сурет. ЭНЦ монтаждау сұлбасы

 

ЭЦВ сорабыкелесідей көрсеткіштер шеңберінде қолданылуы тиіс:

Нном = Ндин + Нманометр +Ннот.тр,

Нном – агрегатпен жасалынатын номиналды қысым (м)

Ндин – ұңғымадағы судың динамикалық деңгейі (м)

Нмонометр – манометр көрсеткіші (м)

Нпот. тр - турботартпадағы қысым жоғалтулары (м)

Белгілі болғандай орталық сыртқа тебуші батырылатын сораптар механикалық қосындысы 0,01% аспайтын суды шығаруға есептелген. Сорапты ұзақ уақытқа немесе жаңа ұңғымада іске қосу үшін, ұңғымадағы механикалық қосындыларды тазарту мақсатында су тазарғанша айдау қажет. Ұңғымадағы суды айдауды маманданған ұйымдар жүзеге асырады.

Батырмалы сорап ұңғыманның ішінде еркін тік бағытта орналасу қажет. Сол себепті монтаждың алдында ұңғының түзусызықтылығын және сораптың габаритке сәйкестілігін тексеру керек. Тексеру үшін 5-10мм үлкен максималды диаметрі бар құбырдың қимасынан жасалынған шаблонды қолданылады. Батырмалы сораптың қисайған сырылған немесе шығынқы, яғни монтажға кедергі келтіретін жарлерін анықтау үшін шаблонды қңғымаға сораптың белгігенген тереңдікке дейін түсіреді.

Монтаж жасау үшін келесідей жабдықтарды дайындау керек: жүккөтергіш құрылғыларды, құбырларды, жалғайтын бөліктерді, монтажды қамыт және белдіктерді. Монтаждан бұрын сорапты желіну мен ауытқу,а тексеру керек. Ол үшін ПЭДВ маркалы электрқозғалтқышы бар сораптың фильтр трһорын шешу керек, тесік алқылы жалғастырғышты бұрау керек. МАИЗ маркалы электрқозғалтқышты сораптың тығының және төменгі мойынтіректі қалқанының қақпағын бұрағышпен шешіп алу керек. Бірақ соған қарамастан, қондырғының роторы бірқалыпты кедергісіз айналу қажет.

Қондырғының бақылауы мен тексеруінен кейін электрқозғалтқыштың соңына қоректенуші кабель жалғанады. Изоляция сапасы үшін кедергіні өлшеп мегомтрмен анықтыйды. Ол үшін – кабельдің бөлігіне дәнекерлеу орнына суы бар ыдысты орнатады. Судың температурасы 20-30С0 дейін қыздырылуы керек. Су құйылған ыдысты бөліктенген төсеуге орнатады. Мегометрдің бір клеммасын суы бар ыдысқа, екіншісін кабельдің қоректенуші бойына жалғайды. Ұңғымаға түсірерден алдын электрқозғалтқышты арнайы тесігін таза фильтрленген сумен толтырады.

Барлық дайындық жұмыстарынан кейін сорапты ұңғымаға түсіруге кіріседі. Сорапқа айдау құбырдың түбін жалғайды. Жиналған түйінді тік бағытта көтеріп, жинақты түрде тұсіреді.

Сорапты қондырғыны ұңғыға түсірерден алдын монтажды қамыттарды құбырға сенімді бекітлгеніне және қондырғының ұңғыға сырғып кетпеуіне ерекше мән беру керек. Сорапты ұңғыға түсіргенде қоректенуші кабельде бірге түсіріледі. Кабельдің құбырға жалғанған жерлерін резеңкелі және изоляцияланған лентамен орау керек. Батырмалы сораптың тереңдігі ережеге байланысты судың динамикалық деңгейінің өлшеміне сәйкес келуі керек.

Қажетті ақпараттар болмаған кезде де қойылған талдаптарды орындау қажет. Дұрыс мондаждалудың екінші талабы сорғының ұңғы түбіне тимеуі б.т. кері жағдайда агрегат су толтырылған сукөтеру құбырларының салмағын озіне алады, ол кезегінде істен шығаруы мүмкін. Сондықтан ұңғы түбі мен агрегаттың төменгі бөлігінің аралығы 1м-ден кем юбболмауы керек.

