Дәріс №6. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің негізгі міндеттері
Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің негізгі міндеттері. Сыртқы саясаттағы басты құрал-дипломатия және оның органдары. Қазақстанның еуразиялық екі ірі мемлекеттердің арасындағы геосаяси жағдайында дипломатиялық қызмет мемлекеттік мүддені нақты жағдайда қабылданатын шешімге орай икемділікпен үйлестіре қатаң қорғауы керек. Халықаралық байланысты жүзеге асыруда Қазақстанның сыртқы саясаты дүние жүзінде қалыптасқан жағдайға байланысты көпбағыттығын ескеру принципінен шығуы керек. Дүние жүзіндегі саяси және экономикалық үрдістердің ғаламдық сипаты жағдайында, жекелеген елдер қауіпсіздігіне кепілдік ұжымдық күш-жігермен ғана қамтамасыз етіледі. Қазақстан республикамен шекаралас елдердің бәрімен сенімге негізделген тату көршілік қатынас орнатуға тырысады.
Бұл мақсатқа жету үшін Қазақстан қауіпсіздік жүйесін құруға арналған және халықаралық ынтымақтастықтың барлық деңгейіндегі қарусыздану үрдістеріне мақсатты түрде қатысады. Оның бірнеше деңгейі бар:
· Қазақстанның ТМД-дағы халықаралық қауіпсіздік және қарусыздану саласындағы интеграциялық саясаты;
· Қазақстанның Азияда бейбітшілікті және тұрақтылықты қолдау туралы ұйым құру ұсынысы;
· Қазақстан халықаралық БҰҰ, ОБСЕ және т.б. ұйымдарға қатысып, қарусыздану және бейбітшілікті қолдау саясатын жүзеге асырады.
Қауіпсіздікке кепілдік алуға қол жеткізу үшін Қазақстан бірқатар сыртқы саясат әрекеттерін қарастырды. 1992 ж. Ташкентте Қазақстанның, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Армения, Әзірбайжан, Грузия мен Өзбекстанның басшылары бас қосып, ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісімге қол қойды. Мемлекеттер басшылары және ТМД Біріккен Қарулы күш бас қолбасшыларынан тұратын Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі құрылды. 1992 ж. қазан айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Қазақстан Президенті z:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmz:\CorvDoc\lektsiiorg3\Program FilesBimashHistoryhtmlmansnazarbaev.htmН.Ә.Назарбаев Азияда бірігіп әрекет ету және сенім шаралары (АБӘСШ) туралы Кеңес құру туралы ұсыныс жасады. 1999 ж. 14 қыркүйекте Алматыда АБӘСШ мүшелері-15 мемлекеттің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті.
1995 ж. үш республика-Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан басшылары БҰҰ Бас хатшысына БҰҰ қарамағында біріккен орталықазиялық бейбітшілік сақтау батальонын (Ортазбат) құру туралы ұсыныс енгізді. 1997 ж. Ортазбаттың алғашқы оқу-жаттығулары өткізілді.
1996 ж. бес мемлекет-Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскери салада және шекаралық аудандарда сенім шараларын нығайту туралы Келісімге қол қойды. 1997 ж. шекаралық аудандардағы қарулы күштерді келісімді қысқарту туралы Келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер Қытаймен шекара жөніндегі дауды реттеуге негіз болды. 2001 ж. көктемде бұл Келісімге Өзбекстан қосылды. Шанхай бестігі-Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) болып құрылды.
Алайда, Қазақстанның дипломатиялық қызметінің мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетінен басқа, республика ішінде өтіп жатқан реформаларды қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар міндеттері бар. Оларды атап айтсақ:
· Қазақстан экономикасы үшін дамыған мемлекеттер және жекелеген қаржы ұйымдары тарапынан инвестициялар тарту;
· экономикалық міндеттер, экологиялық проблемалар, дүниежүзілік коммуникацияға шығу мәселелерінде қаржы тарту және практикалық көмек көрсету;
· әр түрлі проблемалар бойынша халықаралық ақпараттар алмасуға қатысу;
· Қазақстандық экономиканың, ғылым мен басқарудың әр түрлі салалары үшін шет елдерде мамандар даярлау бағдарламасын жүзеге асыру;
· шет елдердегі Қазақстан азаматтарының мүддесі мен құқықтарын қорғау;
· шетелдік серіктестермен еліміздің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту.
Аталған бағыттар бойынша Қазақстанның дипломатиялық қызметін тұрақты жүзеге асыру біздің еліміздің ұзақ мерзімдік приоритетін (басым бағытын) іске қосуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның дипломатиялық қызметі 1991 жылдан-2001 ж. дейінгі 10 жыл ішінде күрделі даму жолынан өтті. 1991-1993 жылдары Қазақстан халықаралық құқық субъектісі ретінде әлемдік қоғамдастыққа ену шараларын жүзеге асырды, дүние жүзіндегі жетекші елдермен ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық базасын қалыптастырды. 1991 ж. 20 желтоқсанда ҚР Президентінің жарлығымен Т.С.Сүлейменов ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 1992 ж. 15 сәуірде А.Х.Арыстанбекова ҚР БҰҰ-дағы тұрақты өкілі болып тағайындалды.
1994-1997 жж. сыртқы саясат қызметінде мықты құқықтық база құру жұмысы жалғастырылды, бірінші планға шет елдер стратегиялық ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету тетігін қалыптастыру міндеті шықты. 1994 ж. 12 қазанда Қ.К.Тоқаев Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалды.
1997 жылдан бастап Қазақстанның сыртқы саясатында үшінші даму кезеңі басталды, ол-ел алдында жаңа ғаламдық жағдайлар тууымен сипатталады. Қазақстанның сыртқы саясатындағы бағдары “Қазақстан-2030” стратегиялық даму бағдарламасында ашып көрсетілді. 1999 ж. 12 қазанда Е.Ә.Ыдырысов ҚР Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 2002 ж. Қ.Тоқаев қайтадан Сыртқы істер министрі болды.
Негізгі әдебиеттер: 1, 3, 8, 9, 10, 14, 15.
Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 6, 12, 16, 17, 21, 29, 31.