ЗӘР ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ЖЫНЫС ЖҮЙЕЛЕРІ

 

338. Біріншілік несепті сүзуге қатысатын бүйрек тамырлары:

a. перитубулярлы капиллярлар торы

b. бүйрек денешігінің гемокапиллярлары

c. бүйрек денешігіне қанды алып келетін артериолалар

d. бүйрек денешігінен қанды алып кететін артериолалар

e. доға тәрізді артерия

 

339. Бүйрек денешігіндегі қан тамырлар шумағын түзетін тамырлар:

a. ет типті артерия

b. ет типті вена

c. эндотелий мен базальді мембранасы тұтас гемокапиллярлар

d. фенестрлі эндотелий мен тұтас базальді мембранасы бар гемокапиллярлар

e. қабырғасындағы эндотелий мен базальді мембранасында саңылаулары бар синусоидты гемокапиллярлар

 

340. Пішінсіз, екі-үш ірі өсінділері – цитотрабекулаларынан майда өсінділері – цитоподиялары тарайтын бүйрек денешігіндегі жасушалары:

a. юкстагломерулярлы

b. подоциттер

c. мезангиальді

d. эндотелиальді

e. юкставаскулярлы

 

341. Подоциттердің құрамында болатыны:

a. секреторлы түйіршіктері

b. жасуша ішіндегі секреторлы түтікшелері

c. жиектері

d. базальді сызықтары

e. цитотрабекулалар мен цитоподиялар

 

342. Нефрон капсуласының сыртқы жапырақшаларындағы эпителий жасушаларының пішіні:

a. жалпақ

b. пирамида тәрізді

c. жұлдыз тәрізді

d. биік призмалы

e. ромб тәрізді

 

343. Бүйректегі фильтрациялық сүзгінің қызметі:

a. біріншілік несепті түзеді

b. ренинді түзеді

c. простагландиндерді түзеді

d. белоктардың реабсорбциясына қатысады

e. электролиттердің реабсорбциясына қатысады

 

344. Науқас адамның несебін зерттеу барысында құрамында эритроциттердің бар екені анықталды. Несеп жүретін жолдарында қабыну процесі жоқ екені де белгілі. Осыған байланысты несептің құрамында эритроциттердің болуы нефронның мына бөліктерінің қайсысындағы өзгерістерге байланысты:

a. проксимальді түтікшелеріндегі

b. дистальді түтікшелеріндегі

c. бүйрек денешіктеріндегі

d. жіңішке түтікшелердің төмендеген бөлігіндегі

e. жіңішке түтікшелердің жоғарылаған бөлігіндегі

 

345. Қабырғасындағы жасушаларында базальді лабиринті мен апикальді полюсінде сызықты жиегі болатын бүйрек түтікшесі қайсысы:

a. дистальді түтікшелері

b. проксимальді түтікшелері

c. жіңішке түтікшелерінің жоғарылаған бөлігі

d. жіңішке түтікшелерінің төмендеген бөлігі

e. жинағыш түтікшесі

 

346. Қабырғасы бір қабатты куб тәрізді жиекті эпителимен тысталған бүйрек нефронының түтікшесі:

a. проксимальді түтікше

b. жіңішке түтікшенің төмендеген бөлігі

c. жіңішке түтікшенің жоғарылаған бөлігі

d. дистальді иректелген

e. жинағыш түтігі

 

347. Нефрон ілмегінің төмендеген бөлігін тыстайтын эпителий:

a. көп қатарлы кірпікшелі

b. бір қабатты жалпақ

c. бір қабатты куб тәрізді

d. бір қабатты призмалы

e. ауыспалы

 

348. Қабырғасындағы жасушаларының жиегі жоқ, цитоплазмасы ашық түсті, аласа призмалы эпителимен тысталған нефронның қай бөлігі:

a. иректелген проксимальді түтікшесі

b. тік проксимальді түтікшесі

c. жіңішке түтікшесінің төмендеген бөлігі

d. жіңішке түтікшесінің жоғарылаған бөлігі

e. иректелген түтікшесінің дистальді бөлігі

 

