Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін басқару проблемалары

Тәуекел және бизнес - бір-бірінен ажырамайтын екі ұғым .Ал несиелік тәуекелден құтылу мүмкін емес , оларды тек азайтуға болады .

Банктік операцияларды басқаруды банктік портфельмен өзінің қызметінен пайда әкеліп , банкті қамтамасыз ететін активтер жиынтығымен байланысты тәуекел менеджменті .

Банктің қандай да бір қаржылық активтік басқарудың негізі болып активтерді диверсификациялау принципі табылады . ол банктік табыстарды ұлғайтуға мүмкіндік береді .

Тәуекелдерді дұрыс бағаламау банк үшін жағымсыз жағдай болып табылады . Осыған байланысты батыстық банктер тәжірибесіне мысал келтірейік .

1989 жылы Британдық Midland Bank несиелер бойынша ссудалық проценттің деңгейіне қатынасты қате болжаудың нәтижесінде 116 млн . ф.ст. жоғалтты .

1990 жылдың ақпанында қаржылық қолдауды іздеген Американың ірі Drexel Burnham Lambert банкі жойылды. Ол нарықта аты көп естілмеген фирмалардың күдікті облигацияларын шығарды және тәуекелі жоғары акцияларға капиталсалымдарын жасады , бірақ ол акциялардың дивиденттері көп болды .

1991 жылы қаңтарда Американың Bank of New England 1990 жылы төртінші тоқсанында қайтарылмаған несиелерді алып тастағанда оның жоғалтқан сомасы 450 млн. доллар деп өз клиенттерін хабардар етті .Осының нәтижесінде оның клиенттері банктің шотынан 1 млрд . долларды қайтарып алды , ал банкротқа ұшырады. Еддегі банктік крахтың тізбектік реакциясын тоқтату үшін федералдық үкіметтің араласуы және 2,3 млрд . доллар мөлшерінде банкке көмек көрсетуі керек болды . Осының нәтижесінде банк өзінің өмір сүруін сақтап қалды , бірақ тәуелсіздігін мүлдем жоғалтты .

Банктік тәуекелдердің пайда болуының және оның деңгейінің тенденциясының өзгеруінің жалпы себептері бар.

Активтер құрамынан өтімділік әр түрлі элементтерді көруге болады . Бұл аспектіде банктің активтер құрамын оптимизациялау және бағалаудың маңызды бағыты болып өтімділігі жоғары активтерді басқару табылады .

Өтімділігі жоғары активтерге банктің корреспонденттік шотындағы қалдық ақшаларды , кассадағы және сенімді эмитенттердің бағалы қағаздарына салынған ақшаларды жатқызуға болады . Өтімділігі жоғары активтердің құрамындағы бағалы қағаздарға салымдар , олардың үлкен бөлігін құрайды . Бұл банкті келесі жағдайға әкеледі : өтімділігі жоғары активтер табысты қамтамасыз етпейді , олар өз кезегінде банктің өтімділігіне жалпы қарама-қайшы келеді , өйткені алынған табыстар банктің меншікті қаражаттарының мөлшерін көбейтеді .

Осыған байланысты банктік қызмет – бұл несиелік тәуекелді басқару болып табылады . Тәуекелдің пайда болуының сөзі – клиенттің төлем қабілеттілігінің күтілмеген өзгерістері , проценттік ставкалар және баланстық қаражаттардың ағыны . Осыған байланысты банктердің алдында несиелік тәуекелдерді басқару және талдау , сонымен қатар өзінің даму стратегияларын жоспарлау жөнінде бірнеше сұрақтар туындайды .

Несиелік тәуекелді төмендету үшін формальді , жартылай формальді және формальді емес несиелік тәуекелдерді бағалау процедураларын қоса бірнеше әдістер арсеналы қолданылады . Осыған байланысты бірнеше жағдайларды қарастырайық .

Несиелік тәуекелді төмендетудің классикалық әдістерінің бірі – ол қарыз алушының кепілінің болуы .

Бірақ бұл әдіс банктің несиелік саясатында жағдайдың жақсаруына кепіл болмайды . Оның бір себебі , тәуекелді басқару кезінде пайда болатын заем мен кепіл арасындағы икемді байланыс .

Бірінші рет бұл эффект жүйелі түрде Дж .Сорроспен оның икемді жалпы теориясы негізінде талданды .

Қазіргі кезде несиелік тәуекелді бағалау жүйеленген түрге келе бастады.

Сонымен жеке тұлғаларға несиелік қабілетті бағалаудың балдық әдісі көп қолданылады да , мысалы , жынысы , жасы , мамандығы және тағы басқалары , бұлардың әрқайсысынаосы адам қандай санатқа жататындығына сәйкуес келетін балл қойылады . Барлық белгі бойынша балл сомасы қатаң белгімен салыстырылады және осы салыстырудың нәтижесіне қатысты клиент несиелік қабілеті бар немесе несиелік қабілеті жоқ деп мойындалады. Клиенттерді таңдау кезінде қандай жағдайлар туындауы мүмкін :

Біріншіден , клиенттің барлық белгілерін бірден білу мүмкін емес , себебі олардың көбі нашар қалыптасады .

Екіншіден , белгілердің балдық бағасы жеткілікті деңгейде субъективті несиелік тәуекелді бағалау кезінде ерлер мен әйелдер әр түрлі балл алады . Сонымен қатар осы баллдардың сандық белгілері эксперттік жолмен немесе субъективті есеп айырысу сызбасы негізінде жасалады .

Үшіншіден , баллдар жүйесі оперативті түрде жаңарып отыруы керек .

Төртіншіден , балл сомасының қатаң белгісі оның нақты өлшемімен салыстырылуы эмпирикалық түрде анықталады .

Осылайша сандық әдістердің негізінде жеке тұлғаларға несие беру үшін тәуекелді бағалау оңай емес . Әрқашан уақытпен байланысты сандық тесттердің нәтижесін формальді емес қайта тексеру қажеттілігі туындайды .

Несиелік тәуекелдерді бағалау әдістері кезінде заңды тұлғаларға да жеке тұлғаларға қойылған талаптар қойылады .

Қорыта келгенде , несиелік тәуекелді басқару банктік қызметкерлердің қаржылық талдаудың қазіргі кездегі сандық негіздерін білу ғана емес , сонымен қатар жоғарғы кәсіби интуициямен айналыса алатын жоғарғы біліктілігін талап етеді .