаев пен В.О. Слонов сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысты.

і.п. №95-96

- 10.10.20__ жылы күдікті Липенский В.А. мн оның қорғаушы сотқа дейінгі тергеп-тексеруматериалдарымен танысты.

і.п. №98

- сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы бойынша процестік шығындар жоқ.

і.п. №89

- айыптау актісі 10.10.20__ жылы Өскемен қаласында жасалды.

і.п. №99-103

 

ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ

тергеушісі

полиция капитаны(қолы)А.Г.Асетханова

Сот отырысына шақырылуға жататын адамдардың

ТІЗІМІ

Қорғау жағы:

 

- Күдікті: Липенский В.А., Өскемен қаласы, Виноградов көш., 12-63 мекенжайы бойынша тұрады.

і.п. №32-34, 79-81, 35-36, 82-84

 

- Қорғаушы: Иванов И.И., ШығысҚазақстан облыстық заң консультациясы.

і.п. №26-27, 73-74

Айыптау жағы:

 

- Жәбірленуші: Елубаев М.К., Катонқарағай ауылы, Рыков көш., 63.

і.п. №11-12

 

- Жәбірленуші: Слонов О.В., Өскемен қаласы, Орджоникидзе көш., 45-15.

і.п. №58-59

 

- жәбірленушінің өкілі: Слонова С.Н., Өскемен қаласы, Орджоникидзе көш., 45-15.

і.п. №63-64

 

- Куәлар: Қоңырбаев М.С., Өскемен қаласы, Қабанбай Батыр көш., 78-95.

і.п. №43-45

ҚР ІІМ ТК Шығыс ӨӘТБ

тергеушісі

полиция капитаны(қолы)А.Г.Асетханова

шығ. №2-148-75/89-16

13.10.20__ жыл

 

ҚР ІІМ ТК

Шығыс ӨӘТБ бастығы

полиция полковнигі

С.К. Тоқжігітовке

 

 

Қосымша тергеуді ұйымдастыру және жүргізу үшін 04.06.1994ж.т. Виктор Александрович Липенскийді ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі
3-тармағымен күдіктену бойынша №15631003103706 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын қайтарып отырмын.

 

 

Қосымша: - №15631003103706 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы
105 парақта 1 томда, В.А. Липенскийдің атына берілген жеке куәлік, қосымша тергеуге жіберу туралы қаулы
.

 

 

Өскемен гарнизонының

әскери прокуроры

әділет кеңесшісі(қолы) Е.К.Шыныбаев

 

 

Материалды қосымша тергеу жүргізу үшін жіберу туралы

ҚАУЛЫ

 

13.10.20__ ж. Өскемен қаласы

 

Өскемен гарнизонының әскери прокуроры әділет кеңесшісі
Е.К. Шыныбаев 04.06.1994 ж.т. Виктор Александрович Липенскийді
ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен күдіктену бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалын қарап,

 

АНЫҚТАДЫ:

 

Липенский Виктор Александрович07.10.2013 жылы сағат 07:00-ден сағат 08:20-ге дейін кезеңде әйнек шынысын сындырып, Қабанбай Батыр көшесінде №78 үйдің жанында тұрған «Митсубиси Галант» маркалы автомобильге заңсыз кірген, ондан М.К. Елубаевқа тиесілі қара түсті «Пионер» маркалы автомагнитоланы ұрлаған, осыдан кейін қылмыс жасаған жерден жасырынған, осылай жәбірленушіге 50.000 теңге сомасына елеулі материалдық зиян келтірген.

Осы жасағанына тоқтамай, Липенский Виктор Александрович, 04.06.1994 ж.т., 08.10.2013 жылы сағат 09:00-ден сағат 10:00-ге дейін кезеңде Орджоникидзе көшесіндегі №45 үйдің жанында тұрған «ВАЗ 2109» маркалы автомобильге заңсыз кірген, ондан IMEI код №011623849517601 «Самсунг» маркалы ұялы телефонды ұрлап, кейін қылмыс жасаған жерден жасырынған, осылай жәбірленушіге 20.000 теңге сомасына елеулі материалдық зиян келтірген.

08.10.20__ жылы Өскемен қаласы ІІБ Ертіс ПБ ТБ тергеушісі
А.Г. Асетханова күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шығарды және 04.06.1994 ж.т. Виктор Александрович Липенскийдің әрекеттері ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша ұрлық жасады, яғни көлік құралының салонына заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқырды деп сараланды.

Қабылданған процестік шешімнің заңдылығын зерделеу осы кезеңде сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын сот жіберу және күдіктіні сотұа беру мүмкін емес екендігін көрсетті.

