азақ тілі пәні бойынша 5-деңгейге арналған тест сұрақтары
$$$ Тасымалдауға болатын сөздерді көрсетіңіз:
$$ сағат, дәстүр
$ ҚазҰТУ, ҚазҰПУ
$ түн, сүт
$ 24см, 80км, 35 тг
$$$ Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз:
$$ Көмекей
$ Көзүлдірік
$ Көйлөк
$ Орұнбасар
$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Арман Досановты өз орныма қол қоюға ... етемін»
$$ өкілетті
$ куәлікті
$ мұрагерлік
$ еріктілік
$$$ «Алдап кету» сөзінің мағынасын беретін сөз тіркесін көрсетіңіз:
$$ тақырға отырғызу
$ жым-жылас болу
$ төбесі көкке жету
$ тоқ етерін айту
$$$ Номенклатуралық атаудың қайсысы дұрыс жазылғанын белгілеңіз.
$$ Білім және ғылым министрлігі
$ Білім және ғылымның министрлігі
$ Министрлік білім және ғылым
$ Білім, ғылым министрлік
$$$ Сөзге күшейтпелі мағына бере алатын сөздер қатарын белгілеңіз.
$$ тым, өте, ең
$ кейін, ілгері, алға
$ жорта, әбден, босқа
$ амалсыз, бұрын, әдейі
$$$ Бөлек жазылатын сөзді табыңыз:
$$ әр/кісі
$ әр/қашан
$ әр/бір
$ әр/кім
$$$ Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. «Менің атымнан өтініш жазуға ... білдіремін.»
$$ сенім
$ сенімхат
$ куәлік
$ рұқсат
$$$ «Жаңбыр жауып кетті ... оқушылар ойынды жалғастыра берді» деген салалас сөйлемнің арасына қай тыныс белгісі қойылады?
$$ үтір, сызықша
$ нүкте, үтір
$ қос нүкте
$ ешқандай тыныс белгісі қойылмайды
$$$ Айтылуы жағынан дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз:
$$ Жасырың ғат
$ Жасырын қат
$ Жасырын хат
$ Жасырын Һат
$$$ «Екеуіміз саудаласып тұрып алдық» сөйлеміндегі сауда сөзі қандай мағынаны білдіретінін көрсетіңіз.
$$ келісе алмау, шешімге келе алмау
$ келісу
$ шешімге келу
$ сауда жасайтын орын
$$$ Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.“Дүниенің кілті қолыңда, талабыңнан танба”.
$$ кілті
$ талабыңнан
$ дүниенің
$ танба
$$$ Тыныс белгісі дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз:
$$ ХХІ ғасыр
$ ХХІ-ғасыр
$ ХХІ-ші ғасыр
$ ХХІінші ғасыр
$$$ Қай қатардағы сөздер бір түбірден жасалғанын белгілеңіз.
$$ тұрақ, тұрғын, тұрғылықты
$ тағайындау, түстеу, туындау
$ заң, ереже, жарлық
$ айту, баяндау, сөйлеу
$$$ Сөйлемде белгілі сұраққа жауап бере алмайтын сөздер қатарын белгілеңіз.
$$ және, дейін, егер
$ қызыл, үлкен, орташа
$ жоғары, төмен, кейін
$ табу, іздеу, жүргізу
$$$ “Еті тірі” деген сөз тіркесінің мағынасын көрсетіңіз:
$$ пысық, епті
$ ұзын, арық
$ сөзшең, қуақы
$ момын, жуас
$$$ Бас әріппен жазылмайтын орынды көрсетіңіз:
$$ Қазақ, Орыс, Румын
$ Қазақстан Республикасы.
$ Бөрібасар, Тайбурыл
$ Тоғжан, Ахмет
$$$ Сұрау белгісі қойылмайтын орынды табыңыз:
$$ Студенттердің қайда баратынын айтты
$ Сенің компьютерің қайда тұр
$ Қандай тағамды жақсы көресің
$ Мен қазір кітап оқимын, сіз ше
$$$ Қосымша қате жалғанған сөздер қатарын табыңыз
$$ жазушыныкі, құрылыстыкі
$ жазушының, құрылыстың
$ жазушыларымыз, құрылысымыз
$ жазушылық, құрылыстық
$$$ Тұрақты тіркесі бар сөйлемді көрсетіңіз:
$$ Бір шикі өкпе болса деген Ажардың арманы еді.
$ Темір жолдың жанымен жүріп келе жатырмыз.
$ Ғылым мен мәдениетке көңіл бөлінуде.
