Диагноз: Сол жақ иық басының жабық шығуы

Негізіне қарай қойылады;

А) қарағанда сол жақ иық буыны аймағының жіті ауыру сезімін байқау.

Б) клиникалық симптомдары; сол жақ иықтың еріксіз жағдайы,иық буынының деформациясы,қызметінің бұзылуы,терісі бұзылмаған,пальпация кезінде иық сүйегінің басы қолтық шұңқырында анықталады.

 

Жедел жәрдем көрсету алгоритмі:

1. аурусыздандыру (промедол 1 %-2,0 мл б/е)

2. саусақтың ұшынан сау жауырынға дейін иммобилизациялап жеткізу .

  1. буын аймағына суық басу (ішкі қан кетулерді және ауыруды азайтады)

4. отырған күйінде ауруханаға жеткізу.

5. ауруханада екі жақты қалыпта рентгенография жасап, нархоз арқылы шығуды қалпына келтіру.

 

№67 ЕСЕП

 

Жауаптың эталоны:

Болжама диагноз: Сол иықтың жабық травматикалық шығуы. Анализіне, жарақаттың механизміне, клиникалық белгілері негізінде қойылған.

Жедел жәрдем көрсету алгоритмі:

1. науқасты тыныштандырып, аурусыздандыру.(промедол 1 %-2,0 мл б/е)

2. Крамер шинасы арқылы саусақ ұшынан сау жауырынға қарай иммобилизациялау

3. науқасты жедел травматология бөлімшесіне жеткізу.

 

№68 ЕСЕП

Жауап эталоны:

Диагнозы: Оң жақ бұғананың аралас жабық сынығы.

диагноз жоғарыдағы анамнезге ( жарақаттың болуы, оң жақ бұғана үстінде және иық буынындағы ауру сезімі), объективті тексеруде (оң жақ иығы төмен, бұғананың ортаңғы үштен бірінде деформация және қан құйылу ошағы бар, патологиялық қозғалыс, қолының дұрыс емес орналасуы).

Жедел көмек көрсетудің алгоритмі

1. аурусыздандыру.

  1. Дезо таңғышымен немесе 8- тәрізді таңғышпен фиксациялау немесе білегін орамал таңғышына салу. Шынтақ буынынан 900 -қа

 

№69 ЕСЕП

Дұрыс жауаптар:

1) оң кәрі жіліктің типті орнында жабық сынығы (ығысу болуы мүмкін, білектің штик тәрізді деформациясын анықталды).

Зерттеу нәтижесі: алақанда және кәрі жілік білезік буынның аймағында ісіну, штик тәрізді деформациясы, қол саусақтарының ұштары басбармаққа қарай қисаюы, жергілікті ауру сезімі, буындарда қозғалыстың шектелуі және қатты ауру сезімі, патологиялық қозғалыстың болу мүмкіндігі (фельдшер ойынша).

Жедел көмек көрсетудің алгоритмі:

1. аурусыздандыру.

2. қолын транспортты иммобилизациялау

3. науқасты травматикалық пункқа, учаскелік ауруханаға, АОА-ға отыру қалпында тасымалдау.

 

№70 ЕСЕП

Эталон жауаптары:

Диагноз: оң тоқпан жіліктің ортаңғы 3-тен 1 бөлігінің сынуы.

а) анализ және шағымдары: оң тоқпан жілікті жарақаттардағы қатты ауыру сезімі крепитация, деформация.

б) қарап тексеру: жарақаттанған жердегі жергілікті ауыру сезімі крепитация, деформация, жарақат орнында патологиялық қозғалыс

 

Жедел көмек көрсетудің алгоритмі:

1. аурусыздандыру (промедол 1 %-2,0 мл б/е)

2. саусақ ұшынан сау жауырынға қарай иммобилизациялау

3. жарақаттанған жерге суық басу.

4. жедел травматология бөлімшесіне жеткізу.

 

 

№71 ЕСЕП

Жауаптары:

Диагноз: оң жақ асықты жіліктің ашық сынығы, артериялық қан кетумен.

Жарақаттанған жерден сүйек сынықтарының анықталуымен алқызыл қан шапшып кетуіне негізделе отырып, диагноз қойылды.

Жедел жәрдем көрсету алгоритмі:

1. Қан кетуді тоқтату (артериялық қан кету-пациенттің өміріне өте қауіпті) мысалы, сан артериясын саусақпен басу, санына жгут салу. Жгуттың астына дәке салып барып тағу керек және уақытын жазып қалдыру керек. Жгуттың жоғарғы бөліміне таңу жасауға болмайды.

2. көк тамырға түсіп, 0,9% натрий хлор ерітіндісінің 500 мл тамшылытып жіберу.

3. ауру сезімін басу.

4. жараны өңдеу, асептикалық таңу.

5. транспорттық иммобилизация жасау.

