Тіс қуыстарының топографиясы
 Жоғарғы орта күрек тіс (1-сурет). Орташа ұзындығы – 22,5 мм, түбір саны – 1 (100%), көлденең кесіндісі – сопақ пішінді (алдан бүйірге қарай созылған), жақсы өтеді. Түбірінің ұшына жақын бөлігі бүйір бағытында аздап иілген, түбір өзегін өңдеуге арналған бұрғыларды өлшемі – 50-90.
| Сурет-1. Жоғары жақтың орталық күрек тіс.сайт-http://www.edentworld.ru/ | 
 Жоғарғы бүйір күрек тіс (2-сурет) . Орташа ұзындығы – 22 мм, түбір саны – 1 (99%); 2 (1%); түбір өзектерінің саны – 1 (99%); 2 (1%); көлденең кесіндісі сопақ пішінді (ерін таңдай бағытында), түбірінің ұшына жақын бөлігі бүйір бағытта аздап иілген. Түбір өзегі көбінесе жақсы өтеді және сауыт қуысының жалғасы болып табылады, оны өңдеуге арналған бұрғылардың өлшемі – 35-40 (өзек қисық болғанда); өзек тік болған жағдайда – 50-70.
| Сурет-2. Жоғары жақтың бүйір күрек тіс.сайт-http://www.edentworld.ru/ | 

Жоғарғы сүйір тіс (3-сурет). Орташа ұзындығы – 26, 5 мм, түбір саны – 1 (99%), 2 (1%), түбір өзектерінің саны – 1 (99%); 2 (1%): көлденең кесіндісі – сопақ пішінді (ерін-таңдай бағытында); түбір ұшы аздап таңдай және бүйір бағыттарында иілген; өңдеуге арналған файлдар өлшемі – 50-70.
1-сурет. Жоғырғы жақ алдыңғы тістердің тігінен, сагитальды және көлденең кесінділері
| Сурет-3. Жоғары жақтың сүйір тіс.сайт-http://www.edentworld.ru/ | 
| Сурет 4. Жоғары жақтың бірінші кіші азу тіс.сайт-http://www.edentworld.ru/ | 
 Жоғарғы бірінші кіші азу тіс (4-сурет). Орташа ұзындығы – 20,5 мм; түбірлері саны – 1 (19%), 2(80%), 3(1%); өзектерінің саны – 1 (4%), 2(95%),3(1%); сауыт қуысының пішіні құмсағат пішініне ұқсас, ұрт-таңдай бағытында созыла орналасқан, табаны дөңес ерге ұқсас, екі жағында екі өзек сағалары (таңдай және ұрт өзектері) орналасқан, өзектері аздап артқы бағытта иілген; таңдай өзегін өңдейтін файлдар өлшемі – 40-60; ұрт өзегін өңдейтін файлдар өлшемі – 35-45.
 

| Сурет 5. Жоғары жақтың екінші кіші азу тіс.сайт-http://www.edentworld.ru/ | 

| Сурет 6. Жоғары жақтың бірінші үлкен азу тіс. сайт-http://www.edentworld.ru/ | 
Үшбұрыштың доғал бұрышында артқы-ұрт өзегінің сағасы орналасқан және тар саңылауға ұқсайды, оны кеңейтуге керекті файлдар өлшемі – 35-45. Түбір өзектерінің қисықтығы әртүрлі.
| Сурет 7. Жоғары жақтың екінші үлкен азу тіс. сайт-http://www.edentworld.ru/ | 
 Жоғарғы жақ екінші үлкен азу тісі (7-сурет). Орташа ұзындығы – 20 мм; түбірлері саны – 1(1%), 2(19%), 3 (80%); сауыт қуысы төртбұрыш, үшбұрыш, куб пішіндес және таңдай – ұрт бағытында созылған саңылауға ұқсас келеді. Түбір өзектерінің саны – 1(1%), 2(2%), 3(57%), 4(40%); Өзек сағаларының орналасуы, өзектердің қисықтығы, оларды өңдеу бірінші үлкен азу тіске ұқсас келеді. Кей жағдайларда тіс қуысы пішінініңң ерекшелігіне байланысты өзек сағалары бір түзудің бойында орналасады. Сонымен қатар алдыңғы-ұрт өзек сағасы артқы-ұрт өзек сағасына өте жақын орналасқан жағдайлар да жиі кездесе береді.
 

| Сурет 8. Төменгі жақтың орталық және бүйір күрек тіс. сайт-http://www.nedug.ru/ | 