Атап айтқанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарынан 07.10.20__ жылы В.А. Липенскийдің жәбірленуші М.К. Елубаевқа тиесілі мүлікті жасырын ұрлап, оған 50.000 теңге сомасына елеулі материалдық зиян келтіргенін көрінеді.

Осы жасағанына тоқтамай, В.А. Липенский 08.10. 20__ жылы жәбірленуші О.В.Слоновқа тиесілі мүлікті жасырын ұрлап, оған 20.000 теңге сомасына елеулі материалдық зиян келтірген.

В.А. Липенскийдің әрекеттерінде қылмыстардың қайталануы (ҚР
ҚК-нің 12-бабының 1-бөлігі - осы Кодекстiң Ерекше бөлiгiнiң дәл сол бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп іс-әрекеттi жасау қылмыстық құқық бұзушылықтардыңбiрнеше рет жасалуы деп танылады)
, байқалатынына қарамастан, қылмыстық қудалау органы оның әрекеттерін ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша саралаған.

Осыған байланысты, қосымша тергеу жүргізу барысында күдіктінің әрекеттерін саралау туралы жаңа қаулы шығарып, 04.06.1994 ж.т. Виктор Александрович Липенскийдің әрекеттерін ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінің
2, 3-тармақтары бойынша бірнше рет ұрлық жасады, яғни көлік құралының салонына заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқырды деп саралау қажет.

Жазылғандардың негізінде ҚР ҚПК-нің 193, 302-баптарын басшылыққа алып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

1.04.06.1994 ж.т. Виктор Александрович Липенскийді ҚР ҚК-нің
188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен көзделген қылмыс жасады деп күдіктену бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары қосымша тергеу жүргізу үшін жіберілсін.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.

 

 

Өскемен гарнизонының

әскери прокуроры

әділет кеңесшісі(қолы) Е.К.Шыныбаев

 

 

Күдіктіні сотқа беру және қылмыстық істі сотқа жіберу туралы

ҚАУЛЫ

 

20 қаңтар 20__ жыл Астана қаласы

 

 

Қазақстан Республикасы Бас көлік прокурорының орынбасары аға әділет кеңесшісі С.С. Сидоров №15000000000001 қылмыстық іс материалдарын қарап,

АНЫҚТАДЫ:

 

Иван Иванович Иванов жасаған әрекет орын алған және қылмыстық құқық бұзушылық құрамын қамтиды.

Қылмыстық істі тоқтатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар жоқ.

Күдіктінің әрекеті дұрыс сараланды.

Иван Иванович Ивановқа тағылып отырған әрекет істегі дәлелдемелермен расталады.

Барлық анықталған қылмыстық жазаланатын әрекеттер бойынша адам күдікті болып танылды.

Іс бойынша олардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны туралы дәлелдемелер алынған барлық адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін шаралар қабылданды.

Күзетпен қамауға алу түріндегі бұлтарпау шарасы дұрыс таңдалды және оны өзгерту немесе күшін жою шін негіз жоқ.

Азаматтық талапты және мүлікті ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде қылмыстық-процестік заңды елеулі бұзушылықтарға жол берілмеген.

Қылмыстық қудалау органы процестік шығындар сомалары мен басқа сомаларды соттың оларды өндіріп алуын қамтамасыз ету үшін анықтау бойынша шаралар қабылдады.

Процестік келісім жасау үшін негіздер жоқ.

Айыптау актісі ҚР ҚПК-нің 298, 299-баптарының талаптарына сәйкес жасалды.

Жазылғанның негізінде, ҚР ҚПК-нің 305-бабын басшылыққа алып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

1. 01.01.1970 жылы туылған күдікті Иван Иванович Иванов ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа берілсін.

2. Қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілсін.

3. Күдікті Иван Иванович Ивановқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын.

4. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.

БКП орынбасары

аға әділет кеңесшісі(қолы) С. Сидоров

 

Куәнің айғақтарын сақтауға қою туралы өтінішті

сот алдында қозғау туралы

ҚАУЛЫ

 

10 қаңтар 20__ жыл Астана қаласы

 

Қазақстан Республикасы Бас көлік прокурорының орынбасары аға әділет кеңесшісі С.С. Сидоров көліктегі ІІД ТБ тергеушісі полиция майоры П.П. Петровтың №15000000000001 қылмыстық іс бойынша куә
В.В. Васильевтің айғақтарын сақтауға қою қажеттілігі туралы хатын қарап,

АНЫҚТАДЫ:

 

01.01.20__ жылы шамамен 10.00 сағатта Астана қаласы бойынша КБД-нің «Бүркіт» кеден бекетінің қызметкерлері «Бішкек-Мәскеу» бағыты бойынша жүретін №111 жолаушылар поезін кедендік қарап-тексеру кезінде №1 вагонда №1 орында жолаушы И.И. Иванов матрасының астынан 50 гр мөлшерінде «героин» есірткі заты салынған полиэтилен пакетін (01.01.20__ жылғы №1 сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес) тауап алды, ол алынып №1 пакетке қапталды.

