Авторлық телебағдарламалардың қалыптасуы мен дамуы
Р БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Журналистика және саясаттану факультеті
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
«__»________ 0000 ж.
Кафедра меңгерушісі
___________
АТЫ, ТЕГІ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
«050504-журналистика»
Ғылыми жетекші:
__________
АСТАНА-0000 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ....................................................................................... 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Авторлық телебағдарламалардың қалыптасуы мен дамуы
Телебағдарламалар және олардың даму эволюциясы ………………7
Телебағдарламалардың мазмұндық және жанрлық сипаттары…….14
Азақстандық және шетелдік телеарналардағы рейтингі жоғары авторлық бағдарламалар: ұқсастықтары мен айырмашылықтары ………………..27
Авторлық телебағдарламаларды тарату жүйесі және жасау жолдары
Авторлық телебағдарламаларды синдикаттық жүйеде тарату (бір арнаның тапсырысымен немесе автордың жеке жобасы түріндегі авторлық құқықтың сақталуы) …………………………………………………………………32
Авторлық телебағдарламаларды дайындау процесі (тақырып таңдау, сценарий дайындау, жүргізуші рөлі)…………………………………...37
ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................…….. 53
Сілтемелер тізімі.......................................................................................58
Пайдаланған әдебиеттер тізімі................................................................59
Осымша(«Жүрегінен от шашқан Ұстаз – Намазалы Омашев» атты фильмнің мәтіндік сценарийі)………………………………………………………. 61
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы.Диплом жұмысы - студенттің ізденуі арқылы жүзеге асатын дүние. Диплом жұмысына арқау болған тақырыбымның жан-жақты зерттелу аясын теория мен тәжірибенің ұштастырылуы арқылы ашуды жөн санадым. Бұл зерделеніп отырған тақырыпты жіті түсінуге мүмкіндік береді.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінде жаһанды ақпарат нарығы билеп отыр. «Кім ақпараттан құлағдар, сол әлемнің қожасы» деген сөздің түп-төркінінің қайдан шыққаны белгілі. Қоғамды жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз етіп отырған Бұқаралық ақпарат құралдарының жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы, оны жеке тұлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жалпы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Осы тұрғыдан алғанда «Авторлық телебағдарламалардың жасалу технологиясы» атты зерттеу жұмысымның тақырыбы өзекті екені сөзсіз. Себебі, телевизия басқа Бұқаралық ақпарат құралдарының арасында қоғамның ерекше назарындағы ақпарат саласы. Телеарнаның негізгі қызметі - идеологиялық ықпалында жатыр десек, зерттеу жұмысымыздың «Авторлық телебағдарламалардың жасалу технологиясы» деп аталуы бекер емес. Қазіргі кезде көрермен сұранысының өсуі, телеарналар санының артуы, техниканың жаңашылдығы жоғарылаған сайын телебағдарламалардың да жасалу технологиясы мен берілу формасы да өзгеріп, даму үстінде. Журналистика саласын сөз еткенде аталмыш тақырыпты аттап өту мүмкін емес.
Зерттеу жұмысының нысаны.Әр кезеңнің өз талабы болатынын ескерсек, телевидение саласындағы авторлық телебағдарламалар өзінің тура мағынасындағы уақыт үні іспетті. Ел өмірінің елеулі кезеңіндегі толып жатқан өзгерістер аумағында көрермен талабы мен талғамы да айтарлықтай өзгерді. Соның нәтижесінде арналардағы телебағдарламалардың жұмыс процесі, оны жүзеге асырудың кәсіби принциптері де жаңаша сипат алып, өзгеше мән-мазмұнға ие болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «БАҚ халықтың үні ретінде сөйлейтін болсын, халыққа жақ, санаға сақ болсын» деген тұжырымы журналистиканың жаңаша жұмыс тәсіліндегі негізгі қағидаға ұласты [1]. Жылдар бойы қатып-семіп қалған енжар ережелерді бүгінгі күннің тыныс-тіршілігіндегі батыл шешімдер алмастырды. Зерттеу жұмысымның нысаны - авторлық телебағдарламалардың жасалу технологиясы. Авторлық телебағдарламалардағы бастапқы этаптар (авторлық телебағдарламалардың қалыптасуы, отандық және шетелдік арналардағы авторлық телебағдарламалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сараптама, сценарийдің жазылуы, тележурналистика жанрларының авторлық телебағдарламаларда көрінісі табуы және автор әрі жүргізушінің шеберлігі мен рөлі) турасындағы зерттеулер жұмысыма арқау болады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.Телевидение саласындағы авторлық телебағдарламалардың орны мен рөлі ерекше. Отандық телеарналарда авторлық телебағдарламаларға деген сұраныстың артуы осының айғағы. Журналистиканың басты қызметіне халықты ақпаратпен қамтамасыз ету әрі қоғамдық пікір туғызуын жатқызамыз. Ал біздің зерттеу жұмысымыздың басты өзегіне айналған «авторлық телебағдарламалар» аталған екі функцияны қатар атқарады. Көгілдір экрандағы белгілі бір тұлғаның немесе топтың авторлығымен шыққан авторлық бағдарламалар дегеніміз не? Аталмыш бағдарлама қалай жасалады? Оның қоғамдағы рөлі қандай? деген сауалдарды зерттеу жұмысыма негіз ете отырып, зерттеудің басты мақсатын айқындау. Ал міндеттері төмендегідей:
• Еліміздегі авторлық телебағдарламалардың даму эволюциясын анықтау;
• Авторлық телебағдарламалардың жанрлық ерекшеліктерін пайымдау;
• Телеарналардағы авторлық бағдарламаларға анализ жасау;
• Авторлық телебағдарлама авторының алғашқы қадамы мен жүргізушінің шеберлігін анықтау;
• Студенттің жеке шығармашылығындағы авторлық телетуындыға сипаттама беру;
Жұмыстың жаңашылдығы.Барлық ақпарат тарату құралдары ішіндегі кенжесі деп есептелінетін телевидение саласында зерттелмеген тың тақырыптар көп. Зерртеу жұмысы барысында біз авторлық телебағдарламалардың жасалу технологиясын осы салада әбден төселген сценарий авторлары мен жүргізушілердің кеңестерін назарға ала отырып, авторлық бағдарламаны қалай сәтті шығаруға болады деген сауалға жауап іздедік. Көрермен көзіне көп іліге бермейтін кадр сыртындағы бағдарлама алды дайындықтар дәлірек айтқанда, бағдарламаның жасалу жолдары мен еліміз бен шетелдегі авторлық туындылар қалай жүзеге асады деген мәселелердің шешімін табамыз. Ал жұмыстың жаңашылдығы телевизия саласында көп зерттеле қоймаған тың тақырыптың алынуы.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы.Эфирдегі хабарларды зерттеу барысында біз теория мен практикалық жұмысты бір арнаға тоғыстырдық. Қандай да бір хабарды зерттеу үшін оның телевизиялық нұсқасын көру керек. Ал көру үшін оның тарихы мен шығармашылық және техникалық топ атқаратын жұмысын бес саусақтай білу керек. Практика жүзінде көрген-білгенімізді зерттеушілер еңбегімен, мұрағат материалдарымен толықтыра отырып, теория жүзінде пайдаландық. Теорияны тәжірибемен ұштастырмай ешқандай биік нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес. Зерттеу барысында көз жеткізгендей, авторлық телебағдарламалардың бастауы автордың ұсынған идеясының өзектілігінен бері қарай, түсірілген дүниені өңдейтін қызметкерге дейінгі аралықты қамтитын үлкен ұжымдық еңбектің арқасында ғана сәтті туынды пайда болатынын ұғындық. Авторлық телешоуымен аты әлемге танылған Опра Уинфридің, бірнеше тілді меңгеріп авторлық бағдарламасына әлемдік деңгейдегі тұлғаларды басты кейіпкері болатын Владимир Познерді де алатын болсақ, екеуіде алғаш телевизия саласының бірнеше сатысынан өтіп, яғни үлкен тәжірибе қорын жинап қана аталған авторлық телебағдарламаларын жүзеге асырғандығын көреміз. Бұл біздің жоғары да келтірген теория тәжірибемен ұштаспай, өзінің нәтижесін бермейді деген сөзімізге дәлел болады.
