В) Ципрофлоксацин 500 мг х 2 рет күніне 3 страница

А) ­ӨСОА

В) бронх демікпесі

+С) экзогенді аллергиялық альвеолит

D) өкпенің кистозды гипоплазиясы

Е) бронхоэктаз ауруы

 

250. Ер адам ,. 38 жаста, құс фабрикасында жұмыс істегеніне 10 жыл болған. Жедел ауырып, дене қызуы 37,5 С көтерілді, қалтырау, құрғақ жөтел, экспираторлы сипаттағы ентігу пайда болған. Науқастың жағдайы ауыр, акроцианоз айқын, екі жақты өкпенің төменгі бөлігінде сырылдар. ТЖ минутына 26 рет, тахикардия. Рентгенологиялық: Өкпенің төменгі бөлігінде екі жақты майда ошақты қараю. Қан анализінде – эозинофилия. Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қандай зерттеу жүргізу керек?

+А) Бронхоскопия

В) Кеуде торының УДЗ

С) Электрокардиография

D) Жүрек УДЗ

Е) ) Спирография

 

251. Ер адам, 48 жаста, тамақпен шашалғаннан соң тыныс алу мен шығарудың қиындауымен жүретін тұншығу сезімі, құрғақ ұстамалы жөтел пайда болды. Об-ті: науқас тынымсыз, өлімнен қорқу сезімі, тынысы стридорозды. Тыныштықта ентігу, аралас типті (инспираторлы және экспираторлы), өкпенің жоғарғы бөлігінде тыныс қатаң, төменгі бөлігінде әлсіреген, сырылдар жоқ.

Диагнозды анықтау үшін қандай тексеру қажет?

А) Диагностикалық бронхоскопия

+В) Кеуде клеткасының рентгенографиясы

С) Спирография

D) Электрокардиография

Е) Кеуде клеткасының УДЗ

 

252. Ер адам ., 55 жаста, ауыр ентікпе, азапты жөтел, қан түкіру , үдемелі әлсіздікке шағымданады. Соңғы айларда 6-7кг арықтаған. Диагноз қою үшін қандай зерттеу әдісін таңдау керек?

А) Спирография

В) Бронхография

+С) Рентгенография

D) электрокардиография

Е) ) Жүрек УДЗ

 

253. Учаскелік дәрігердің қабылдауында пациент К .,47 жаста, тасшы. Шағымдары: субфебрильді температура, шырышты іріңді қиын бөлінетін қақырықты жөтел. Жөтел науқасты бірнеше жылдар бойы мазалап келеді, ал аз көлемді шырышты сипаттағы қақырық таңертеңгі уақытта. Қыста өкпесі қабынып ауырған. 18 жасынан бері шылым шегеді, қазіргі уақытта күніне 1 қорабын шегеді.

Өкпесінде қандай патологиялық үрдіс болуы мүмкін?

A) плевраның зақымдалуы

+B) бронхтарда созылмалы қабыну процессі

C) альвеолалардың бөлектеніп зақымдалуы

D) альвеолалардың және бронхтардың қабынып зақымдалуы

E) өкпедегі немесе бронхтағы іріңді қабыну үрдісі

 

254. Пациент С., 19 жаста, шағымдары эпизодты түрде ентгігу, ысқырықты сырылдыр мен кеуде клеткасында қысатындай сезім. Диагностика әдісін таңдаңыз .

А) Кеуде қуысының рентгенологиялық зерттеуі

В) Қанның газдық құрамын зерттеу

С) Ауалық ағымының жылдамдығы

D) Шығарылған ауаның газдық құрамын зерттеу

+Е) Спирографиялық зерттеу

 

255. 40 жастағы еркекте екі апта бойы әлсіздік, тершеңдік, соңғы күндерге дене температурасы 38,90 С. Алғашқы кундері терең дем алғанда оң жауырын сүйек астында ащы ауру сезімі пайда болды, кейіннен ауру сезімі жоқ болып кетті , бірақ науқастың айту бойынша"бірдеңе терең дем алуға кедергі жасайды". Қарап тексергенде еріндерінде жеңіл цианоз байқалады, Науқас оң жақ қырымен жатқанда жеңіл тартады. Тынысы беткей, өкпенің оң жағы тыныс алуда артта қалады, оң жақ қабырғааралықтар тегістелген. Перкуссияда – оң жақ жауырын сызығымен V қабырға деңгейінде өкпелік дыбыс тұйықталған, тыныс осы аймақта тыңдалмайды, бронхофония анықталмайды.