Васильев Василий Васильевич осы қылмыстық іс бойынша куә болып табылады, ол өзінің жауаптарында табылған есірткі құралы салынған полиэтилен пакетін матрац астына И.И. Ивановтың қойғанын растады.

Бұл ретте, В.В. Васильев өзінің Ресей Федерациясы азаматы екенін айтып, одан әрі сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы барысында айғақтар беру үшін Қазақтанға келе алмайтынын жеткізді.

Аталған мән-жайлар В.В. Васильевтің паспортымен және ҚАО ААЖ деректер базасының мәліметтерімен расталады.

Сонымен, кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру не сот отырысы барысында куәдан жауап алу мүмкін болмауы ықтимал екендігін ескере келе, жоғарыда айтылған объективті себептерге байланысты ҚР ҚПК-нің 217-бабын басшылыққа алып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Астана қалалық соты алдында №15000000000001 қылмыстық іс бойынша куә В.В.Васильевтің айғақтарын сақтауға қою туралы өтініш қозғалсын және Астана қалалық сотына қарау үшін жіберілсін.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.

БКП орынбасары

аға әділет кеңесшісі(қолы) С. Сидоров

 

 

Нәрселер мен құжаттары беру

ХАТТАМАСЫ

10 қаңтар 20__ жыл Астана қаласы

 

Басталды 10 сағ. 10 мин.

Аяқталды 10 сағ. 30 мин.

 

Көліктегі ІІД ТБ тергеушісі полиция майоры П.П. Петров ҚР ҚПК-нің 260, 261-баптарын басшылыққа алып, ҚР ҚПК-нің 199-бабының талаптарын сақтай отырып, көліктегі ІІД-нің №333 кабинетінде сот-химиялық сарапшының нәрселерді іске қоса тіркеу туралы өтінішінің негізінде «героин» есірткі құралының муляжын қабылдады.

Қарап-тексеру мынаны анықтады:

Қарап-тексеру объектісі - «героин» есірткі құралының муляжы, ол ұзындығы 25 см. құрайтын ақ түсті жүппен байланған ешқандай жазуы жоқ көлемі 15х10 см. мөлдір полиэтилен пакетіне қапталған жалпы салмағы 50 гр. сарғыш түсті ұнтақ зат болып табылады.

Героин муляжының іс үшін маңызы бар, ол И.И.Ивановтың заңсыз әрекеттерін одан әрі әшкерелеу және дәлелдемелермен бекіту мақсатында пайдаланылатын болады.

Нәрселерді немесе құжаттарды сот-химиялық сарапшы М.М. Маймақов берді.

 

Нәрселер мен құжаттарды қабылдаған:

 

Көліктегі ІІД ТБ тергеушісі

полиция майоры(қолы) П. Петров

Адамды жеткізу туралы

АНЫҚТАМА

 

10 қаңтар 20__ жыл Астана қаласы

 

Владимиров Владимир Владимирович 20__ жылы 10 қаңтарда 11 сағат 20 минутта Астана қаласы Панфилов көш., 2-үй, 3-пәтер мекенжайы бойынша тұрады, «Бішкек-Мәскеу» бағыты бойынша жүретін №111 жолаушылар поезінда ұсталып, қылмыстық құқық бұзушылыққа қатыстылығын анықтау үшінкөліктегі ІІД ғимаратына жеткізілгені туралы берілді.

Оны ұстау үшін негіздердің болмауына байланысты Владимиров Владимир Владимирович 20__ жылы 10 қаңтарда 12 сағат 40 минутта жіберілді.