Зерттеудің нәтижелері төмендегідей.Кеңестік қызыл империяның күйреуі, саяси-экономикалық сілкіністер, қоғамдық-экономикалық қатынастардың өзгеруі, хабарлардың идеясын өзгертіп, мазмұнын жаңартса да, түрі, мақсаты өзгермек емес, ол – ел қамы, азаттық туының абыройы әрі ұлттық мүдде. «Біздің халық құрғақ, нақты сөзден гөрі көркем сөзді нақтырақ түсінеді, тез қабылдайды. Бұл ақылгөйшілік емес, қазақ журналистері өз азаматтық позициясын, өз төрелігін айта алады. Ол одан қоғамдық тұлғаны тәрбиелеп шығарады» деген еді еліміздегі тұңғыш БАҚ мәселелерін зерттейтін Журналистика институтының директоры Намазалы Омашев. Сондықтан да, өз ойы, пікірі, азаматтық ұстанымы бар еліміздің телеарналарында жас буын қалыптасып, авторлық телетуындыларын көрермен назарына ұсынатыны сөзсіз. Әрі авторлық телебағдарламалардың халыққа жол тартуы, шетелден келіп жатқан «көшірмелердің» азаюына үлкен серпін бермек деген нәтижеге келіп отырмыз.
Дипломның құрылымы және көлемі.Зерттеу жұмысы екі негізгі бөлімнен тұрады. «Авторлық телебағдарламалардың қалыптасуы мен дамуы» тақырыбындағы бірінші бөлім үш бөлімшеге бөлінген. Ал, «Авторлық телебағдарламаларды тарату жүйесі және жасау жолдары» атты екінші бөлім екі бөлімше бойынша қарастырылып, сараптама жасалған. Соңында диплом жұмысына қорытынды баға мен арнайы қосымша беті беріледі. Көлемі 60 бет.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Авторлық телебағдарламалардың қалыптасуы мен дамуы
1.1 Телебағдарламалар және олардың даму эволюциясыАвторлық телебағдарламаларға кезек бермес бұрын алдымен тележурналистика аурасына енген дұрыс секілді. Дарыны мен бар білігін телевизия сферасының қалыптасып, дамуына сарп еткендер әр кезеңде де баршылық. Пайда болғанына бір ғасырдан асқан бұл сала осы уақыт аралығында жер жүзіндегі барша халықтың сенімді серігіне айналып үлгерді. Телевизия адамзаттың күнделікті тіршілігінен бастап басқа да орын алып жатқан оқиғалармен қамтылған. Телевизия бүгінде әлем бойынша мыңдаған каналдар арқылы таратылатын жаһандық сфера.
.....
1.2 Телебағдарламалардың мазмұндық және жанрлық сипаттарыЭкрандық туындының сценарийі жазылғанға дейін оның жанрлық сипаты анықталынатыны белгілі. Журналистика саласын үш жанрға бөліп қарастырамыз: ақпараттық, аналитикалық және көркем-әдеби. Аталған жанрлардың формасына түспеген телебағдарламаны тележурналистика ережелеріне сай келмейді деуіміз осыдан болар. Жанрмен дұрыс әрі сәтті жұмыс істей білу - журналистің кәсіби квалификациялығының бұлтартпас дәлелі болмақ.
.....
1.3 Қазақстандық және шетелдік телеарналардағы рейтингі жоғары авторлық телебағдарламалар: ұқсастықтары мен айырмашылықтарыТележурналистика – Бұқаралық ақпарат құралдарының ауқымды саласы. Соның ішіндегі орасан зор мүмкіндіктерді иеленетін жүйе. Адам баласының ой-санасына тікелей әсер ететін идеологиялық құрал. Рухани нәр мен эстетикалық әсер беретін өнердің өзгеше бір түрі. Өркениетті әлемдегі саясат алаңы. Ақпаратты алу мен қабылдауды бейнелік сипаттағы техникалық базадағы шығармашылық қызмет. Күні бүгінге дейін осынау тележүйенің дамуы әр күн сайын кемелденуде. Теледидардың халыққа ұсынатын басты өнімі түрлі тақырыптарды қамтитын бағдарламалары десек, қазіргі кезде шығармашылық әрі техникалық топтардың жұмыс істеудегі жаңаша үрдісі, жасалу метадологиясының қарқыны артып келеді. Өнер қай кезде де мәңгілік. Ол миллиондар жүрегіне жылу беретін халық санасындағы өткен кезеңдерден сұрыпталған көркем бейнесі. Осынау өнердің келер ұрпаққа жан-жақты жеткізуді мұрат тұтқан телеарналар десек қателеспеген болар едік. Ал, тележурналиcт қоғамның бар саласына атсалысып, оны кадрлық жиынтығы арқылы мазмұндық сипатын береді. Телевизияның табиғатында алдымен орын алатыны – арнайы бағдарламалар циклы. Оның ішінде авторлық телебағдарламалардың құрылымы күрделі. Ендеше, еліміздің тұңғыш ұлттық телеарнасы мен ресейлік «Бірінші каналда» шығатын авторлық телетуындылардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сараптама жасаған жөн болар.
.....