Н.М. Амосов және онын сауықтыру жүйесі

Ноябрь 11, 2011 · Валеология

Н.М. Амосов және онын сауықтыру жүйесі
Ленин премиясының лауреаты, социалистік Еңбек Ері, белгілі хирург, кибернетика ғылымының. маманы, ғалым, Киев қаласындағы қан тамырымен жүрек хирургиясы институтының бұрынғы директоры.
Денсаулық пен өмірде бақытты болудың ең жоғары деңгейінде болу үшін мына төмендегі принциптермен кеңестерді қатан, сақтап жүру керек дейді ол.

1. Көптеген аурулармен адамдардың ауруына табиғат та, қоғам да кәнілі емес, тек адамның өзі ғана кәнілі. Адамның жиі-жиі ауыратыны оның жалқаулығына байланысты. Кейде ойланбаған нәрселерден ауру пайда болатыны бар.
2. Медицинаға иек артып сенуге болмайды. Медицина көптеген ауруларды ойдағыдай емдегенімен, адамды аурудан толық түрде айықтырып жібермейді. Медицина адамды денін сау етіп өзін ұстауға үйрете алмайды. Дәрігерлердің қоршауына түспеу керек. Олар әлсіз адамдарды үлкен ойға қалдырып, адамға заман ақырды орнатады. Олар аурудың үстіне ауру қосып береді. Ақы төлей алмайтын вексель беретіні дс сөзсіз.
3. деніңіз сау болу үшін өзіңіз көп және тұрақты түрде еңбек етуіңіз керек. Еңбекті еш нәрсемен алмастыруға болмайды. Адам өз бақытына өзі ғана жете алады. Адам өзіне қажетті денсаулықты өзі ғана жасай алады. Қартайған сайын денсаулықты сақтау көп еңбек етуді керек етеді. Ауру неғұрлым қатерлі болса, соғұрлым көп еңбектенуді қажет етеді.
4. Әр түрлі әрекеттің шамасы, жасалған іс-қимылға сәйкес келуі керек. Ынталандыру — белгілі мақсатпен, уақытпен өтеді де нақтылы қорытынды береді. Денсаулық адамның ең басты мақсаты, егер денсаулықты бүгін ойламасаң ертең-ақ жолдасың өлім болады. Шыныққан адамды өлім де қорқыта алмайды.
5. Денсаулық болу үшін біркелкі бес жағдай қажет. 1) физи-калық жүктің жағдайы; 2) тамақты тежеп ішу; 3) денені шынық-тыру; 4) уақыт бойынша дұрыс дем алу; 5) бақытты өмір — қимыл. Физикалық қимылсыз денсаулықты қамтамасыз ете алмайсың. Күнделікті тұрмыста тыныштық болмаса адам бақытты болмайды. Бақыт болмаса, ашықсаңда, неше түрлі қимыл жасасаңда денсаулықты сақтай алмайсың.
6. Күніне 20-30 минут жаттығу жасап отырсаң, табиғат сондай кешірімді де болады. Егер физкультурамен жаттығу уақытын екі есе етіп ұзартсаң өте жақсы.
7. Тамақ мөлшерін тежеу керек. Әр қашанда өзіңнің массаңа бақылау жасап отыру керек. Ол үшін бойыңның ұзындығынан 100 алып тастасаң меншікті салмағыңыз шығады.
8. Әр қашанда денеңізді босатып жүрген дұрыс. Ол үшін ерік қажет, ерік әр адамда әр түрлі болады.
9. Бақытты өмір сүру керек. Денсаулық бақыт екені өзінен-өзі белгілі. Денсулыққа үйреніп кеткеннен кейін, денсаулықтың не екенін байқамай да қаласыз. Ауру — бақытсыздық екенін өзінен-өзі белгілі.

 

90. П.К.Ивановтың «Табиғатпен табысқан ғұмырындағы табиғи сауықтыру жүйесі»

Ноябрь 11, 2011 · Валеология

П.К.Ивановтың «Табиғатпен табысқан ғұмырындағы табиғи сауықтыру жүйесі»
П.К.Иванов ұзақ жылдар бойы, шынықтыру проблемасымен айналысқаны көп адамдарға белгілі. Өзінің «Қарғаш» атты ілімінде шынықтыруды жан-жақты талдаған болатын. Онда былай деп жазылған: Аптасына 1 тәулік бойы ас-судан бас тарту керектігін қағида ретінде халыққа ұсынған. Жұманың 18, 20 сағатынан жексенбінің (сағат 12-іне дейін ашығу керек) бұл сенің шартың дейді – ол.