 

 

Анықтаны берген:

 

Көліктегі ІІД ТБ тергеушісі

полиция майоры(қолы) П. Петров

 


«Келісемін» Астана станциясындағы ЖІІБ бастығы полиция подполковнигі _қолы_ А.А.Абаев 1 қаңтар 20__ жыл «Бекітемін» Ақмола көлік прокуроры әділет кеңесшісі __қолы__ Б.Б.Бейсенов 2 қаңтар 20__ жыл

 

 

Қылмыстық теріс қылық жасағаны туралы

ХАТТАМА

1 қаңтар 20__ жыл Астана қаласы

Басталды 10 сағат 30 минут

Аяқталды 10 сағат 55 минут

 

Астана станциясы ЖІІБ АБ анықтаушысы полиция аға лейтенанты М.М.Миронов Бірыңғай тізілімде 01.01.20__ жылы№0001 тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалын ҚР ҚПК-нің 527-бабына сәйкес қарап, осы хаттаманы мыналарға қатысты жасады

 

Тегі, аты әкесінің аты: Айдаров Айдар Айдарович

туған күні: 15.02.1988

туған жері: Қырғызстан Республикасы

ұлты: Қырғыз

білімі: орта

азаматтығы: Қазақстан Республикасы

отбасы жағдайы: үйленбеген

соттылығы: сотталмаған

тұрғылықты жері: Астана қаласы, Федоров көш., 25

жұмыс(оқу)орны: уақытша жұмыс істемейді

 

Айдаров Айдар Айдарович 20__ жылы 1 қаңтарда шамамен 09.00 сағатта Астана қаласында темір жол вокзалы ауданында өзінің танысы Роман Романович Романовтан 25 гр. мөлшерінде «кептірілмеген марихуана» есірткі құралын ірі мөлшерде (01.01.20__ж. №001 СХС қорытындысына сәйкес)заңсыз сатып алып, оны өзінде заңсыз сақтаған.

Жазылғандар мыналармен расталады:

Куә И.И.Ивановтың айғақтары і.п. № 5

Куә П.П. Петровтың айғақтары і.п.№ 6

01.01.20__ жылғы №001 сот-химиялық сараптама қорытындысы і.п. № 7-9

 

Сонымен, Айдаров Айдар Айдарович, 15.02.1988 жылы туған,25 гр. мөлшерінде «кептірілмеген марихуана» есірткі құралын ірі мөлшерде заңсыз сатып алып, оны сату мақсатынсыз заңсыз сақтаған, яғни ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен көзделген қылмыстық теріс қылық жасаған.

Осы 2 парақтағы хаттама маған 20__ жылы 1 қаңтарда 10 сағ. 50 мин. жарияланды.

 

Күдікті: ___қолы__ А.А. Айдаров

Қорғаушы: _____қолы________ З.З. Захаров

Астана станциясы

ЖІІБ АБ анықтаушысы

полицияаға лейтенанты(қолы)М. Миронов

 


 

Келу туралы

МІНДЕТТЕМЕ

 

1 қаңтар 20__ жыл Астана қаласы

 

Мен, Айдаров Айдар Айдарович, Астана қаласы, Федорова көш., 25-үй мекенжайы бойынша тұрамын, Бірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексерулер тізілімінде 20__ жылы1 қаңтарда №001 тіркелген қылмыстық іс сотта қаралып аяқталғанға дейін қылмыстық қудалау органының немесе соттың шақыртулары бойынша уақытымен келуге, ал тұратын жерім ауысқанда ол туралы дереу хабарлауға міндеттенемін.

Осы міндеттемемді бұзған жағдайда маған бұлтартпау шарасының неғұрлым қатаң шарасы қолданылатыны туралы мен ескертілдім.

.

Күдікті (жәбірленуші, куә)________________А.А. Айдаров

Келу туралы міндеттемені бұзу салдарын түсіндірген:

 

Астана станциясы

ЖІІБ АБ анықтаушысы

полицияаға лейтенанты(қолы)М. Миронов

 

Қылмыстық істі анықтауды жүргізу үшін қайтару туралы

ҚАУЛЫ

 

2 қаңтар 20__ жыл Астана қаласы

 

Ақмола көлік прокуроры әділет кеңесшісі Б.Б. Бейсенов, №001 қылмыстық істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

 

Айдаров Айдар Айдарович 20__ жылы 1 қаңтар шамамен 09.00 сағатта Астана қаласында темір жол вокзалы ауданында өзінің танысы Роман Романович Романовтан 25 гр. мөлшерінде «кептірілмеген марихуана» есірткі құралын ірі мөлшерде (01.01.20__ж. №001 СХС қорытындысына сәйкес)заңсыз сатып алып, оны өзінде заңсыз сақтаған

Осылай, Айдаров Айдар Айдарович, 15.02.1988 жылы туған, 25 гр. мөлшерінде «кептірілмеген марихуана» есірткі құралын ірі мөлшерде заңсыз сатып алып, оны сату мақсатынсыз заңсыз сақтаған, яғни ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен көзделген қылмыстық теріс қылық жасаған.

Осы факт бойынша Астана станциясы ЖІІБ АБ анықтаушысы полиция аға лейтенанты М.М. Миронов қылмыстық теріс қылық туралы хаттамада жасады және қылмыстық іс 01.01.20__ жылы хаттамамен бірге ҚР ҚПК-нің 528-бабына сәйкес Ақмола көлік прокуратурасына түсті.

