Пәнді оқытудың міндеттері

Азақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

Ақпараттык жүйелер _ кафедрасы

(кафедраның атауы)

 

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық
университеті» ШЖҚ РМК

__________________

5В0703– Ақпараттык жүйелер мамандығының(тарының) білім алушылары үшін

(мамандықтың/мамандандырудың шифры және атауы)

_АТ 3305_____ Компьютер жүйелерінің сәулеті»_ пәні бойынша

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы )

__________

(модульдін атауы және шифры)

 

СИЛЛАБУС

 

Астана 20_14


СИЛЛАБУС

 

1. Курстың оқытушысы: Турсунбаев Берік Жамқорұлы, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы , жұмыс телефоны:30 - 29

Ғылыми ізденістер: Деректер қорын басқару жүйесі, Ақпараттық жүйелер, Программалау тілі, Программалау технологиясы, Математикалық модельдеу.

Ғылыми мектебі: Аль-Фараби атындағы КазНУ, механика және қолданбалы математика факультеті.

 

2. Пәннің аты «Компьютер жүйелерінің сәулеті».

Пәннің коды:KZhS 3210

Кредиттер саны: 2

 

3. Оқу пәнінің жүргізілу уақыты

(сабақ кестесіне сәйкес)

 

Оқу пәнінің деректемелері

Пререквизиты: Информатика, физика, ақпараттық жүйе негізі

Постреквизиты: Схемотехника, компьютерлік тораптар

 

Пәннің сипаттамасы

Пәнді оқытудың мақсаты.

«Компьютер жүйесінің архитектурасы» пәнінің негізгі мақсаты қазіргі ЭЕМ мен компьютерлік жүйелердің архитектуралық ерекшеліктерін; ЭЕМ-нің функционалдық түйіндерін жобалау негіздерін; есептеу кешендерін ұйымдастыру негіздерін оқып-үйрену.

Пәнді оқытудың міндеттері

Пәнді оқу кезінде студентер жалпы компьютерлік жүйелердің архитектурасын, ЭЕМ құрылғыларының жұмыс істеуін ұйымдастыру мен негізгі принциптері, соның ішінде есте сақтау құрылғылары, санашықтар мен есептеу кешендері туралы жүйеленген білімді алуы керек.

Студенттер білуі тиіс:

- Техника қауіпсіздік ережесін сақтауды;

- компьютерлік жүйелердің, есте сақтау құрылғыларының. Санашықтық жүйелердің архитектурасын білуі;

- ЭЕМ-нің функционалдық түйіндерін жобалауды білуі;

- ЭЕМ техникалық іске асыру мен модернизациялау және олардың компоненттерін меңгеруі;

- Жалпы компьютердің функционалдық схемасын;

- Құрылғылардың арналуы мен сипаттамалары;

- Компьютер программаларының құрамы мен арналуын;

- Ақпараттың сақталуы мен эксплуатация ережесін білуі тиіс.

- Қажетті құрылғыларды орнатуды және ауыстыруды;

- Жүйені қалпына келтіруді білуі тиіс.

 

 

5.3. Оқу пәнін оқытудың жоспары.

