Көне грек мәдениеті

 

Халықтық театр қойылымдары өте ежелгі заманда пайда болып, әр түрлі әдет-ғұрыптар, ойындар мен билер орындаудан құралады. Халықтық театрдың көптеген формалары шамалы ғана өзгерістермен осы уақытқа дейін келіп жетті. "Рамаяна”, "Махабхарата” эпик. поэмаларының мазмұнын сахнада бейнелеу көпшілік халықтық театрлық қойылымдардың негізі болып табылады. 4. Біздің заманымызға дейінгі грек-парсы соғыстары (500—449 жылдар) ежелгі Грекияның тарихындағы бетбұрыс кезең болды, өйткені дәл осы уақыттан бастап грек мәдениетінің классикалық кезеңі басталды. Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр Афины, әсіресе Периклдің (біздің заманымызға дейінгі 444-429 жылдар) басшылығы кезінде аса ірі мәдени орталыққа айналды. Афинының рухани өмірінде демократиялық құрылыстың орнығуы — грек театрының гүлденуімен, трагедиялық және комедиялық шығармалары дүниежүзілік әдебиеттің асыл қазынасына енген Эсхилдің, Софоклдың, Еврипид пен Аристофанның шығармашылықтарымен тұспа-тұс келді.

Аполло Олимп. Архаикалық дәуірде әдебиет саласында лирикалық жанр үстемдік етсе, ендігі жерде трагедия мен комедия жанрлары басты орынға шықты. Дәл мағынасында трагедия деген сөз — «ешкілер әні» деген мағына береді. Ол — ешкі терісін жамылып, әзіл-оспақтық сарында хормен өлең айтудан шыққан. Афиныда Дионис құдайдың құрметіне байланысты жалпы мемлекеттік мейрамның бекітілуі — трагедияның мерейін жоғарылата түсті. Мифологиялық кейіпкерлерге толы грек трагедияларының басты мазмұны — халықтың өз теңдігі мен әлеуметтік әділет жолындағы қаһармандық күресінің сан саласына арналған. Грек трагедиясының Гомер дастандары сияқты үлкен тәрбиелік мәні болды.

Посейдон. Классикалық грек трагедиясының негізін қалаушы — ұлы Эсхил (біздің заманымызға дейінгі 525—456 жылдар) болды. Эсхилге дейін бүкіл кейіпкерлерді бір-ақ актер ойнайтын болса, енді сахнаға екінші актер шығарылды, соның арқасында драмалық сахна көріністері жандана түсті. Осы орайда, драмалық қойылымдарда маскалардың, декорациялардың қолданылуы да Эсхилдің есімімен тығыз байланысты екендігін айта кеткен жөн. Эсхил трагедияларында шындық, өділеттілік, діни-этикалық мұра ұғымдары одан әрі айқындалып, азаматтардың рақымшылдығы мен адамгершілігі, өз еліне деген сүйіспеншілігі басты орынға шықты. Мысалы, «Құрсаулы Прометей» трагедиясының басты тақырыбы патриотизм мен рақымшылдық болса, ал «Орестей» трилогиясында адам тағдыры кеңінен көрініс тапқан. Адам тагдыры мөселесі грек трагедиясының дарынды өкілдерінің бірі Софоклдың (біздің заманымызға дейінгі 497—406 жылдар) шығармашылығында өзінің занды жалғасын тапты. Ол өз шығармаларында еркіндікке толы азамат еркінің әділетсіз қатал тағдырға қарсылығын тамаша суреттей білді. Софоклдың «Эдип патша» деп аталатын ұлы трагедиясының күні бүгінге дейін элем сахналарынан түспеуі көп нөрсені аңғартса керек.

Біздің заманымызға дейінгі 480—406 жылдар аралығында өмір сүрген Эврипид психологиялық драманың негізін қалады. Оның «Медея» және «Федра» трагедиялары да адам өліміне өкеліп соғатын шым-шытырық өмірлік уақиғаларға толы болып келеді.

