Гинекологиялық эндокринология. 26 жастағы науқас, етеккірінің келетінінен 5 күн алдын көңіл күйінің нашарлауына: ісіну

 

04_01_06_

$$$001

26 жастағы науқас, етеккірінің келетінінен 5 күн алдын көңіл күйінің нашарлауына: ісіну, салмағының өсуі, сүт бездерінің күштенуі және ауырсынуына, тітіркенгіштікке, көңіл күйінің тұнжырауына, басының ауыруына шағымданып келді. Аталған шағымдардың бәрі кезекті етеккірдің басталуымен жойылады. Гинекологиялық зерттеуде патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. Осы жағдайдың этиологиясында қандай гормон негізгі фактор болып табылады?

A) Эстрогендер

B) Андрогендер

C) Глюкокортикоидтар

D) Прогестерон

E) Дюфастон

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық} = (Практическая гинекология: Клинические лекции/Под ред. В.И.Кулакова,В.Н.Прилепской.-3-е изд.доп.-М.:МЕДпресс-информ,2006.-736с. ЗОэкз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

04_01_06_

$$$002

Науқас Л., 28 жаста, гинекологиялық бөлімге жатыр қосалқыларының жедел қабынуымен келіп түсті. Тексеру кезінде АИВ-ке реакциясының оң екендігі анықталды. Қандай жағдайда, АИВ инфекциясын лабораторлы дәлелденген деп санауға болады?

A) ИФА реакциясы бір рет оң болса

B) ИФА реакциясы екі рет оң болса

C) ИФА реакциясы екі рет оң + иммуноблот

D) ПЦР реакциясы оң болса

E) ИФА реакциясы бір рет оң + ПЦР+ RW.

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі}=3

{Оқулық} = (Гинекология: Учебник для мед. вузов/Под ред. Г.М.Савельевой,В. Г. Бреусенко.-0.- М: ГЭОТАР- МЕД, 2004.- 476с. : ил 146 экз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$003

Ф., 34 жаста, тез үдемелі гирсутизмге, етеккірінің тоқтағанына шағымданады. өзін 6 айдан бері науқаспын деп санайды, алдыменен етеккірінің тежелуі, бетіне шаш өсе бастағанын (сақал, мұрт) байқады. Соңғы етеккірі 3 ай бұрын болған. Қарау кезінде анықталды: бойы – 152 см, салмағы 57кг, айқын гирсутизм, сүт бездері атрофирленген. Сүт бездерінен бөлінулер жоқ. PV: жатыр мойны цилиндрлік формада, аңқасы жабық. Жатыры ұлғаймаған. Сол жақ қосалқылар аймағы ерекшеліксіз. Оң жақ қосалқылары аймағында қатты түзіліс, өлшемі 5,5х4,5х5,0 см. пальпацияланады. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

A) Адреногениталді синдром

B) Бүйрекүсті безі ісігі

C) Аналық бездердің поликистозды синдромы

D) Аналық бездердің гормонөндіруші ісігі

E) Иценко-Кушинга ауруы

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық} = (Гинекология: Учебник для мед. вузов/Под ред. Г.М.Савельевой,В. Г. Бреусенко.-0.- М: ГЭОТАР- МЕД, 2004.- 476с. : ил 146 экз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$004

Р., 32 жаста, жатыр қосалқыларының созылмалы қабыну ауруларының өршуі себебімен гинекологиялық стационарға жатты. Үйге шығу алдында гинекологқа, контрацепция әдістері туралы кеңес беруін өтініп келді. Әйел некеде, 2 баласы бар. Соңғы 3 жылда жатыр қосалқыларының созылмалы қабыну ауруларының өршуімен екі рет емделіп шыққан. Осы әйелге контрацепция әдістерінің ішінен қайсысын ұсынуға болады?

A) жатырішілік контрацепцияны

B) таза гестагендерді

C) комбинирленген ауыздық контрацепцияны

D) спермицидтерді

E) ырғақты әдісті

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі}=3

{Оқулық} = (Гинекология: Учебник для мед. вузов/Под ред. Г.М.Савельевой,В. Г. Бреусенко.-0.- М: ГЭОТАР- МЕД, 2004.- 476с. : ил 146 экз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$005

Бартолинит дегеніміз не?

A) сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы

B) қынапқа кіре берістегі үлкен бездің қабынуы

C) жатыр түтікшелерінің қабынуы

D) қынап шырышының қабынуы

E) аналық бездердің қабынуы

{Дұрыс жауабы} = В

{Күрделілігі}=1

{Оқулық} = (Гинекология: Учебник для мед. вузов/Под ред. Г.М.Савельевой,В. Г. Бреусенко.-0.- М: ГЭОТАР- МЕД, 2004.- 476с. : ил 146 экз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$006

Барьерлік әдістің контрацептивті әсер ету механизмі қандай?

A) шауһатты бірнеше секунд ішінде жояды

B) жатыр мойны өзекшесі арқылы шауһаттың енуін тоқтату

C) мырыштың спермато- жєне овотоксикалық әсері, миометрий тонусын күшейтеді

D) овуляцияны тежейді, мойын шырышы мен эндометридің сипатын өзгертеді

E) эякуляттың қынапқа түсуін тоқтатады

{Дұрыс жауабы} = В

{Күрделілігі}=2

{Оқулық} = (Гинекология: Учебник для мед. вузов/Под ред. Г.М.Савельевой,В. Г. Бреусенко.-0.- М: ГЭОТАР- МЕД, 2004.- 476с. : ил 146 экз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

04_01_06_

$$$007

Инъекциялық контрацептив құрамына не енеді?

A) ұзақ әсер ететін прогестагендер

B) конъюгирленген эстрогендер

C) прогестагендердің микродозасы

D) антиандрогендер

E) антигонадотропиндер

{Дұрыс жауабы} = А

{Күрделілігі}=2

{Оқулық} = (Гинекология: Учебник для мед. вузов/Под ред. Г.М.Савельевой,В. Г. Бреусенко.-0.- М: ГЭОТАР- МЕД, 2004.- 476с. : ил 146 экз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

04_01_06_

$$$008

Эстрогенннің әсерін бағалау үшін функционалді диагностикалау тестінің қай түрін қолданбайды?

A) мойынша шырышының созылу ұзындығын өлшеуді

B) кариопикнотикалық индексті анықтауды

C) базалді термометрияны

D) мойынша шырышының санын көзбен бағалауды («Қарашық» симптомы)

E) мойынша шырышының кристаллизациясын зерттеуді («папоротник» симптомы)

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі}=2

{Оқулық} = (Гинекология: Учебник для мед. вузов/Под ред. Г.М.Савельевой,В. Г. Бреусенко.-0.- М: ГЭОТАР- МЕД, 2004.- 476с. : ил 146 экз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$009

19 жастағы науқас, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына, дене қызуының 37,5С дейін жоғарылауына және жыныс мүшелерінен іріңді бөліністердің бөлінуіне, зәр шығаруының ауырсынумен жүретіндігіне шағымданып келді. Қарау кезінде анықталды: уретрасы қызарған, айнамен қарағанда жатыр мойны гиперемирленген, эрозиясы бар, бөліністері шырышты-іріңді. Қынаптық зерттеуде: жатыры ұлғаймаған, пальпация кезінде ауырсынады, екі жақты қосалқылары да қалыңдаған, ауырсынады. Жағынды бактериоскопиялау кезінде – клетканың ішінде және сыртында орналасқан гонококктар анықталды. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