Апталар Тақырыптар аты Сағаттар санымен оқытуды ұйымдас-тырудың формалары
Дәріс Практ. Лаб. сабақ
1. 1. ЭЕМ-нің ұйымдастырылу негіздері. Компьютерлік жүйелердің элементтерінің құрамы мен белгіленуі. ЭЕМ-нің жіктелуі (классификациясы). ЭЕМ-нің негізгі құрылғылары мен оның белгіленуі. ЭЕМ-нің архитектурасы, құрылымы және интерфейсі. ЭЕМ-мен жұмыс істеуді программалық басқару принциптері. ЭЕМ-нің негізгі сипаттамалары мен параметрлері. -
2. ЭЕМ-де ақпараттың көрсетілуі. ЭЕМ-нің арифметикалық және логикалық негіздері. Сандық құрылғыларды логикалық жобалаудың теориясының негіздері. ЭЕМ-нің базалық элементтері. Құрамы мен сипаттамалары. -
3. ЭЕМ-нің функционалдық түйіндері. ЭЕМ-нің функционалдық түйіндерінің (тораптарының) арналуы, негізгі параметрлері, жіктелуі және құрудың принциптері. -
4. 2. ЭЕМ-нің есте сақтау құрылғылары (ЕСҚ). ЭЕМ-нің есте сақтау құрылғыларының анықтамасы, арналуы, негізгі сипаттамалары және жіктелуі. Жадыны ұйымдастыру тәсілдері. Жады көлемін арттыру тәсілдері. -
5. Оперативтік жады (RAM). Статикалық (SRAM) және динамикалық (DRAM) типтегі есте сақтау құрылғылары. Динамикалық жадының бақылаушысы (контроллері). Кэш-жады. Оперативтік жадыны бүркемелеу (кэштеу). -
6. Маскалық, бағдарланатын және қайта бағдарланатын (репрограммаланатын) тұрақты есте сақтау жадылары (ROM, PROM, EPROM ЕЕРROM). Флэш жады. Тізбекті қатынасты жады. Видеожады. FIFO типті буферлік жады. Стектік жады (LIFO). -
7. 3. ЭЕМ-нің процессорлары. Процессорлық құрылғылар. Микропроцессорлық жүйенің құрылымы. Процессордың негізгі блоктары. Процессордың жұмыс істеуі. -
8. Микропроцессордың өңдейтін бөлігін ұйымдастыру. Қысқартылған командалар жүйесі бар – RISC процессорлар. толық командалар жүйесі бар CISC (Complete Instruction Set Computer) процессорлар. -
9. Орталық басқару құрылғысы (ОБҚ). ОБҚ-ның негізгі функциялары. Процессорда бағдарламалардың орындалуы. Жадыны және ішкі (сыртқы) құрылғыларды басқару. Процессордың микробағдарламалық жұмыс істеу құралдары. Үзілісті ұйымдастыру принциптері. Үзілудің көп деңгейлік жүйесі. Артықшылықтары. ЭЕМ-нің көпбағдарламалық жұмыс істеуінің режимін ұйымдастыру кезіндегі жадыны қорғау құралдары. -
10. 4. Енгізу-шығаруды ұйымдастыру. Есептеу кешендері (комплекстері). Енгізу/шығаруды ұйымдастыру. Енгізу/шығарудың интерфейстері, кеңейту шиналары. Ақпаратты алмастыру тәсілдері. ДК-дің интерфейстері. Параллельді интерфейстер. LPT-порт. Ақпаратты алмастыру режимдері: дуплексті, жартылай дуплексті және симплексті. -
11. Тізбекті интерфейстер. COM-порт. Тізбектеп жіберудің әдістері. Ақпаратты асинхронды және синхронды алмастыру. Деректерді жіберу режимдері. Жіберу ағымын (өрісін) басқару. Ішкі (сыртқы) құрылғылардың контроллері. Енгізу/шығару порттары. Үзіліс кезіндегі ақпаратты алмастыру. Ақпаратты өңдеудің үлестірілген жүйелері. -
12. Есептеу комплекстері. Жіктелуі. Көп машиналы есептеу комплекстері (жүйелері). Көпмашиналы есептеу жүйелерін (КМЕЖ) қызметін (функционалдануын) ұйымдастыру. КМЕЖ –нің байланыс түрлері. Мультипроцессорлы компьютерлік жүйелер (МКЖ). Құрылымдық ұйымдастыру типтері және жобалаудың негіздері. -
13. 5. Дербес компьютерлердің негізгі архитектурасы. Қазіргі заманғы ЭЕМ процессорларының даму сатысы. Қазіргі заманғы дербес компьютерлердің (ДК) процессорларының архитектурасы. -
14. Процессорлар моделдері. Әр түрлі фирмалардың процессорларының сапалық ерекшеліктері. Микропроцессордың құрылымы. Интерфейстік шиналар және жадыны ұйымдастыру. Командалардың орындалу және деректерді өңдеу процесстері. Процессор өнімділігін арттыру тәсілдері. Көппроцессорлық жүйелер. Қазіргі заманғы ДК-дің процессорларының параметрлері және сипаттамалары. ДК-дін сыртқы (перифериялық) құрылғыларына -
15. Қорытынды. Компьютерлік жүйенің даму жетістіктері. -
  Барлығы: