Шрифтті форматтау
Зертханалық жұмыс
Тема: Word. Тексті форматтау.
Мақсаты: Тексттерді форматтауға және белгілеумен таныстыру
Жұмыс барысы:
Төмендегі сөйлемді тер:
Мәтінді форматтау-әр түрлі амалдар бойынша текстік құжаттардың көркемделуін айтады. Құжатты форматтау үшін қажетті бөлікті ерекшелеп белгілеп алу қажет. Егер форматтайтын бөлік алдын-ала ерекшеленбесе, орындайтын әрекет жүзеге аспайды.
Осы сөйлемге төмендегі әрекеттерді орында:
Текстің фрагментін белгілеу тәсілдері:
1-тәсіл:
а) Курсорды белгілейтін сөздің алдына орналастырамыз.
б) Shift пернесін басып тұрып, бағытқа байланысты стрелканы басамыз.
2-тәсіл:
а) Курсорды белгілейтін бөліктің алдына орналастырамыз.
б) Shift пернесін басып тұрып, белгіленетін бөліктің соңына тышқанмен бір рет шертеміз, shift пернесін босатамыз.
3-тәсіл:
а) Курсорды белгілейтін бөліктің алдына орналастырамыз.
б) тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, жібермей соңғы символға дейін белгілеймізде, батырманы босатамыз.
Текстің элементтерін белгілеу әдістері:
- Бір ғана сөзді белгілеу үшін, сол сөз бойынша тышқан екі рет шертеміз.
- Бүкіл жолды белгілеу үшін, бағыттаушы сызықты жолдың басына жылжытамыз да, тышқан бір рет шертеміз.
- Сөйлемді белгілеу үшін, Сtrl пернесін басып тұрып, сөйлемнің кез-келген жерінде тышқан бір рет шертеміз.
- Абзацты белгілеу үшін,абзаң бойынша тышқанды үш рет шертеміз.
- Бүкіл құжатты белгілеу үшін, Сtrl+А пернелерін басамыз немесе Правка-Выделитьвсе командасын орындаймыз.
Шрифтті форматтау
Текст жазғанда жиі қолданылатын батырмалар:
- шрифті түрі , - шрифтің өлшемі,
- қарайтылған, курсивті, асты сызылған - шрифтің түсі
немесе Формат – Шрифт командасын басып, ашылған терезеден керек элеменерді таңдауға болады.