Атмосфера алабындағы төтенше жағдайлар

Табиғи төтенше жағдайлар

Табиғатта болып жататын экологиялық апаттардың ішінде төтенше жағдайларды білу өте маңызды. Өйткені бұл апаттар кенеттен пайда болады да жергілікті кожүйелер. Елді мекендер аяқ астынан сұрапыл апатқа ұшырайды. Мұны біз төтенше жағдайларға жатқызамыз. Төтенше жағдайлар шығу тегіне карай табиғи және техногенді деп бөлінеді. Табиғи төтенше жағдайлар - табиғи құбылыстар. Оларға сел тасқыны, жер сілкінісі (зілзала), көшкін, дауыл, жанартау атқылау, т.б. жатады.

Жер сілкіну

Жер сілкіну - жер койнауындағы энергетикалық күштердің кенеттен жер бетіне шығуы. Ол өзімен бірге сейсмикалық күшті толқындар, сілкіністер ала келеді. Жер сілкіну кезіндегі ауыр соққылар эпицентрдегі ғимараттарға, тұрғындарға үлкен апат әкеледі. Үйлер қирап,жер жарылып, адамдар опат болады. ХХ ғасырда едәуір апатты жер сілкіну Ашхабадта (1948 ж), Арменияда (1988 ж), Сахалинде (1995ж),Түркияда (2000ж) т.б. жерлерде болды. Кейбір жер сілкіністері адамның іс-әрекетін де болады мысалы атом бомбасын сынау т.б.

Көшкіндер

Көшкіндер таулы жерлерде, төбелерде, теңіз жағалауларында болып тұрады. Топырақ көшкіні көп жағдайда жер сілкінумен қатар жүреді. Кейбір көшкіндердің биіктігі 20 метрге жетіп,жолындағының бәрін басып қалады.

Қар көшкіндері қыс кезінде биік таулар аймағында болады. Қалың қар массасы бір-бірімен қосылып жылжып жолындағы заттарды ілестіре отырып, қар-топырақ аралас ірі көшкінге айналады. Апат жолында тұрған кез келген обьектілерді өзімен бірге ала кетеді. Мұндай жағдайлар Іле, Алтай, Жетісу (Жоңғар) Алатауларында жиі болады. Қыс кезінде саяхатшыларға қауіпті жерлер ескертіледі. Қар көшкіні адамның іс-әрекетін де болады.

Жанартау атқылауы

Жер қабаттарында магмалық жыныстардың жер бетіне қарай жылжуы,өзімен бірге газ бен су буларын сыртқа шығарады. Табиғат құбылысы жолындағы биоценозды, шаруашылықтарды қиратып, ауаға зиянды газдарды шығарады. Жанартаулар атқылауы кезінде өрт, топырақ көшкіндері, су тасқындары болуы мүмкін.

Сел тасқындары

Сел тасқындары көбіне биік таулы жерлерде көктемде және жаз айларында болады. Өзімен бірге балық, тас, қоқыстарды ағызып, жолындағының бәрін бұзып өтеді. Табиғи ландшафтыларға, орман- тоғайға, елді мекендерге үлкен шығын келтіреді, кейбір көлдерді, экожүйелерді жойып жібереді. Мысалы, 1963 жылы Іле Алатауындағы әсем көлдің бірі – Есік көлінде осындай тасқын болды.

Суға қатысты апаттар

Төтенше жағдайлар суға да қатысты болады. Олар, негізінен, су тасу және цунамилер.

Су тасу апаты

Су тасу – теңіз, көл, өзен жағалауларында болатын табиғи құбылысы. Су тасудан мұхиттар мен теңіз жағалауларында елді мекендер жиі зардап шегеді. Біздің республикамызда су тасу жағдайлары Іле, Жайық, Сырдария, Нұра, Тобыл, т.б. өзендер бойында көктемде жиі байқалады. Оның себебі, көктемде қар сулары қосылып, жағаны су басып кетеді. Су басқан жерлер бұзылып, ластанып, жарамсыз жерлерге айналады. Ал фаунасы мен флорасы лай су астында қалып, тіршілік мекендері бұзылып, жаппай қырылып қалуы мүмкін.

Соңғы жылдары Каспий теңізінің көтерілуі салдарынан оның жағалауындағы мұнай ұңғымаларын, мұннай қоймаларын, жолдар мен елді мекендерді, мұнай өңдейтін зауыттарды су басып қалып, мұнай өнімдері теңіз суына араласы, табиғатқа үлкен экологиялық апат әкелді.

Цунамилер

Цунамилер – теңіздер мен мұхиттардың айдынында судың гравитациялық күшінен пайда болатын толқындар. Бұл құбылыстар көбіне суастындағы жер сілкіну, жанартаулар атқылау кезінде болса, ал техногенді жағдайда су астында ядролық қаруды сынаған кезде болады. Цунамилер кезінде теңіз кемелері, мұнай таситын танкерлер апатқа ұшырап, мұнай өнімдері төгіліп, бүкіл балықтар мен құстарды улап, жаппай қырып жояды.

Атмосфера алабындағы төтенше жағдайлар

Атмосфера алабында да төтенше жағдайлар болып тұрады. Оларға дауылдар, құйындар мен күшті желдер, т.б. жатады.

Дауылдар

Дауылдар ауа қысымыныңң әсерінен пайда болып, жер бетінде күшті желдер тудырады. Ал борандар қарлы, шаңды, жауын-шашынды болып ауыл шаруашылығына (бау-бақшаға, егістікке), ғимараттарға, табиғи биоценоздарға көп шығын келтіреді. Жер беті жалаңаштанып топырақ, жел эрозиясын туғызады. Дауылдар мен борандар Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық аймақтарында жиі болып тұрады.

Құйындар

Құйындар – ауа ағысының үйіріліп, күшті соғуы. Құйындар соққан кезде жолындағы заттарды ұшырып, қиратып, бір жерден екінші жерге апарып тастайды. Тарихта аспаннан балық, бақа жауған деректер бар. Ол – құйынның әрекеті.