349. Бүйректен дайындалған препаратты микроскопиялық зерттеуден өткізу барысында бүйрек түтікшелерінің қабырғасындағы эпителиінің жиектерінің жойылғаны байқалады. Бұл мына түтікшелердің қайсысына тән болуы мүмкін:

a. иректелген дистальді

b. проксимальді

c. тік дистальді

d. жіңішке түтікшесінің төмендеген бөлігінде

e. жіңішке түтікшесінің жоғарылаған бөлігінде

 

350. Бүйректің қыртысты затындағы жинағыш түтікшелердің қабырғасын тыстайтын эпителиі:

a. көп қабатты жалпақ мүйізделмеген

b. ауыспалы

c. көп қатарлы кірпікшелі

d. бір қабатты жалпақ

e. бір қабатты куб тәрізді

 

351. Электронды микроскопиялық құрылысы асқазанның париетальды жасушаларына ұқсас бүйректегі мына жасушалардың қайсысы:

a. жинағыш түтікшелерінің ашық түсті жасушалары

b. проксимальді түтікшелердің эпителий жасушалары

c. жинағыш түтікшелерінің күңгірт түсті жасушалары

d. нефрон ілмегіндегі эпителий жасушалары

e. дистальді түтікшелердің эпителиіндегі жасушалары

 

352. Жинағыш түтікшелерінің қабырғасындағы күңгірт түсті нефроциттердің қызметі:

a. тұз қышқылын синтездейді

b. судың реабсорбциясына қатысады

c. рениннің синтезіне қатысады

d. белоктардың реабсорбциясына қатысады

e. простагландиндердің синтезіне қатысады

 

353. Жинағыш түтікшелерінің қабырғасындағы ашық түсті нефроциттердің қызметі:

a. тұз қышқылының синтезіне қатысады

b. судың реабсорбциясына қатысады

c. рениннің синтезіне қатысады

d. белоктардың реабсорбциясына қатысады

e. көмірсулардың реабсорбциясына қатысады

 

354. Несептің құрамындағы Na мөлшерінің ауытқу ерекшеліктерін анықтап отыратын бүйректің эндокринді аппаратының жасушалары қайсысы:

a. юкстагломерулярлы

b. мезангиоциттер

c. юкставаскулярлы

d. подоциттер

e. тығыз дақтағы эпителиоциттер

 

355. Бүйректің дистальді түтікшелеріндегі тығыз жасушаларының пішіні қандай:

a. жалпақ

b. өсінділі

c. дөңгелек

d. призмалы

e. куб тәрізді

 

356. Бүйректе ренин гормонының түзілетіні белгілі. Бұл процеске бүйректің қай жасушасы қатысады:

a. юкстагломерулярлы

b. макрофагтар

c. подоциттер

d. иректелген түтікшелердің нефроциттері

e. жинағыш түтікшелерінің жасушалары

 

357 Ренин аппаратының юкставаскулярлы жасушаларының орналасқан жері:

a. жинағыш түтікшелердің жанында

b. иректелген проксимальді түтікшелерде

c. бүйрек денешіктерін қоршайды

d. қанды әкелетін және алып шығатын артериолалар мен тығыз дақ арасындағы конус тәрізді кеңістікте

e. қан тамырлар шумағының арасында

 

358. Бүйректің простагландинді аппаратындағы интерстициальді жасушалардың пішіні:

a. дөңгелек

b. куб тәрізді

c. жалпақ өсінділі

d. призмалы

e. пирамида тәрізді

 

359. Белсенді жиырылуға қабілетті және жасуша аралық заттағы макромолекулаларды синтездейтін бүйрек денешігінің жасушалары:

a. юкстагломерулярлы

b. юкставаскулярлы

c. мезангиальді

d. эндотелиальді

e. подоциттер

 

360. Қан капиллярлары шумағының арасында орналасқан бүйрек денешігінің жасушалары:

a. юкстагломерулярлы

b. юкставаскулярлы

c. мезангиальді

d. эндотелиальді

e. тығыз дақ жасушалары

 

361. Несеп ағардың кілегейлі қабығын тыстайтын эпителиі:

a. көп қабатты жалпақ мүйізделмеген

b. көп қабатты жалпақ мүйізделген

c. бір қабатты жалпақ

d. ауыспалы

e. көп қатарлы кірпікшелі

 