Прокурор жауап алған күдікті А.А. Айдаров есірткіні өзінде сақтамағанын, оның қайдан пайда болғанын білмейтінін айтты.

Қылмыстық істі зерделеу А.А. Айдаровтың ҚР ҚК-нің 296-бабының
2-бөлігімен көзделген қылмыстық теріс қылық жасаған кінәсінің куәгерлер айғақтарынан басқа ештеңемен расталмайтынын көрсетті.

А.А. Айдаровтың осы теріс қылықты жасауға қатыстылығын анықтау үшін оның алынған тырнақ пластинкаларының кескіндері мен
А.А. Айдаровтың аузынын ішінен мақта тампонына шаймалары бойынша салыстырмалы сот-химиялық сараптама жүргізілмеген.

Жоғарыда аталған зерттеулерді жүргізу үшін анықтауды жүргізу қажеттілігін ескере отырып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1.15.02.1988 жылы туылған Айдар Айдарович Айдаровты ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен көзделген қылмыстық теріс қылық жасады деген күдік бойынша №_001 қылмыстық іс Астана станциясының ЖІІБ-ге анықтауды жүргізу үшін жіберілсін.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.

 

Ақмола көлік прокуроры

әділет кеңесшісі (қолы)Б.Б. Бейсенов

«Бекітемін»

Астана станциясындағы

ЖІІБ бастығы

полиция подполковнигі

__________ Абаев А.А.

2 қаңтар 20__ жыл

Анықтауды тағайындау туралы

ҚАУЛЫ

2 қаңтар 20__ жыл Астана қаласы

 

Астана станциясы ЖІІБ АБ анықтаушысы полиция аға лейтенанты М.М.Миронов №001 қылмыстық іс материалдарын қарап,

 

АНЫҚТАДЫ:

Айдаров Айдар Айдарович 20__ жылы 1 қаңтар шамамен 09.00 сағатта Астана қаласында темір жол вокзалы ауданында өзінің танысы Роман Романович Романовтан 25 гр. мөлшерінде «кептірілмеген марихуана» есірткі құралын ірі мөлшерде (01.01.20__ж. №001 СХС қорытындысына сәйкес)заңсыз сатып алып, оны өзінде заңсыз сақтаған

Осылай, Айдаров Айдар Айдарович, 15.02.1988 жылы туған, 25 гр. мөлшерінде «кептірілмеген марихуана» есірткі құралын ірі мөлшерде заңсыз сатып алып, оны сату мақсатынсыз заңсыз сақтаған, яғни ҚР ҚК-нің
296-бабының 2-бөлігімен көзделген қылмыстық теріс қылық жасаған.

Осы факт бойынша мен қылмыстық теріс қылық туралы хаттама жасадым және қылмыстық іс 01.01.20__ жылы хаттамамен бірге ҚР ҚПК-нің 528-бабына сәйкес Ақмола көлік прокуратурасына түсті.

Прокурор жауап алған күдікті А.А. Айдаров есірткіні өзінде сақтамағанын, оның қайдан пайда болғанын білмейтінін айтты.

Қылмыстық істі зерделеу А.А. Айдаровтың ҚР ҚК-нің 296-бабының
2-бөлігімен көзделген қылмыстық теріс қылық жасаған кінәсінің куәгерлер айғақтарынан басқа ештеңемен расталмайтынын көрсетті.

А.А. Айдаровтың осы теріс қылықты жасауға қатыстылығын анықтау үшін оның алынған тырнақ пластинкаларының кескіндері мен
А.А. Айдаровтың аузынын ішінен мақта тампонына шаймалары бойынша салыстырмалы сот-химиялық сараптама жүргізілмеген.

Осыған байланысты, 02.01.20__ жылы Ақмола көлік прокуроры осы істі анықтау жүргізу үшін қайтарды.

ҚР ҚПК-нің 526-бабымен белгіленген мерзімдерде іс бойынша дәлілденуге жататын мән-жайлардың толық және жан-жақты анықталуын қамтамасыз ету мүмкін еместігін ескере отырып, ҚР ҚПК-нің 62, 63, 189, 526-баптарын басшылыққа алып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. №001 қылмыстық іс бойынша одан әрі тергеу анықтау нысанында тағайындалсын.

2. Осы қаулының көшірмесі прокурорға жіберілсін.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдарға хабарлансын.

 

 

Астана станциясы

ЖІІБ АБ анықтаушысы

полицияаға лейтенанты(қолы)М. Миронов