Болжама диагноз?

A) ауруханадан тыс оң жақтық төменгі бөліктік пневмония

+B) оң жақтық іріңді экссудатты плеврит

C) оң өкпе абсцесі (бронхқа бұзудан кейін)

D) орталық өкпе рагы

E) оң өкпе гангренасы

 

256. Ауырлық дәрежесіне қарай тыныс жетіспеушілігінің қанша типі болады

A) 1

B) 4

+C) 3

D) 2

E) 5

 

257. Тыныс жетіспеушілігін анықтау үшін диагностикалық әдіс?

A) кеуде торын рентгенологиялық зерттеу

+B) қанның газдық құрамын зерттеу

C) бронхофиброскопия

D) шығарылған ауаның газдық құрамын зерттеу

E) спирографиялық зерттеу

 

258. Жедел тыныс жетіспеушілігінің негізгі емдеу әдісі

A) антибактериальды терапия

+B) өкпенің жасанды вентиляциясы

С) глюкокортикостероидтар

D) қабынуға қарсы стероидты емес препараттар

E) хирургиялық ем

 

 

259.Тыныс жетіспеушілігінің 3 дәрежесіне не тән

A) тахикардия

B) брадикардия

+C) жайылмалы цианоз

D) АҚҚ артуы

Е)ӨТС 25-30% төмендеуі

 

 

Нефрология

260. Қайсы нозологияға урограммадағы келесі өзгерістер тән: ассиметриялық зақымдану, тостағаншалардың, шумақшаныңжәне зәрағардың жоғарғы үштен бір бөлігінің кеңеюі:

A) жедел гломерулонефрит

B) созылмалы гломерулонефрит

+C) созылмалы пиелонефрит

D) зәртас ауруы

E) бүйрек амилоидозы

 

261. Нефротикалық синдромның дамуына жиі алып келетін себептерді таңдаңыз:

+А) гломерулонефрит

В) пиелонефрит

С) зәртас ауруы

D) туберкулез

Е) интерстициальды нефрит

 

262. Созылмалы гломерулонефритті диагностикалау үшін жүргізу қажет:

A) жалпы қан анализі

B) зәрді себу

C) көктамырішілік урография

D) қанды себу

+E) бүйрек биопсиясы

 

263. Созылмалы пиелонефриттің рецидивке қарсы негізгі емініне жатады:

A) диуретиктер

B) антиагреганттар

C) СЕҚҚП

+D) антибактериальді препараттар

E) гипотензивті препараттар

 

264. Жедел гломерулонефритті глюкокортикоидтармен емдеуге көрсеткіш:

A) циклдық түрі

+B) нефротикалық түрі

C) гипертониялық түрі

D) бүйрек көктамырының тромбозы

E) жедел бүйрек жеткіліксіздігі

 

265. Қай ауру үшін Нечипоренко бойынша зәр сынамасы тән: лейкоциттер-25 000, эритроциттер-600, цилиндрлер – 0?

A) бүйрек ісігі

B) жедел гломерулонефрит

C) созылмалы гломерулонефрит, өршуі

+D) созылмалы пиелонефрит, өршуі

E) бүйрек амилоидозы

 

266. Гломерулонефриттің тез үдеуі байқалады:

A) макрогематурии

B) нефротикалық синдромда

C) нефритикалық синдромда

D) артериальды гипертензияда

+E) АГ нефротикалық синдроммен қосарласуында

 

267. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде терінің қара және сарғыш боялуы неге байланысты:

A) тікелей билирубиннің жоғарлауы;

B) тікелей емес билирубиннің жоғарлауы;

+C) урохромдардың бөлінуінің бұзылысы;

D) билирубин конъюгациясының бұзылысы;

E) билирубин секрециясының бұзылысы

 

268. Жедел нефритті өткергеннен кейінгі диспансерлік бақылау уақытын көрсетіңіз:

A) 1 жыл

+B) 2 жыл

C) 3 жыл

D) 4 жыл

E) 5 жыл

 

269. Қызыл жегілік нефрит пен нефротикалық синдромның дифференциальдыдиагностикасында шешуші болып табылады:

A) протеинурия 3,5 г/л жоғары;

B) жалпы қан анализі;

+C) ДНҚ антиденелердің табылуы;

D) бүйрек УДЗ;

E) артериальды гипертензия.