362. Бүйректің ренин аппаратындағы А әріпімен белгіленген құрылымы:

a. тығыз дақ

b. юкстагломерулярлы жасушалары

c. юкставаскулярлы жасушалары

d. мезангиальді жасушалары

e. қан тамырлар шумағындағы капиллярлары

 

363. Бүйректің ренин аппаратындағы Б әріпімен белгіленген құрылымы:

a. тығыз дақ

b. юкстагломерулярлы жасушалары

c. юкставаскулярлы жасушалары

d. мезангиальді жасушалары

e. қан тамырлар шумағындағы капиллярлары

 

364. Бүйректің ренин аппаратындағы В әріпімен белгіленген құрылымы:

a. тығыз дақ

b. юкстагломерулярлы жасушалары

c. юкставаскулярлы жасушалары

d. мезангиальді жасушалары

е. қан тамырлар шумағындағы капиллярлары

 

365. Бүйректің ренин аппаратындағы Г әріпімен белгіленген құрылымы:

a. тығыз дақ

b. юкстагломерулярлы жасушалары

c. юкставаскулярлы жасушалары

d. мезангиальді жасушалары

е. қан тамырлар шумағындағы капиллярлары

 

366. Бүйректің ренин аппаратындағы Д әріпімен белгіленген құрылымы:

a. тығыз дақ

b. юкстагломерулярлы жасушалары

c. юкставаскулярлы жасушалары

d. подоциттері

e. қан тамырлар шумағындағы капиллярлары

 

367. Бүйректің ренин аппаратындағы Е әріпімен белгіленген құрылымы:

a. шумақ капсуласының сыртқы жапырақшасы

b. юкстагломерулярлы жасушалары

c. юкставаскулярлы жасушалары

d. мезангиальді жасушалары

e. қан тамырлар шумағындағы капиллярлары

 

368. Бүйректің ренин аппаратындағы Ж әріпімен белгіленген құрылымы:

a. тығыз дағы

b. юкстагломерулярлы жасушалары

c. юкставаскулярлы жасушалары

d. мезангиальді жасушалары

e. қан тамырлар шумағындағы капиллярлары

 

369. Пішіні пирамида тәрізді базалды мембранада орналасқан, ұшы қуысқа дейін жететін иректелген ұрық түтікшесінің жасушасы қайсысы:

a. тіректік жасушалар

b. сперматогониялар

c. 1-реттік сперматоциттер

d. 2-реттік сперматоциттер

e. сперматидалар

370. Иректелген ұрық түтікшелерінің сперматогенді эпителий қабатының жасушаларының қайсысы гематотестикулярлы барьердің құрамында болады:

a. тіректік жасушалар

b. сперматогониялар

c. 2-реттік сперматоциттер

d. 1-реттік сперматоциттер

e. сперматидалар

 

371. Еннің иректелген ұрық түтікшелеріндегі трофикалық қызмет атқаратын жасушалары қайсысы:

a. тіректік жасушалар

b. сперматогониялар

c. 2-реттік сперматоциттер

d. 1-реттік сперматоциттер

e. сперматидалар

 

372. Еннің иректелген ұрық түтікшелерінде фагоцитоз қызметін атқаратын жасушалары:

a. тіректік жасушалар

b. сперматогониялар

c. 2-реттік сперматоциттер

d. 1-реттік сперматоциттер

e. сперматидалар

 

373. Андрогенбайланыстырушы белокты синтездейтін жасушалар:

a. сперматогониялар

b. тіректік жасушалар

c. сперматозоидтар

d. 1-реттік сперматоциттер

e. сперматидалар

 

374. Еннің иректелген ұрық түтікшелерінің сперматогенді эпителиінің базальді бөлігіндегі жасушалар:

a. сперматогониялар

b. сперматидалар

c. сперматозоидтар

d. 1-реттік сперматоциттер

e. 2-реттік сперматоциттер

 

375. Иректелген ұрық түтікшелерінің сперматогенді эпителий жасушаларының шет жағында орналасатыны қайсысы:

a. тіректік жасушалар

b. сперматогониялар

c. 1-реттік сперматоциттер

d. 2-реттік сперматоциттер

e. сперматидалар

 

