Еңбек физиологиясы

Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

 

Арағанды мемлекеттік медицина академиясы

 

Физиология кафедрасы

 

 

Д Ә Р І С

 

 

Тақырып: «Адамның іс-әрекетті қызметтері»

 

 

«Физиология-1» пәні

051301 «Жалпы медицина» мамандығы

 

 

2 курс

Уақыты 1 сағат

 

Қарағанды 2008 ж.

 

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

 

Хаттама _____________ 2008 ж.

 

Кафедра меңгерушісі ________ Ф.А. Миндубаева

 

 

Дәрістің тақырыбы:Адамның іс-әрекетті қызметтері

Дәрістің мақсаты:Адам ағзаның қалыптастыруда еңбектің маңызын және қызметін түсіндіру. Еңбек физиологиясы ғылымының мақсатын және есептерін көрсету.

Дәрістің жоспары:

1. Еңбек физиологиясының мақсаты және есептері

2. Еңбектің түрлері

3. Жұмыс әрекетіне қатысатын әрекеттік жүйелер

4. Жұмыскерліктің кезеңдері

5. Дене еңбегінің ағзаға әрекеті

Еңбек физиологиясы.

 

Еңбек адам ағзаның қалыптастыруда жетекші қызмет атқарады.

Ф.Энгельстің айтуынша, еңбектің арқасында қол және сайлау мүшелерінің әрекеті мүлделі жетілді. Онымен қатар ми, талдағыштар жүйесі дамыды және психика қалыптасты. Сондықтан адамның түйсігі және ұғынуы кеңейді, еңбек қимылдары еріксіз атқарылатын болды.

Еңбек - адамның өз мұқтаждығын қанағаттандыру үшін жасайтын мақсатты іс-әрекеті. ол қоғаммен тығыз байланысты әлуметтік санат. Өйткені еңбек адам тірелігінің және тұрмыс қалпының қажетті шарты болып саналады.

Еңбектену іс-әрекеттің организмге ететін әсерінеңбек физиологиясы зерттейді. Ол адам организмінің еңбектену кезіндегі әрекеттік өзгерістерін тексереді. Сөйтіп, адамның денсаулығын және жоғары жұмыскерлігін сақтау үшін, еңбекті ұйымдастырудың режимі мен жүктемелердің организмге қолайлы түрлері мен әдістерін ғылыми тұрғыдан қарастырады

Адамның қимыл-әрекеті өте күрделі. Ол іс жүзінде организмнің қозғалыс жүйесі – бұлшық еттердің қызметі арқылы атқарылады. Сондықтан бұлшықеттердің іс-әрекетін және оның реттелу тетіктерін зерттеу еңбек физиологиясының маңызды саласы болып саналады.

Бұлшықеттердің жұмысы едәуір энергия шығынын талап етеді және вегетативтіу жүйелер (қанайналымы, тынысалу, зат алмасуы, сыртқа шығару т.с.с.) әрекетінде өзгерістер тудырады.

Сонымен қатар адамның еңбегі мақсатты іс-әрекеттен тұрады, ол тәлім-тәрбие үйрету және дағдылану істері арқылы қалыптасады.

Қазіргі өндіріс жағдайларында адамның еңбек іс-әрекеті мен физиологиялық көсеткіштерін жүйелі түрде зерттеу өте маңызды орын алып отыр. Мұны жүзеге асыратын ғылым саласын эргономика деп атайды. Эргономика еңбектену үрдісінің жұмыс құралдары мен жағдайларының тиімді жолдарын іздейді. Ал еңбек физиологиясы оның маңызды бір бөлігі болып табылады.

Еңбектенудің қолайлы жағдайларын таңдап алу және жақсарту, өндірістің қосымша түрткілерінің (шу, фибрация, қысым, ылғалдық, химиялық заттар) зиянды әсерлерінен сақтандыру менкәсіби аурулардың бодырмау істерін еңбек гигиенасы жүзеге асырады. Бұл мақсаттарды орындау үшін ол еңбек физиологиясының зерттеу әдістері мен нәтижелерін пайдаланады. Адамдардың еңбектену кезіндегі қарым-қатынасын еңбек психологиясы ғылыми тексереді. Еңбекті жағдайға байланысты дене және ой еңбегі деп екі топқа бөледі. Қазіргі кезде еңбектің бірнеше түрі кездеседі: көбінесе бұлшықет белсенділігін тілейтін еңбек механизацияланған, автоматизацияланған және қашықтан меңгеретін еңбектер, парасатты еңбек.