Жолдардың, машиналардың ағымдық жөндеуі және ұйымдастыру мен қызмет көрсету технологиясы

Ағымдағы жөндеу жолдар мен жол құрылыстарының ұсақ зақымдануының алдын алу және түзету жөніндегі жұмыстардың орындалуын көздейді. Ол ақаулар ведомосі бойынша жолдарды тексеру нәтижелерінің негізінде, нормативтік қаржыландыруға сәйкес, ағымдағы жөндеуге арналған қаражаттар шегінде жоспарланады.

Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын ағымдағы жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады.

Жер төсемі мен су бұрғыш бойынша: жер төсемінің, су бұрғыштың, резервтердің, қорғаныстық, бекіністік және реттеуші құрылыстардың жекелеген ұсақ зақымдарын түзету; қосымша себу, жұқарту және жол жиегін жекелеген учаскелерде 1 километрге 100 текше метрге дейінгі көлемде қосымша себу арқылы тегістеу.

Жол төсемелері бойынша: жарықшақтарды, шұңқыршаларды бітеу, жолтабандарды жою, шұңқырлы жерлерді, отырып қалған жерлерді жою, жиектерді түзулеу, жамылғылардың барлық түрлеріндегі жекелеген жиектемелерді ауыстыру. Ісіңкі учаскелерді, отырып қалған жерлерді, жолтабандарды және шұңқырлы жерлерді жою бойынша тегістеу кезіндегі жұмыстар көлемі жолдардың көктемгі және күзгі тексерулер нәтижелерінің деректеріне сәйкес автокөліктің қауіпсіз жүріп өтуін қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде қабылданады; цемент-бетон жамылғылардағы жіктерді жөндеу және толтыру; битуммен өңделген жамылғыларды қоса алғанда, шағылтас және қиыршықтас жамылғылар бетіне таскебектер мен ұсақ қиыршықтас себу; жүру бөлігін таңбалау; қиыршықтасты және топырақты жолдардың пішіндерін жекелеген учаскелерде 1 километрге 100 текше метрге дейін жаңа материалдар қосу арқылы түзету; жолдарды хлорлы кальциймен, битуммен және басқа да материалдармен шаңсыздандыру; автомобиль жолдарының дөңес учаскелеріне күтім, уақытша қоршау, ауа шұңқырларын орнату және қайтарғыны қамтамасыз ету.

Жасанды құрылыстар бойынша: кішігірім зақымдарды, құрылыстардың жекелеген элементтерін (тірек бөліктерін, сүйеніштерін, төсемдерін, бағандарын, сүйемелерін, дарбаза дуалдарын, құрғату құрылғыларын және тағы басқаларды) түзету; көпірлердің металл элементтерін бояу; құрылымдардағы жарықшақтарды торкреттеу, қалауларды, сылақтарды жөндеу, тойтарма шегелерді ішінара ауыстыру; жыралардан көлікпен және жаяу жүріп өтетін көпіршелерді ауыстыру және түзету; қалқымалы көпірлердің, салдық өткелдердің және айлақтық құрылғыларының кішігірім зақымдарын түзету (конопаткалау, көмкермелерді жөндеу, такелажды түзету, тағы сол сияқты); көпірлердің, жол өткелдерінің жүру бөлігіндегі жамылғылардың шұңқырын жөндеу, жамылғыдағы жарықшақтарды бітеу; өтпелі тақталардың сүйенбелерге жанасатын тораптарын герметизациялау; деформациялық жіктердің ұсақ жөндеуі; болттарды тарту арқылы деформациялық жіктерден су ағуын жою; деформациялық жіктерді ескі мастикадан алдын-ала тазартып алып, оған мастика құю. Деформациялық жіктерде жылжымалы табақтарды пісіріп жабыстыру (олар жұлынып кеткен жағдайда), жетпей тұрған серіппелерді орнату; деформациялық жіктердің механизмдері мен құрылымдарының ұсақ жөндеуі; деформациялық жіктің аймағындағы немесе жіктің үстіндегі жамылғыны ауыстыру; жаяу жолдардың асфальт-бетон жамылғысындағы жарықшақтар мен шұңқыршаларды бітеу және толтыру; жаяу жолдардың цемент-бетон жамылғысындағы жарықшақтар мен шұңқыршаларды бітеу және толтыру, қанаттық қоршаудың жекелеген сырлау бөлігін (боямасын) қалпына келтіру, жүру бөлігінің жиектемелік қоршауына таңбалар салу, автожолдардың үстіндегі жол өткелдерінің қосбеттік арқалықтарының астына бойлық таңба салу; автожолдардың үстіндегі жол өткелдерінің тіреулеріне бойлық таңба салу; бекітулердің бетонды тақталарының арасындағы жіктерді цементті ерітіндімен әшекейлеу; құбырлардың жекелеген зақымданған түйіндерін, бастарды, құлама қанаттарын ауыстыру және жөндеу және кіретін және шығатын арналарды нығайтып, құбыр науаларын түзулеу; үйінді мен реттеуші құрылыстардың шайылып кеткен жекелеген жерлерін жою; көпірдің үйіндімен түйісуі үшін қазындыларды көме отырып, сол жерлердегі суды жою; тіреулердің жанындағы шайылып кеткен шұқырларды бітеу; элементтерді шіріндіден тазарту, тақталарды, ағаш көпірлердегі төсемдерді ауыстыру; жекелеген тойтарма шегелерді ауыстыру, металдан жасалған аралық құрылыстардың ұсақ деформацияларын түзету.

