Түсіндірме сөздік

Автоматтандырылған программалау жүйесі. Берілген есептің формалды сипаттамасы бойынша программа құратын инструментальдық программалық құрал.

Авторлық жүйелер – интерфейстік қосымшасы бар, пайдаланушы өзінің пәндік саласындағы информациямен толтыра алатын біріктірілген орта.

Аналогтық-цифрлық түрлендіргіш (АЦП) – датчиктен берілген аналогтық түрдегі сигналды цифрлық сигналдарға түрлендіретін арнаулы плата

Антивирустық программалар– компьютерлік вирустарды анықтап, әсерін жоятын программалар.

Аппараттық жабдықтама(архитектура) – компьютерге қатысты техникалық құрылғылар мен жабдықтардың жиынтығы.

Аналық (жүйелік) плата –дербес компьютердің құрамындағы ішкі байланыстарды басқаратын, сыртқы құралдармен өзара байланысқа түсетін басты бөлігі.

Архиваторлар– дискідегі орынды үнемдеу үшін арнайы сығу әдістерімен файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы.

Адрес пішіні -(1) машина командасындағы адрес өрістерінің орналасуы мен саны. (2) адресте элементтердің орналасуы мен саны.

Адрес өрісі - адрестерді немесе операндтардың мәндерін алу үшін қажетті информацияны, адресті қамтитын машина командаларының кез келген өрісі.

Адрестің модификациясы -адресте орындалатын кез келген арифметикалық, логикалық немесе синтаксистік операциялар.

Алгоритм -берілген топтағы кез келген есепті ақырлы қадам арқылы шешу үшін қай әрекетті қандай тізбекте орындау туралы түсінікті және дәл нұскаулар жиыны

Алгоритмдік тіл -алгоритмдерді бейнелеу үшін құрастырылған жасанды тіл.

Арғы тегі -иерархиялық (бұтақ тәріздес) құрылымның ағымдағы тармағынан жоғары орналасқан төбе.

Архивтiк деректер базасы -белгiлi бiр сәтте жазылып алынған деректер базасының көшiрмесi.

Архитектура -жүйенің немесе компоненттің ұйымдық құрылымы.

Архитектураны жобалау -компьютерлік жүйенің құрылымын жасау үшін қажетті аппараттық және программалық компоненттері мен олардың арасындағы интерфейстердің жиынын анықтау процесі.

Ассемблер -ассемблер тіліндегі программаны машиналық тілдегі эквивалентке аударатын программа; әдетте ассемблер командасы машиналық бір командаға алмастырылады.

Атрибут - элементтің сипаты (типі, өлшемі).

Алмастыру буфері (Clіpboard) – өзі жұмыс жасап тұрған уақытта Wіndows- тың ерекшелейтін жад аймағы. Құжаттардың және қосымшалардың арасында мәтіндік және графикалық ақпараттарды ауыстыру үшін тағайындалған.

Бағдарланған граф. Төбелерді қосатын доғалардың бағыттары көрсетілген граф.

Байт. Информацияның өлшем бірлігі. Ол 8 биттен тұрады және тұтас өңделеді.

Буфер, буферлеу. Деректерді уақытша сақтау үшін қолданылатын құрылғы немесе жадының облысы.

Біріктірілген (интеграцияланған) жүйелер - бірыңғай жүйе принципі (командалар жүйесі) арқылы бір форматты пайдалана отырып мәтін редакторын, электрондық кестелерді, графиктік редакторды, деректер базасын басқару жүйесін, калькулятор және тағы басқаларын біріктіріп, бір интерфейс арқылы осылардың барлығын пайдалану мүмкіндігін береді.

Бейнекарта (видеобластер) – қозғалмайтын және қозғаыстағы кескіндерді монитор экранына шығару құралы.

Бейнежад – мониторға шығатын кескінді сақтайтын жад.

График тұрғызғыш (плоттер) – сызбаны қағазға шығару құрылғысы.

Гипермәтіндік жүйелер – гипермәтіндік өңдеу программалары.

Графиктік редакторлар – графиктік информацияны өңдеуге арналған программалар.

Деректер құрылымының сызба-нұсқасы. Деректердің элементтер жиынын, олардың атрибуттарын және олардың арасындағы логикалық байланысты бейнелейтін схема.

Дигитайзер (графиктік планшет) – компьютерге кескінді қолмен салып енгізу құрылғысы.

Дискжетек(Дисковод) – магниттік дискке қызмет жасайтын электрон­дық-механикалық құрылғы.

Драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару программалары.

Деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ)– компьютер көмегімен белгілі бір сала бойынша үлкен деректер базасын (қорын) құрып сақтауға, ондағы деректерді реттеуге, сұрыптауға және қажет деректі іздеуге мүмкіндік беретін программалар жүйесі.

Деректер - (1) фактілерді, ұғымдарды, инструкцияларды тасымалдауға, интерпретациялауға немесе адаммен немесе автоматты тәсілмен өңдеуге қолайлы түрде көрсету. (2) Информация, шама үшін синоним.

Джойстик (ұршық) -компьютерге мәндердi енгiзу үшiн пайдаланылатын ұршық. Тiк және көлденең қозғалу қабiлеттiлiгiнiң арқасында ол бiр мезгiлде компьютерге екi мәндi енгiзедi. Электрондық ойындарда, сондай-ақ графикалық кескiндердi салуда және ақыл-ойы кем балаларды оқыту кезiнде қолданылады.

Динамикалық -программаның орындалуы кезінде болатын процеске немесе оқиғаға арналады; Кері. “статистикалық” (static).

Дыбыстық карта немесе (саундбластер) – дыбысты жазуға, шығаруға, синтездеуге мүмкіндік беретін құрылғы.

DVD –файлды оқып-жазуда оптикалық технологиялы бар құрылғы.

Жартылай тұрақты жад –компьютердің конфигурациясын сақтау үшін қажетті онша үлкен емес бөлігі.

Жүйелік (сервистік) программалар – әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

Жүйелік утилиттер – қосымша қызмет атқаратын, жұмысты жеңілдететін программалар тобы.

Жарық қаламы – ұшына фотоэлемент орнатылған қалам түріндегі енгізу құрылғысы.

Жедел жад – деректерді өңдеу, қабылдау, жіберу кезінде қолданылатын тұратын компьютер жадысының түрі.

Жүйелік блок– компьютердің жұмысын ұйымдастыратын, информацияны өңдейтін, ЭЕМ мен пайдаланушы арасындағы байланысты қамтамасыз ететін басты элементі.

Екілік цифр (бит) - (1) нөлмен немесе бірмен көрсетілетін информация бірлігі; (2) (1)-мағынада информацияның бірлігін сақтай алатын компьютер жадысының элементі;

Иерархия - компоненттері деңгейлердің бағыныштылықтары бойынша орналасқан құрылым: әрбір компонент нөл немесе бірнеше бағынышты компоненттерге ие; ешбір компонент бір компоненттен артық компонентке бағынбайды; ешбір басқа компонетке бағынбайтын компонент (тамыр) бар; ешбір басқа компонетті бағындырмайтын компонеттер (жапырақтар) бар;

Иллюстративтік графика –баспа жүйесіндегі графикалық материалдардың кескіндік бейнелерімен байланысқан графика.

Интерпретатор - жасанды тiлдегi программаның әрбiр әрекетi (нұсқауы немесе амалы) жеке алдын ала аударылмастан бiрден машиналық тiлде орындататын программа.

Информациялық жүйелер – үлкен көлемді информацияны сақтау, өңдеу, іздеу және оларды ұйымдастыру жұмыстарын жасайтын программалар.

Иілгіш диск –файл түріндегі информацияны тұрақты сақтайтын алмалы-салмалы сыртқы магниттік тасығыш.

Интеллектуальдық деректер базасы - деректерге қатынау табиғи тiлде немесе табиғи тiлге жуық сұратулар тiлiнде жүзеге асырылатын деректер базасы.

Код - (1) белгілі мағынаны білдіретін символ немесе биттер жинағы; (2) программалау тілінде немесе тілдік процессормен қалыптастырылған пішінде көрсетілген инструкциялар мен деректер анықтамалары; (3) программаны программалау тілінде бенелеу.

Кодтау - (1) информацияны белгілі бір символдар көмегімен бейнелеу; (2) программаны программалау тілінде көрсету процесі. (3) жоба спецификациясынан логика мен деректерді программалау тіліндегі бейнелеуге түрлендіру.

