Көкнәр тұқымдастар
Кіріспе
Қос жарнақтылар, магнолиопсидтер ( Magnoliopsida) гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Жер шарында (Антарктикадан басқа) құрлықтарда кеңінен тарлаған. Ағаштар немесе шөптесін өсімдіктер, кейде қайта сүректенген жартылай бұта, бұталар. Құрамында 8 класс, 429 тұқымдасы, 10 мыңға жуық туысы және 190 мыңнан аса түрі бар. Ұрығы 2 , кейде 1 ғана жарнақты, өте сирек 3-4 жарнақтылары да кездеседі. Жапырақтары қауырсынды, кейде саусақ салалы жүйкеленген. Жүйкеленуі ашық тұйықталмаған; айқын сағақты. Сабақтың өткізгіш жүйесі бір шеңберлі камбийлі (өсу клеткаларының жұқа қабаты) өткізгіш шоқтардан тұрады. Флоэмасында ( органикалық затты өткізетін күрделі ұлпа) әдетте паренхима бар. Сабақтың қабығы мен өзегі өте айқын ажыратылады. Алғашқы (ұрықтық) тамырша негізгі тамырғка айналады. Тамырдың оймақшасы мен эпидермасының онтогенездік жеке дамуы бірдей. Көпшілігінде гүлдері 5 немесе 4 мүшелі, кейбір алғашқы қарапайым таксондарда 3 мүшелі. Тозаң түйіршіктерінің сыртқы қабығының түсі алуан түрлі.
Негізгі бөлім
Осжарнақты өсімдіктердің түрлері
Раушангүлділер
Раушангүл тұқымдастар өзіне ға жуық түрлерді, оның ішінде шөптесін (тобылғы, теңгежапырақ, қазтабан), ағаш ( алма, шие, алмұрт, шабдалы, өрік, т.б.) және жидекті ( итмұрын, таңқөурай, бүлдірген, т.б.) біріктіреді. Субтропиктік және қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан елдерде таралған. Раушангүлдердің өсімді мүшесі барынша әр түрлі болып келеді.
Тамыр жүйесі өзекті болып, ағаштар мен бұталары қатты тармақталып келеді. Сабағы - түзу, түйін аралықтары ұзын болып келеді. Жапырақтары (алма, алшада) жай, тұтас, және күрделі ( раушангүл және итмұрында), ол шөптесін өсімдіктерде жапырақтарының пішіні күрделі, үшжақтылы жапырақ серігі болады.
Гүлі - гүлтұғыры жалпақ, дұрыс пішінді. Гүлсерігі қосарланған 5 тостаған жапырақша мен 5 күлте жапырақшадан тұрады. Олардың көісінде тостаған жапырақшаның астыңғы бөлігіне жанасып жататын жасыл жапырақ тәрізді 5 тісшелері орналасқан. Аталық ұрығы аз, гүлтұғырының шеткі бөліктерінде ғана дамиды. Аналықтың саны әртүрлі бірден бастап (алма, алша, қараөрік, шабдалы, өрік, долана, алмұрт, т.б.) бірнешеуге дейін немесе одан да көп ( таңқурай, бүлдірген). Раушангүлділердің жемісі әр түрлі: көпжаңғақты ( итмұрын, таңқурай), көпсүйекті (бүлдірген, мүк қарақаты), біртұқымды ( алма, мойыл) болады. Раушангүлділер тұқымдастарының көбі пайдалы өсімдіктер: жеміс беретін аағаштар (алма, алмұрт, алша, т.б.) жидекті бұталардан (таңқурай, бүлдірген), шөптесін (бүлдірген), эфирмайлы (раушангүл) және декоративті өсімдіктер. Раушангүлділердің кейбір ағаш діңдері төселме материал ретінде кеңінен пайдаланылады (өрік, алма). Итмұрын жемісі емдік және бояу заттары ретінде қолданады.
Тік сабақты қазтабан - Ресейдің Еуропалық бөлігінде, Батыс Сібір, Қазақстанның солтүстік мен солтүстік шығысында таралған. Ол орман, тоғайдың шетінде, қайың жары шақтарында, шалғындарда, өзен жағалауларында өседі. Биіктігі 50 см–ге жететін көпжылдық өсімдік. Тамыры мықты, жуан және дәрілік шикізат болып табылады. Тамырдан жоғары бірнеше түзу сабақтар шығады кейде жоғарғы бөлігі үшқұйрықты төменгі бөлігі 3 немесе 5 жапырақты, қаздың табанына ұқсас жапырақтар өсіп шығатын бұталы сабақтар шығып, осыдан оны қазтабан деп атап кеткен. Гүлі ұзын сабақты сары түсті. Олардың тамырында тері илейтін заттар (15-30%) болғандықтан, оның дәмі қатты уылдырғыш. Халық медицинасында қазтабанның қайнатпасын, ауыз қуысы аурулары асқынғанда шаюға қоланылады.
Раушан - жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме. Итмұрын гүлінде аталықтар өте көп. Олардың саны 100-ге жетеді екен. Адамның ерінбей еңбектенуі нәтижесінде соншама аталықтар айналдырылды. Сөйтіп бұйраланған раушан гүлі пайда болды. Қазіргі деректер бойынша раушанның 25000 іріктемесі шығарылыпты. Раушан гүлінің күлтесінен май алынады. Раушан майы - өте бағалы май, хош иісті заттар алуға пайдаланылады.
Көкнәр тұқымдастар
Көкнәр (мак) тұқымдастар 24 туыс және 250 түрді біріктіреді, ол көбінесе Жер шарының солтүстік субтропикалық және қоңыржай ендіктерінде кездеседі
Біздің елімізде оның үлкен сүйелшөп және кәдімгі арам шөптері - сеппе көкнәр кездеседі. Приморье төңірегіндегі көктемде гүлдеген орман көкнәрі, таулы және поляр маңында сары, қызғылтсары түрлері көп. Барлық кқкнәр тұқымдастар бір және көпжылдық өсімдіктер. Үлкен, қосжынысты әр түрлі түрлерге боялған гүлдері бір бірімен жапырақсыз гүл бағанасында шоғырланып орналасады. Тостағаншалары 2-3 тостағанша жапырақшалардан тұрады, гүл ашылғанда олар түсіп қалды, оның күлтесі 4,6(8-12) жапырақшалардан тұрады. Аталығы көп, аналығы біреу. Жемісі дөңгелек немесе бұршаққынды қауашағы тесіктермен өсімдік ұшына не бүйірлік қақпақ арқылы екі жағына ашылады.
Көкнәрдің майлы, шырынды дәнін құмырсқалар түгіл, үлкен жануарлар да таратады. Оның боялған шырын құрамында алколоидтар болады. Ертеден адамдарға көкнәр ұйқы келтіретін қасиетімен белгілі және оның майлы дәндері кулинарияда қолданылады.
Оның шыққан тегі Жерорта теңізі, Апиынды көкнәр түрін Азияның таулы аудандарында өсіреді. Оның қою шырынындағы опий алколоид қоспасы медицинада қолданылады.
Біршама наркотикалық алколоидтар мактың ұйқы шақырғыш майлы және декоративтік түрлерінде кездеседі. Нашақорлықтың дамуына байланысты біздің елде бұл әдемі және пайдалы өсімдікті егуге және тыйым салынған. Декоративті өсімдік ретінде жиі жалғаншығыс, альпілік, калифорнияның эшшольций түрлерін өсіреді. Оларда наркотикалық заттар жоқ. Халықтың медицинада сүйелшөп (чистотел) кең қолданылады, оның қызғылт сары шырыны сүйелдерді кетіреді.