Пән постреквизиттері
Пән бойынша білімдердің болуы «Операциялық жүйелер», «Қолданбалы программалық қамсыздандыру», «Жаңа ақпараттық технологиялар», «Программалау», «Білімдер қоры және эксперттік жүйелер» пәндерін оқыту үшін қажетті.
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Информатика – бұл компьютердің көмегімен ақпаратты түрлендіру үрдісімен және олардың қолдану ортасымен өз ара әсерімен байланысты адам қызметінің болмысы, сонымен бірге қоршаған әлемді талдаудағы жүйелі-ақпараттық тәсілді бейнелейтін, ақпараттық үрдістерді, ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, сақтау және пайдалану әдістері мен құралдарын зерттейтін ғылыми білімнің іргелі облыстарының бірі.
«Информатика» курсы информатиканың келесі: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технологиялар аспектілері бейнеленілетін негізгі теориялық және практикалық мәліметтерден тұрады.
Курстың мақсаты:
· қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін және олардың даму перспективаларын зерттеу;
· компьютердің, ақпараттық жүйелердің және компьютерлік желілердің ақпараттық және бағдарламалық қамсыздандыруларының қазіргі жағдайын және даму перспективаларын зерттеу.
Курстың міндеттері:
· компьютерлік технологияны қолданудың ерекшеліктері мен нақты мүмкіндіктерін түсіну, олардың даму және жетілдіру тенденцияларын білуі, компьютерлік техниканы пайдаланушы ретінде талаптарды нақты тұжырымдай білуі;
· ақпараттарды өңдеу, беру, талдау, құрылымдау, формальдау әдістерін білу керек;
· корпаративтік желілермен бүкіләлемдік ауқымды Интернет желісінің қызметін және жергілікті компьютерлік желінің қызметтерін пайдалана білу іскерлігі;
· компьютердің көмегімен инженерлік-экономикалық және басқару есептерін шығаруға арналған бағдарламаларды өңдеу және алгоритмдерді жазу әдістерін меңгеру;
· қазіргі есептеу техникаларының байланыс жүйелерін пайдалануға байланысты жұмыс істеу дағдылырының болуы, жаңа ақпараттық технологиялардың даму перспективалары мен негіздерін білу, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпараттық ресурстарды бағалай білу іскерлігі;
· қазіргі заманға сай компьютерлерді қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және оны белсенді.пайдалана білу
Аталған курсты аяқтағаннан кейін студенттердің меңгеретін білім біліктері:
· қазіргі заман компьютерлерінің қолданбалы программаларымен жұмыс істеуді;
· жергілікті компьютелік желілермен, корпоративтік желілермен, INTERNET ауқымды желісінің қызметімен, қазіргі заманның компьютерлік технологияларымен жұмыс жасай білуі;
· ақпаратты өңдеуде және ұсынуда структуралау, формализациялау, анализдеу әдістерін білуі;
Пәнді меңгеру нәтижесінде төмендегі құзырылықтар қалыптасады:
негізгі құзырылықтар:
қалыптастырушы:қазіргі ақапаарттандырылған қоғамның дамуы кезінде ақпараттың мәні мен маңызын түсіну;
жүйелеуші: ақпарат, ақпараттық үрдістер туралы білімді меңгеру, ақпаратты бағалау, таңдау, және ұйымдастыра білу;
зерттеу: ақпаратты алу және пайдалану, түрлі деректерді қабылдау және қолдан білу;
пәндік құзырлықтар:
коммуникативтік: түсінікті болу үшін сұхбат құра білу, тапсырмаларды уақытылы орындау;
технологиялық: білімгерлердің өздігінен жоспарлаған ақпараттық өнімдерін сызба бойынша құру және оны өңдеу мүмкіндігін түсіну;
бақылаушы:ақпараттандыру саласындағы білімді меңгеру, бақылаушы-бағалаушы материалды дайындау, алынған нәтижені өңдеу;
арнайы құзырлықтар:
бағдарламалық: ақпаратты қабылдау, сақтау, өңдеу әдіс-тәсілдерін меңгеру, ақпаратты басқарушы құрал ретінде компьютерде жұмыс жасай алу, ауқымды компьютерлік желімен жұмыс істей алу қабілетінің болуы;
пәнаралық: компьютерлік сауаттылықты меңгеру және әр түрлі пәндердің материалдарымен жұмыс істеу кезінде қолдана алу;
әлеуметтік: ұжымда жауапкершілікпен жұмыс істей алу;
дамытушық: оқытудың жаңа дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерін меңгеру, жоғары кәсіби тәжірибелі ұстаздардың тәжірибесін үйрені және тарату;
креативті: компьютермен басқарылатын конструкторлық материалдарды пайдалану арқылы құрастыру және модельдеу;
ұйымдастырушы-әдістемелік: нормативтік құжаттарды меңгеру, ұйымдастырушы қабылетін дамыту;
Бағалау саясаты
Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Әріппен белгіленген баға | Бағаның цифрлік эквиваленті | Пайыздық мөлшері | Дәстүрлі түрде бағалау |
A | 4,0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3,67 | 90-94 | |
B+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3,0 | 80-84 | |
B- | 2,67 | 75-79 | |
C+ | 2,33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
C | 2,0 | 65-69 | |
C- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D | 50-54 | ||
F | 0-49 | Қанағатанарлықсыз |