A) төменгі несепжыныс мүшелерінің балғын жедел гонореясы

B) өрлемелі балғын жедел гонорея

C) өрлемелі жедел асты гонорея

D) төменгі несепжыныс мүшелерінің созылмалы гонореясы

E) торпидті гонорея

{Дұрыс жауабы} = В

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Практическая гинекология: Клинические лекции/Под ред. В.И.Кулакова,В.Н.Прилепской.-3-е изд.доп.-М.:МЕДпресс-информ,2006.-736с. ЗОэкз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$010

Гинекологиялық бөлімге 36 жастағы науқас, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуымен, құсу, дене қызуының 380С-ге дейін жоғарылауымен жеткізілді. Жатыр миомасы және 3 жыл бойына бедеулікке байланысты диспансерлік есепте тұр. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 380С. Шажырқайдың тітіркену симптомы оң. Айнамен қарау кезінде: жатыр мойны таза, бөліністері шырышты. РV: жатыры 5-6 аптаға дейін ұлғайған, оң жақ бұрышта ауырсынатын, өлшемі 5х6 см тығыз түзіліс анықталады. Қосалқылары ерекшеліксіз. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

A) тубоовариалді түзілістің тесілуі

B) жатырдан тыс жүктілік

C) жүктілік, ерте түсік қаупі

D) аналық без кисталары аяқшаларының бұралуы

E) миоматозды түйін аяқшаларының бұралуы

{Дұрыс жауабы} = Е

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Практическая гинекология: Клинические лекции/Под ред. В.И.Кулакова,В.Н.Прилепской.-3-е изд.доп.-М.:МЕДпресс-информ,2006.-736с. ЗОэкз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

04_01_06_

$$$011

Науқас А., 24 жаста, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуымен және жыныс жолдарынан қанды бөліністерге, етеккірінің 2 аптаға тежелуіне шағымданып келді. АҚҚ 100/60 мм рт ст, тамыр соғысы минутына 90 соққы. Айнамен қарағанда: жатыр мойны шырышы көгерген, бөліністері қанды, күңгірт. РV: жатыры аздап ұлғайған, қозғалмалы, оң жақ қосалқыларында консистенциясы қамыр тәрізді, ауырсынатын түзіліс анықталады. Артқы күмбез қалыңдаған, ауырсынады. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

A) эндометриоз

B) толық емес түсік

C) жатырдан тыс жүктілік

D) жатыр миомасы

E) дисфункционалді жатырдан қан кету

 

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Практическая гинекология: Клинические лекции/Под ред. В.И.Кулакова,В.Н.Прилепской.-3-е изд.доп.-М.:МЕДпресс-информ,2006.-736с. ЗОэкз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$012

45 жастағы науқас әйел, стационарға жатырдың шырыш асты миомасы себебімен келді. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны гипертрофирленген, құрылысы өзгерген, жатыр денесі 9-10 апталық жүктіліктей ұлғайған, тығыз, ауырсынусыз. Қосалқылары өзгермеген. Операцияның оптималді көлемі қандай?

A) пангистерэктомия

B) жатырды қосалқыларынсыз қынапүсті ампутациялау

C) консервативті миомэктомия

D) жатырды қосалқыларынсыз экстирпациялау

E) жатырды дефундациялау

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Практическая гинекология: Клинические лекции/Под ред. В.И.Кулакова,В.Н.Прилепской.-3-е изд.доп.-М.:МЕДпресс-информ,2006.-736с. ЗОэкз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

04_01_06_

$$$013

Науқас 23 жаста, біріншілік бедеулігіне байланысты, себебін анықтау үшін гистеросальпингография жасалынды. Түсірілген суретте: жатыр қуысы Т-тәрізді формада, жатыр түтікшелері қысқарған, ригидті, ампулярлы бөлігі түйреуіштің басы сияқты кеңейген, енгізілген контрасты сұйықтың іш қуысына қарай өткені байқалмады. Мұндай өзгеріс қандай ауруға сипатты?