376. Дифференциялану кезеңінде сперматогенді эпителий жасушасының бірінің, ядросы тығыздалып, акросомасы мен құйрығы қалыптасатыны белгілі. Осы жасушаны атаңыз:

a. А типті ашық түсті ядросы бар сперматогония

b. бірінші реттік сперматоцит

c. екінші реттік сперматоцит

d. Б типті сперматогония

e. түрлену кезіндегі сперматозоид

 

377. Еннің иректелген ұрық түтікшелерінің сперматогенді жасушаларының пішіні дөңгелек, мөлшері шағын ғана, ірі ядросы бар, гаплоидты хромосомалары болатыны қайсы:

a. тіректік жасушалар

b. сперматогониялар

c. 1-реттік сперматоциттер

d. 2-реттік сперматоциттер

e. сперматидалар

 

378. Өте ірі ашық түсті жасушалар сперматогенді эпителидің ортаңғы қабатында орналасатын және құрамында 23 тетрада хромосомасы бары қайсысы:

a. тіректік жасушалар

b. сперматогониялар

c. 1-реттік сперматоциттер

d. 2-реттік сперматоциттер

e. сперматидалар

 

379. Ер адамда сперматогенез қанша тәулікке созылады:

a. 10

b. 20

c. 48

d. 75

e. 120

 

380. Сперматогенездің қай сатысында еннің иректелген ұрық түтікшелерінің сперматогенді эпителиінің құрамында сперматидалар басымырақ болады:

a. көбею сатысында

b. өсу сатысында

c. пісіп жетілудің бірінші бөлінуінде

d. түрлену сатысында

e. пісіп жетілудің екінші бөлінуінде

 

381. Сперматогенездің қай сатысында сперматогониялардың митоз жолымен бөлінуі жүреді:

a. көбею

b. өсу

c. пісіп жетілудің бірінші бөлінуінде

d. пісіп жетілудің екінші бөлінуінде

e. түрлену

 

382. Сперматидалардың түзілуі сперматогенездің қай сатысында жүреді:

a. көбею

b. өсу

c. пісіп жетілудің бірінші бөлінуінде

d. пісіп жетілудің екінші бөлінуінде

e. түрлену

 

383. Микроскопиялық зерттеу барысында иректелген ұрық түтікшелерінің қабырғасындағы сперматогенді эпителидің құрамында көптеген 2-реттік сперматоциттер бар екені анықталды. Бұл сперматогенездің қай сатысына тән:

a. көбею

b. өсу

c. пісіп жетілудің бірінші бөлінуінде

d. пісіп жетілудің екінші бөлінуінде

e. түрлену

 

384. Еннің иректелген ұрық түтікшелерінің арасындағы борпылдақ дәнекер тінінде орналасатын, цитоплазмасы ацидофильді боялған, белокты кристаллоидтары бар, дөңгелек пішінді ірі жасушалары қайсы:

a. фибробласттар

b. макрофагтар

c. тін базофилдері

d. интерстициальді эндокриноциттер

e. адвентициалді жасушалар

 

385. Еннің иректелген ұрық түтікшелерінің арасындағы борпылдақ талшықты дәнекер тіндегі гормон түзетін жасушалар:

a. адвентициалді

b. фибробласттар

c. тін базофилдері

d. макрофагтар

e. гландулоциттер

 

386. Ұрық шығаратын жолдардың қабырғасын құрайтын қабықтар:

a. кілегейлі қабық пен адвентиция

b. етті қабық пен адвентиция

c. кілегейлі, етті және адвентиция қабықтары

d. кілегейлі және етті қабықтары

e. тек адвентиция қабығы

 

387. Сперматозоидтардың бөлініп шығуына септігін тигізетін иректелген ұрық түтікшелерінің құрылымы қайсысы:

a. сперматогенді эпителидің базальді мембранасы

b. миоидты жасушаларының базальді мембранасы

c. миоидты жасушалар

d. сыртқы жасушасыз қабат

e. сыртқы жасушалы қабат

 

388. Сперматозоидтар еннің тік түтікшелерінен мыналардың қайсысына өтеді:

a. ен қосалқысына

b. ен торына

c. ұрық шығаратын өзектің ампулярлы бөлігіне

d. ұрық шығаратын түтікшелерге

e. ұрық шығаратын өзекке

 