 

270. Науқас А., 42 жаста, ЖЗА- де салыстырмалы тығыздығы 1008, белок 5, 6 г/л, лейкоциттер 5-7 көру алаңында, эритроциттер 7-10, цилиндрлер гиалинді 1-2, дәнді – 8.

Қай ауруға тән?

A) жедел пиелонефрит;

B) бүйрек амилоидозы;

C) бүйрек кистасы;

+D) созылмалы гломерулонефрит;

E) созылмалы пиелонефрит.

 

271. Науқас А. 35 жаста шаршағыштыққа, бел аймағындағы тұйық ауру сезіміне, жиі ауру сезіммен зәрдің бөлінуіне, зәрдің лайлы болуына шағымданады. Ауырғанына бір жылдай болды, алғаш рет ауру сезімі оң жақ бел аймағында пайда болды.Амбулаторлы емделді, фурагин, спазмолитиктер қабылдады. Зәр анализінде әрдайым лейкоцитурия, бактериурия анықталды.

Дұрыс диагнозды таңдаңыз.

A) Жедел пиелонефрит

+B) Созылмалы пиелонефрит өршуі

C) Созылмалы гломерулонефрит өршуі

D) Жедел гломерулонефрит

E) Созылмалы тубулоинтерстициальды нефрит

 

272. Төменде көрсетілген анемияның қай түрі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде жиі кездеседі:

A) В12–тапшылықты

B) апластикалық

+C) гипорегенераторлы

D) фолий тапшылықты

E) аутоиммунды гемолитикалық

 

273. Жүктілік нефропатиясын өткерген босанған кейін әйелдердің диспансерлік есеп уақыты?

А) 6 ай

+В) 1 жыл

С) 2 жыл

D) 3 жыл

Е) 5 жыл

 

274. Зәр тас ауруының жиі асқынуы:

A) бүйрекполикистозы

+B) пиелонефрит

C) гломерулонефрит

D) бүйрек ісігі

E) бүйрек амилоидозы

 

275. Созылмалы пиелонефрит кезіндегі зәрлік синдромға тән:

+A) лейкоцитурия

B) протеинурия

C) гематурия

D) гиперстенурия

E) цилиндрурия

 

276. Бүйректер орналасқан:

A) іш құрсағының жоғарғы қабатында

B) іш құрсағының ортаңғы қабатында

+C) іш құрсағының артында

D) іш құрсағының бүйірінде (латеральных каналах)

E) кіші жамбаста

 

277. Созылмалы пиелонефрит кезіндегі нефросклероз жиі:

A) симметриялы

+B) асимметриялы

C) паренхима эхогенділігінің зақымдалуымен жүреді

D) бүйректің гидронефротикалық трансформациясымен жүреді

E) бүйрек мөлшерінің ұлғаюымен және бүйрек синустарының эхогенділігінің жоғарлауымен жүреді

 

278. Әйел адам, 39 жаста, жиі кіші дәретке отыруға, бел аймағындағы сыздап ауру сезіміне, зәрінің лайлануына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде 5 жыл бұрын босанған кейін бел аймағында ауру сезімі, қызба, дизурия мазалаған. Об-ті: арық. Дене қызуы субфебрильді - 37 гр. Жүрек тондары тұйықталған. АҚ 130/80 мм с.б.б., пульсі -78 мин. Ұрғылау симптомы оң екі жақтада. ЖҚА: НВ-112 г/л, лейк-7,8 мың, ЭТЖ-25 мм/с. Нечипоренко бойынша зәр анализінде: лейк-20 000, эр-тер- 1000.