A) хламидиялық этиологиялы созылмалы сальпингитке

B) аденомиоз жєне жатыр түтікшелерінің эндометриозына

C) жатыр түтікшелерінің рагына

D) жыныс мүшелерінің туберкулезіне

E) жедел сальпингоофоритке

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Практическая гинекология: Клинические лекции/Под ред. В.И.Кулакова,В.Н.Прилепской.-3-е изд.доп.-М.:МЕДпресс-информ,2006.-736с. ЗОэкз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

04_01_06_

$$$014

Кольпоскопиядан кейін 38 жастағы әйелде, жатыр мойнының шырышты қабатының биопсиясының нәтижесі патологиялық өзгеріссіз болды (биопсия нәтижесі теріс); ал цервикалді өзекшеден алынған жұғында атипиялық клеткалар анықталды (нәтижесі оң). Әрі қарай қандай шараны қолдану керек?

A) Пап-жұғынды үш айдан кейін қайталау

B) Кольпоскопиялық зерттеуді үш айдан кейін қайталау

C) Жатыр мойнының конизациясын жүргізу

D) вагиналді гистерэктомия жүргізу

Е) әрі қарай бақылауды талап етпейді

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Практическая гинекология: Клинические лекции/Под ред. В.И.Кулакова,В.Н.Прилепской.-3-е изд.доп.-М.:МЕДпресс-информ,2006.-736с. ЗОэкз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$015

52 жастағы науқас әйел, тәулігіне 8 рет басына ыстық құйылу, жүрек аймағындағы ауырсынуға, ентігуге, АҚ -150/90 мм.сын.бағ. дейін транзиторлы жоғарылауына шағымданады. 2 жылдан бері постменопаузада. PV: жыныс мүшелері жасына сай кері дамуда. Ұсынылатын ем қандай?

A) Органикалық нитраттар (нитроглицерин, сустак)

B) Ұзақ уақыт орынбасушы гормонотерапия

C) Психотерапия, бальнеотерапия, зиянды әдеттерін тастау және физикалық күштерді шектеу

D) Басқармалы нормотония

E) Бронходилятаторларды көрсеткіш бойынша

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Нейроэндокринная патология в гинекологии и акушерстве/Под ред. И.А.Гилязутдинов,З.Ш.Гилязутдинова.-М.:МЕДпресс-информ,2006.-416с. 1Оэкз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$016

52 жастағы науқас әйел, тәулігіне 8 рет басына ыстық құйылу, жүрек аймағындағы ауырсынуға, ентігуге, АҚ -150/90 мм.сын.бағ. дейін транзиторлы жоғарылауына шағымданады. 2 жылдан бері постменопаузада. PV: жыныс мүшелері жасына сай кері дамуда. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

А) Климактерлік синдромның ауыр дәрежесі

В) Артериалді гипертензияның 2 дәрежесі

С) Жүректің ишемиялық ауруы

D) Климактерлік синдромның жеңіл дәрежесі

Е) Созылмалы бронхит ремиссия сатысында

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Нейроэндокринная патология в гинекологии и акушерстве/Под ред. И.А.Гилязутдинов,З.Ш.Гилязутдинова.-М.:МЕДпресс-информ,2006.-416с. 1Оэкз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$017

Екі фазалы циклдің негізгі критерийі не болып табылады?
А) Етеккірдің дұрыс ырғағы

В) Менархенің басталу уақыты

С) Жыныстық жетілу кезеңінде етеккір қызметінің қалыптасу ерекшеліктері

D) Овуляция

Е) Етеккір қан ағуының ұзақтығы

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі}= 1

{Оқулық} = (Нейроэндокринная патология в гинекологии и акушерстве/Под ред. И.А.Гилязутдинов,З.Ш.Гилязутдинова.-М.:МЕДпресс-информ,2006.-416с. 1Оэкз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$018