Ұңғыға соңғы сукөтергіш құбырының звеносы тускеннен соң, құбырлар калоннасын мықтап тірек тақтасына орнатады 4, содан соң жасалған жік арқылы қорек кабелін өткізеді

Сукөтергіш құбырларыдың соңғы звеносын ұңғыға түсірген соң құбырлар колоннасын тірек тақтасына 4 мықтап орнатады, сосын жасалған жік арқылы қорек кабельін өткізеді, тірек тақтасы киілмелі құбырдың жоғарғы қимасына түсіріледі. Ұңғыдан шығарарда сукөтергіш құбырға иінді білік орнатылады, оған суқұбырына жалғанған айдама құбырын орнатады 11. Айналма құбырымен иінді білік арасына жабын 7 орнатылады, сорғыны беруге және өшіруге және сорғыны гидравликалық соқыдан сақтуға арналған қайтарма клапоны 6 ушін. Иінді білікке жалғанған түтікке сорғы жұмысын реттеуге арналған монометр орнатылады.

Электроқозғалтқышты электротұйықталудан, шектен асқан екіфазалы қосылудан сақтайтын, жүктеме сорғысын сақтандыру электронды аппаратурасынсыз жұмысқа қосуға болмайды. Сондықтан сорғы агрегатының кешеніне кіретін басқару стнциясынсыз сорғы іске қосылмайды. Ол тұрқы жерге тұйықталған әдетте сорғы болесінде орналасады.

Сорғыны іске қосарда айналма құбырындағы жабынды толығымен жабады. Сынақты іске қосудың негізгі мақсатынының бірі ротор агрегатының дұрыс айналу бағытын тексеру. Ол үшін сорғыны іске қосып, монометр арқылы сорғының қысым ұлғаю көсеткішін белгілейді. Қорек кабелінің клеммаға ұсталған кезкелген екі фазасын ауыстырады. Жабық жабын кезінде монометр екі екі түлі қысым көрсетеді, олардың көбі электросорғы роторының дұрыс бағыта айналуда екенін далелдейді.

Агрегат жұмысы дұрыс жүріп жатса, ұңғы дебитін асырмаытындай етіп, жабынды ақырын ашу арқылы сорғы берілісін реттейді. Сорғы суға толығымен батқанда ғана жұмыс істей алады. Егер сорғы берілісінен ұңғы дебиті кем болса, сорыпалу кезінде су деңгейі ұғыда ауаны сорып алу дәрежесіне дейін кемиді. Ауаны сорып алып жақандығының алғашқы белгісі тартып алынған суда ауа көпіршіктерінің пайда болуы. Ауа сорып алынған болса монометр тілі шайқақтайды және жұмыс істеп тұрған сорғы дыбысының өзгеруіне әкеледі. Бұндай режимде жұмыс істеу аз уақыт аралығында байланысып тұрған сорғы бөлшектерінің сырылуына әкеледі, істен шығады.

Оны болдырмас үшін. Тартып алынатын су ұңғы дебитінен сәйкес келетіндей есеппен жабынды жабу қажет. Егер сынақты іске қосу кезінде, тартып алынған сумен бірге құм шыққаны байқалатын болса, су толығымен тазарғанға шейін тоқтату дұрыс болмайды, оны тек бірнеше сағат қалыпты жұмыстан соң тоқтатады.

Тоқтатар алдында сорғы берілісін аяқтайды, ақырын жабынды жауып, «стоп» түмесін басу арқылы агрегат басқару станцияларын электржүйесінен ажыртады.

Алғашқы 2-3 тәулікте сорғы агрегатының және басқару станциясының жұмысын мұқият бақылау қажет. Егер осы уақыт аралығында ешқандай ақау байқалмаған болса, сорғы қондырғысын пайдалануға болады деп есептелінеді.

