Талдағыштардың шеткі бөлімі
Талдағыштардың шеткі бөлімін морфологиялық айырмашылығы бар жэне арнаулы физиологиялық бағытқа икемделген көптеген қабылдағыштар құрады.Алуан түрлі рецепторлар - тітіркендірістің эсерін жүйкенің ұліына немесе қабылдағыш клеткаларға өткізуге икемдеалген күрделі қү_рылымы бар сезіну мүшелері.
Әрбір рецептор тітіркендірістің белгілі бір түрлерін ерекше сезеді.Талдағыштардың зор қозғыштығы байқалады,яғни рецепторлар сыртқы тітіркендіргіштің ең аз мөлшеріне эсерленгіш келеді.Сөйтіп олар сигналды табу жэне ажырату қызметін атқарады.Бүл сыртқы және ішкі ортаның эртүрлі тітіркендіргішінің эсерін қабылдайтын, өңцейтін, қозу толқынын тудыратын, оларды үғынуға эволюциялық дамуда бейімделген организмдегі арнайы рецепторлар арқылы жүзеге асады.
Рецепторлардың жіктері.барлық рецепторлар екі үлкен топқа бөлінеді: сыртқы немесе экстерорецепторлар және ішкі немесе интерорецепторлар - көру, дыбыс, иіс,дэм, терінің сезу рецепторлары.Ал интерорецепторларға - ішкі ағзалардың жағдайын ишараттайтын висцерорецепторлар жэне тірек-қимыл жүйесінің вестибуляры мен пропиорецепторлары жатады. (52-сурет).
Рецепторлар сыртқы орта мэліметтерін қабылдау түрлеріне байланысты екіге бөлінеді: дистанциялыц рецепторлар — олар ақпаратты тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан (көру, есту, иіс), ал контактыц рецепторлар тікелей жанасқанда мәлімет алады.
Рецепторлар өздері бейімделген тітіркендіргіштердің табиғатына қарай мынадай болып жіктеледі: механорецепторлар - есту, тепе-теңцік, тірек-қимыл аппаратының, терінің сипап сезу рецепторлары , жүрек пен қан тамырларының қысым рецепторлары, хеморецепторлар - дэм, иіс, қан тамырларының және тканьдердің химиялық заттарды сезетін рецепторлары, фоторецепторлар, терморецепторлар (терінің және ішкі ағзалардың, орталық жүйке жүйесінің қызу сезгіш рецепторлары), ауырғанды сезу (ноцицептік) рецепторлары.
Барлық рецепторлар біріншілей жэне екіншелей сезетін болып екіге бөлінеді. Біріншісі - иіс, сипап сезу рецепторлары жэне проприорецепторлар. Бүларда тітіркендірістерді ұғыну жэне өңдеу үшін қозу толқыны сезгіш нейрондардың тікелей өзінде пайда болады. Екіншісіне дэм, көру, есту, тепе-тецдік рецепторлары жатады.Мүлдай рецепторлардың сезгіш нейрондары мен тітіркендіргіштердің арасында өте мамандалған қосымша қабылдағыш клеткалар болады.Яғни сезгіш нейронда қозу тікелей эсерден емес, тек қосымша қабылдағыш клеткалар арқылы туады.
Өздерінің негізгі қасиеттеріне байланысты рецепторлар тез жэне баяу бейімделуші, төмен жэне жогары табапдыръщты, біррайлы жэне көпрайлы т.б. болып бөлінеді.Іс жүзінде, түйсіктердің сипатына қарай рецепторлардың психофизиологиялық жіктелуі өте маңызды орын алады.
Рецепторларды қоздыру механизмі.Әрбір рецептор тітіркенудің белгілі бір түрлерін ерекше сезеді.Бүлар рецептор ғынуға бейімделген барабар (адекватты) тіітіркенулер деп аталады.Сондықтан олардың қозғыштық қасиеттері тым жоғары болады.Алайда рецепторлар барабар емес тітіркенулергк де эсерленеді.Дегенмен бл тітіркендіргішке олардың сезімталдығы өте төмен келеді.Рецепторлардың қозғыштығы тү_рақсыз.Оған рецепторлардың өзінде туатын өзгерістер, қабылдағыш қү-ралдардың сезгіштігін өзгертетін орталық жүйке жүйесінің (ми қыртысы, торлы қүрылым) ықпалы тиеді.Өйткені сигналдар табуда рецепторлардан тыс оған эрбір жүйке қабатының сезгіш нейрондары қатысады.Олардың эртүрлі қозғыштық қасиеті бар.
Рецепторларда тітіркендіргіштің әсерінен мембрананың кейбір иондарға (эсіресе натрийге) өткізгіштік қасиетінің өзгеруі салдарынан жергілікті ток пайда болады.Бүл құбылыс рецепторлъщ потенциал деп аталады.Ол жүйке талдағыштарының әрекет потенциялының негізін құрайды.Бүл потенциал көбінесе бірінші сезетін рецепторларда кездеседі.Ол түгел немесе түк жоц заңына бағынбайды, яғни тітіркендіргіш күшінің өзгерістеріне байланысты.Егер тізбектелген тітіркенулер қолданылса, жалпы эсерлері жинақталады жэне жүйке талшықтарының бойымен өрістемейді.
Рецепторлық потенциалдың тағы бір ерекшелігі, оның үзақтығы: кейбір рецепторларда ол тітіркендіргіш эсер еткен мерзімге сай бірнеше минутқа дейін ұзақ сақталады.Мэселен, күретамырдың синусындағы рецепторларда, қанның қысымына байланысты, бірнеше сағатқа созылатын потенциал жазылып алынған.Мембрананың мұндай ұзақ деполяризациясы болуы зат алмасуынан, энергия шығындау нэтижесінен туады.Сондықтан клеткадағы тотығу процестері бұзылса, рецепторлық потенциал жойылады.Біріншілей сезетін рецепторларда бүл шама мембрананың өте сезгіш жерлеріне әсер етіп, жүйкеің әрекет потенциялына алмасады.
Қосымша қабылдағышы бар талдағыштардағы алғашқы сезгіш нейронның синапситан (түйіспеден) кейінгі потенциялы генераторлъщ (өндіргіштік) потенциал деп аталады.Егер генераторлық потенциал белгілі ауыспалы кезеңіне жетсе, рецептордың жалғасы болатын сезгіш жүйке талшықтарында эрекет потенцалы туады.Генераторлық потенциал шағын жерде пайда болады. Жэне өрістеген сайын бәсеңдейді, яғни декрементпен тарайды.Ал жүйке талшықтарының потенциалы элсіреместен (декрементсіз) өрістейді.
Рецепторлардың көпшілігі, тітіркендірусіз, кейде өздігінен медиатор бөліп, қозады.Бүл оларға сигнал туралы мәліметтерді орталыққа жеткізгенде серпіністі тек жиілетіп қана қоймай оны азайтуға да мүмкіндік туғызады.