6. науқасты зембілмен тасымалдап, жедел травматологиялық бөлімшеге госпитализациялау.

7. Жарақаттанған жерге ауру сезімін және ісінуді болдырмау үшін жергілікті салқын басу.

 

№72 ЕСЕП

 

Жауап эталоны:

Диагноз: Сол аяғының екі сирақ сүйектерінің жабықапралас сынығы, жарақат шогының- I дәрежесі. Сипалағанда пайда болатын келесі белгілерді – жергілікті ауру сезімінің күшеюін, сықырлауын, патологиялық қозғалысын тексерудің қажеті жоқ, себебі бұл жолы сынықтардың ығысқаны арқылы пайда болған айқын және аяқтың қимылының қозғалысының толық жоғалуы – сынық диагнозының нақтылығына күмән келтірмейді.

Жедел жәрдем жасау алгоритмі:

1. көк тамырға түсіп, 0,9% натрий хлор ерітіндісінің 500 мл тамшылытып жіберу.

2. аурусыздандыру (промедол 1%-2,0 к/т)

3. тасымалдау иммобилизациясын жасау;

4. травматологиялық бөлімшеге жеткізу.

 

ЕСЕП

 

Болжамалы диагноз: Жатырдан тыс жүктілік. Құрсақ ішілік қанкету.

Жедел жәрдем көрсету дәрігерінің іс-әрекеті:

1. көк тамырға тамшылап физиологиялық ерітінді енгізу (0,9ғ% - 400,0мл NaCl)

2. этамзилат 12,5% - 2,0 – 4,0 мл көк тамырға немесе бұлшық етке

3. науқасты зембілге жатқызып дереу көпсалалы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

№74 ЕСЕП

 

Болжамалы диагноз: Жатырдан тыс жүктілік. Құрсақ ішілік қанкету. II-III дәрежелік геморрагиялық есеңгіреу.

Жедел жәрдем көрсету дәрігерінің іс-әрекеті:

1. рефортан (стабизол немесе басқа коллоидтық ерітінділер) + преднизолон 60-120 мг көк тамырға, АҚҚ 90\60 мм с.б. көтерілгенше

2. жүргізілген іс-әрекет нәтижесіз болып АҚҚ көтерілмесе - допамин 0,5%- 5,0 мл-ге дейін инфузиялық ерітінге араластырып енгізу

3. этамзилат 12,5% - 2,0 – 4,0 мл көк тамырға немесе бұлшық етке

4. науқасты зембілге жатқызып дереу көпсалалы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

 

№75 ЕСЕП

 

Болжамалы диагноз: Жатырдан тыс жүктілік? Аналық без апоплексиясы? Құрсақ ішілік қан кету. Геморрагиялық есеңгіреудің III дәрежесі.

Жедел жәрдем көрсету дәрігерінің іс-әрекеті:

1. рефортан (стабизол немесе басқа коллоидтық ерітінділер) + преднизолон 60-120 мг көк тамырға, АҚҚ 90\60 мм с.б. көтерілгенше

2. жүргізілген іс-әрекет нәтижесіз болып АҚҚ көтерілмесе - допамин 0,5%- 5,0 мл-ге дейін инфузиялық ерітінге араластырып енгізу

3. этамзилат 12,5% - 2,0 – 4,0 мл көк тамырға немесе бұлшық етке

4. науқасты зембілге жатқызып дереу көпсалалы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

 

№76 ЕСЕП

 

Болжамалы диагноз: Үдемелі жатырдан тыс жүктілік?

Жедел жәрдем көрсету дәрігерінің іс-әрекеті:

Науқасты стационарға жеткізу (көпсалалы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне)

 

 

№77 ЕСЕП

Болжамалы диагноз: Жүктіліктің 28-29 апталығында мерзімінен бұрын жолда болған босану.

Жедел жәрдем көрсету дәрігерінің іс-әрекеті:

1. жағдай болса босанушыны стационарға дереу жеткізу

2. әкеле жатырған пациент туралы алдын ала перзентханаға айту

3. ана және нәрестеге керекті жәрдемді толығынан көрсету үшін тағы бір жедел жәрдем көрсететін бригаданы шақыру

4. босануды қабылдау үшін керекті құжаттардың (жылы көрпеше, сүлгі және т.б.) бар-жоғын бақылау

5. босануды қабылдау

6. ең маңыздысы – нәрестені жылы ұстау

7. нәрестенің жағдайын бағалау; керекті жағдайда – алгоритм бойынша нәрестенге реанимациялық шаралар жүргізу

 

 

№78 ЕСЕП

 

Болжамалы диагноз: Босанудың бірінші кезеңі. Жатыр тыртығы (2 кесар тілігінен кейін). Ауырлатқан акушерлік анамнез. Жатыр жыртылу қауіпі.

 

Жедел жәрдем көрсету дәрігерінің іс-әрекеті:

1. Пациентті дереу ең жақын орналасқан, хирургиялық көмек көрсете алатын ауруханаға жеткізу қажет. Ананың да, нәрестенің де жағдайы қауіпті. Әдетте бірінші нәресте шетінеп кетеді

2. Оттегімен дем алттыру

3. екі жағындағы перифериялық көк тамырларына диаметрі кең катетер енгізіп, кристаллоидтарды сорғалатып құю

4. науқасқа сұйықтық және қою тамақ ішкізбеу керек, неге десең хирургиялық ем жүргізу ықтимал

5. ауруханаға әкеле жатырған науқастың жағдайын алдын ала мәліметтеу қажет

 

№79 ЕСЕП

 

Болжамалы диагноз: Мерзіміне жеткен жүктілік. Босанудың бірінші кезеңі. Қағанақ қабығының ерте жарылуы. Ауырланған акушерлік анамнез.

Жедел жәрдем көрсету дәрігерінің іс-әрекеті:

босанушыны зембілге қырынан жатқызып перзентханаға жеткізу

 

№80 ЕСЕП

Болжамалы диагноз: Жүктіліктің біріші жартылығының ауыр дәрежелік токсикозы.

Жедел жәрдем көрсету дәрігерінің іс-әрекеті:

Көпсалалы аурухананың немесе перзентхананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

 

№81 ЕСЕП

Болжамалы диагноз: Аналық без кистасының бұралуы

Жедел жәрдем көрсету дәрігерінің іс-әрекеті:

науқасты зембелге жатқызып көпсалалы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

науқасқа сұйықтық және қою тамақ ішкізбеу керек, неге десең хирургиялық ем жүргізу ықтимал

 

№82 ЕСЕП

 

Болжамалы диагноз: Аналық без кистасы. Кистаның аяқшасының бұралуы?

 

Жедел жәрдем көрсету дәрігерінің іс-әрекеті:

1. науқасты зембелге жатқызып көпсалалы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

2. науқасқа сұйықтық және қою тамақ ішкізбеу керек, неге десең хирургиялық ем жүргізу ықтимал

 

 

№83 ЕСЕП

 

Болжамалы диагноз: Аналық без апоплексиясы.

Жедел жәрдем көрсету дәрігерінің іс-әрекеті:

1. науқасты зембелге жатқызып көпсалалы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

2. науқасқа сұйықтық және қою тамақ ішкізбеу керек, неге десең хирургиялық ем жүргізу ықтимал

 

№84 ЕСЕП

Болжамалы диагноз: Метроэндометритпен асқынған медициналық аборт.

Жедел жәрдем көрсету дәрігерінің іс-әрекеті:

науқасты зембелге жатқызып көпсалалы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

 

 

№85 ЕСЕП

Болжамалы диагноз: Екі жақты созылмалы аднекситтің қозуы

Жедел жәрдем көрсету дәрігерінің іс-әрекеті:

науқасты зембелге жатқызып көпсалалы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

 

№86 ЕСЕП

 

Болжамалы диагноз: Инфицирленген ауруханадан тыс. Сепсис?

Жедел жәрдем көрсету дәрігерінің іс-әрекеті:

1. перифериялық көк тамырға катетер енгізу

2. көк тамырға физиологиялық ерітіндінді енгізу (0,95% раствора NaCl)

3. науқасты шынтақтап жатқызып көпсалалы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

 

№87 ЕСЕП

 

Болжамалы диагноз: Ювенилдік қан кету.

Жедел жәрдем көрсету дәрігерінің іс-әрекеті:

науқасты зембелге жатқызып көпсалалы аурухананың гинекологиялық бөлімшесіне жеткізу

 

 

Есеп

Жауабы:Естің бұзылысы Глазго шкаласы бойынша 8 балл, жеңіл дәрежелі ес-түссіз жағдай. Болжамалы диагноз:Қант диабеті 1 типті. Гипергликемиялық кома.

Жедел көмек:

1. Шеткі венаға түсуді қамтамасыз ету;

2. Тыныс алу өткізгіштігін қамтамасыз ету;

3. Ылғалды оттегімен тыныс алдыру;

4. Ацидозға қарсы натрии хлорид 0,9% - 500,0 көк тамырға тамшылату;

5. Ауруханаға реанимация немесе қарқынды терапия бөліміне тасымалдау.

 

 

Есеп

Жауабы: :Естің бұзылысы Глазго шкаласы бойынша 8 балл, жеңіл дәрежелі ес-түссіз жағдай. Болжамалы диагноз: Жедел алкогольдік улану. Алкогольдік кома.