Төменгі сүйір тіс (9-сурет). Орташа ұзындығы – 25,6 мм; түбір саны – 1(98%), 2(2%); Сауыт қуысы конус пішіндес, біртіндеп тарылып түбір өзегіне айналады; өзек саны – 1(94%), 2(6%); көлденең кесіндісі сопақ пішінді; кеңейтуге арналған файлдар өлшемі – 45-60.
| Сурет 9. Төменгі жақтың сүйір тіс. сайт-http://www.nedug.ru/ | 

Төменгі жақ бірінші кіші азу тісі (10-сурет). Орташа ұзындығы – 21,6 мм; түбір саны-1 (100%); түбір өзектері саны 1 (75%), 2 (20%), 3(5%); Сауыт қуысы сауыт пішінін қайталап, біртіндеп тарылып, түбір өзегіне ауысады, көлденең кесіндісі домалақ немесе сопақ пішіндес .Өзектерді кеңейтетін файлдар өлшемі: бірінші және екінші өзек үшін – 40-60, үшінші канал-35-45, тіл жақ өзек үшін -30-40, ұрт өзегі үшін-30-40.
| Сурет 10. Төменгі жақтың бірінші кіші азу тіс. сайт-http://www.nedug.ru/ | 
 Төменгі жақтың екінші кіші азу тісі (11-сурет). Орташа ұзындығы – 21,5 мм; түбір саны – 1 (100%); өзектер саны – 1 (89%), 2(10%), 3(1%). Сауыт қуысы тіс сауытының пішінін қайталап, біртіндеп түбір өзегіне ауысады. Өзектерді кеңейтетін файлдар өлшемі: бір өзек болған жағдайда – 40-60, екі өзек болған жағдайда – 35-45.
| Сурет 11. Төменгі жақтың екінші кіші азу тіс. сайт-http://www.nedug.ru/ | 

| Сурет 12. Төменгі жақтың бірінші үлкен азу тіс. сайт-http://www.nedug.ru/ | 
Төменгі екінші үлкен азу тіс (6-сурет). Орташа ұзындығы -20 мм; түбірлері саны – 2 (84%), 1(15%), 3(1%). Сауыт қуысы кубқа ұқсас, табаны ойық, өзектер саны – 3(77%), 2(13%), 4(7%), 1(3%); өзек сағалары теңбүйірлі үшбұрыш құрай (бірінші үлкен азу тістегідей), бірақ бір-біріне жақынырақ орналасады. Кейде олар тік бұрышты үшбұрыш жасай да орналасады. Бұл кезде оның табанындағы тік бұрышта алдыңғы тіл жақ, ал сүйір бұрышында алдыңғы ұрт жақ өзектерінің сағалары орналасады. Егер артқы түбірде екі өзек болатын болса, барлық өзектердің сағалары тік төртбұрыш, куб немесе трапеция пішінін жасай орналасады. Тіс бір түбірлі болған кезде өзек екеу (ұрт және тіл жақ өзектер), кейде біреу болады. Бұл кезде сауыт қуысы төртбұрыш немесе домалақ пішінді, табаны болмайды, біртіндеп түбір өзегіне ауысады.
Түбір өзектерін кеңейтуге арналған файлдар өлшемі: алдыңғы өзектер үшін – 35-45, артқы өзектер үшін – 45-60 (бірінші өзек үшін) және 35-45 (екінші өзек үшін).
Үшінші үлкен азу тістер (ақыл тістер) қуыстары мен өзектері туралы мәліметтер берудің қажеттілігі шамалы. Себебі, көп жағдайларда бұл тістерде асқынған тісжегіні емдеу мүмкіндігі бола бермейді.
Тістер ұзындығының J. Ingle, Z. Blacklind ұсынған кестесі (1994)
| Ең үлкен | 25,6 | 25,1 | 28,9 | 23,8 | 22,5 21,6 21,2 | 22,6 22,2 21,3 | |
| Орташа | 23,3 | 22,8 | 21,8 | 20,6 19,9 19,4 | 20,8 20,2 19,4 | ||
| Ең кіші | 21,0 | 20,5 | 23,1 | 18,8 | 17,5 18,2 17,6 | 19,0 18,2 17,5 | |
| Тіс формуласы | Таңд. ал-ұрт арт-ұрт Алд. Арт. | Таңд. Ал-ұрт арт-ұрт Алд. Арт. | |||||
| Ең үлкен | 23,4 | 24,6 | 27,5 | 24,1 | 23,7 | 22,7 22,6 | 22,6 22,8 | 
| Орташа | 21,5 | 22,4 | 25,2 | 22,1 | 21,4 | 20,9 20,0 | 20,9 20,9 | 
| Ең кіші | 19,6 | 20,2 | 22,9 | 20,1 | 19,1 | 19,1 19,2 | 19,2 19,0 | 

Сурет -13. Тіс қуыстарының топографиясы. сайт-http://www.nedug.ru/