Дәлелділік деңгейлері және нұсқаулар дәрежесі
Тәжірибеде медициналық қызметкерлер әр түрлі медициналық кірісулер жайлы көптеген потенциалды мәлімет көздері пайдалануы мүмкін:
■ медицина мамандары немесе басқа да сала мамандары жүргізген зерттеу материалдары;
■ фармацевтикалық және басқа да компаниялардан алынған басқа ақпарат немесе зерттеу материалдары;
■ зерттеу шолулары мен клиникалық нұсқаулар;
■ тәжірибелі мамандар (эксперттер) тұжырымы;
■ жолдастарының тұжырымы;
■ өзінің тәжірибесі;
■ өз тәжіпибесіне негізделген куәгер науқастар.
Дәрігерге ең маңыздысы ғылыми медициналық журналдарда жарияланған зерттеу қорытындылары болады. Оның себебі журналдарда жарияланатын мақала тыңғылықты түрде сараланып, таңдалып алынады, бұл болатын түсініспеушіліктерден, қателерден, сапасыз ақпараттардың жарық көруіне кедергі келтіреді.
Журналдардағы ғылыми хабарламалар түпнұсқалы ғылыми зерттеулердің қорытындысы бола бермеуі де мүмкін. Олар комментариилер, дискуссиялар да болуы мүмкін. Тағы да журналдарда медициналық және биологиялық зерттеулермен бірге жанураларда жүргізілген зерттеулер қорытындысы да жарияланады.
Неғұрлым дәлелділігі жоғары ақпарат ғылыми зерттеулер болады, олар басқалардан ерекшелігі бұл жүйелік процесс, онда зерттеушінің өзіндік құштарлықтарын бөліп тастап тек айқын бекітілген хаттама бойынша жүргізіледі және соның нәтижесінде пациент/клиенттер мен осы салада жұмыс істейтін тәжірибелік медициналық қызметкерлер үшін актуальды болатын қорытындылар алады.
жүйелік шолулар
РБЗ
когортты зерттеулер
зерттеу түрі «жағдай—бақылау»
/ жағрайлар сериясын зерттеу
/ жағдайды суреттеу
/ редакционды статья, ойлар, тұжырым
/ жануарлардағы зерттеулер
/ \ in vitro зерттеуі
Сурет 1. Ақпарат көздерінің дәлелділік иерархиясы. Мұны ұсынған JR.B. Haynes, бұл суретте денсаулық сақтау саласында емдеу және терапевтік кірісулерді бағалау әдісінің Швед кеңесі ұсынған нұсқасы.
Зерттеулердің мәліметтерінің дәлелділік дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. «Дәлелдер пирамидасын» (сурет 1.) қолдана отырып дәрігер неғұрлым дәлелділігі жоғары зерттеу қорытындыларын қолдануы керек. Емдеу мен алдын алуға қатысты зерттеулердің тиімділігін анықтағанда дәлелділігі жоғарысы РБЗ. Егер бірнеше РБЗ болса, жүйелік шолулар арқылы оларды біріктіре отырып арасындағы алшақтықтарды байқауға, нәтижелерін ортақтастыруға болады. Сондықтан жүйелік шолулардан шыққан қорытындылар жекеленген РБЗ қорытындыларынан дәлелділігі жоғары деп есептеледі.
Зерттеулерді дәлелділік дәрежесі бойынша 4 деңгейлік классификациясы бар (кесте 1.), оның ең жоғарғысы I деңгей.
Таблица 1. Уровни доказательности исследований
Деңгей | Зерттеу түрі | |
I | Мета-анализ РБЗ немесе ең азы бір сапалы РБЗ | A |
II | Ең азы бір жақсы ұйымдастырылған, бақыланатын зерттеуз рандомизациясыз немесе квази-экспериментальды зерттеу (когортты) | B |
III | Экспериментальды емес зерттеулер | C |
IV | Сарапшы кеңесі немесе қадрлі тұлғаның тұжырымы немесе клиникалық тәжірибесі уважаемых авторитетов | D |
Емдеу мен диагностиканың тәжірибелік нұсқаулары барлық зерттеулер қорытындысына негізделеді. Бұл жоғары сапалы зерттеу қорытындылары жеткіліксіз жағдайларда өте маңызды болады. Осы мақсатта жеткілікті дәлелдерді сұрыптауға болады. Нұсқаулар дәлелділік дәрежесі бойынша 4 деңгейге бөлінеді, оларды латын әріптері - А, В, С, D деп белгілейді.
А деңгейіндегі ұсыныстар зерттеу қорытындылары I категория дәлелдеріне негізделеді, сондықтан дәлелділік дәрежесі өте жоғары болады. В деңгейіндегі ұсыныстардың дәлелділік дәрежесі орташа – оларды құрастыруда зерттеу қорытындысы II немесе III категориясындағы дәлелдер қолданылады. С деңгейіндегі ұсыныстардың дәлелділік дәрежесі шектелген (шектелген дәлелдер категориясы). D деңгейіндегі ұсыныстар – қатал ғылыми дәлелдері жоқ, ссарапшы кеңестер есебі немесе қадірлі тұлғаның тұжырымы немесе клиникалық тәжірибесі негізінде құралады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Т.Гринхальх «Основы доказательной медицины», М., 2008.
2. Т.Гринхальх «Основы доказательной медицины», М., 2006
қосымша:
· Принципы клинической практики, основанной на доказанном. Рабочая группа по доказательной медицине под ред. Гордона Гайятта, Драммонда Ренни., М., 2003.
· В. Петров, С.Недогода «Медицина, основанная на доказательствах», М., 2009
Основы доказательной медицины. И.Р.Кулмагамбетов, Т.М.Мажитов, А.Н.Ихамбаева