Жүктеу ортадан тепкіш сорғыларының ерекшелігі болып, олардың суда батқан күйде және жұмыс істеп тұрған кезінде реттеуге, бақылауға болмайтындығы болып табылады. Сорғы агрегатының жұмыс процесі кезіндегі техникалық жағдайын жанама белгілерден ғана бақылауға болады. Мысалы, сорғы агрегатының өнімділігі төмендесе, ал ұңғыда судың динамикалық деңгейі көтерілсе, онда сорғы агрегатында ақау бар. Тірек табаны тозу кезінде мойынтіректерде дефект және олардың тозу немесе сыналауының кезінде пайда болатын механикалық ақаулар жайлы электроқозғалтқыш агрегатының пайдаланатын тоқ мөлшері арқылы білуге болады. Сондықтан жүктеу ортадан тепкіш сорғыларының жұмыс істеу процесі кезінде электроқозғалтқышқа тоқ қажетті деңгейден аспауы ерекше назарда болады. Зауыттың нұсқаулықта көрсетілген тоқ деңгейінен асуы, электроқозғалтқышта ақау бар екендігін дәлелдейді. Бұл жағдайда агрегатты өшіріп, ақау себебін анықтап және оны жөндемей іске қосуға болмайды.

Кемінде айына бір рет басқару станциясын бақылаудан өткізу қажет, реле және қоқыш түйіскен жерлерін тексеру үшін. Күйген контактыларды спиртпен ылғалдап таза шүберекпен металды жылтыр пайда болғанға дейін сүртеді. Контактыларды және басқару станциялар электроқұрылғыларының қозғалмалы бөлшектерін майламаған(суламаған) жөн.

Сорғы құрылғыларына алдын-алу бақылауды және жөндеу жұмыстарыы нұсқаулықта көрсетілген мерзімде жүргізіліп тұруы керек. Кемінде үш айда бір рет агрегат электроқозғалтқышының электр шынжырларының оқшаулығын (изоляция) тексеріп туру қажет. Ол үшін басқару станциясынан электроқозғалтқышқа тоқ әкелетін кабельді ажыратады, және мегомметрмен оқшаулық кедергісін тексереді. Қалыпты жағдайда оқшаулық кедергісі 0,5 МО м кем болмауы тиіс. Сорғыны кезектен тыс тексеру және жөндеу жұмыстары үшін келесі жағдайларда тоқтады: электроқозғалтқышпен тұтынылып жатқан тоқ қажетті деңгейден асқан жағдайда; сорғы берілісі шартты берілістен 25% кеміді; сорғы су тартпайды


 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ЭЦН сорапты қондрғыларының ең жиі істен шығуына әкелетін ең маңызды техникалық фоакторлары, кабельдің механикалық ақауы, механикалық қоспалармен қоқыстануы, сапасыз монтаж жұмыстары, және де оқпан қисықтығының талапқа сай келмеуі, бақылаусыз пайдалану болып табылады. Бұдан, сораптың ішінің механикалық қоспалармен толып қалу сораптың жұмыс мерзымыне әсер етеін маңызды фактор болып табылады, және осымен сапалы күресу сораптың жөндеу аралық мерзімін ұзартуға ықпалын тигізеді.Осы есепте электр ортадан тепкіш сораптардың негізгі мәліметтер келтірілген. «Alakol PLANT» ЖШС шығарылатын өнімдердің тізімі мен олардың техникалық сипаттамасы келтірілген. Электрортадан тепкіш сораптарды монтаждау мен сынадың технологиялық сұлбалары келтірілген.

Өндірістік практика кезінде біз «Alakol PLANT» ЖШС батпалы электр ортадан тепкіш сораптарды жасайтын заводта, завод шығаратын өнімдермен танысып, заводтың құрылымы, ондағы цехтардың материалдық-техникалық базасымен таныстық. Заводтың конструторлық цехінде конструктолық және технолониялық құжаттамамен, негізгі бөлшектердің: жұмысшы дөңгелек, қалақшалы арна, төлкелер мен резеңкеметаллды мойынтіректердің жасалуы процессіне қатыстық.

Негізгі жұмысшы бөліктердің жобалау теориясы мен ЭЦВ типті батырмалы сорапы агрегаттарды сынау жайында тәжірибе алдық.