Диагнозды дәлелдеу үшін қай зерттеуді таңдайсыз:

А) бүйректің пункционды биопсиясы

B) Зимницкий сынамасы

+C) зәрді бактериологиялық зерттеу

D) жалпы зәр анализі

E) Аддис-Каковский сынамасы

 

279. Ер адам, 25 жаста, ЖЗА: зәрдің салмағы- 1028, лейкоциттер- 50-ге дейін дейін көру алаңында, эритроциттер - 1-2 дейін көру алаңында, бактериялар +++ , шырыш+++.

Жоғарыда аталғандар қай ауруға тән?

+A) жедел пиелонефрит

B) жедел интерстициальды нефрит

C) жедел гломерулонефрит

D) созылмалы гломерулонефрит

E) зәртас ауруы

 

280. Қандай дәрежеде шынайы бактериурия деп есептеледі:

A) 1 мл зәрде 1000 микробты денешіктер

B) 1 мл зәрде 500 микробты денешіктер

C) 1 мл зәрде 10 000 микробты денешіктер

+D) 1 мл зәрде 100 000 микробты денешіктер

E) 1 мл зәрде 500 000 микробты денешіктер

 

281.Жедел гломерулонефрит кезінде пенициллиндер қатарындағы антибиотиктерді енгізуге көрсеткіш:

+A) стрептококты инфекциядан кейін аурудың дамуы

B) вакцинациядан кейін аурудың дамуы

C) трансплантациядан кейін аурудың дамуы

D) R-терапиядан кейін аурудың дамуы

E) токсикалы этиологиялы ауру

 

282. 18-жасар ер адам дизуриға және қызбаға шағымданады. Бұған дейін зәр жолдарының инфекциясының екі эпизоды болған, ауыз арқылы антибиотиктерді қабылдаумен емделген. АҚ 160/105 мм с.б.б. Зәр анализінде: белок – 0,99 г/л, эр-ттер – 2-4, лейк.-5-10 көру алаңында. Қанда креатинин – 90 мкмоль/л. Урограммада – екі жақтық қуық-зәрағар рефлюксі анықталды.

Мүмкін болатын себепті таңдаңыз:

А) қуықасты безі деңгейіндегі обструктивті уропатия

B) созылмалы тубулоинтерстициальды нефрит

+C) рефлюкс-нефропатия

D) созылмалы пиелонефрит

E) созылмалы гломерулонефрит

 

283. Жүктіліктің Ι үш айлығында несепжыныс инфекцияларын емдеу үшін ұсынасыз:

+A) амоксициллин

B) норфлоксацин

C) тетрациклин

D) гентамицин

E) фурагин

 

284. Ер адам 35 жаста шаршағыштыққа, оң жақ бел аймағындағы тұйық ауру сезіміне, жиі мазалап тұратын ауру сезімімен жүретін зәр шығаруға, лайлы зәр бөлінуіне шағымданады. Ауырғанына бір жылдай болды, ауру алғаш рет оң жақ бел аймағындағы ауру сезімімен басталған. Амбулаторлы емделді, фурагин, спазмолитиктер қабылдады. Зәр анализінде әрдайым лейкоцитурия, бактериурия анықталады.

Қандай ем тағайындау керек?

A) кортикостероидтар

B) цитостатиктер

+C) антибиотиктер

D) нитрофурандар

E) фитотерапия

 

285. Ер адам 32 жаста, ЖЗА: зәрдің салмағы- 1020, белок – іздері, лейкоциттер- 5-7, эритроциттер - 50 дейін көру алаңында, оксалаттар +++ , шырыш+++.

Жоғарыда аталғандар қай ауруға тән?

A) жедел пиелонефрит

B) созылмалы пиелонефрит

C) жедел гломерулонефрит

D) созылмалы гломерулонефрит

+E) зәртас ауруы

 

286. Ер адам 39 жаста, ЖЗА: зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1,013, белок -0,033 г/л, лейкоциттер 30-40 көру алаңында, бірнеше лейкоцитарлы цилиндрлер. Лейкограммада - 90% нейтрофилдер.

Берілген зәр синдромы қай ауруға тән?