Ежелгі Грекиядағы комедия жанрының тамаша өкілі — Аристофан (біздің заманымызға дейінгі 445—385 жылдар шамасы) болды. Оның комедиялық туындыларында халықтың күнделікті өмірі, тұрмыс-тіршілігі басты орын алды. Сондықтан да болар, оның комедияларындағы кейіпкерлер әдетте халық атынан сөйлеп, халықты қанап, алдап-арбаушыларды өткір сынға алады. Ұрылар сияқты қоғамға жат элементтермен қатар, ақылы мен арын сатқан ел билеуші философтарды да әжуаға ұшыратады. Оның 138 «Салт аттылар», «Бейбітшілік», «Лисистрата» және тағы да басқа комедиялары саяси мазмұндағы шығармалар қатарына жатады. Аристофан грек театрының халықтың дөстүрлеріне сүйене отырып театр сахналарында мималарды (өмірдің күнделікті жағдайларын бейнелейтін шағын көріністер) кеңінен пайдаланды. Дөл осы кезенде пантомима жанрының туындауы комедия жанрын одан әрі түрлендіріп, оның халықтық сипатын айқындай түсті.

Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр грек тарихнамасы қарқынды түрде дами бастады. Оған үлкен үлес қосқан сонау көне заманның өзінде-ақ «тарихтың атасы» деген атақ-даңққа ие болған Геродот (біздің заманымызға дейінгі 484— 430 жылдар) болды. Оның тақырыбының негізгі арқауы грек-парсы соғыстары болып табылатын «Тарих» атты еңбегі баға жетпес тарихи мұралардың қатарынан орын алды. Көне заманның ұлы тарихшыларының бірі — Фукидид (біздің заманымызға дейінгі 460—400 жылдар) өзінің «Пелопоннесе соғыстары» атты еңбегінде алғаш рет ғылыми — шыншылдық әдісін кеңінен қолданып, сол кезеңдегі тарихи уақиғалардың өзара байланыстарын ашу арқасында, халықтың саяси білімінің артуына себепкер болды.

 

Орытынды

 

Еуразиялық сахарадағы көшпелілер Дала арқылы өтетін «Ұлы Жібек жолы» сауда ғана емес, мәдениет тоғысу жолы болды. Көшпелі өмір адам мен табиғаттың қадірін білуге дағдыландырды. Даланың өзіндік этикасы мен менталитеті қалыптасты. Түркі әлемінің мемлекеттік жүйесі түркі өркениетін, дәлел.

Түркі қағанаты Еуразия сахарасындағы тұңғыш империя еді. Ол сонау Маньчжуриядан Азов теңкізіне дейінгі жерді алып жатты. Мұндай алып империяны кейін Моңғолдар, XVIII-XIX ғғ. Ресей ғана орната алды. Сол дәуірде түркі жазуы пайда болды. Біздің бабаларымыз тасқа қашап, болмыстарын хаттап кетті: «Когда вверху возникло Голубое небо и внизу Бурая земля, между ними обоими возник род людской и воссилени над людьми мои пращуры Бумын каган, Истеми каган. Воссев над царство, они учредили Эль (государство) и установили Тэрю (закон) народа тюрков. Имеющих головы они заставили склонить головы, имеющих колени они заставили преклонить колени. На восток и запад они расселили свой народ. Они были мудрые каганы, они были могущественные каганы».

Біздің жыл санауымызбен 545 жылы Бумын қағанның ордасына Қытай елшісі келді. Сол кезден бастап, түркі елі халықаралық статусқа ие болды. Түрік қағанаты кейінгі Түргеш, Ұйғыр, Қарахан, Қырғыз, Хазар қағанаттарына, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттеріне, Алтын Орда Жошы ұлысына, Қазақ хандықтарына жол салды.

Түркі өркениетінің әлемдік тарихқа қосқан үлестерін төмендігідей үлгіде жүйелесек:

Тәңірлік дүниетанымды қалыптастырды, Зәрдүш (Зороастризм) діні тарады; металл қорытудың ежелгі орталығы болды.

Түркі жазуы болды және жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі күнтізбелік дүниетанымды қалыптастырды. Ерекше әскери құрылымы, әскери өнердің шебер үлгілерін қалдырды.

Архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін қалдырды: Айша бибі, Алашақан, Сырлытам, Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбанана, Болғанана, Ботағай мавзолейлері т.б.

Би-шешендер бай ауыз әдебиетін қалдырды. Әуез (музыка өнері) шарықтады. Тек қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй (аспапты музыка) дүниеге келген.

