Орытынды білім деңгейіне арналған тестілік сұрақтар

 

1. Негізгі өмір сүру ортасы бойынша біріккен инфекцияның тобын көрсетіңіз:

А. рикетсиоздар

Б. микоздар

В. антропоноздар

Г. бактериоздар

Д. гельминтоздар

 

2. Паразиттің негізгі өмір сүру ортасы бойынша біріккен инфекция тобын көрсетіңіз:

А. гельминтоздар

Б. зооноздар

В. микоздар

Г. бактериоздар

Д. вирусты инфекциялар

 

3. Көптеген инфекцияларда ауру адамның мына кезеңде қауіптілігі жоғары:

А. инкубация

Б. продрома

В. аурудың қызған кезі

Г. реконвалесцент

 

4. Ең белсенді берілу механизмді көрсетіңіз:

А. фекальді-оральді

Б. аэрозольді

В. трансмиссивті

Г. жанасу

Д. вертикальді

 

5. Берілу механизмімен біріккен инфекция тобын көрсетіңіз:

А. зооноздар

Б. вирусты инфекциялар

В. сыртқы қабатты инфекциялар

Г. бактериальді инфекциялар

Д. сапроноздар

 

6. Ішек инфекцияларда қоздырғыштың берілу факторы боп саналады:

А. шыбын

Б. қан сорғыш жәндіктер

В. қолданатын заттар

Г. су

Д. сүт

 

7. Әлеуметтік факторларға жатады:

А. тамақтану сипаты

Б. су көзінің болуы

В. синантропты жануарлар

Г. қан сорғыш жәндіктер

Д. жергілікті рельеф

 

8. Табиғи факторларға жатады:

А. климат

Б. тұрмыс жағдайы

В. тұрғындардың тығыздығы

Г. азық-түлік

Д. иесі популяциясы

 

9. Биологиялық факторларға келесі екі фактор жатады:

А. жергілікті ландшафт

Б. азық түлік

В. кеміргіштер

Г. паразит популяциясы

Д. су көзінің болуы

 

10. Ие популяциясының гетерогенді екі белгісін таңдаңыз:

А. патогенділік

Б. резистентілік

В. қабылдағыштық

Г. иммуногенділік

Д. вируленттілік

 

Студенттердің білімін бағалау критериялары:

"Өте жақсы" - 10 сұраққа дұрыс жауап берсе

"Жақсы" - 9 сұраққа дұрыс жауап берсе

"Қанағаттанарлық" - 8 сұраққа дұрыс жауап берсе

"қанағаттанарлықсыз" - 8 сұрақтан төмен

6 қосымша

 

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған есептер:

 

1. Төменде аталған инфекциялар кезіндегі инфекция көзі кім болып табылатынын көрсетіңдер: күл, скарлатина, қызылша, лептоспироз, дизентерия, іш сүзегі, сальмонеллез, күйдіргі, оба, безгек, құтыру, бруцеллез, кене энцефалиті, нағыз шешек, тырысқақ, туберкулез, аскаридоз, энтеробиоз, описторхоз, ботулизм.

 

2. Вирусты гепатит, күл, қызылша, тырысқақ іш сүзегі. Осы инфекциямен ауырған науқастардың аурудың әр түрлі кезеңінде қоршаған ортаға төндіретін қауіп-қатердің эпидемиологиялық бағасын беріңдер.

 

3. Іш сүзегі және паратифтер, бактериальді дизентерия, гименолепидоз, энтеробиоз, туберкулез, тырысқақ, полиомиелит, күл. Науқастарды анықтауға және қоздырғыш тасымалдаушыларды тексеруге қандай материал алынады?

 

4. Берілу механизмі бойынша инфекцияларды топтастырыңдар: сіреспе, вирусты гепатит, безгек, маусымды энцефалиттер, тырысқақ, скарлатина, венерологиялық сырқаттар, күл, іш сүзегі, менингококк инфекциясы, полиомиелит, сальмонеллез, орнитоз.

 

5. Күл, іш-сүзегі, сальмонеллез, бруцеллез, туберкулез, скарлатина, күйдіргі, тырысқақ. Жоғарыда аталған инфекция қоздырғыштары берілуі мүмкін болатын тағамдарды көрсетіңдер: жемістер, жидектер, ет, балық, тағамдары және жартылай фабрикаттар, нан тағамдары, сүт.

 

6. Инфекцияның қоздырғыштарының көздерін атаңдар:

1/ антропонозды аурулар, 2/ зоонозды аурулар

 

а/ зақымдалған адамдар г/ зақымдалған шыбын-шыркейлер

б/ ауру жануар д/ зақымдалған су

в/ зақымдалған құстар

 

7. Аталған зақымдалған объектілер тізімінен мүмкін болатын инфекция көзін таңдаңдар:

а/ ауру адам, б/ кеміргіштер, в/ құстар, г/ шошқалар, д/ москиттер,

е/ кенелер, ж/ масалар, з/ жемістер, и/ сүт, к/ су

 

8. Бөртпе сүзек қоздырғышының мүмкін болар көзі болып табылады:

а/ ауру адам, б/ зақымдалған биттер, в/ науқастың төсек құралдары, г/ науқас тұратын бөлменің шаңы, д/ науқастың құсық массалары, е/ науқастың нәжісі.

 

9. Тырысқақ қоздырғышының мүмкін болар көзі болып табылады:

а/ тырысқақтың жеңіл түрімен ауыратын науқас, б/ вибриотасмалдаушы, в/ науқас бөліністерімен зақымдалған топарақ, г/ іркінді су, д/ науқас қаны, е/ төселген клеенка

 

10. Сальмонеллездің мүмкін болар инфекция көзі болып табылады:

а/ науқас адам, б/ ауру жануар, в/ үйрек жұмыртқалары, г/ ауру кептерлер, д/ ауру құстардың қауырсындары, е/ сальмонеллездің тірі культурасы.

 

11. Грипп қоздырғышының мүмкін болар көзі болып табылады:

а/ ауру адам, б/ науқастың бет орамалы, в/ науқас тұратын бөлменің ауасы, г/ науқастың мұрынынан бөлінген бөліністер, д/ науқастың қаны, е/ науқастың қақырығы

 

12. Күл қоздырғышының мүмкін болар көзі болып табылады:

а/ токсигенді микробтың бактериясын бөлушілер, б/ күл ауруы, в/ науқастың сүлгісі, г/ науқастың мұрынынан бөлінген бөліністер

 

13. Кене энцефалиті қоздырғышының мүмкін болар көзі болып табылады:

а/ ауру адам, б/ зақымдалған кенелер, в/ кене табылған орман төсеніші, г/ кене табылған кеміргіштер, д/ кене табылған құстар, е/ кене жұмыртқалары

 

14. Табиғи ошақты инфекцияға жататын сырқаттарды атаңдар:

а/ лептоспироз, б/ іш сүзегі, в/ туляремия, г/ оба, д/ күл, е/ кене энцефалиті

 

15. Берілу механизмінің 2 жолын атаңдар:

а/ алиментарлы, б/ су арқылы, в/ трансмиссивті, г/ фекальді-оральді, д/ топырақ арқылы

 

16. Инфекцияның берілу факторларын атаңдар:

а/ ауа, б/ тағам, в/ аэрозольді, г/ су арқылы, д/ шыбындар

 

17. Инфекцияның берілу жолдарын атаңдар:

а/ шыбындар, б/ су арқылы, в/ тағам арқылы, г/ топырақ арқылы,

д/ азық-түліктер

 

18. Берілу факторларын көрсетіндер:

а/ биттер, б/ жабайы жануарлар, в/ бациллотасымалдаушы, г/ кеміргіштер, д/ ыдыстар

 

19. Инфекцияяның спецификалық берілу механизмі анықталады:

а/ қоздырғыштың көректену тәсілімен, б/ организмге ену тәсілімен, в/ қоздырғыштың сыртқы ортада болу орнымен, г/ қоздырғыштың спецификалық шоғырлануымен, д/ қоздырғыш тұрақтылығымен

 

20. Қоздырғыштың берілу механизмі аталған жағдайға сәйкес эволюциялық қалыптасқан:

а/ микроорганизмге ену тәсілі, б/ қоздырғыштың организмде шоғырлануы, в/ қоздырғыштың сыртқы ортаға шығу тәсілі,

д/ қоздырғыштың сыртқы ортада сақталу тәсілі

г/ негізгі иесінің түр рекшеліктері.

7 қосымша