Тәрбиеші: Имангалиева Р.С 25.05.2015ж

Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі : сиқырлы қағаздар

Тақырыбы : Құлпынай

Мақсаты: Жидектер туралы түсініктерін жетілдіру: Шаршы қағазды бүктеу арқылы қағаздан құлпынай жасау әдістерін меңгерту, көркемдік талғамдарын қалыптастыру.

Қостілділік құрам :

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлел деу – ояту Шаттық шеңбері: Алақанды ашамыз, Күннің нұрын шашамыз. Таза ауаны жұтамыз Жиналған жылы шуақты, Достарымызға шашамыз.   Балалар шеңберге жиналып өлең жолдары бойынша жаттығу жасап көңіл- күйлерін көтереді.
Ұйымдас тыру – іздену Д/О: «Жидектер»     Д/О: «Не артық?»   Құлпынай Бал татитын құлпынай, Саған құмар құлпынай. Жазда жылдам таусылмай, Қыста өссең , шіркін- ай.   "Біз шеберміз" құлпынайды бүктеу әдістерін түсіндіру.     Сергіту сәт: Озып кетсең егерде, Қуана бер, қуана. Бірімізді ,біріміз. Ұстап алмай қоймайық. Кел, қошақан екеуміз Қуаласпақ ойнайық.     «Шеберханада»   Көрме: Құлпынайлар     Не деу керек? Ә. Дүйсенбиев Апаң сенің базардан, Алма сатып әкелді. Ең үлкенін жақсысын, Саған таңдап әперді. Не деп барып жеу керек? Рахмет сізге- деу керек. құлпынай, таңқурай, бүлдірген, қарақат түрлерімен танысады айырмашылықтарын айтады.   Жидектермен жемістерді ажыратады.   Тақпақты қайталап айтып жаттап алады.     Тыңдайды , түсінеді. Еске сақтайды.   Өлең жолдарын айта отырып қимыл- қозғалысқа келеді. Көңіл- күйлерін көтереді.     Өз беттерімен жұмыс жасайды.   Көрмеге өз жұмыстарын қойып, бағалайды.   Өлең жолдарын түсініп қайталап айтады.
Рефлек сивті –түзету   Жаңылтпаштар Алма теріп балалқайлар, Алақайлар, талапайлар. Бақшада алма, Айшада - ақша   Жаңылтпашты қайталап айтады.

 

Күтілетін нәтиже : Құлпынай жасай білу

Білу керек:. Жидектер туралы түсініктерін жетілдіру: көркемдік талғамдарын қалыптастыру.

Қандай түсініктерді игереді : Шаршы қағазды бүктеу арқылы қызыл және жасыл түсті қағаздан құлпынай жасау әдістерін меңгерту.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері:Көркемдік талғамдарын қалыптастыру, шығармашылық қиялдарын дамыту.Қол қимылдарын жетілдіру.

Йымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта.

Тәрбиеші:Имангалиева Р 06.05.2015ж

Білім саласы: Шығармашылық

Бөлімі :Сиқырлы қағаздар

Тақырыбы: Жылан

Мақсаты: Жәндіктер туралы білімдерін толықтыру.

Шаршы қағазды бүктеу арқылы жылан бейнесін жасауды

үйрету .Қаламмен қосымша бөліктерін салу,бүктеу әдістерін

меңгерту. Баланың шығармашылық қиялдарын дамыту.

Қостілділік құрам :

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлел деу – ояту   Психологиялық ойын-жаттығу. Табиғатым тамаша Көз тоймайды қараса Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса. Сәлем саған нұрлы күн, Сәлем саған жер ана!       Балалар шеңберге жиналып өлең жолдары бойынша жаттығу жасап көңіл- күйлерін көтереді
Ұйымдас тыру – іздену   Д/О «Ойлан, тап!» а) Жорғалап дыбысссыз жүреді. Бірақ оны елдің бәрі біледі.     5.Жәндіктер туралы әңгімелеу. (Жыланның тіршілігі)   6.Сергіту сәт. Саусақ жаттығуы. «Алыптар мен балықтар» Теңіздегі алыптар, Ауыздарын ашады. Кіп кішкентай балықтар, Жүзіп жылда қашады. 7.Кел, үйренейік. Үлгі бойынша жасалу жолдарын түсіндіріп көрсетіп,бірге жасау.   8. «Көрме»ұйымдастыру 9.Қортындылау   Жылан     Жәндіктер жайлы өз ойларын.өздері білетіндерін айтады.   Саусақ жаттығуларын жасайды.     Естерінде сақтап бірге жасайды.     -Балалар көрмедегі достарының еңбегін бағалап, әңгімелейді.    
Рефлек сивті –түзету Жыландар Алаңқайға барайық, Айналаға қарайық. Жыландар кеп қалмасын, Бізді шағып алмасын.с-с-с-с-с-с-с     Ойын ойнап көңіл- күйлерін көтереді.

Күтілетін нәтиже :Жылан жасай білу

Білу керек: Қағазды бүктеу әдіс-тәсілдерін , жұмыс жасау

ерекшеліктерін, қазаздан шегіртке бейнелер

жасай білуге үйрету.

Қандай түсініктерді игерді;Жәндіктер туралы түсініктерін кеңейту.

Меңгерген дағдылармен іскерліктері:Қаламмен қоымша бөліктерін сала білу, шығармашылық қиялдарын дамыту.