Дәріс. Меншік құқығының ұғымы
1. Меншік құқығының объектілері.
2. Меншік құқығының нысаны мен түрлері.
Негізгі ұғымдар:мемлекеттік меншік құқығы, жеке меншік ұғымы және оның түрлері, стратегиялық объектілер, жерге және басқа табиғи ресурстарға меншік.
1. Меншік құқығының объектілері заңдық табиғаты бойынша сан алуан болып келеді. Жер учаскесі, кітап, су қоймасы, баубақша, жануар, компьютерлік бағдарлама, бағалы қағаздар және т.с.с. осылардың барлығы органикалық ресурстар санатына жатады. Қоғамдық ғылымдар тұрғысынан олар субъективтік меншік құқығының объектісі ретінде қарастырылуы мүмкін.
Азаматтық құқықта заттар деп денелік сезуге мүмкіндік бар объектілер, тауардың экономикалық нысаны бар заттар танылады. Заттар белгілі бір материалдық құндылығы бар еңбектің нәтижесі болып табылады. Оларға тек қана әдеттегі өндіріс құралжабдықтары немесе әр түрлі тұтыну заттары ғана жатпайды, сонымен қатар ақша жйне бағалы қағаздар да жатады. Сондайақ азаматтық құқыта заттардың санатына, адамдардың еңбегімен өндірілгеннемесе алынған, сондықтан да тауарға айналған әр түрлі энергетикалық ресурстар және шикізаттар түрлері жатады. Қалыпты жағдайдағы атмосфералық ауа азаматтық құқықтың, ішінара меншік құқығының объектісі бола алмайды, ал егер де ауа немесе оның құрамдас бөліктері адамдардың еңбегінің нәтижесінде өзгертілсе немесе қалайда бір ерекшеленсе (қыздырылған ауапар, сұйықталған ауагаз, компрессордың көмегімен сығылған ауа және т.б.) олар тауарға айналып, азаматтық құқықтың объектісі болып табылады.
Меншік қатынастарында жер және басқа да табиғи ресурстар, әлбетте, ерекше орын алады, олар әдетте еңбек нәтижесі болып табылмайды (арнайы өңделген жер учаскелерін немесе қолмен отырғызылған ормандарды есептемегенде). Бұл объектілер адам еібегінің нәтижесінде пайда болмаса да, қандай да бір түрде тауарлық айналымға тартылады. Сондықтан да азаматтық құқықтық қатынастың объектілері ретінде жер учаскелері, жер қойнауының байлықтары, су қорлары және басқа да табиғи ресурстар заттар категориясына жатады.
Тұлғаға жеке меншік негізінде тиесілі мүліктің құрамына жеке міндеттемелік құқықтар енуі мүмкін (мысалы, банктегі салымды талап ету, бөтеннің мүлкін пайдалану құқығы), корпоративтік құқықтар (акционерлік және басқа да шаруашылық қоғамдарға, кооперативтерге қатысу құқығы), сондайақ айрықша құқық құрамынан кейбір өкілеттіктер. Олар сол арқылы заттың құқық режиміне өтпейді, бірақта біртұтас кешен ретінде тұлғаға тиісті мүліктіің құрамында болады. Нақ осы кешен мүмкін болатын несие берушілердің талап қою объектісін құрайды. Тек қана осындай мүліктік кешен азаматтық айналымның тәуелсіз және тұтас объетісінің құрамында болып, белгілі бір жағдайларды сақтай отырып, сатып алусату немесе жалдау шарты бойынша оқшаулана алады.
Азаматтық құқықта заттардың жіктелуінің маңызды критериі олардың айналым қабілеттілігі болып табылады, яғни мүліктік айналым объектісі бола алу және иелерін айырбастай алу қабілеттілігі. Осы көзқарас тұрғысынан заттар үш топқа бөлінеді. Олардың бірі арнайы билік органдарының рұқсатынсыз азаматтыққұқықтық мәліметтер нәтижесінде еркін бір тұлғадан екінші тұлғаға өте алуы. Айналымы рұқсыт етілген заттар заттардың басым бөлігін құрайды.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6бабына сәйкес ҚР екі меншік нысаны танылады: 1) мемлекеттік және 2) жеке меншік. Олар бірдей дәрежеде мемлекетпен қорғалады.
АК меншіктің екі нысанын қарастырады: мемлекеттік меншік (192бап) және жеке меншік (191бап). Меншіктің осы екі нысанына байланысты тарихта екі көзқарас пайда болды.
2. Меншік құқығының пайда болатын кезін анықтаудың тәжірибелік маңызы зор.
Шарт бойынша мүлік алушының меншік құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берілген кезден бастап пайда болады (АК 238-бабы, 1-тармағы). Жылжымайтын мүлікке заттық құқықтардың ішінен, меншік құқығынан басқа, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, бір жылдан артық мерзімге жер пайдалану құқығы, бір жылдан артық мерзімге пайдалану құқығы, кепіл, рента, сенімгерлікпен басқару мемлекеттік тіркеуге жатады. Пайдалану құқығы деп, бұл жерде жалдау, төлеусіз пайдалану құқығын, бөтеннің жылжымайтын мүлкін шектеулі пайдалану құқығын беретін сервитуттарды айтамыз.
3. Меншік құқығының тоқтауы оның пайда болуы сияқты, заңда көзделген заңдық фактілердің болуын керек етеді. АК 249-бабының 1-тармағында меншік құқығы меншік иесі өз мүлкін басқа адамдарға берген, меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, мүлік қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлікке меншік құқығынан айырылған жағдайда тоқтатылады делінген. Жекешелендірген жағдайда мемлекеттік меншік құқығы мүлікті жеке тұлғалардың немесе мемлекеттік емес тұлғалардың меншігіне ақылы немесе ақысыз беру туралы шарттың негізінде тоқтайды.
Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды мәжбүрлеп тоқтатудың негіздеріне мыналар жатады:
- меншік иесінің міндеттемелері бойынша өндіртіп алуды мүлікке аудару;
- заң актілеріне сәйкес сол адамға тиесілі бола алмайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен алу;
- реквизиция;
- тәркілеу;
- жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен алу;
- күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып алу.
АК-нің 249-бабының 4-тармағында меншік құқығын мәжбүрлеп тоқтатудың тағы бір негізі – ұлт меншігіне айналдыру көзделген.