Мемлекетті басқарудың дала демократиясына сүйенген ерекше жүйесін жасады. Ерте замандардағы төл түркілік сакралдық ұғымдар, дәстүрлер мен мотив-символдарды анықтаудың маңызы зор. Таңба мәселесі Шәкәрім, М. Тынышпаевтың еңбектерінде де жазылған. Этногроф ғалым Ж. Артықбаев: «Еуразия даласы көшпенділердің мәдени жетістіктерін толығымен бойына сіңірген қазақ қоғамы өзінің ішкі құрылымы жағынан да, сыртқы құрылымы жағынан да, мән-мағынасы жағынан да ерекше құбылыс болып табылады. Көшпелі қоғамның өмір сүру негізінде қабылданбайтын, өзгелермен салыстыруға келмейтін өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда Батыстың да, Шығыстың да мәдени өлшеміне сай келмейтін ерекше мәдениет қалыптасқан. Осы ерекшелікті сезіну – методологиялық парадигманы өзгертуге негіз болуы тиіс. Бәрінен бұрын тарихи таным өзегіне материалдық көрсеткіштер емес, рухани құндылықтар: қоғамдық сана, әлеуметтік-мәдени құндылықтар сияқты факторлар қойылуы тиіс» - деп жазған еді. Міне, осылай, Қытай, Иран, Византиялық өркениеттермен тоғысқан түркілер жаңа мемлекет типін қалыптастырды. Егер, бірінші түркі қағанатында соғды тілі үстем етсе, екінші түркі қағанатында руна жазуы тарады. VII-VIII ғғ. Моңғолия мен Алтайда, Хакасия мен Тувада, Шығыс Түркістан мен Жетісуда Көне түрік алфавитімен жазылған 200-ден астам тас ескерткіштер қалды. Ал біздің ғасыр санауымыздан бұрын V ғасырда өмір сүрген Есік жазуындағы 17 әріптің 13-і көне түркі руникалық алфавит екені белгілі болды. Д.Клеменец көне түркілерді «тамаша халық» деген еді.

VI ғасырда түркілердің әдеби тілі қалыптасты, көрші Шығыс мәдениеті игеріле бастады. Кеңес шығыстанушылары ортағасырда жеті тұрақты тарихи-мәдени орталықтар Еуропалық, Араб-исламдық, Орта Шығыстық, Оңтүстік Азиялық, Орталық Азиялық, Қиыр Шығыстық, Оңтүстік Шығыс Азиялық орталықтары қалыптасты – деп есептейді. Сонымен Алтайдан Донға, кейде Дунайға серпілген бұл өркениет – 2000-2500 жылдың тарихы бар өркениет.

Бүгінгі Қазақстан өткен замандардан ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлердің саналуандығын мирас етті. Ел аумағында тұратын жүзден аса этностық топтың өкілдері азиялық және еуропалық компоненттерді үйлестіретін бірегей мәдени нақышты құрайды.

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің түп тамыры өте тереңде жатыр. Қазақ мәдениетінің қалыптасып дамыған аймағы осы ұлттың бүгінгі мекені, соның төңірегі. Оның дәлелі археологиялық, палеоэтнографиялық деректер. Біздің жерімізде мекендеген андронов тайпаларының қыш құмыраларындағы ою-өрнектер кейінгі қазақтың бау, басқұрларындағы нақыштарға ұқсайды. Андроновтықтардың тастан салған үйлері, шаруашылық құрылыстары, құдықтары кейінгі қазақтың осындай құрылыстарында көрініс тапқан. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, қаңлы тайпаларының да мәдениеттерінің қазақ дәстүрлі мәдениетінің қалыптасуына әсері аз болмаған. Ерте ортағасырларда бүгінгі Қазақстан жерін және көрші аймақтарды мекендеген таза түркілік этностар және мемлекеттер тұсында бүгінгі қазақ халқы дәстүрлі мәдениетінің, тілінің негізі қалыптасты. Жалпы мәдениетті, әдетте, шартты түрде екіге бөлеміз. Ол материалдық (заттай) және рухани мәдениет. Материалдық мөдениетке ұстап көруге болатын заттық дүниелерді жатқызсақ, рухани мәдениетке көзбен көріп ұстауға келмейтін рухани құндылықтарды жатқызамыз.

 

Ұқсастықтары:

Бұл мәдениеттердің жалпы ұқсастығы келетін болсақ, барлық мәдениеттер Еуразия кеңістігіндегі көне өркениеттерді құрайды. Әрбір мәдениеттің өзіне тән әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері. Қай өркениетті алып қарасанда, материалдық және рухани мәдениеттерге бай. Әсіресе барлық мәдениеттерде өнер туындылары кездеседі: музыка, фольклор, халық музыкасы және т.б.

 

Өркениеттер Ерекшеліктері
Көшпенділер мәдениеті Рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен өмір сүрген. Көшпелілерде табиғатка негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды. Көшпелілер мәдениетінің тағы бір ерекшелігі — олардың мәдениетінің көбінесе синкретті (біртекті ғана емес, көпқырлы) болып келуінде. Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бір-бірімен араласуына, жақындасуына қозғаушы күш болған, дәнекер қызметін атқарған.
Көне қытай мәдениеті Ежелгі Қытай тұрғындары әлем екі қарама-қарсы күштердің: Ян (оң-ер адам күші) және Инь (теріс, әйел дам күші) соқтығысынан туындады деп түсінген. Қытайлықтардың дүниетанымы да осы негізде қалыптасқан. Б.з.б. ІІ мыңжылдықта қытайлықтарда табиғатқа табыну: тау, жер, өзен, күн, ай, жаңбыр, жел т.б. табиғат құбылыстары иесіне сыйыну үстем болған. Олар сыйынды, құрбандық шалды, өздеріне олардан жақсылық тіледі. Олардың арасындағы «ең жоғары» құдайшылық болды. Ол – барлық рухтар мен өлгендер рухынан биік тұрды. Кейіннен патша билігін құдайшылықпен теңестіру пайда болды. Патша аспан баласы, яғни құдайдың жердегі өкілі ретінде есептелді. Б.з.б. І мыңжылдықтың орта шенінен Қытайда үш негізгі идеологиялық бағыт пайда болып, кейіннен олар діни-фәлсәфәлық жүйеге айналды. Олар: даосизм, Конфуций ілімі және буддизм.
Көне үнді мәдениеті. Үнді көркем мәдениетінің қайнар көздері Инд пен Ганг өзендерінің жағалауларында пайда болған өте ежелгі өркениеттерден басталады. Үндістан халықтары өте ежелгі, терең өзіндік ерекшеліктері бар музыкалық мәдениеттің мұрагерлері болып табылады. Оның қайнар бұлақтары халықтардың әр салалы еңбек және рухани қызметіне байланысты халықтық және ұжымдық әдет-ғұрыптардан басталады. Үнді музыкасына суырып салмалық тән. Кәсіпқой музыка өз бастамасын фольклорлық үлгілерден алғанымен де, классик. және халықтық музыка жанрлары бір-бірінен елеулі түрде ерекшеленеді. Халықтық театр қойылымдары өте ежелгі заманда пайда болып, әр түрлі әдет-ғұрыптар, ойындар мен билер орындаудан құралады.
Көне грек мәдениеті. Б.з.б. V ғасыр Афины, әсіресе Периклдің басшылығы кезінде аса ірі мәдени орталыққа айналды. Афинының рухани өмірінде демократиялық құрылыстың орнығуы — грек театрының гүлденуімен, трагедиялық және комедиялық шығармалары дүниежүзілік әдебиеттің асыл қазынасына енген Эсхилдің, Софоклдың, Еврипид пен Аристофанның шығармашылықтарымен тұспа-тұс келді. Мифологиялық кейіпкерлерге толы грек трагедияларының басты мазмұны — халықтың өз теңдігі мен әлеуметтік әділет жолындағы қаһармандық күресінің сан саласына арналған.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Культура кочевников на рубеже веков» – К. Акышев, Алматы, 1995ж.

2. «Ранние тюрки: очерки истории и идеологии» – Ю.А. Зуев, Алматы, 2002ж.

3. «За пределами Великой Степи» – А.Ш. Кадырбаев, Алматы, 1997ж.

4. «Хронология мировой цивилизации» – В. Штайн, М: Изд. «Слово», 2003ж.

5. «Искусство стран Востока» – Москва, 1986ж.

6. «Империя степей» – Рене Груссе, Алматы, ТОО "Санат”, 2003ж.