Жалған аменорея немен негізделуі мүмкін?
А) Цервикалді өзекшенің атрезиясымен

В) Жатыр денесінің аплазиясымен

С) Гонада дисгенезиясымен

D) гипотериозбен

Е) Тестикулярлы феминизация синдромымен

{Дұрыс жауабы} = А

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық} = (Нейроэндокринная патология в гинекологии и акушерстве/Под ред. И.А.Гилязутдинов,З.Ш.Гилязутдинова.-М.:МЕДпресс-информ,2006.-416с. 1Оэкз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$019

Шынайы (патологиялық) аменорея ненің салдары болуы мүмкін?
А) Цервикалді өзекшенің атрезиясының

В) Жатыр денесінің аплазиясының

С) Жүктіліктің

D) Қыздық перденің атрезиясының

Е) Тестикулярлы феминизация синдромының

{Дұрыс жауабы} = Е

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық} = (Нейроэндокринная патология в гинекологии и акушерстве/Под ред. И.А.Гилязутдинов,З.Ш.Гилязутдинова.-М.:МЕДпресс-информ,2006.-416с. 1Оэкз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

04_01_06_

$$$020

Комбинирленген эстроген-гестагенмен функционалді сынаманың теріс нәтижесі аменореяның қай түрі туралы айтады?
А) Гипоталамиялық

В) Гипофизарлық

С) Аналық бездік

D) Жатырлық

Е) Орталық генезді

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі}= 2

{Оқулық} = (Нейроэндокринная патология в гинекологии и акушерстве/Под ред. И.А.Гилязутдинов,З.Ш.Гилязутдинова.-М.:МЕДпресс-информ,2006.-416с. 1Оэкз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

04_01_06_

$$$021

26 жастағы науқас әйел, сүт бездері мен балтырының қатаюына және ісінуіне, ішінің кебуіне, тітіркенгіштікке, терлегіштікке шағымданып келді. 3 жылдан бері ауырады. Аталған симптомдар етеккір циклының екінші фазасында пайда болып, кезекті етеккір келіп кеткеннен кейін тоқтайды. Жылдан жылға симптомдардың ауырлығы жоғарылаған жоқ. Гинекологиялық қарау кезінде патология анықталған жоқ. Осы жағдайда етеккір алды синдромының қай түрі болуы мүмкін?

А) Цефалгиялық

В) Ісінулі

С) Жүйке-психикалық

D) Кризді

Е) Атипиялық

{Дұрыс жауабы} = В

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Нейроэндокринная патология в гинекологии и акушерстве/Под ред. И.А.Гилязутдинов,З.Ш.Гилязутдинова.-М.:МЕДпресс-информ,2006.-416с. 1Оэкз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$022

56 жастағы науқас әйелде, постменопаузадағы (4 жыл) климактерлік синдроммен қандай гормон деңгейінің жоғарылауы байқалады?

А) АКТГ

В) Кортизол

С) ЛГ

D) ФСГ

Е) Прогестерон

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Нейроэндокринная патология в гинекологии и акушерстве/Под ред. И.А.Гилязутдинов,З.Ш.Гилязутдинова.-М.:МЕДпресс-информ,2006.-416с. 1Оэкз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$023

46 жастағы әйелге, етеккірінің ретсіз, қан кетумен келуіне байланысты, жеке диагностикалық қыру жасалынды. Онкомаркерлер анықталған жоқ. Осы клиникалық жағдайда эндометриде қандай өзгерістер болуы мүмкін?

А) Эндометридің атрофиясы

В) Полипоз

С) Эндометридің безді-кистозды гиперплазиясы

D) Қалыпты эндометрий

Е) Атипиялық гиперплазия

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Нейроэндокринная патология в гинекологии и акушерстве/Под ред. И.А.Гилязутдинов,З.Ш.Гилязутдинова.-М.:МЕДпресс-информ,2006.-416с. 1Оэкз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$024

32 жастағы науқаста, Иценко-Кушинга ауруы аменореямен бірге кездескен жағдайда, аденогипофиздің қай гормонының гиперпродукциясы орын алады?

