Антибактериальды препараттармен емдеу

* он екі елі ішектің ойық жара ауруы

* Helicobacter pylory мен қосарласқан созылмалы атрофиялық емес гастрит

 

! Тамақтан соң басылмайтын, іштің жоғарғы бөлігіндегі айқын, көбінесе белдемелі сипатты ауыру сезімі; Шоффар, Губергриц зоналарында ауыру сезімі, төмендегі диагноздардың қайсысына БАРЫНША тән:

* асқазанның ойық жара ауруының өршуіне

* созылмалы панкреатиттің ауыру сезімді түріне

* созылмалы пиелонефрит, бүйректік ұстамаға

* созылмалы панкреатиттің үдемелі түріне

* созылмалы тассыз холециститтің өршуіне

 

! 38 жастағы ер адам, тамақты көп қабылдағанда, салқындағанда, жүргенде, селкілдегенде іштің сол жақ бөлігіндегі және бел аймағында пайда болатын және но-шпа, баралгин қабылдағаннан кейін азаятын лоқсу, ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: тілі ақ жабындымен қапталған, іші жұмсақ, сипағанда сол жақ қабырға асты, сол жақ қабырға-омыртқалық бұрышында ауыру сезімі (Мейо-Робсон симптомы).

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* асқазанның ойық жара ауруы

* созылмалы пиелонефрит

* зәр тас ауруы, бүйректік ұстама

Созылмалы панкреатит, ауыру сезімдік түрі

* он екі елі ішектің ойық жара ауруы

 

! 56 жастағы механик ер адам, клиникаға эпигастрийдегі, екі жақты қабырға астындағы ауыру сезіміне, сарғаю, зәрдің қараюы және нәжістің түссізденуі, терінің қышуы, тәбетінің төмендеуі мен әлсіздікке шағымданып түсті. Ауырғанына 3 ай болған. Объективті: терісі аздап сарғайған, тырнақтың іздері бар. Қанда: ЭТЖ - 50 мм/сағ, аздаған анемия (Нв - 100 г/л), жалпы билирубин - 90 мкмоль/л, тікелей - 65 мкмоль/л, тимол сынамасы - 5 бірл., АЛТ – 0,65 мкмоль/л. Холангиографияда 12-елі ішектің үлкен емізікшесінің аймағында контрасты заттың өткізгіштігі бұзылған.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* созылмалы гепатит

Фатеров емізікшесінің қатерлі ісігі

* ұйқы безінің қатерлі ісігі

* созылмалы тасты холецистит

* созылмалы псевдотуморозды панкреатит

 

! 40 жастағы ер адам, емдәмді бұзуына байланысты эпигастрийдегі тұйық ауыру сезімі, жүрек айну, тәбетінің төмендеуі мен әлсіздікке шағымданады. Объективті: іші жұмсақ, іш терісінде «рубин тамшылары». Мейо-Робсон, Грей-Тернер, Грот симптомдары оң. Қанда: лейкоциттер - 8,2 мың, ЭТЖ - 27 мм/сағ.

Емдеу шаралары жоспарының қайсысы БАРЫНША тиімді:

Креон, одестон, но-шпа

* фамотидин, креон, урсосан

* сандостатин, морфин, ораза

* промедол, мезим-форте, грандаксин

* ацидин-пепсин, панзинорм, витамины

 

! 47 жастағы әйел, іштің сол жақ бөлігіндегі айқын ауыру сезімі, лоқсу, бірнеше рет құсуға байланысты қабылдау бөлімшесіне жеткізілді. Ауыру сезімі тамақты шектен тыс көп ішкеннен пайда болған. Он жылдан бері өт-тас ауруымен ауырады. Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған. Сипағанда Дежарден, Шоффар нүктелері мен сол жақ қабырға- омыртқалық бұрышында ауыру сезімі.

Емдеу шаралары жоспарының қайсысы БАРЫНША тиімді:

* но-шпа, ренни, креон

* маалокс, домперидон, одестон

Сандостатин, креон, платифиллин

* норфлоксацин, фурамаг, курантил

* квамател, амоксициллин, кларитромицин

 

! Бауырдың пункциондық биопсиясы кезінде портальды жолдардың кеңеюі мен аздаған гистиолимфоцитарлы инфильтрациясы, купфер жасушаларының пролиферациясы, гепатоциттердің дистрофиялық өзгеруі (дәнді, баллонды, майлы) мынаған барынша тән:

* гепатозға

* Жильбер ауруына

Созылмалы гепатитке

* Вильсон-Коновалов ауруына

* некроздан кейінгі бауыр циррозына

 

 

! қабыну инфильтрациясы, бөлік аралық (портальды) және септальды өт түтікшелері құрылымдарының деструкциясы, перипортальды гепатоциттердің сатылы өлі еттенуі және өт тромбтарымен перипортальды кеңістіктікте пайда болатын холестаз, өт өзекшелерінің жаңадан пайда болуы және олардың әрі қарай деструкцияға ұшырауы, бауыр паренхимасындағы өт өзекшелерінің кенеттен азаюы салдарынан болатын холестаз барынша тән:

* бауырдың майлы дистрофиясына

* созылмалы токсикалық гепатитке

* некроздан кейінгі бауыр циррозына

* созылмалы аутоиммундық гепатитке