389. Ен қосалқысы өзегінің эпителиі:

a. бір қабатты жалпақ

b. бір қабатты куб тәрізді

c. ауыспалы

d. көп қабатты жалпақ мүйізделмеген

e. екі қатарлы, биік призма тәрізді стероцилиялары бар, бұл жасушалардың базальді бөліктерінде қыстырма жасушалар орналасқан

 

390. Кірпікшелі және безді жасушалар кезектесе орналасқан ұрық шығатын жолдардың бөлігі:

a. тік түтікшелер

b. еннің торы

c. ен қосалқысының өзегі

d. ұрық шығаратын өзегі

e. ұрық шығаратын түтікшелері

 

391. Ұрық шығаратын жолдардың қай бөлігінде сперматозоидтар жиналып, гликокаликспен қапталады:

a. еннің ұрық шығаратын түтікшелерінде

b. еннің тік түтікшелерінде

c. ен торында

d. ен қосалқысының өзегінде

e. ұрық шығаратын өзегінде

 

392. Ұрық шығаратын жолдардың қайсысының қабырғасында жақсы дамыған етті қабығы бар:

a. тік түтікшелерінде

b. ен қосалқысында

c. ен торында

d. ұрық шығаратын өзегінде

e. сыртқа шығаратын түтікте

 

393. Қуық асты безінің құрылысы:

a. қарапайым альвеолярлы

b. қарапайым түтікшелі

c. қарапайым түтікшелі соңғы бөлігі тармақталған

d. күрделі альвеолярлы

e. күрделі альвеолярлы-түтікшелі

 

394. Зерттеуші аталық жыныс жүйесінің бір мүшесінен алынған кесіндісінде күшті дамыған тегіс салалы ет тінінің және бұлардың арасында орналасқан бездердің соңғы бөліктерінің бар екенін анықтады. Бездердің өзектері несеп шығаратын өзекке ашылады. Бұл мына мүшелердің қайсысы:

a. ен

b. еннің қосалқысы

c. ұрық көпіршіктері

d. қуық асты безі

e. бульбоуретральді безі

 

395. Қуық асты безіннен дайындалған препараттарды микроскопиялық зерттеуден өткізгенде без бөліктерінің арасындағы дәнекер тінді перделері қалыңдап, қою секрет жиналған бездің, соңғы бөліктерінің кеңейгендігі байқалған. Бездің мұндай құрылыс ерекшеліктері қай жастағы адамдарға тән:

a. жаңа туған сәбиге

b. жас балаға

c. жыныстық жетілу кезеңіне

d. ересек адамға

e. кәрілік кезеңіне

396. Еннің және ұрық шығаратын жолдарындағы А әріпмен белгіленген құрылым:

a. септалар

b. ақ қабығы

c. иректелген ұрық түтікшелері

d. тік ұрық түтікшелері

e. еннің торы

 

397. Еннің және ұрық шығаратын жолдарындағы Б әріпмен белгіленген құрылым:

a. септалар

b. ақ қабығы

c. иректелген ұрық түтікшелері

d. тік ұрық түтікшелері

e. еннің торы

 

398. Еннің және ұрық шығаратын жолдарындағы В әріпмен белгіленген құрылым:

a. cепталар

b. aқ қабығы

c. иректелген ұрық түтікшелері

d. тік ұрық түтікшелері

e. еннің торы

 

399. Аналық жыныс безінің қызметі:

a. репродуктивті және эндокринді

b. экзокринді

c. қан түзу

d. иммунды

e. зәр шығару

 

400. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің аналық жыныс безінің қызметін реттейтін гормондар қайсы?

a. гонадотропты

b. соматотропты

c. тиротропты

d. лактотропты

e. адренокортикотропты

 

401. Аналық жыныс безінің стромасын түзетін тін болып:

a. борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

b. тығыз қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

c. ретикулярлы

d. бірыңғай салалы ет тіні

e. тығыз қалыптасқан талшықты дәнекер тіні

 