А) соматотропты

В) тереотропты

С) адренокортикотропты

D) фолликулостимулирлеуші

Е) лютеинизирлеуші

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі}= 4

{Оқулық} = (Нейроэндокринная патология в гинекологии и акушерстве/Под ред. И.А.Гилязутдинов,З.Ш.Гилязутдинова.-М.:МЕДпресс-информ,2006.-416с. 1Оэкз.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

04_01_06_

$$$025

34ж Ф., етеккір циклінің тоқтауына, тез дамыған гирсутизмге шағымданады. 6 ай бойы өзін аурумын деп санайды, себебі ең алғаш етеккір циклінің тоқтауы, бет аймағында түктену пайда болған (мұрын астында, иегінде). Соңғы етеккірі 3 ай бұрын болған. Қарап тексергенде: бойы – 152 см, салмағы 57кг.Айқын гирсутизм. Сүт бездері атрофияланған, бөлінділері жоқ. PV: жатыр мойны цилиндрлік формада, ернеуі жабық. Жатыры ұлғаймаған. Сол жақ қосалқылары өзгеріссіз. Оң жақ қосалқыларына пальпация жасағанда көлемі 5,5х4,5х5,0 см. тығыз құрылым сезіледі.

Аталған болжама диагноздың қайсысы ең дұрыс болуы мүмкін ?

A) адреногенитальді синдром

B) бүйрек үсті безінің ісіктері

C) аналық безінің поликистоздық синдромы

D) аналық безінің гормон өрістетуші ісіктері

E) Иценко-Кушинг ауруы

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Неоперативная гинекология, Сметник В.П., 2003 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$026

24 жасар П., етеккір циклінің және жүктіліктің болмауына байланысты келді. Анамнезінен: 12 және 14 жасында шап жарығына байланысты операция жасалған. 20 жасында тұрмысқа шыққан, күйеуіде 20 жаста, дені сау. 22 жасар туған апкесіндеде етеккір циклі жоқ. Қарап тексергенде: бойы 157см , дене салмағы 56 кг. Екіншілік жыныстық көріністері жақсы дамыған. Сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған. Айнамен қарағанда: қынабы дұрыс көрінбейді. Мойны жоқ. PV: қынабы босанбаған, жатыр және қосалқылары анықталмайды.

Аталған болжама диагноздың қайсысы ең дұрыс болуы мүмкін ?

A) Біріншілік аменорея

B) Екіншілік аменорея

C) Қынап атрезиясы

D) Жатырлық аменорея

E) Даму ақауы

{Дұрыс жауабы} = А

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Неоперативная гинекология, Сметник В.П., 2003 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$027

22 жасар О. біріншілік аменореяға байланысты қарап тексергенде жыныстық хроматин О, хромосомдық жұп 44ХУ (ерлер кариотипі) анықталды.

Аталған болжама диагноздың қайсысы ең дұрыс болуы мүмкін ?

A) Шерешевский-Тернер синдромы

B) Шихан синдромы

C) Лоренс-Мун-Бидля синдромы

D) Моррис синдромы

E) Бабинский-Фрейлих синдромы

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Неоперативная гинекология, Сметник В.П., 2003 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$028

Аменореясы бар Иценко-Кушинг ауруында аталған гормондардың қайсысы аденогипофиз гормонына әсер етеді:

A) фолликулостимулдеуші

B) лютеиндеуші

C) пролактин

D) адренокортикотропты

E) тиреотропты

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Неоперативная гинекология, Сметник В.П., 2003 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

04_01_06_

$$$029

32 жасар Р., созылмалы қосалқыларының қабынуының өршуіне байланысты гинекологиялық стационарда ем қабылдаған. Әйел тұрмыс құрған,2 баласы бар. Соңғы 3 жыл ішінде созылмалы қосалқыларының қабынуының өршуіне байланысты 2 рет ем қабылдаған.