$ Тіл - халықтың байлығы.
$$$ Барлық стильдер элементі кездесетін стиль түрін жазыңыз.
$$ Көркем әдебиет
$ Іс-қағаздар стилі
$ Ғылыми
$Публицистикалық
$$$ Дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз:
$$ Күш-жігер
$ Күш-шігер
$ Күж жігер
$ Күшжігер
$$$ Ресми құжат-анықтама не үшін берілетінін белгілеңіз.
$$ Сіздің жұмыс орныңызды нақтылау үшін.
$ Жасыңызды көрсету үшін.
$ Тапсырманы орындау мақсатында
$ Демалысқа шығу үшін.
$$$ Адам мінезіне қатысты тұрақты тіркестер:
$$ Жылқы мінезді, қой аузынан шөп алмас
$ Әдемі табиғат, сулы жер
$ Көзді ашып-жұмғанша
$ Көзі ашық, әп-әдемі
$$$ Публицистикалық стильдің жанрлары:
$$ Очерк, сұхбат
$ Келісім-шарт
$ Әңгіме, роман
$ Анықтама, құжат
$$$ Белгілі себеппен ойдың аяқталмай қалуына байланысты қойылатын тыныс белгіні көрсетіңіз.
$$ Көп нүкте
$ Сызықша
$ Қос нүкте
$ Дефис
$$$ Айтылуы жағынан дұрыс сөзді көрсетіңіз:
$$ Көжжазбау.
$ Көз жазбау.
$ Көс жазбау.
$ Көзі жазбау.
$$$ Бірыңғай мүшелі сөйлемді табыңыз:
$$ Жел соқпай, құс шуламай бәрі жым-жырт.
$ Тыңда, дала, Жамбылды
$ Дариға, домбырамды берші маған
$ Қазақ тілі - өте бай тіл.
$$$ Анықтама қандай стильде жазылады?
$$ Іс қағаздар
$ Ауызекі сөйлеу
$ Публицистикалық стиль
$ Ғылыми
$$$ Фразеологиялық антонимдерді көрсетіңіз:
$$ қоян жүрек - ер жүрек
$ ат ізін салмады - шөлі қанды
$ ақ ниет – ақ жүрек
$ мойны босады – тоң мойын
$$$Публицистикалық стиль ыңғайында берілген сөйлем:
$$ Белгіленген тәртіппен және кезек бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
$ Адалдық үшін алысып, Жігітке ақы төлетті (А. Қ.)
$ Қарт Каспий ауыр теңселіп, толқыны теңіз жағасын ұрып жатты.
$ Сен маған дүниеге жаңа ғана шыр етіп келген сәбисің.
$$$Азот, оттегі, масса, лексикология терминдері қай стильге тән, белгілеңіз.
$$Ғылыми
$Іс-қағаздар
$Публицистика
$Көркем әдебиет
$$$Еркін тіркесті табыңыз:
$$Түйе екі өркешті
$Түймедейді түйедей ету
$Ақ түйенің қарны жарылған күн
$Түйенің танитыны – жапырақ
$$$Сөздің дұрыс жазылуын көрсетіңіз:
$$Әлдекім
$Әлде кім
$Әлдегім
$Әлде-кім
$$$Тырнақшаға алынатын сөзді көрсетіңіз.
$$Парасат журналы
$Алматы кондитер фабрикасы
$Әл-Фараби атындағы университет
$Мемлекеттік банкінің бөлімшесі
$$$ Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз:
$$қара жер
$асыл жер
$туған жер
$жер ана
$$$ Қате жазылған тасымалды көрсетіңіз.
$$Б.Р. – Нұрмақов
$Бар-ша
$Бола-шақ
$Ба-қыт
$$$Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді көрсетіңіз?
$$Ақылгөй
$Ақылкөй
$Ақылқой
$Ақылғой
$$$ “Тез” сөзінің мағынасын көрсететін тұрақты тіркесін табыңыз:
$$қаc пен көздің арасында
$екі көзі төрт болады
$арасынан қыл өтпеді
$салы суға кетті
$$$Мәжбүр болу мағынасын көрсетіңіз:
$$Мамандарды біліктілігіне қарай іріктеуге тура келді
$Мамандарды біліктілігіне қарай іріктеді
$Мамандарды біліктілігіне қарай іріктеген екен
$Мамандарды біліктілігіне қарай іріктесе керек
$$$Үтір дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз:
$$Шешендік сөздердің түрлері: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау.