А) жедел пиелонефритке

+В) созылмалы пиелонефритке

С) жедел гломерулонефритке

D) созылмалы гломерулонефритке

Е) созылмалы интерстициальды нефритке

 

287. Ер адам, 29 жаста ентігуге, бас ауруға, аяқтарының ісінуіне шағымданып түсті. 4 жылдан көп ауырады. Аурудың өршуі ангинадан кейін басталды. Об-ті: беті ісіңкі, бозарыңқы. Қабақтары ісіңкі. ЖҚА: Нв-110 г/л, лейкоциттер- 7,4 мың х109/л,ЭТЖ -35 мм/с. ЖЗА: уд.салм 1018, белок-4,5 г/л, лейкоциттер -8-10 к/а, дәнді цилиндрлер 2-3 к/а.

Берілген ауруды емдеу үшін қажетті препараттарды таңдаңыз.

+А) глюкокортикостероидтар

В) фитотерапия

С) уросептиктер

D) антибиотиктер

Е) нитрофурандар

 

288. Созылмалы гломерулонефриттің қай түріне келесі симптомдар тән: ісіну, протеинурия, гематурия?

A) гематуриялық

B) гипертензиялық

C) латентті

+D) нефротикалық

E) аралас

 

289. Бүйрек жеткіліксіздігінің нақты көрсеткіші ретінде қанда жоғарылайды:

A) индикан

B) мочевина

+C) креатинин

D) холестерин

E) қант

 

290. Ультрадыбыстық зерттеуде бүйректің қалыпты пішіні:

A) ұзынынан кескенде бұршақ не овальді, көлденең кескенде – дөңгелек

B) ұзынынан кескенде бұршақ не овальді, көлденең кескенде – жарты ай тәрізді

+C) барлық кесінділерде – бұршақ не овальды

D) ұзынынан кескенде – трапеция тәрізді

E) ұзынынан кескенде – овальді, көлденең – трапеция тәрізді

 

291. Қай ортада (зәрдің рН) лейкоциттер және гиалинді цилиндрлер тез ериді:

A) қышқылды

+B) сілтілі

C) нейтральді

D) зәрдің рН тәуелсіз

E) әлсіз қышқылды

 

292. Әйел адам 45 жаста, бас ауруына, бас айналуға, әлсіздікке, бел аймағындағы сыздап ауру сезіміне, жиі кіші дәрет сындыруына шағымданады. 7 жыл бойы АҚ жоғарылауы байқалады. Об-ті: тері жабындысы бозарған, өкпеде везикулярлы дыбыс, сырыл жоқ. Жүрек тондары өзгеріссіз. ЖСЖ -72 рет мин. АҚ-165/105 мм с.б.б.. Ұрғылау симптомы оң жақта оң. ЖҚА: эр-4,0млн, лейк-9,5 мың, ЭТЖ -25 мм/с. ЖЗА: лейкоциттер-50-60 к/а, эр.-2-3 к/а. Қандай емдеу әдісін бұл жағдайда тағайындау керек?

A) бета-адреноблокаторлар + спазмолитиктер

B) кальцийантагонисты + спазмолитиктер

C) антибиотиктер + спазмолитиктер

D) хинолин тобының препараттары + нейролептиктер

+E) антибиотиктер+ АПФ ингибиторы

 

293. Диабеттік нефропатиясы бар науқаста екіншілік пиелонефрит дамыды. Зәрден E. Соli себілді.

Антибактериальды терапияны таңдаңыз:

A) гентамицин

+B) амоксиклав

C) тетрациклин

D) линкомицин

E) эритромицин

 

294. Пациент В., 32 ж, шағымдары:бас ауруы, шаршағыштық, белде ауыру сезімдері, физикалық жүктемеде ентігу, кезеңді түрде әртүрлі айқындылықта ісінулер. Нечипоренко бойынша зәр анализі: эритроциттер - 7500, лейкоциттер 4100, гиалинді цилиндрлер – 600; плазмадағы калий деңгейі 6 мэкв/л.

Терапияны таңдаңыз:

A) К-сақтаушы диуретиктер

B) осмодиуретиктер

+C) ілмекті диуретиктер

D) карбоангидраза ингибиторлары

E) тұзды шектеу

 

295. Бүйрек жетіспеушілігі бар науқаста гемоглобин -78 г/л, гематокрит – 28%. Жүректік және өкпелік симптомдар жоқ.Анемияны емдеу үшін көрсетілген?