Каталог (директорий) – магниттік дискідегі файлдардың белгілі атпен аталған тобы.

Клавиатура –алфавиттік-цифрлық информацияны компьютерге енгізу құралы.

Компакт-диск – файл түріндегі информацияны тұрақты сақтайтын алмалы-салмалы сыртқы магниттік жинақтауыш.

Контроллер (адаптером) – компьютердің әр түрлі құрылғыларын басқаратын электрондық схема.

Қосалқы процессор– негізгі процессордың жұмысын толықтыратын арнайы процессор.

Кэш-память – процессор мен жедел жад арасында деректер алмастыруды жылдамдататын буфер ретінде қолданылатын жедел жад.

Қатаң диск( винче­стер)– файл түріндегі информацияны тұрақты сақтайтын магниттік жинақтауыш.

Команда -(1) машиналық опрацияның машиналық тілдегі көрсетімі; 2) тапсырмаларды басқару тілінің сөйлемі; (3) басқарушы сигнал.

Командалар модификаторы -машиналық команданы өзгерту үшін қажет сөз немесе сөз бөлігі.

Компонент -жүйені құрайтын бөліктердің бірі. Компонент аппараттық немесе программалық болуы және басқа компоненттерге бөлінуі мүмкін.

Компьютерлік жүйе - бір немесе бірнеше компьютерлерді қамтитын және сәйкес программалық жабдықтамалардан тұратын жүйе.

Компьютерлік вирустар – өзінен өзі басқа программалар соңына немесе алдына тіркеліп жазылып, оларды бүлдіру, компьютер жұмысына кедергі келтіру үшін арнайы жазылған шағын көлемді программа.

Компилятор- алдымен жасанды тiлдегi программаны түгелдей машиналық тiлге аударып, сонан кейiн бұл программа басынан орындататын программа.

Конвертірлеу - программалық жабдықтаманы басқа ортада жұмыс істеу үшін функционалдық сипаттамаларын сақтай отырып түрлендіру. Мысалы, (1) бір тілдегі программаны басқа тілдегі программаға конвертірлеу; (2) бір компьютерде орындалынатын программаны басқа компьютерге арналған программаға конвертірлеу.

Құйылма сиялы, бүріккіш принтер -бейнені қағазға арнайы сияларды бүрку арқылы қалыптастыратын принтер. Әсіресе түрлі-түсті баспа үшін тиімді.

Құрамды тип -мүшелерінің әрқайсысы деректердің бірнеше элементтерінен тұратын деректер типі.

Қолданбалы программалар – белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны.

Құралдық (инструменталдық) программалық жасақтар басқа программалар мен автоматтандырылған жүйелер жасау үшін қолданылатын программалар мен программалар кешені.

Қолданбалы программалық жабдықтама - пайдаланушы ның нақтылы қажетіне арналған программалық жабдықтама.

Қолданбалы тіл -мүмкіндіктері немесе ұғымдары бір қолданбалы облысқа жарайтын компьютерлік тіл.

Лазерлік принтер -кескіндерді қалыптастыру лазер арқылы орындалатын принтер.

Лаптоп -жол жүргенде пайдалануға қолайлы, ықшамды компьютер.

Массив -тікелей адрестелінетін бір типті деректердің реттелген көпөлшемді жиыны.

Массивтің элементі -қатынауы аты және бір немесе бірнеше индекстері бойынша іске асырылатын дерек.

Матрицалық принтер - ең көп тараған және арзан принтер. Оның сапасы және жылдамдығы орташа.

Модем - аналогтық сигналды цифрлық сигналға және кері ауыстыратын құрылғы.

Модульді -бөлек бөліктерді біріктіретін.

Микропроцессор — өзіне берілген командаларды орындап, машина жұмысын басқаратыншағын құрылғы (интегралды микро­схема),

Монитор (дисплей) – мәтіндік және графиктік информацияны экранға шығару құрылғысы.

Мультимедиалық жүйелер – визуальды және аудиоэффектілерді басқаратын программалар.

Тышқан - манипулятор –пайдаланушыдан информацияны енгізудің сілтеуіш құрылғысы.

Модем–– телефон желісі арқылы компьютерлер арасында мәлімет алмасу құрылғысы.

Мәтін редакторлары – мәтіндік мәліметтерді теріп, оларды өңдеуге арналған программалар.

