Ситуациялық есеп 10
Ситуациялық есеп 1.
Стоматологиялық көмек алған медицина университетінің студентінде 3 айдан кейін С гепатиті көрініс берді. С гепатитінің берілу жолдарын білгендіктен және С гепатиті жұғуына басқа қауіп факторлары болмағандықтан, студент өзінің стоматология емханасында көмек алу барысында зарарға ұшырағанын аңғарды.
Студент емхананың бас дәрігерінен қалыптасқан жағдай бойынша мәселені шешуге көмектесуін өтінді. Тіс кариесін емдеуге байланысты медициналық көмек алу барысында жұққан індетті ешқашан дәлелдей алмайтынын ескертіп, бас дәрігер тіпті студентпен сөйлескен де жоқ.
«Халық денсаулығы және денсаулықсақтау жүйесі туралы» Кодекстің қай ережесі бұзылған?
Ситуациялық есеп 2.
Қала ауруханаларының бірінің реанимация бөлімшесіне жол апатынан кейін ауыр жағдайда жас жігіт түсті. Өмірлік көрсетілімдер бойынша оған әртүрлі донордан алынған қан және қан компоненттері бірнеше қайталап құйылды. Науқастың жағдайы көп ұзамай жақсарды, біраз уақыттан соң қан реципиенті ретінде ол АИВ-ке, В және С гепатитіне тестіленді. АИВ-ті нақтылайтын тест иммуноблотингпен қоса, барлық тест нәтижелері оң болды. Эпид.тексеру барысында қан донорларының барлығын табу және қайталап тексеру мүмкін болмады, соған қарамастан тексеру жүргізген комиссия жас жігіт АИВ инфекциясымен, В және С вирусты гепатиттерімен жол апатына дейін жыныстық қатынас арқылы ауырған деген қорытынды шығарды.
«Халық денсаулығы және денсаулықсақтау жүйесі туралы» Кодекстің қай ережесі бұзылған?
Ситуациялық есеп 3.
Жоспарлы түрде гистерэктомия отасын жасау үшін әйел адам стационарға жатқызылды. Ота асқыныусыз өтті, 4 күннен соң науқас стационардан шығарылды. 17 тәуліктен соң науқас соңғы күндері пайда болған кесілген жара аумағындағы шаншып ауру шағымдарына байланысты стационарға қайта жатқызылды. Хирург фасцияға дейін ашып, жараны өңдеді. Бактериологиялық себу кезінде бөліндіден Staph. аureus. анықталды.
«Халық денсаулығы және денсаулықсақтау жүйесі туралы» Кодекстің қай ережесі бұзылған?
Ситуациялық есеп 4.
Науқасқа А ауруханасындажамбас-ортанжілік буынын ауыстыру-эндопротездеу отасы жасалынған. 4 тәуліктен соң ол аурханадан шығарылды. Отадан кейін 9-шы тәулікте кесілген орнынан іріңді жара ағуына байланысты Б ауруханасына түсті.
«Халық денсаулығы және денсаулықсақтау жүйесі туралы» Кодекстің қай ережесі бұзылған?
Ситуациялық есеп 5.
22 января женщину прооперировали по поводу миомы матки (провели гистерэктомию). 1 февраля у женщины появились боли в тазу, поднялась температура до 38,4. 2 февраля обследование (магнитно-ядерный резонанс) выявило абсцесс глубоких тканей таза. 2 февраля хирург вскрыл рану и дренировал абсцесс (инфицированную гематому). При бак-посеве отделяемого обнаружены Pseudomonas aeruginosa
22- қаңтарда жатыр обыры (миомасы) бойынша әйелге ота (гистерэктомия) жасалынды.1-ақпанда әйелдің қызуы 38,4о С көтеріліп, кіші құрсақ аумағында ауру сезімі пайда болды. 2- ақпанда тексеру (магниттік-ядролық резонанс) барысында кіші құрсақ ішкері тіндерінің абсцессі анықталды. 2- ақпанда хирург жараны ашып абсцесске (инфицирленген гематома) дренаж қойды. Бөліндінің бактериологиялық себіндісінен Pseudomonas aeruginosa анықталды.
«Халық денсаулығы және денсаулықсақтау жүйесі туралы» Кодекстің қай бабы бұзылған?