$Қазақ шешендік сөздерінің бастауы, мақал мен мәтелдер.
$Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде, риторика дейді.
$Тілді қадірлеу, дұрыс сөйлеуден басталады.
$$$ “Құлақ салу” фразеологизмінің антонимін табыңыз:
$$құлақ аспау
$екі езуі екі құлағында
$құлағыңа алтын сырға
$аузының суы құру
$$$ «Мен шын жүректен алғыс айтамын», – ... Сара. Түсірілген көмекші сөзді қойыңыз:
$$деді
$деп
$еді
$кейін
$$$Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз:
$$Сіздер айтқансыздар ма
$Сен көрме
$Ол ешқайда кеткен жоқ
$Кітапта қашан құрылғаны көрсетілген
$$$ Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз:
$$жер ана
$жер қазу
$жерді қопсыту
$жерді өңдеу
$$$ “Биылғы жыл” тіркесінің синонимін көрсетіңіз.
$$ағымдағы жыл
$өткен жыл
$алдыңғы жыл
$жуырдағы жыл
$$$ Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз:
$$Өмір көп, өлім жоқ, – деп тілек тілеп, бата жасайды.
$Өмір көп өлім жоқ! деп тілек тілеп, бата жасайды.
$Өмір көп, өлім жоқ! – деп тілек тілеп, бата жасайды.
$Өмір, көп өлім жоқ!, – деп тілек тілеп, бата жасайды.
$$$ Аяқталмаған сөйлемді табыңыз:
$$Сәулет туындылары тіршілік ортасын
$Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері
$Бұл салада қала ішін білу керек
$Ауыл мен қаланың тыныс-тіршілігі әр қилы
$$$ “Әлемдік деңгейдегі биік тұлға” тіркесінің мағынасын көрсетіңіз.
$$танымал белгілі қайраткер
$сүйсініс білдіреді
$айтылып жүреді
$мақтаныш етеді
$$$ «Мансапқор» сөзінің синонимін табыңыз:
$$шенқұмар
$көрсе қызар
$сотқар
$ұлтшыл
$$$ Міндеттеу мағынасындағы сөйлемді көрсетіңіз:
$$Мен қажетті мамандықты таңдауға тиіспін.
$Оның бүгін ауылға баруы мүмкін.
$Сіздің еңбек тәжірибеңіз көп.
$Жылда шет елге барған болар едім.
$$$ Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз:
$$Қыран бүркіт – биліктің, көрегендік пен дарқандықтың нышаны.
$Қыран бүркіт биліктің, көрегендік пен дарқандықтың нышаны.
$Қыран бүркіт – биліктің көрегендік пен дарқандықтың нышаны.
$Қыран бүркіт биліктің көрегендік пен дарқандықтың нышаны.
$$$ Көп нүктенің орнына көмекші сөз қойыңыз: ”Рецензия – біреудің жазған мақаласына ... шығармасына беріледі”.
$$немесе
$жөнінде
$туралы
$жанында
$$$ Сөйлемнің қай стиль түріне жататынын анықтаңыз. «Туу ит-ай ... сонша ұмытпай жүр бәрін.»
$$ауызекі сөйлеу
$публицисткалық
$ғылыми
$ресми
$$$Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз:
$$әжеп тәуір
$ала ат
$қызыл ала
$көк орамал
$$$ Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз:
$$Менің жаным да алма ағаштай гүлдеді
$Сөз аңдыған кісі оңбас
$Темір газеттен өзінің суретін көрді
$Күн екіндіге жақындап қалды
$$$ Дұрыс жазылмаған сөзді көрсетіңіз:
$$силық
$ілгіш
$диктор
$сая-жай
$$$ Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазыңыз. “Мекенжайым өзгерген жағдайда үш күн … хабарлауға кепілдік беремін”
$$ішінде
$сыртында
$жанында
$қасында
$$$Номенклатуралық атаулардың дұрыс жазылуын көрсетіңіз:
$$Қазақстан Республикасы Сенатының Төрағасы
$Ішкі Істер Министрінің Бірінші Орынбасары
$Қазақстан республикасы «қазақтелеком» департаменті
$Қазақстан Республикасының парламенті
$$$ Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашыңыз: “Әліпті таяқ деп білмеу”.
$$сауатсыз
$даңғой
$әдепсіз
$тәрбиесіз
$$$ Тура мағыналы сөз тіркесін көрсетіңіз:
$$адамның көзі
$бұлақтың көзі
$иненің көзі
$матаның көзі
$$$ Тыныс белгісі қойылмаған сөйлемді көрсетіңіз.
$$Өз тілінің сұлулығын сезбей өзге тілдің сұлулығын сезіну екіталай.