402. Аналық жыныс безінің боз затының құрамында болатыны:

a. ірі қан тамырлар мен нервтер

b. шеткі (примордиальді) фолликулдар

c. біріншілік фолликулдар

d. екіншілік фолликулдар

e. үшіншілік фолликулдар

 

403. Примордиальді немесе шеткі фолликулдардың орналасқан жері:

a. бездің қыртысты затының ішіне еніп орналасады

b. боз затында

c. атрезиялық фолликулдардың айналасында

d. үшіншілік фолликулдардың айналасында

e. қыртысты заттың шетіндегі ақ қабықтың астында

 

404 Әйел адамның аналық безінің примордиальді фолликулында жыныстық жасушасы мыналардың қайсы:

a. 1-реттік овоцит

b. редукциялық дене

c. 2-реттік овоцит

d. овогоний

e. пісіп жетілген жұмыртқа жасушасы

 

405. Сырты жылтыр қабық пен бірнеше қабатты фолликулярлы жасушалармен қоршалған 1-реттік овоциті бар бездің фолликулдары қайсысы:

a. примордиальді

b. біріншілік

c. екіншілік

d. үшіншілік

e. атрезиялық

 

406. Құрамындағы 1-ші реттік овоцитінің жылтыр және сәулелі тәжді қабықтарымен қоршалған, дәнді қабаттарының жасушаларының арасында қуыстары бар, аналық жыныс безінің фолликулдары қайсы:

a. примордиальді

b. біріншіліктері

c. екіншіліктері

d. үшіншіліктері

e. атрезиялық денешіктері

 

407. Әйелдің аналық жыныс безіндегі 2-ші реттік фолликул болып саналатыны:

a. редукциональді денешік

b. 1-реттік овоцит

c. 2-реттік овоцит

d. овогония

e. пісіп жетілген жұмыртқа жасушасы

 

408. Қуысында жылтыр және сәулелі тәжді қабықтармен қоршалған жұмыртқа төмпешігінде 2-ші реттік овоциті бар аналық жыныс безінің Көпіршік түріндегі фолликулы:

a. примордиальді

b. біріншіліктері

c. екіншіліктері

d. үшіншіліктері

e. атрезиялық денешіктері

 

409. Аналық жыныс безінің фолликулыны ортасында жылтыр қабықтың қалдығы мен тіршілігі жойылған овоциті бар, ішкі теканың интерстициальді жасушалары көбейіп, гипертрофияға ұшырағаны қайсысы:

a. примордиальді

b. біріншіліктері

c. екіншіліктері

d. үшіншіліктері

e. атрезиялық денешіктері

 

410. Даму кезіндегі безді метаморфоз сатысынан өтетін аналық бездің қандай құрылымы:

a. 1-реттік овоцит

b. сары дене

c. атрезиялық фолликул

d. примордиальді фолликул

e. ақ дене

 

411. Жатырдың эндометриінің меншікті пластинкасының құрамындағы тіні:

a. борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

b. тығыз қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

c. ретикулярлы тін

d. кілегейлі тін

e. тығыз қалыптасқан талшықты дәнекер тіні

 

412. Жатырдың миометриінің құрамындағы тіні:

a. тығыз қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

b. тегіс салалы ет тіні

c. шеміршек тіні

d. кілегейлі тін

e. көлденең жолақты ет тіні

 

413. Жатырдың кілегейлі қабығын тыстайтын эпителий:

a. бір қабатты жалпақ

b. бір қабатты куб тәрізді

c. бір қабатты кірпікшелі призмалы

d. көп қабатты жалпақ мүйізделмеген

e. көп қабатты жалпақ мүйізделген

 

414. Аналық жыныс мүшелері - жатыр түтіктерінің, плацентаның және жатырдың кілегейлі қабығының меншікті пластинкасында болатын цитоплазмасы оксифильді боялған, гликоген мен липопротеидтерге бай, дөңгелек пішінді, ірі жасушалары қайсысы:

a. фибробласттар

b. макрофагтар

c. тін базофильдері

d. децидуальді жасушалар

e. ретикулярлы жасушалар

 