Жедел көмек:

1. Тыныс алу жолы өткізгіштігін қамтамасыз ету, құсық аспирациясының алдын алу;

2. асқазанын зонд арқылы таза су шыққанға дейін жуу;

3. глюкоза 5% - 500 мл к/т;

4. глюкоза 40% - 20-50 мл к/т;

5. витамин В1 5% -5мл б/е;

6. Ауруханаға токсикология бөліміне тасымалдау.

 

Есеп

Жауабы: Естің бұзылысы Глазго шкаласы бойынша 7 балл, орташа дәрежелі ес-түссіз жағдай. Болжамалы диагноз: опиатпен жедел улану. Наркотикалық кома.

Жедел көмек:

1. Тыныс алу өткізгіштігін қамтамасыз ету;

2. Қажет болған жағдайда өкпені жасанды желдендіру;

3. налоксон 0,4% 5 мл дейін физ.ертіндімен;

4. жоғарыда көрсетілген көмек нәтижесіз болса:

5. оксигенация жасау, өкпені жасанды желдендіру;

6. дезинтоксикациялық көмек;

7. Аурухананың токсикология бөліміне тасымалдау.

 

Есеп

Жауабы: :Естің бұзылысы Глазго шкаласы бойынша 6 балл, орташа дәрежелі ес-түссіз жағдай. Болжамалы диагноз: Клофеллинмен жедел улану.

Жедел көмек:

1. Тыныс алу өткізгіштігін қамтамасыз ету;

2. Көк тамырға дәрі енгізуге жағдай жасау;

3. атропина сульфат 0,1% - 1-1,5 мл көк тамырға физ.ертіндімен;

4. қанқысымы төмен болса – дофамин 4%-5мл 500 физ.көк тамырға 6-12 тамшы минутына жылдамдықпен;

5. дезинтоксикациялық шара – инфузия 5% глюкозы немесе 0,9% физ.ертінді;

6. токсикологиялық бөлімге гемодинамика және тыныс алуын бақылауда ұстау арқылы тасымалдау.

 

Есеп

Жауабы: :Естің бұзылысы Глазго шкаласы бойынша 13 балл, есенгіреу.

Болжамалы диагноз:Қант диабеті 2 типті. Гипергликемиялық жағдай.

Жедел көмек:

1. Көк тамырға дәрі енгізуге жағдай жасау;

2. Физиологиялық ертінді 0,9% -500 мл к/т

3. Эндокринология бөліміне тасымалдау.

Есеп

Жауабы: :Естің бұзылысы Глазго шкаласы бойынша 7 балл, орташа дәрежелі ес-түссіз жағдай. Болжамалы диагноз:Жедел ми қанайналым бұзылысы.Геморрагиялық типте. Оң бөлік гемипарезі. Артериалдық гипертензия. III, фр-IV. Криз.

Жедел көмек:

4. Науқасты басын 30° көтеріп жатқызу;

5. Тыныс алу өткізгіштігін қамтамасыз ету құсық массасымен қақалмауын қамтамасыз ету;

6. Систолиялық қан қысымын 190-200 мм рт.ст келтіру;

7. Энап 1,25мг -1мл 15-20мл физ.ертіндімен;

8. Магния сульфат 25% - 10 мл, тамшылатып 30-40мл көк тамырға;

9. урапидил 25 немесе 50 мг физ.ертіндіде, көк тамырға жайлап;

10. нейропротекторлар:

11. глицин 0,1 ден 1 гр. тіл астына;

12. цераксон 1000мг - 4,0 көк тамырға 200,0 физ.ертіндімен;

13. ылғалды оттегімен тыныс алдыру;

14. нейроқантамырлық бөлімге тасымалдау.

 

 

Есеп

Жауабы: Естің бұзылысы Глазго шкаласы бойынша 5 балл, ауыр дәрежелі ес-түссіз жағдай. Болжамалы диагноз: Жедел ми қанайналым бұзылысы. Сол жақ гемипарезі. Артериалдық гипертензия. III, фр-IV. Криз.

Жедел көмек:

1. Науқасты басын 30° көтеріп жатқызу;

2. Тыныс алу өткізгіштігін қамтамасыз ету құсық массасымен қақалмауын қамтамасыз ету;

3. Систолиялық қан қысымын 190-160 мм рт.ст келтіру;

4. Энап 1,25мг -1мл 15-20мл физ.ертіндімен;

5. Магния сульфат 25% - 10 мл, тамшылатып 30-40мл көк тамырға;

6. урапидил 25 немесе 50 мг физ.ертіндіде, көк тамырға жайлап;

7. нейропротекторлар:

8. глицин 0,1 ден 1 гр. тіл астына;

9. цераксон1000мг - 4,0 көк тамырға 200,0 физ.ертіндімен;

10. ылғалды оттегімен тыныс алдыру;

11. нейроқантамырлық бөлімге тасымалдау.

Есеп

Жауабы:Естің бұзылысы Глазго шкаласы бойынша 10 балл, сопор.