$Ана тілін құрметтемеу – ештемені сыйламау деген сөз.
$Тіл – халықтың байлығы.
$Тәрбие басы – тіл.
$$$Тиісті сөзді көрсетіңіз"Жүзден жүйрік, мыңнан ..."
$$тұлпар
$біреу
$жүйрік
$жылқы
$$$ Барлық жерде бас әріппен жазылатын сөзді көрсетіңіз:
$$маслихат
$кеңес
$сессия
$мәжіліс
$$$ Қате жазылған Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларын көрсетіңіз:
$$Алтын жұлдыз - “халық қаһарманы”
$“Ерлігі үшін”
$“Ерен еңбегі үшін”
$“Қазақстан Республикасының Құрмет Граммотасы
$$$ Қаз БСҚА, БҰҰ, ҚазМУ, ЭВМ, КРМС сөздерінің бас әріппен жазылу себебі не?
$$Қысқарған сөз
$Мемлекетке қатысты сөздер
$Жалқы есімдер
$Ең жоғарғы мемлекеттік ұйымдар
$$$ “Қырық” сөзіне тіркес жасаңыз:
$$қадам жер
$қабат жер астында
$мүшем сау болсын
$түнде адасу
$$$ Іскерлік қарым-қатынас әдебіне жататын тілдік ерекшеліктерді атаңыз.
$$Іске жауапкершілікпен қарау
$Логикалық ой-өрісінің жетіспеуі
$Тақырыбын жетік білмеу
$Жігерсіздік, ұялшақтық
$$$ Бөлек жазылатын сөзді табыңыз:
$$алажаздай
$баспасөз
$халықаралық
$темірқазық
$$$ "Аяғына тұсау түсті" сөзінің мағынасын көрсетіңіз:
$$үйленді
$қуанды
$ренжіді
$жолы болды
$$$ Қай сөз тіркесінде қате жіберілгенін анықтаңыз:
$$өндүрүстік-шаруашылық қызмет
$қала құрылысының сәулеті
$ескі аудандарды жаңарту
$сыртқы бейнесі
$$$Мағыналас сөздердің қатарын көрсетіңіз:
$$Көрнекті, атақты, әйгілі, даңқты, белгілі
$ Құштар болу, әйгілі, атақты, еркін меңгеру
$Сәулет, тұрғын, өнер
$Ескерткіш, халық, көне
$$$ Ауыспалы мағыналы сөз тіркесін көрсетіңіз:
$$ары таза
$таза бөлме
$таза қағаз
$таза жер
$$$Сөйлемнің дұрыс құрастырылған нұсқасын табыңыз:
$$Біз уақытында жеткізуге міндеттенеміз.
$Жеткізуге уақытында міндеттенеміз біз.
$Міндеттенеміз уақытында біз жеткізуге.
$Уақытында жеткізуге міндеттенеміз біз.
$$$ Сөйлемнің екінші жартысын табыңыз. “Қорқыт ата бір күні ұйықтап кетеді де,... .”
$$түсінде қобыздың үнін естиді
$кең тараған аңыз бойынша
$желмаясын сойып, терісінен қобыз жасайды.
$“Қайда барсаң қорқыттың көрі”
$$$ Қимыл-сын бағыныңқы сөйлемді белгілеңіз.
$$Олар су ішіп, шөлдерін қандырды.
$Сен оған айтқан соң, мен үндемедім
$Тез жүрсе де, пойызға үлгере алмады.
$Ертең оларды көрсек, жағдайды айтуға тура келеді.
$$$ Тұрақты сөз тіркесі қатыстырылған сөйлемді табыңыз:
$$Бос белбеу жігіт екенсің.
$Көпшілік қауымға арналады.
$Баяғы заман жоқ.
$Бұл жігіт таныс сияқты.
$$$ Тура мағынада тұрған сөз тіркесін көрсетіңіз:
$$суық су
$суық хабар
$суық сөз
$суық қару
$$$ Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
$$«Білмеске сөзің қор боп кетер», - деген М.Дулатұлы
$Туған жер – алтын бесік.
$Бұл – ойланатын нәрсе
$Бала жігіт орындайтынын айтты.
$$$ «Жауластыру» сөзінің антонимін табыңыз:
$$елдестіру
$салыстыру
$беттестіру
$жүздестіру
$$$ Мына сөйлем қай құжатта кездеседі: «Ә.Ж. Айдаровтың кәсіби біліктілігі жоғары, тәжірибелі, өз ісінің шебері, ұжымда беделі зор»
$$Мінездеме
$Өтініш
$Өмірбаян
$Бұйрық
$$$ Мына сөздердің қайсысы жіктелмейді:
$$боран
$дәрігер
$келді
$ұнатты
$$$ Стиль түрін ажыратыңыз. «Тіл – тіліп түсер наркескен, Сөз - өткір жебе тау тескен.»
$$Көркем әдеби стиль
$Публицистикалық стиль
$Ауызекі
$Ресми
$$$ Сен менің оң „қолымсың” сөйлеміндегі „қол” сөзі қай мағынада қолданылып тұр?
$$көмекші, қолғанат
$адам, жұрт
$халық, ел
$ұл, қыз
$$$ ”Сөздің аяғын күту” тіркесіндегі „аяғы” сөзі қандай мағынада қолданып тұр?
$$ақыры, соңы
$басы, басталуы
$ортасы, орта
$іші, сырты
$$$ «Құдайы қонақ» деп қандай қонақты атаймыз?
$$жолаушылап келе жатып түстеніп, не бір күн түнеп шығатын қонақ.
$әдейі шақырылған қонақ.
$алыстағы ағайынын, туған-туыстарын іздеп келген қонақ.
$қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүретін қонақ.
$$$ Етістіктің қалау рай түрінде тұрған сөзді табыңыз:
$$қыдырғым келеді
$ойнап еді
$сабақ оқыды
$айтқалы келді
$$$ Омоним болатын сөзді көрсетіңіз:
$$қақ
$әділ
$билік
$еңбек
$$$ Қос нүкте қойылмайтын орынды көрсетіңіз:
$$Асқар ... ертең кітапханаға барасың ба?
$Серік ... « Біздің Қазақстан бойынша сапарымыз сегіз күнге есептелген», – деді.
$Қазақстанның көне қалалары: Отырар, Сайрам, Созақ.
$Жалпылама мәнді зат есімнен кейін
$$$ Синонимдік сөз қатарын табыңыз:
$$балдырған, бүлдіршін, сәби
$алыс, шалғай, жақын
$қадірлі, сыйлы, көрікті
$терең, саяз, қырлы
$$$ Жеті жұттың біріне жататын сөздерді табыңыз:
$$құрғақшылық, зілзала
$жел, самал
$ай тұтылу, күн жауу
$жаңбыр, найзағай
$$$ Фразеологиялық синонимдерді көрсетіңіз:
$$көз ілмеді, таңды көзімен атырды
$жолы болмады, айы оңынан туды
$бауыр басты, жат бауыр болды
$аты шықты, аты өшті
$$$ Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз. “Оның өз көзқарасына деген ... қалыптастыр”
$$сенімін
$сенімсіздігін
$нәзіктігін
$жауапсыздығын
$$$Күрделі сөйлемді табыңыз.
$$Көптен бері қалада болмаған соң, Алматыны аралап көргім келді.
$Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той.
$Телехабарда ән де, жыр да, кино да кезектесіп жүріп жатыр.
$Саяхатшылар көп келді.
$$$“Төрт құбыласы сай” фразеологизмінің мағынасы:
$$жағдайы жақсы адам
$төрт құлақты кесене
$төрт қабырғалы қоршау
$төрт құлақты қазан
$$$ Дефис қойылатын орынды белгілеңіз:
$$15-үй
$8-наурыз
$1987-жыл
$шынайы-таза
$$$ Сұрау белгісі қойылмайтын орынды табыңыз.
$$Балалар пойызы осы ғой, ә
$Мен қазір кітап оқимын , сіз ше
$Бұл кім өзі
$Балтабектің үйін білесің бе
$$$Ғылыми стильде жазылған сөйлемді белгілеңіз.
$$Тілдер аглюнативті және флективті болып бөлінеді.
$Келісімшарт талаптарына қол қойылады.
$Таң рауандап атып келеді.
$Түу, соны да әңгіме деп отырсың ба?
$$$Ауыспалы мағынадағы сөз тіркесін көрсетіңіз.
$$қисық сөз
$қисық жол
$қисық сызық
$қисық ағаш
$$$ Стиль түрін ажыратыңыз: «Барлық сілтілердің ортақ химиялық қасиеттері болады.»
$$Ғылыми стиль
$Көркем әдебиет
$Іс-қағаздар
$Публицистикалық
$$$ Еркін сөз тіркесін белгілеңіз.
$$Асар тау
$Қолы ұзын
$Асау жүрек
$Алтын қол
$$$ Публицистикалық стильге қайсысы тән, табыңыз.
$$интервью
$роман
$повесть
$поэма
$$$ Синоним сөздерді көрсетіңіз:
$$жүрек жұтқан, ер жүрек
$көздің жасы, адамның жасы
$мықты, әлсіз
$үлкені, кенжесі
$$$ Қойылмаған тыныс белгісін табыңыз. «Алынған заттар орындық, тақта, стол.»
$$Қос нүкте
$Үтір
$Нүкте
$Көп нүкте
$$$ Тырнақшаға алынатын сөзді көрсетіңіз:
$$Ана тілі газеті
$Ғылым академиясы
$Мамыр мейрамы
$Республика сарайы
$$$ «Алдап кету» сөзінің мағынасын беретін сөз тіркесін көрсетіңіз:
$$тақырға отырғызу
$жым-жылас болу
$төбесі көкке жету
$тоқ етерін айту
$$$ Ырықсыздық мағына беретін етістіктерді белгілеңіз.
$$айтылды, жазылды
$айтса, жазса
$айтсын, жазсын
$айтқым келді, жазғым келді
$$$ Ілік септігінің дұрыс қолданылуын табыңыз:
$$оның
$оқуың
$бердің
$ауылың
$$$ Күрделі ойды білдіретін сөйлемді белгілеңіз.
$$Тоғыз жасқа келгенде, әкесі оны оқуға берді.
$Ол ақылды, парасатты болып өсті.
$Абай – қазақ халқының ұлы ақыны.
$Орыс мектебінде орысша, қазақша оқып үйренді.
$$$ Жай сөйлемді белгілеңіз.
$$Шоқан – әке-шешесінің еркелетіп қойған аты.
$Ыстықкөл аймағында болып, қырғыз, дүнген тілдерін үйренді.
$“Манас” жырын оқып, хатқа түсірді.
$Орыс география қоғамына мүше болды, үлкен ғалым атанды.
$$$ "Бармағын тістеу" сөзінің мағынасын көрсетіңіз:
$$өкіну
$қуану
$ашулану
$өкпелеу
$$$ Көңіл - күйді білдіретін сөйлемді белгілеңіз.
$$Әттеген-ай, уақытында неге ойламадым?
$Шынымен солай ойлайсыз ба?
$Біз жүріп кеткелі отырмыз.
$Бүгіннен қалдырмай өткіз.
$$$ Жасырын тұрған табыс жалғаулы тіркесті табыңыз:
$$кітап оқыды
$атты адам
$кеше келді
$ертең барам
$$$Ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркесін көрсетіңіз:
$$Сен менің оң қолымсың
$Оң қолымда сағатым бар
$Сол қолыңды көтер
$Көзге көрінбей жүр
$$$ Дыбыстық мағынаны білдіретін сөздерді көрсетіңіз:
$$сарт-сұрт, арс-арс
$желп-желп, тегіс
$кім? не? қайда?
$барды, оқыды
$$$ Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді белгілеңіз.
$$“Ол - Динаның домбырасы”, - деді таныстырушы
$“Ол - Динаның домбырасы”, деді таныстырушы
$“Ол - Динаның домбырасы” - деді таныстырушы
$“Ол - Динаның домбырасы” деді таныстырушы
$$$Шартты мағынадағы сөйлемді белгілеңіз.
$$Ертең оларды көрсек, айтайық.
$Күн жарқырап тұрғанмен, күн қатты аяз.
$Марат келмей, жұмыс бітті.
$Сабан біткен соң, біз үйге қайттық.
$$$ Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.
$$Рабиға біресе маған, біресе Әмірге қарады.
$Рабиға біресе маған, біресе Әмірге, қарады.
$Рабиға біресе маған, біресе, Әмірге қарады.
$Рабиға біресе, маған, біресе Әмірге қарады.
$$$Орфографияға сай жазылған сөзді табыңыз.
$$Бейуақыт
$Айаққап
$Қойулану
$Тайақша
$$$ Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді белгілеңіз.
$$«Балам, әр жастың өз белесі бар ғой»,-деді Жетпіс би Төлеге.
$Балам, әр жастың өз белесі бар ғой деді Жетпіс би Төлеге.
$Балам, әр жастың өз белесі бар ғой», деді Жетпіс би Төлеге.
$Балам, әр жастың өз белесі бар ғой» -деді Жетпіс би Төлеге.