Тұрақты ток машииаларының якорь орамдары туралы жалпы мағлұматтар
Тұрақты ток машинасының якорь орамдары келесі талаптарға жауап беруі керек:
1) орамдар нақтылы қуатқа сәйкес келетін кернеу мен жүктеме тогының белгілі бір мәніне есептелуі қажет;
2) орамдардың машинаның ұзақ мерзімде (15-20 жыл) жұмыс жасауын қамтамасыз ететіндей электрлік, механикалық және термикалық беріктігі болуы керек;
3) орамдардың құрылысы коллектордан токты алудың сенімділігін қамтамасыз ете алуы керек;
4) белгілі бір пайдалану көрсеткіштері үшін (пайдалы эсер коэффициенті (ПӘК) және т.б.) материал шығыны аз болуы керек;
5) орамдарды дайындау технологиясы қарапайым болуы керек.
Қазіргі уақытта тұрақты ток машиналарында якорь орамдары якорь өзекшесінің сыртқы бетіне орналастырылады, мұндай орамдар барабан (қоғыран) тәрізді деп аталады. Якорь орамдары ілмек тәрізді немесе толқын тәрізді болуы мүмкін. Сондай-ақ осы екі орамның үйлесімі болып табылатын орамдарда кездеседі.
Тұрақты ток машиналарындағы якорь орамдарының негізгі элементі секция болып табылады және ол ұштары коллекторлық пластиналарға жалғанған бір немесе өзара тізбектей жалғанған бірнеше тармақтан құралады (1.2 және 1.3-суреттер)
1.2-сурет. Тұрақты ток машинасының орамдары:
А - орамдардыц ойыкшага ориаласуы; б - ілмек тәрізді орамның бір және екі тармақты секциясы
Орамдарда барлық секциялардың тармақ сандары бірдей болады. Сызбанұсқаларда орамдардың секциялары бір тармақты болып көрсетіледі.
Орамдардың ойықшалардан шығыңқы алдыңғы бөліктерін қолайлы орналастыру үшін якорь орамдары екі қатпарлы болып жасалынады. Бұл кезде секцияның әрбір ойықшасына екі қатардан орналасады (1.2, а-сурет): әрбір секцияның бір беті бір ойықшаның жоғарғы қабатында, ал екінші беті екінші ойықшаның төменгі қабатында орналасады. Сызбанұсқаларда жоғарғы қабатта орналасқан секцияның беттері қалың сызықтармен, ал төменгі қабатта орналасқаны үзік сызықтармен белгіленеді.
Бір қатпарлы якорь орамдарының құрылысы бойынша екі қатпарлы якорь орамдарынан айырмашылығы жок және Рн < 0,5 кВт болғанда қолданылады.
Сурет. Толқын тэрізді орамның бір жэне екі тармақты секциялары
Орамдардың секциялары бір-бірімен тізбектей келесі тәртіппен жалғанады, яғни соңғы секцияның басы (н) алдыңғы секцияның соңымен (к) қосылып, коллекторлық пластинаға бірге жалғанады (1.4-сурет).
Сурет. Тұрақты ток машиналарының орам секцияларының жалғануы: а - ілмек тәрізді орам; б — толқын тәрізді орам
Орамдардың ілмек және толқын тәрізді деген атаулары тізбектей жалғанған секциялардың сыртқы сұлбаларының кескініне қарап аталған.
Әрбір секцияның екі ұшы бар және әрбір коллекторлық пластинаға секцияның екі ұшы жалғанатын болғандықтан, коллектор пластиналарының жалпы саны К орам секцияларының 8 санына тең, яғни К= 8.