A) эритроцитарлы массаны құю

B) қан құю

+C) темір препараттары

D) витамин В12

E) фолий қышқылы

 

296.Ер адам 25 жаста, созылмалы тонзилитпен ауырады, өршуден 2 аптадан соң қабақтарының ісінуі, әлсіздік, жұмысқа қабілетінің төмендеуі байқалды. Ентігу, бетінде, белінде ісінулер байқалады. 3айдан соң бетінің, белінде ісінулер, гидроторакс пайда болды. Жүрек тондары тұйықталған. АҚҚ 125/80 мм.с.б.б.. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы 1021, белок 9 г/л, эритроциттер 15-20көру аймағында, гиалинді цилиндрлер 2-4. Болжама диагноз?

A) диффузды миокардиттің нәтижесінде жүрек жетіспеушілігі

B) жедел диффузды гломерулонефрит (жедел циклдік түрі)

+C) жедел диффузды гломерулонефрит (созылыңқы ациклдік түрі)

D)аралас типті созылмалы гломерулонефриттің өршуі

E) бүйрек амилоидозы

 

Гастро

 

 

297. Эзофагеальды (өңештік) симптом:

А) ларингит

В) жөтел

+С) қыжылдау

D) аритмиялар

E) құсу

 

398. ФЭГДС: өңештің 50% дейін алатын қосылған эрозиялар, гастроэзофагеальды аурудың қай дәрежесі (Sаvary-Miller ,1993)?

А) ГЭРА, 0 дәрежесі

В) ГЭРА, 1 дәрежесі

+С) ГЭРА, 2 дәрежесі

D) ГЭРА, 3 дәрежесі

Е) ГЭРА, 4 дәрежесі

 

299. ФЭГДС: Өңештің барлық бетін алып жататын циркулярлы эрозиялар, гастроэзофагеальды аурудың қай дәрежесі (Sаvary-Miller ,1993) ?

А) ГЭРА, 0 дәрежесі

В) ГЭРА, 1 дәрежесі

С) ГЭРА, 2 дәрежесі

+D) ГЭРА, 3 дәрежесі

Е) ГЭРА, 4 дәрежесі

 

300. ФЭГДС: өңештің пептикалық ойық жарасы және стриктурасы, цилиндрлік метаплазия, гастроэзофагеальды аурудың қай дәрежесі (Sаvary-Miller ,1993) соответствует эта картина?

А) ГЭРА, 0 дәрежесі

В) ГЭРА, 1 дәрежесі

С) ГЭРА, 2 дәрежесі

D) ГЭРА, 3 дәрежесі

+Е) ГЭРА, 4 дәрежесі

 

301. Гастроэзофагеальды ауру кезінде ақпаратты зерттеу әдісі болып табылады:

А) электромиография

В) эзофагоманометрия

С) компьютерлік томография

D) бронхоскопия

+Е) эзофагогастродуоденоскопия

 

302. Гастроэзофагеальды ауру кезінде бірінші қатардағы препарат болып табылады

А) адреноблокаторлар

В) пробиотиктер

С) холеретиктер

+D) прокинетиктер

Е) антибиотиктер

 

303.Созылмалы гастриттің жиі себептері:

А) иерсиниилер

+В) хеликобактериилер

С) стафилококктар

D) хламидиилер

E) стрептококтар

 

304. Helicobacter pylori жиі орналасатын жері:

+А) асқазанның антральды бөлігі

В) Асқазанның үлкен иілімі

С) Асқазанның кардиальды бөлігі

D) Асқазанның пилорикалық бөлігі

Е) Асқазанның фундальды бөлігі

 

305.Кең тараған гастрит түрі:

А) аутоиммунды

В) гипертрофиялық

+С) В типті гастрит

D) С типті гастрит

Е) полипозды гастрит

 

306.А типті гастриттің басқаша аты (синоним):

А) гипертрофиялық

+В) аутоиммундыый

С) химиялық

D) лимфоцитарлы гастрит

E) атрофиялық емес гастрит

 

