Электр беріліс желілеріндегі сымдардың конструктивті орындалуы

ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТОРАПТАР МЕН ЖҮЙЕЛЕР

Электр тораптарының тағайындалуы мен жіктелуі. Электр тораптарына қойылатын талаптар.

Электр тораптары – электр энергиясын ұзақ қашықтыққа таратуға арналған құрылғылар жиынтығы. Электр қондырғылары: қосалқы станциялар, әуе, кабель электр беріліс желілері, тарату құрылғылары.

Жіктелуі:

- ток бойынша: айнымалы, тұрақты.

- кернеу бойынша: 1000 В-қа дейін:127, 220, 380, 660 В, жоғары кернеулі: ВН – 400 кВ-қа дейін. СВН – 400-1000 В, УВН – 1000 кВ жоғары.

- схема конфигурациясы бойынша:

- тұйықталған, тұйықталмаған.

- атқаратын қызметі бойынша:жүйеқұраушы тораптар, кернеуі 330-1150 кВ – қуатты электр станцияларын біріктіріп және олардың қызметтерін бірыңғай басқару объектісі ретінде қамтамасыздандырып, біріктірілген энергожүйе қалыптастыру қызметін іске асырады, сонымен қоса электр энергиясын қуатты электр станцияларынан таратуды қамтамасыз етеді. Жүйеқұраушы тораптардың режмидері біріккен диспетчер орталығында басқарылады. Энергожүйелерді байланыстыратын 330-1150 кВ кернеулі тораптарды, жүйеаралық деп атайды;қоректендіруші тораптар (аудандық) - жүйеқұраушы тораптардың қосалқы станцияларынан және 110-220 кВ электр станцияларының қоректендіру орталықтарына эл.энергиясын тасымалдайды.Қор.тораптар әдетте тұйықталған болып келеді; таратушы тораптар аудандық қос.станцияларының төменгі кернеу шиналарынан тұтынушыларға аз арақашықтықта энергияны тасымалдайды. Бұл тораптар тұйықталмаған режимде жұмыс жасайды. Таратушы тораптар тұтынушы сипаттамасына байланысты өндірістік, қалалық, ауылдық б.б.

Қойылатын талаптар:

Электр тораптары тұтынушыға тиісті сападағы электр энергиясымен қамтып (тұрақты кернеу мен жиілікте), сонымен бірге электрлік және өрт қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандыру қажет. Бұл талаптар орындалу үшін қолданылатын материалды, конструкциясы және тірек ұзындығы, сымдардың типі және олардың қимасы дұрыс таңдалу керек. Электр тораптарындағы кабельдер мен сымдардың қималары экономкалық тұрғыда үнемді болып, келесідей талаптарға сай таңдалады: а) электр тогымен қыздыру; б) механикалық беріктілік; в) керену шығыны; г) экономикалық токтың тығыздығы.

 

Электр беріліс желілеріндегі сымдардың конструктивті орындалуы.

ЭБЖ – э.э. берілетін және таратылатын, ұзақ қашықтыққа тартылған өткізгіштер жиынтығы. Өткізгіштер, біріктіруші арматуралар, тіреуіштер, оқшаулағыштар, траверстер, кабельдер, арналар және т.б.

Әуе желілері э.э. ашық ауада орналасқан сымдар арқылы беруге және таратуға арналған. Негізгі конструктивті элементтері: тіректер (ағаш, темірбетон, металл), сым, найзағайдан қорғайтын тростар, оқшаулағыштар, линейные арматуры (болттар, жерлендіргіштер). Тіректер сымдар мен тростарды адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігі үшін жер мен су деңгейінен биікте тұру үшін қолд. Тіректер 2 түрлі болады: а) аралық өте қарапайым ,желілердің тік аймақтарында сымды ілу үшін қолд.; б) анкерлі тіректер концевые, бұрыштық, арнайы, транспозициялы, ответвительные, өтпелі(сулардан, авто, теміржол) болады. Сымдар э.э. беруге арналған. Сым тірекке оқшаулағыш көмегімен ілінеді. Жақса эл.өткізгіштігімен, механикалық беріктілігімен, коррозияға төзу қабілеттілігімен қоса, сымдар экономика жағынан тиімді болуы қажет. Сол себептен алюминий, болат секілді арзан металдарды қолд. Мыс бәрінен де жақсы өткізгіштікке ие болғанымен бағасы қымбат. Әуе желілерінде көбіне оқшауланбаған сымдар қолд. Конструктивті орындалуы бойынша бір сымды, көп сымды болады. Бірсымды болат сымдар төменгі вольтті желілерде қолд. Сымдардың механикалық беріктілігі мен иілгіштігі жоғары болу үшін оларды көпсымды етіп, бір металдан (алюминий немесе болат) не екә металдың қосындысынан дайындайды. Болат сымның мех.беріктігін жоғартады. А және АКП маркалы сымдар 35 кВ дейінгі ӘЖ қолд. Ал 35 кВ жоғары сымдар тек болат-алюминийден дайындалады. А – алюминий, М – мыс, ПС – болат, АА – алюминий-альдерей, ал сердечник болаттан жасалады: АС – болат-алюминий, АН – термо-өңделмеген, АЖ – термо-өңделген, СИП – самонесущий изолированный провод. Оқшаулағыш сым мен тірек арасындағы қажетті оқшаулағыш аралықты қамтамасыз етеді. Тіректердің жоғарғы бөлігінде сымдардың үстінде найзағайдан қорғайтын тростарды құрады. Линейный арматуралар көмегімен сымдар мен тростар оқшаулағыштарда бектіледі, ал оқшаулағыштар тіректерде бекітіледі.