Аталған контрацепциялық кеңестің қайсысын әйелге ұсынар едіңіз?

A) ритмикалық әдіс

B) спермицидтер

C) комбинирленген оральді

D) таза гестагендер

E) жатыр ішілік серіппе

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Неоперативная гинекология, Сметник В.П., 2003 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

04_01_06_

$$$030

48 жасар Л., күніне 8-10 ретке дейін басының ауырып, қатты ыстық сезімнің пайда болуына, тершеңдікке шағымданады. Аталған симптомдар соңғы жылдары мазалауда. Етеккірі 2-3 ай сайын, аз мөлшерлі 1-2 күннен. Анамнезінен: калькулезді холециститке байланысты операция болған. Босануы-3, түсік-2. Гинекологиялық қарауда патологиялық өзгеріс жоқ.

Аталған болжама диагноздың қайсысы ең дұрыс болуы мүмкін ?

A) етеккір циклінің бұзылысы

B) менопауза

C) предменструальді синдром

D) климактериялық синдром

E) вегето-қан тамырлық дистония

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Неоперативная гинекология, Сметник В.П., 2003 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

04_01_06_

$$$031.

52 жасар науқас гинекология бөліміне әлсіздік, ішінің төменгі бөліміндегі тарту сезімі бар ауру сезімге шағымданып түсті. 1,5 жыл постменопауза. Анамнезінде 1-босану, 2- түсік, қосалқыларының созылмалы қабынуы. Қарап тексергенде ішінің біршама ұлғайғаны, бүйірлік бөлімінде тұйықталған дыбыс анықталады. Қынаптық тексерісте: жатыры қалыпты, оңға қарай ығысқан; сол жақта және арт жағында бүдірлі,ауру сезімді, аз қозғалатын, тығыз консистенциялы көлемі 10-12 см құрылым пальпацияланады.

Аталған болжама диагноздың қайсысы ең дұрыс болуы мүмкін ?

A) Генитальді эндометриоз.

B) Сол жақ аналық безінің кистомасы

C) Тубоовариальді абсцесс.

D) Субсерозды жатыр миомасы

E) Аналық безінің рагі

{Дұрыс жауабы} = Е

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Неоперативная гинекология, Сметник В.П., 2003 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$032

54 жасар науқасқа жатыр мойнының биопсиясы болған. Гистологиялық зерттеудің биоптатында жалпақ клеткалы мүйізделмеген рак көрінісі анықталды. Инвазия тереңдігі 5 мм.

Ауру сатысының ең дұрысын анықтаңыз:

A) 0

B) IA

C) IБ

D) II

E) III.

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Неоперативная гинекология, Сметник В.П., 2003 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

04_01_06_

$$$033

27 жасар науқас біріншілік бедеулікпен гинекологиялық стационарға жатырдың шырышасты миомасын хирургиялық емдеу үшін келіп түсті.

Аталған жағдайда операция көлемі қандай болмақ?

A) қосалқыларымен бірге жатыр экстирпациясы

B) жатыр дефундациясы

C) қосалқыларынсыз жатыр ампутациясы

D) консервативті миомэктомия.

E) қосалқыларымен бірге жатыр ампутациясы

{Дұрыс жауабы} = D

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Неоперативная гинекология, Сметник В.П., 2003 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

04_01_06_

$$$034

43 жасар науқас гинекологиялық стационарға жатырдың шырышасты миомасын хирургиялық емдеу үшін келіп түсті. Қынаптық тексергенде: жатыр мойны гипертрофияланған, өзгерген; жатыр денесі жүктіліктің 8-9 аптасына дейін ұлғайған, тығыз, ауру сезімінсіз, екі жақтанда қосалқылары өзгеріссіз; бөлінділері шырышты.

Аталған жағдайда операция көлемі қандай болмақ?