307. С типті гастриттің басқаша аты (синоним):

А) гипертрофиялық

В) аутоиммундыый

+С) химиялық

D) лимфоцитарлы гастрит

E) атрофиялық емес гастрит

 

308.Антихеликобактерлік препаратқа жатады:

А) метоклопрамид

В) солкосерил

С) ранитидин

+D) амоксициллин

Е) бронхолитин

 

309. Helicobacter pylori эрадикациясы үшін дәрілердің оптимальды комбинациясын көрсетіңіз:

+А) омепразол + кларитромицин

В) омепразол + нистатин

С) омепразол + левомицитин

D) фамотидин + цефазолин

Е) фамотидин + гентамицин

 

310.Созылмалы атрофиялық гастрит емінде қолданылады:

А) протонды помпаның ингибиторлары

+В) асқазан сөлі

С) Н2-блокаторлар

D) антибактериальды препараттар

Е) сіңірілмейтін антацидтер

 

311. Ойық жара дамуына әкелетін медикаменттерге жатады:

+А) глюкокортикостероидтар

В) қалқанша бездің гормондары

С) протон помпасының ингибиторлары

D) Н2-гистаминрецепторларының блокаторы

Е) альфа және β-блокаторлар

 

312. 38 жастағы П, ер адам тамақтан соң және физикалық жүктемеден соң төс артында күйдіру сезімі, кекіру, қышқыл, тітіркендіргіш. 1 жылдан бері ауырады. 3 айдан бері темекі тартпайды.ЖҚА және ҚБА өзгеріссіз. «Күйдіру» кезіндегі ЭКГ қалыпты жағдайда. ЭФГДС: өңештің төменгі үштен бірінде катаральды өзгерістер, бірлі-жарым эрозиялар 10%ке дейін. Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?:

А) ГЭРА, 3 дәрежесі

В) ГЭРА, 2 дәрежесі

+С) ГЭРА, 1 дәрежесі

D) ГЭРА, 4 дәрежесі

Е) ГЭРА, 0 дәрежесі

 

313. 38 жастағы П, ер адам тамақтан соң және физикалық жүктемеден соң төс артында күйдіру сезімі, кекіру, қышқыл, тітіркендіргіш. 1 жылдан бері ауырады. 3 айдан бері темекі тартпайды.ЖҚА және ҚБА өзгеріссіз. «Күйдіру» кезіндегі ЭКГ қалыпты жағдайда. ЭФГДС: өңештің төменгі үштен бірінде катаральды өзгерістер, бірлі-жарым эрозиялар 10%ке дейін. Таңдаулы препарат болып табылады:

А) урсофальк

+В) мотилиум

С) панзинорм

D) нифедипин

Е) папаверин

 

314. 40 жастағы В ер адам, шағымдары: тамақтан соң төс артында ұзаққа созылатын күйдіру сезім, денесін алдыға қарай игенде күшейеді, төс артында кома сезімі, қышқылмен кекіру. Об-ті: жағдайы қанағаттанарлық. Артық дене салмағы.Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары ырғақты, дыбысты. АҚҚ 130/80 мм с.б.б. Іші жұмсақ, ауыру сеімінсіз. Төс артында «күйдіру» сезімі болған кездегі ЭКГ қалыпты жағдайда. Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?:

А) он екі елі ішектің ойық жара ауруы

В) ЖИА, үдемелі стенокардия

С) НР – ассоциирленген созылмалы гастрит

D) созылмалы тассыз холецистит

+Е) гастроэзофагеальды рефлюкстік ауру

 

315. 40 жастағы В ер адам, шағымдары: тамақтан соң төс артында ұзаққа созылатын күйдіру сезім, денесін алдыға қарай игенде күшейеді, төс артында сезімі, қышқылмен кекіру. Об-ті: жағдайы қанағаттанарлық. Артық дене салмағы.Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары ырғақты, дыбысты. АҚҚ 130/80 мм с.б.б. Іші жұмсақ, ауыру сеімінсіз. Төс артында «Күйдіру» сезімі болған кездегі ЭКГ қалыпты жағдайда. Диагнозды дәлелдеу үшін жүргізу қажет: