ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Голландия мен Англиядағы саяси және құқықтық ілімдер

Өндірістік қоғам қалыптастыру дәуіріндегі ерте төңкерілістер кезеңіндегі саяси және құқықтық идеологияның жалпы сипаттамасы. Табиғи құқық теориясының жалпы сипаттамасы.

Голландиядағы ХҮІІ ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер. Гуго Гроцийдің саяси және құқықтық ілімдері. Табиғи құқық теориясы. Гроций мемлекеттік билік егемендігі, халықаралық құқық, соғыс және бейбітшілік туралы.

Бенедикт (Барух) Спинозаның құқық және мемлекет туралы ілімі. Азаматтардың ажырағысыз құқығы және мемлекеттік билік әрекетінің шегі туралы.

ХҮІІ ғасырдағы ағылшын төңкерілісі кезеңіндегі саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары.

Роялистердің саяси және құқықтық идеялары.

Роберт Филмердің саяси көзқарастары.

Томас Гоббстың саяси және құқықтық ілімдері. «Левиафан». Мемлекеттің пайда болуының келісімдік теориясының ерекшеліктері. Гоббс іліміндегі құқық және заң. Индепенденттердің саяси және құқықтық идеялары. Джон Мильтон және Олджернон Сидней мемлекеттік егемендік иегері және қайнар көзі ретіндегі халық, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы. Джеймс Гаррингтон меншік пен билік арақатынасы туралы.

Левеллерлердің саяси-құқықтық идеологиясы. Джон Лильберн табиғи құқық туралы. Халық егеменділігінің ажырағысыздығы идеясы.

Джон Локктың либералды саяси және құқықтық ілімінде 1688 жылғы Англиядағы әлеуметтік-саяси келісімді негіздеу. Адамның ажырағысыз құқықтары. Билікті жіктеу теориясы.

Гуго Гроций жаңа заманның (табиғи және халықаралық құқықтың) ерте буржуазиялық ілімінің негізін қалаушылардын бірі, Голландияның әйгілі заңгері және саяси ойшылы.

Құкықтану саласы Гроций үшін құқық және әділдік, ал саяси ғылым мақсаттық пен пайда мәселелері болып табылады. Ол құқықтануға "ғылыми форма" беру үшін оның табиғаттан пайда болуы мен қолдан жасалу шекарасын анықтау керектігін айтады. Өйткені, қолдан жасалған құкықтар уақыт ағымына қарай өзгермелі келеді, ал табиғаттан шыққан құқықтар яғни, табиғи құқықтар барлық уақытта өз күйінде қалады. Сондықтан ол заңтануда өзінін ерік қайнар көзі бар "табиғи, өзгеріссіз" бөлігін басқалардан айыра білу кажеттігін атап көрсетеді. Саяси салада табиғи жағдайдан "азаматтық қоғамға" және мемлекетке өту кезеңінде әділдіктің құқықтық прин-ципіне мүдденің саяси принципі қосылады.

Оның айтуынша "мемлекет — ерікті адамдардың жалпы мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін құрылған одағы". Гроций бойынша "құқық күштінің ғана еркі".

Соғысты әділетті және әділетсіз деп бөлген ол, "барлық соғыстың басталуы құқықтың бұзылу салдары" деп түсіндіреді. Әділетті соғыс деп Г. Гроций қорғаныс, мемлекеттің тұтастығын сақтау және дүние-мүлікті қорғау соғыстарын, ал әділетсіз соғыстар деп басқыншылық, басқаның дүниесін тартып алу,басқа халықтарды бағындыру жолындағы соғыстарды айтады. Оның әлемдік қауымдастықтың жаңа түрін қалыптастырудағы халықаралық құқық туралы еңбектері оған "халықаралық құқықтың атасы" деген атақ берді.

Ерте буржуазиялық саяси және құкықтық ілімінің дамуына сондай-ақ қоғам, мемлекет, билік мәселелеріне XVII ғасырда өмір сүрген Голландияның ұлы философы және саяси ойшылы Барух (Бенедикт) Спиноза қомақты үлес қосты. Оның саяси-құқыктық тақырыптағы басты еңбектері "Діни-саяси толғау", "Саяси трактат", "Декарт философиясының қағидалары", "Гео-метриялық әдіспен дәлелденген этика".

Спиноза "Діни-саяси толғау" трактатында Библияның ғылыми сынының негізін салды "Екі ақиқат" концепциясын басшылыққа алған ол нағыз шындықты танып білуде Библияның көмегі шамалы деп есептеді. Шындыкты іздеудің бірден-бір жолы Спиноза ілімі бойынша ақыл-ой мен сана ғана болып табылады. Ал мемлекет және құқық мәселелерін қарастырғанда оны танудың сол саладағы өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет деп есептеді.