A) пангистерэктомия

B) консервативті миомэктомия

C) жатыр дефундация

D) қосалқыларынсыз жатыр ампутациясы

E) қосалқыларынсыз жатыр экстирпациясы

{Дұрыс жауабы} = Е

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Неоперативная гинекология, Сметник В.П., 2003 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$035

46 жасар әйелге ретсіз етеккірдің қан аралас сипатта келуіне байланысты жатыр мойнының шырышты қабаты және жатыр қуысының қабырғасына диагностикалық қырынды жасалған.

Аталған клиникалық жағдайда эндометрийде қандай өзгеріс болады?

A) кистозды-жасушалы гиперплазия.

B) полипоз

C) атипиялық гиперплазия

D) эндометрия атрофиясы

E) жатыр мойнының рагі

{Дұрыс жауабы} = А

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Неоперативная гинекология, Сметник В.П., 2003 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$036

34 жасар С. науқас алғашқы рет профилактикалық тексерісте аналық безінің кистомасы анықталды.

Аталған патология кезінде әйелдер кеңесі дәрігерінің тактикасы қандай?

A) емдеу тактикасын анықтау үшін науқасты онкологиялық диспансерге бағыттау

B) науқасты диспансерлік есепке алып, 1 айдан кейін қайта тексерілуге келуін нұсқау

C) госпитализация эффекті болмаған жағдайда антибактериальді терапия курсын жүргізу

D) оперативті араласу үшін шұғыл түрде госпитализация

E) хирургиялық емдеу үшін науқасты жоспарлы түрде госпитализациялау

{Дұрыс жауабы} = Е

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Неоперативная гинекология, Сметник В.П., 2003 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$037

30жасар науқас әйелдер кеңес орнына қорғанусыз ретті жыныстық қатынасқа қарамастан 7 жылдан бері жүктіліктің болмауына шағымданып келді.

Етеккірі 14 жастан, 5-7 күннен, әр 35-45 сайын, ауру сезімінсіз. Қарап тексергенде: науқас дұрыс дене бітімді, жоғары тамақтанумен. Қынаптық тексерісте: сыртқы жыныс ағзалары дұрыс дамыған, түктенуі әйел типтес, жатыр денесі көлемі жағынан кішірейген, екі жақтанда жатыр қосалқыларында көлемі 3,0 х4,0 х 4,0 см, тығыз, қозғалмалы, ауру сезімді құрылым пальпацияланады. Базальді температурасы монофазалы, кариопикнотикалық индексі 60-70 %. Күйеуінің спермо­граммасында патологиялық өзгеріс жоқ.

Аталған болжама диагноздың қайсысы ең дұрыс болуы мүмкін ?

A) аналық безінің поликистозды ауруы

B) генитальді инфантилизм.

C) жыныс ағзаларының туберкулезі

D) аналық безінің екі жақты дермоидты кистасы

E) белгісіз генезді бедеулік

{Дұрыс жауабы} = А

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Неоперативная гинекология, Сметник В.П., 2003 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

 

04_01_06_

$$$038

26 жасар А., медициналық түсіктен кейінгі етеккірі 4 айға жоқ. Етеккір келетін уақытта ішінің төменгі бөлігінде ауру сезім мазалайды. РV: жатыры жүктіліктің 6-7 аптасына дейін ұлғайған, жұмсақ консистенциялы. Қосалқылары өзгеріссіз.

Аталған болжама диагноздың қайсысы ең дұрыс болуы мүмкін ?

A) Эндометрит.

B) Мойындық каналдың атрезиясы, жатырлық формадағы аменорея

C) Жатырлық жүктілік, ерте түсік қаупімен

D) Орталық генезді аменорея

E) Аналық бездің аменореясы.

{Дұрыс жауабы} = В

{Күрделілігі}= 3

{Оқулық} = (Неоперативная гинекология, Сметник В.П., 2003 ж.)

{Курс}=7

{Семестр}=14

 

Вариант –II