Объекті-бағдарланған жоба -программалық жабдықтаманы құру әдісі. Бұл әдіс бойынша жүйе немесе компоненттер объектілер терминдері мен осы объектілер арасындағы байланыстар арқылы көрсетіледі.

Объекті-бағдарланған тіл -программаны объектілер терминінде және объектілер арасындағы байланыстар арқылы көрсетуге мүмкіндік беретін программалау тілі. Мысалы, Logo, Smoltok.,C++.

Объектік программа -ассемблер немесе компилятор жұмысының нәтижесі болып табылатын программа.

Ортақ жады -программалық жүйенің екі немесе одан да көп модульдері қатынай алатын оперативті жадының бөлігі.

Операциялық жүйе(ОЖ)– адам мен ЭЕМ арасындағы байланыстарды ұйымдастыратын программалар тобы.

Принтер (баспа құрылғысы) – информацияны қағазға шығару құрылғысы.

Процессор– есептеу процесін басқаратын, арифметикалық және логикалық әрекеттер орындайтын құрылғы.

Программа -компьютердің аппараттық жабдықтамаларына есептеу немесе басқару функцияларын орындауға мүмкіндік беретін деректердің анықтамалары мен инструкциялардың жинағы.

Прогрммалауды автоматтандыру -есептің қойылымының формальды сипаты бойынша программа құрастыратын инструментальды программалық құрал.

Программалық жабдықтама – компьютермен жұмыс істегенде қолданылатын программалық және ақпараттық ресурстардың жиынтық аты.

Программалау тiлi – программа жазуға арналған жасанды тiл.

Разрядтылық микропроцессор үшін қабылданатын биттер саны (4, 8, 16, 32, 64 – 2-нің бүтін дәрежесі).

Сенсорлық тақта –тышқан орнына қолданылатын саусақты жылжытып көрсету арқылы енгізу құралы.

Стриммер– магниттік ленталы кассетаға информацияны жазып сақтау құрылғысы.

Сканер– графиктік және мәтіндік информацияны компью­терге оқу құралы.Саймандық жүйелер (программалау жүйесі) –жаңа өңдеу құралдарының программасын немесе жаңа программалау тілдерін құру үшін тағайындалған программалар жиыны.

Сым шоғы (Шина) – барлық контроллерді микропроцессормен, жедел жадпен байланыстыратын байланыс жеткізу магистралі.

Тактілік жиілік микропроцессордың ішіндегі қарапайым операцияларды орындау жылдамдығының көрсеткіші.

Трекбол – тышқанға ұқсас енгізу құралы.

Тұрақты жад (ROM немесе ПЗУ) – компьютерді жасау барысында енгізіліп, өзгермейтін, компьютердегі программалар тек қана оқи алатын деректер орналасқан дербес компьютердегі жады.

Утилиттер- компьютердің әр түрлі құрылғыларына қызмет көрсете алатын онша үлкен емес программалар.

Үйлесімділік -екі немесе одан да көп жүйелердің немесе компоненттердің информациямен алмасу қабілеті.

Файл -біртұтас ретінде қарастырылатын байланысқан жазбалар жиыны.

Флэш-жад -компьютерді сөндіргенде де информация сақталынатын оперативті жад.

Фон, фондық -тапсырманы жоспарлағанда Пайдаланушы мен әрекеттестікті талап етпейтін процестер немесе артықшылығы төмен процестер орындалатын есептеу ортасы.

Факс-модем – модем мен факсимильдік байланыс аппаратының функцияларын бірге атқаратын құрылғы.

Хакер - ешқандай құқығы жоқ болса да жүйелiк программалық жабдықтамаға өзгерiс енгiзуге әрекет жасайтын пайдаланушы. Компьютерлік бұзақы өзгенің файлындағы деректерді өзгертеді және парольды сұрыптау арқылы мәлiметтердi қорғау жүйесiн жеңуге тырысады.

Цифрлық-аналогтық түрлендіргіш(ЦАП) – цифр түріндегі сигналдарды аналогтық түрге түрлендіретін арнаулы плата.

Эксперттік жүйелер - қолданбалы салада эксперт (сарапшы) ретінде қолданылатын программа.

ДӘРІС МАТЕРИАЛДАРЫ