415. Менструальді циклдің предменструальді кезеңінде жатырдың кілегейлі қабығының функциональді қабатының ерекшелігі:

a. сыпырылып түседі

b. біраз қалыңдап, қайта қалпына келеді

c. қалыңдығы сақталып, бездерінің өзегі қысқа, әрі жіңішке, түзу

d. қабаты қалыңдайды, бездерінің шырыш бөлуі нашарлайды

e. қабаты қалың, без өзектері иректелген, секрет бөлуі белсенді

 

416. Менструальді циклдің постменструальді кезеңіндегі жатыр эндометриінің бездері:

a. қарапайым түтікшелі

b. қарапайым альвеолярлы

c. күрделі түтікшелі

d. күрделі альвеолярлы

e. күрделі түтікшелі-альвеолярлы

 

417. Жатыр мойнының қынап бөлігін тыстайтын эпителий:

a. көп қабатты жалпақ мүйізделмеген

b. ауыспалы

c. көп қатарлы кірпікшелі

d. бір қабатты призмалы

e. бір қабатты жалпақ

 

418. Қынаптың кілегейлі қабығының эпителиі:

a. көп қабатты жалпақ мүйізделмеген

b. ауыспалы

c. көп қатарлы кірпікшелі

d. бір қабатты призмалы

e. бір қабатты жалпақ

 

419. Сүт безінің құрылысы:

a. қарапайым түтікшелі

b. қарапайым альвеолярлы

c. күрделі түтікшелі

d. күрделі альвеолярлы

e. күрделі альвеолярлы - түтікшелі

 

420. Сперматогенезден айырмашылығы даму барысында овогенез сатыларының қайсысы болмайды:

a. көбею

b. өсу

c. пісіп жетілудегі бірінші бөліну

d. пісіп жетілудегі екінші бөліну

e. түрленуі

 

421. Құрамында 23 диада хромосомалары бар аналық жыныс жасушасы:

a. овогониялар

b. 1-ші реттік овоцит

c. 2-ші реттік овоцит

d. пісіп жетілген жұмыртқа жасушасы

e. екінші бөлінуден кейінгі редукциальді денешік

 

422. Даму сатысындағы аналық жыныс жасушасының құрамында 23 тетрада хромосомалары бары қайсысы:

a. овогониялар

b. 1-ші реттік овоцит

c. 2-ші реттік овоцит

d. жұмыртқа жасушалары

e. редукциональді денешік

 

423. Құрамында гаплоидты хромосомалар жиынтығы бар аналық жыныс жасушасы:

a. овогониялар

b. 1-ші реттік овоцит

c. 2-ші реттік овоцит

d. пісіп-жетілген жұмыртқа жасушасы

e. 1-ші бөлінуден кейін, редукциональді денешік

 

424. Аналық жыныс безінің интерстициальді жасушаларының орналасқан жері:

a. ақ қабықта

b. боз затында

c. ішкі текада

d. сыртқы текада

e. фолликулдың дәнді қабатында

 

425. Аналық жыныс безінің А әрпімен белгіленген құрылымы:

a. біріншілік фолликул

b. екіншілік фолликул

c. үшіншілік фолликул

d. пісіп жетілген фолликул

e. сары дене

 

426. Аналық жыныс безінің Б әрпімен белгіленген құрылымы:

a. біріншілік фолликул

b. екіншілік фолликул

c. үшіншілік фолликул

d. пісіп жетілген фолликул

e. сары дене

 

427. Аналық жыныс безінің В әрпімен белгіленген құрылымы:

a. біріншілік фолликул

 

c. үшіншілік фолликул

d. пісіп жетілген фолликул

e. сары дене

 

428. Аналық жыныс безінің Г әрпімен белгіленген құрылымы:

a. біріншілік фолликул

b. екіншілік фолликул

c. үшіншілік фолликул

d. пісіп жетілген фолликул

e. сары дене

 

429 Аналық жыныс безінің Д әрпімен белгіленген құрылымы:

a. біріншілік фолликул

b. екіншілік фолликул

c. үшіншілік фолликул

d. пісіп жетілген фолликул

e. сары дене

 

430. Аналық жыныс безінің Е әрпімен белгіленген құрылымы:

a. біріншілік фолликул

b. екіншілік фолликул

c. үшіншілік фолликул

d. ақ дене

e. сары дене