Ылмыстық іс қозғау туралы

Ақтау қаласы 27 қыркүйек 2009 жыл

Ақтау қалалық прокурорының мiндетiн атқарушы аға əдiлет кеңесшiсi _________тұтынушылардың құқықтары мен денсаулықтарын қорғауға бағытталған заңдар мен заң актiлерiнiң қолданылуындағы заңдылықты тексеру жөнiндегi материалдарды қарап,

 

А Н Ы Қ Т А Д Ы М

 

Ақтау қалалық Мемлекеттік санитарлық-эпидемио логиялық станциясының қызметкерлерімен бірлескен тұтыну шылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңдардың қол да нылуын тексеру кезінде аудан көлемінде белгісіз адамдар «Белое сүт» ЖШС-нің товарлық белгісін пайдаланып 0,5 л «Дюшес», «Буратино» аттарымен сусындарды сатып жатқаны анықталды.

17.09.2004 жылы Іргелі ауылдық округінде орналасқан дүкен де құжатсыз сатылып жатқан 50 шөлмек аталған сусындар алынды. 19.09.2004 жылы Қаскелең қаласының орталық базарында орналасқан ЖК «Өсербаев» қоймасынан 145 шөлмек «Дюшес», 100 шөлмек «Буратино» сусыны алынды. 21.09.2004 жылы Шамалған ауылындағы сауда орталығында орналасқан ЖК Т. Темировтың жеке меншік дүкенінен «Белое сүт» ЖШС-ң товарлық белгісімен 948 шөлмек «Буратино» сусыны тəркіленді.«Белое сүт» ЖШС басшысының хатына сай, осы сусындағы товарлық белгілер соларға тиісті, бірақ оны пайдалану құқығын ешкімге бермеген.

Сонымен, осы сусындарды жасап, сатып жатқан белгісіз адамдардың іс-əрекетінде ҚР ҚК-ң 199-бабының 1-бөлімінде көрсетілген қылмыстың құрамы бар. Осы негізде, ҚҚ ҚІЖК-ң 177-бабының 5-бөлігі, 182-бабын жəне ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 20-бабын басшылыққа алып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ

 

«Белое сүт» ЖШС-ң товарлық белгісін заңсыз пайдаланып жүрген белгісіз адамдарға қатысты ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 199-бабының 1-бөлімімен қылмыстық іс қозғауға.Қылмыстық істі алдын ала тергеу жұмысын жүргізу үшін Қаржы полициясының Қарасай ауданы бойынша тергеу бөліміне жолдауға.

Алынған шешім бойынша мүдделі жақтарға хабарлауға. Ақтау қалалық прокурорының м.а. Аға əділет кеңесшісі ________ «Шəй орталығы» ЖШС басшысына Заңды түсiндiру.

Прокуратура мен аудандық мемлекеттiк санитарлық эпидемиологиялық басқарма тарапынан жүргiзiлген тексеру кезiнде Сiз басқарып отырған тамақ өнiмдерiн шығаратын өндiрiсте «Тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгi туралы» ҚР- Заңының жəне басқа да тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған заңдар мен заң актiлерiнiң талаптары толық

сақталмайтыны анықталды.

Негiзгi шикiзаттар Қытай мен Индонезия елiнен əкелiнген.Оларға берiлген сəйкестiк сертификаттардың мерзiмi өтiп кеткен. Шетелден келген шикiзаттар ҚР- Ауылшаруашылық Министрлiгiнiң Ақтау қалалық аймақтық басқармасының өсiмдiк жөнiндегi карантиндiк бақылаудан өтпе ген.

Шығып жатқан өнiмдердi орайтын қораптарға сəйкестiк сертификаттар тексеру кезiнде ұсынылмады.

Аталған заң талаптарының толық орындалмауынан шəй өнiмдерiнiң сапасына керi əсер етiп, тұтынушылардың құқығына зиян келiп, денсаулықтарына қауiп төнуi мүмкiн.

Осы негiзде, ҚР-ның «Прокуратура туралы» Заңының 26-бабын басшылыққа алып,

 

ТҮСIНДIРЕМ

Нормативтiк құжаттардың талаптарына сəйкес келетiн жəне ҚР-ның заңдарында белгiленген тəртiпте мемлекеттiк тiркеуден өткен өнiмдер, материалдар мен бұйымдар айналымда бола алады.

ҚР-ның тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңдары мен заң актiлерiнiң талаптары бойынша жеке жəне заңды тұлғалар əзiрлейтiн техникалық құжаттамаға тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгiнiң көрсеткiштерi, олардың жарамдылық мерзiмдерi, орауға, таңбалауға қойылатын талаптар дайындалуы мен айналуының шарттары, олардың сапасы мен қауiпсiздiгiн өндiрiстiк бақылау бағдарламалары, сынақтар əдiстемесi, сапасыз жəне қауiптi тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды кəдеге жарату немесе жою тəсiлдерi енгiзiлуге тиiс.

ҚР-ның тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгi туралы заңдарының бұзылуына кiнəлi тұлғалар ҚР- заңдарына сəйкес жауапты болады.

қосымша-5

«БЕКІТЕМІН»

Ақтау қаласның прокуроры

Ділет кеңесшісі

________________/Т.А.Ж/

Жыл

Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі

__ сыныпты заңгер _____________/Т.А.Ж./

ҚР ҚК-нің 179 бабы2 бөлігінің «д»

Тармағымен айыпталған

___________________________/Т.А.Ж./

Атысты қылмыстық іс бойынша