Ситуациялық есеп 6
Перифериялық түрде орталық катетор қойылған пациент А стационарынан Б стационарына ауыстырылады. Ол жерде оның катетерының орнын емдеп таңып қояды. Таңба ауыстарған бесінші күні науқастың температурасы жоғарылап қанында грам негативті бактерия – Acinetobacter baumanii анықталады. Бұлар топырақ пен суда кездесетін әдетте ауруханалардың реанимация және интенсивті терапия бөлімшелерінде иммунитеті төмен ауруларға орнығатын бактериялар .
Кодекстің қандай принциптері мен ережелері бұзылды?
Ситуациялық есеп 7.
80 жастағы науқасқа ауруханаға түскенде (РИТБ) ішкі кататер қояды. Бір аптадан соң оны басқа бөлімшеге ауыстырған кезде, науқастың жағдайы нашарлап қан қысымы түсіп кетеді. Оған екі мәрте қан құйылып негативті стафилококк болып табылатын микрококк пен коагулазоны бөліп алады. Антибиотиктік терапия мен басқа да шараларға қарамастан 7 тәуліктен кейін науқас қайтыс болады.
Кодекстің қандай принциптері мен ережелері бұзылды?
Ситуациялық есеп 8.
73 жастағы науқас 10 маусымда жүрек айнуына, ішінің ауруына, ыстығы көтерілуіне байланысты ауруханаға түседі. 10 маусымда қанын тексергенде бәрі ойдағыдай болып шығады. Компьютерлік томография жасалып, панкреатит деген бастапқы диагноз қойылады. Сосын науқасқа система қойылады. Науқас ыстығы көтеріле береді, осыған байланысты 13 маусымда оған катетор қойылып, қосымша ем жүргізіледі. Осылай науқастың ыстығы түсіп 30 маусымда катеторды алып тастайды.
1шілдеде температура39 градусқа дейін көтеріліп кетеді. Жүрек айнуы тоқтамайды. Қанында эпидермалдық және коагулазолық теріс стафилококк байқалады. Ең күшті антибиотик тағайындалады. 4 шілдеде науқастың ыстығы түсіп, ол 11 шілдеде ауруханадан шығарылады.
Кодекстің қандай принциптері мен ережелері бұзылды?
Ситуациялық есеп 9.
Эндометрия рагі диагнозы бар 45 жастағы әйел жедел ота жасау үшін ауруханаға түседі.Ауруханаға түскеннен кейін екінші күні шеткері орналасқан орталық катетор қояды. Үшінші күні ота жасайды. Отадан кейінгі жарасы құрғақ, эритема белгілері байқалмайды. Фоли кататері арқылы алынған зәрі, сарғылт түсті. Ауруханаға түскен төртінші күнінен бастап оған антибиотик беру тоқтатылады. Бесінші күні дефекациясы дербес, таңбасы құрғақ күйінде болады. Сондықтан одан кататерді алып тастайды. Одан кейін науқастың іші шаншып ауыра береді. Алтыншы күні ыстығы 38,8ге көтеріледі. Пальпация кезінде оның ішінің сол жақ, төменгі аумағы ауыра береді. Жетінші күні ыстығы 39ға көтеріледі. Екі рет қан алады. Компьютерлік томография ішінің сол жақ төменгі аумағында ірің бар екендігін анықтайды. Ірің үлгісін зертханаға жіберіп антибиотик беруді қайта жалғастырады. Тоғызыншы күні температурасы қалпына келеді. Қанынан екі мәрте энтерококк пен Bacteroides fragilis анықталыды, дренаж қойылады. Іші ауырғаны басылғаннан кейін дренажды алып тастайды. Қайталап КТ жасағанда ірің кеткендігі анықталып, науқас ауруханадан шығарылады.
Кодекстің қандай принциптері мен ережелері бұзылды?
Ситуациялық есеп 10.
50 жастағы науқас асқазан рагінің асқынған күйіндегі аурудың терминалдық күйінде антибиотиктік терапия мен паллиативтік көмек үшін ауруханаға түседі. Оған ішківеналық кататер мен Фоли зәр катеторын қояды, сондай ақ мұрнына қаптама қояды. Төртінші күні Фоли кататері әлі сол орнында тұрады, ыстығы 38ге көтеріліп науқастың мазасы кетеді. Бесінші күні науқастың тыныс алуы қиындайды. Рентген түсірілімінде оның сол жақ өкпесінің түбінде инфильтрат анықталады. Алтыншы күні зәр талдамасы дайын болып зәрінде Е.coli. бар екені белгілі болады. Жетінші күні пневмония құбылыстары байқалады. Он бірінші күні науқас қайтыс болады.
Кодекстің қандай принциптері мен ережелері бұзылды?