Адамзат тарихының тәжірибесіне сілтеме жасай отырып, Спиноза барлық адамдар әрдайым бір-бірімен қарым-қатынаста болып, белгілі бір азаматтық жағдайда катар өмір сүреді деп атап көрсетті. Сондықтан да мемлекеттін табиғи негізі мен себебін ақыл-сананың нәтижесінен емес, жалпы табиғаттан нсмесе адамдар қатарынан іздеу керектігін айтады. Азаматтық қоғамның айрықша белгісі — жоғары биліктің, яғни мемлекеттін бар болуы. Бұл жерде жоғары билік ретінде мемлекеттің егемендігі туралы айтылып отыр. Мемлекеттік шарт теориясының басты ерекшелігі, "әркімнің азаматтық қоғамдағы табиғи құқығы токтатылмайды", өйткені, адам­дар табиғи немесе азаматтық қоғамда болсын табиғат заңдары бойынша әрекет етеді, өздерінің мүддесін ойлайды, сондай-ақ оларды қорқыныш пен үміт сезімі билейді. Азаматтық қоғамда мемлекет бекіткен табиғи құқықтар әрекет етеді, яғни барлық адам үшін жалпы заңдар мен тұрмыс зандары, жалпы кепілдік пен кауіпсіздік кепілдігі пайда болады, барлығы бір ғана жоғары биліктен корқады.

"Левиафан" атты саяси философиялық трактатымсн әлем жұртшылығына танылған Томас Гоббстың революцияға деген өзіндік көзқарасы болды. Ол өзінің мемлекет және құқық туралы теориясының негізі ретінде жеке тұлғаның табиғаты туралы түсінікті алға қояды. Т. Гоббстын ойы бойынша адамдар алғашқы кезде дене және акыл-ой қабілеттері жөнінен тең дәрежеде жаратылған. Бірақ адам табиғатынан өзімшіл, ашқарақ- тойымсыз Яғни, "адам адамға —қасқыр" Осыдан келе қоғамда "барлығына бәрінің қарсы күресі" келіп шығады. Бітімге жету құралының ең басты түйіні бейбіт өмір мен өзіндік қорғаныс үшін өзінің кейбір құқыктарының шектеуге тура келетіндігі. Бұл — екінші табиғи заң. Адамдар өздерінің құқықтарын өзара келісімділікпен басқа адамға немесе адамдар тобына береді. Екінші табиғи заңнан үшінші табиғи заң шығады. Олар (адамдар) өздері бекіткен келісімдерді орындауы тиіс, олай болмаған жағдайда келісімнің ешқандай маңызы болмайды. Үшінші табиғи жағдайдан әділдіктің қайнар көзі мен бастауы көрінеді. Аталған үш заңнан басқа тағы он алты табиғи (өзгермейтін және мәңгі) заң бар. Олардын барлығы да бір ғана ережені — өзіңе ұнамағанды басқаға да істемеу қағидасын білдіреді.

Гоббс ерікті келісім арқылы күрылған мемлекетті орныққан мемлекет, ал күш арқылы қүрылған мемлекетті ойлап табылған мемлекет деп атайды.

"Мемлекеттік басқару туралы екі трактат" еңбегінде Дж. Локк өзінің мемлекет туралы ілімін баяндайды. Гоббс тәрізді ол да адамдарды табиғи жағдайда еркін, өзара тең, тәуелсіз ретінде қарастырады. Бірақ оның Гоббстан айырмашылығы жеке меншік пен енбек тақырыбын адамның табиғи ажырамас атрибуттары түрінде түсіндіреді. Оның айтуынша, адамның жеке меншікке ие болу ұмтылысы, адамдардың өздерінің пайдасын көбірек ойлауы табиғи нәрсе.

Дж. Локктың пікірінше, мемлекеттің калыптасуына дейін адамдар табиғи жағдайда болған. Мемлекетке дейінгі кауымдастыққа "бәрінің барлығына карсы күресі" болған емес. Адамдар ешкімнен рұқсат сүрамай, ешкімнің еркіне тәуелді балмай өздерінін қадір-қасиеті мен меншігіне иелік еткен. "Барлық билік пен құқықтар өзара тиімді жағдайда және ешкім артықшылықта болмаған", теңдік үстемдік күрған. Ал адамдардың табиғи қалыптан мемлекетке өтуі табиғи жағдайда құкықтардың тұрақсыздығынан туды. Бірақ "мемлекеттік жагдайда да еркіндік пен меншік сақталуы тиіс. Сонымен бірге жоғары мемлекеттік билік қалай болса солай және шексіз бола алмайды.

Мемлекеттің пайда болуын Локк адамдардың табиғи құқықтарын, бостандығы мен еркіндігін, жеке меншігін берік камтамасыз ету мақсатындағы келісім арқылы құрған саяси қауымдастығы деп біледі. Бұндай келісімді ол "кез-келген мемлекеттің бейбіт түрде орнауы халық келісімінің негізі" деп түсіндіреді.

Зандылық режимін батыл қабылдаған ол "мемлекетте жоғары билікке кім ие болса да халық келісімі бойынша жарияланган тұрақты заңдар арқылы баскаруды" талап етті. Зандар сол кезде "оны бәрі білген және орындағанда ғана" мемлекеттің басты және ұлы мақсатына жетуіне мүмкіндік жасайды. Онын бұндай позициясы XVIII—XIX ғасырларда буржуазиялык саяси-құкықтық ойда дамытыла бастаған "құқыктық мемлекет" идеясын алдын-ала анықтаған еді.

Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;30;31;40;51;52;55;74;76;105;109;

136-148.