Егер ұзақ уақыт бойы аштыққа шыдай алмасаңыз онда бір тәулікке ғана шыда деп П.К.Иванов кеңес береді.
1. Біз — деп жазады П.К.Иванов: Жақсы тамақ ішуге, әбден үйреніп кеткенбіз, көп ішеміз, дәмді тамақтарды ұнатамыз. Тамақ ішуге, жеуге әбден үйреніп алғанбыз. Бұл жануарлықтың белгісі, надандық көрінісі. Тамақты көп ішу ақылды көбейтпейді. 42 сағат ашыққан кезіңізде өзіңізді қалай сезінер едіңіз, басыңыз қалай жеңілдейтіні байқадыңыз ба деп, ол өзіне-өзі сауал қояды. Барлығына шыдау керек! Шыдамсыз еш нәрсс орындалмайды.
Шыдамдылықпен көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Бірінші күні ағза өзгерюке қатты үшырайды. Қоректік заттарды адам айналаны қоршаган сыртқы ортадан алатынын П.К.Иванов айтады. Айналаны қоршаған сыртқы ортада қоректік заттар эфир сияқты өте көп. Эфир арқылы қоректік заттарды ағзаға жеткізіп отырады. Ауру қозған кезде, ашыққан жақсы нәтиже береді.
2. Жексенбінің сағат 12-де далаға шық. Табиғат көрінісін байқа, жалаң аяқ жүр, бірнешс рет терең дем ал. Ойлан. Бұл саған мереке сияқты күн болсын. Осыдан кейін қанша тамақ, қандай тамақ ішесің, ол сенін еркін. «Тамақ ішер алдында – деп жазады — ол, сыртқа қораға, үй ауласына жалаңаяқ шық, басыңды жоғары көтеріп бірнеше рет тыныс (дем) ал, мұрының арқылы атмосферадан ауаны ішіңе қарай тарт. Бұл тыныс алу адамның ағзасындағы болатын зат алмасу үрдісін үдетеді. Табиғат саған жақындап, барлық жақсылығын сенен аямайды деп адамдарды сендіреді. Сенің қуанышың, сенің пайдаң, өзіңді өзің жеңгенің тамақ ішер алдындағы тыныс алғаның, қалай тамақ ішу керек соны үйретеді. қандай тамақты ішу керек, қандай тамақты ішпеу керек табиғат саған үйретеді дейді — ұстаз (П.К.Иванов). Тамақты таңдамай-ақ іше бер. Тамақтың жаманы болмайды. Бірақ дұрыс даярланбаған тамақтың түрлері болады.: Тамақ пісіру бұл аса үлкен шеберлікті қажет ететін үрдіс. Тамақ пісіру жалпы искусство деп — ол қорытынды жасайды. Тамақтың дәмі, иісі адам психикасына ерекше әсер етуі керек. Сонда ғана тағам ағзаға тез сіңеді. Буны биологиялық жұғымды тағам дейді. Айта кететін бір жәй, осы кітаптың авторы (Ж.Жатқанбаев) академиктер А.А.Покровский жәнс Т.Ш.Шарманов басқарған (бұрынғы денсау-лық министрі болған) бұрынғы СССР-дің ғылыми медицина академиясының тағам ғылыми-зерттеу институтында істеп, ауыл балалары мен қала балаларының (оқушыларының) қанын зерттеген болатынмын. Қан құрамына әр түрлі штаминдердің әсерін анықтаған едім. Сол мақсатпсн Бақанас елді пунктіне орналасқан орта мектептің біреуінде, эксперимент жүргізген едім. Оқушыларға таңертең витаминдер беріп, оны балалардың түкіріп тастамауын қадағалап тұрғанмын. Балаларға витамин беру үрдісі бір айға созылған. Қандағы витаминдердің мөлшері оқушылардың жас ерекшелігіне және жынысына қарай әр түрлі болатынын анықтағанмын. Орыс балалары мен қазақ балаларының қанындағы витаминдер мөлшері бірдей екенін аиықтаған едім.Бұл ашық түрде жарияланбайтын