Пайдалану қызметінің жол ғимараттары, өндіріс базалары, жол зертханалары, аула құрылыстары мен қосалқы құрылыстары бойынша: сылақ пен конопатканы түзету, қабырғаларды, едендерді, төбелерді, шатырларды, аражабындарды, терезелерді, есіктерді және сол сияқтыларды сырлау және әктеу, тұсқағаздарды жапсыру және ауыстыру, әйнектер салу, арақабырғаларды, қабырғаларды, едендерді, төбелерді, шатырларды, аражабындарды, терезелерді, есіктерді, пештерді, құдықтарды, ұңғымаларды, су құбыры және кәріз желілерін, жекелеген элементтерін ішінара ауыстыра отырып байланыс желілерін жөндеу, жылумен қамсыздандыру, желдету, жарықтандыру жүйесін және электр жабдығын жөндеу, зертханалық жабдықтарды ауыстыру және жөндеу.

Жолдарды жайғастыру мен көркейту, қозғалысты, байланысты, жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша: сирек жағдайларда жетпей тұрған белгілерді, қоршауларды орнату, зақымдарды түзету, жол белгілері мен қоршаулардың қалқаншаларын толық ауыстыру, панноларды орнату және жөндеу, жолдың жағдайының жекелеген элементтерін қалпына келтіру; сәулет ресімдеу және көркейту элементтерінің жекелеген зақымдары мен ақауларын түзету; автопавильондарды, күркелерді, жол белгілерін, қоршаулар мен автомобиль жолдары құрылысының басқа да элементтерін сырлау және әктеу, ойлық және ендік таңбалар салу; күркелерді және отырғыштарды құру және жөндеу; қозғалыс, байланыс, жарықтандыруды ұйымдастыру объектілерінің жекелеген зақымдары мен ақауларын түзету.

Ұсақ деформациялар мен қираулардың ұлғаю мүмкіндігінің және одан да айтарлықтай үлкен қирауларға айналуының алдын алу мақсатында оларды жою жөніндегі жұмыстарды толық орындамауға жол берілмейді.

Автомобиль жолдарын бағытты тәсілмен жөндеуді орындау кезінде мынадай жөндеу жұмыстары кешенді жүргізіледі. Ол кешеннің ішіне 24-тармақта аталған ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ бағыт бойынша айқындалған қозғалысқа қауіпті ақауларды жою, оның ішінде 500 шаршы метрге дейінгі жергілікті учаскелер ауданындағы жол жамылғысының тегістігін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар кіреді. Жөндеудің маршруттық тәсілі кезінде бүкіл маршрут бойы, жергілікті учаскелердегі жол жамылғысының айтарлықтай деформациялары мен қирауларының шоғырланған жерлерінде жөндеу жұмыстары қиыстырылып орындалады.

Жұмыстар жол ұйымдастыру күштері ағымдағы жөндеулер мен тиісті ақауларды жою үшін қабылданған жұмыстардың технологиясы бойынша және ақаулар ведомосінің негізінде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресімделген атқару сметалары бойынша жолдарды күтіп ұстау жүргізетін арнайы, әдеттегі техникамен орындалады.

Бағыттық жөндеу кезінде жергілікті учаскелердегі жол жамылғысының қауіпті ақаулары мен айтарлықтай деформацияларын және қирауларын жою кезінде мынадай жұмыстар орындалуы мүмкін.

Жер төсемі бойынша: кішкене дөңес жерлерді жою; опырылған, шөгіп қалған жерлерді және сел ысырындыларын тазарту; жол жағаларына қосымша себу және бекіту. Жол төсемелері бойынша: жергілікті учаскелердегі жамылғылардың ісіңкі жерлерін жою; жамылғыдағы кедір-бұдыр жерлер мен қауіпті болып табылатын тегіс емес жерлерді тегістеу, опырылған жерлерді бітеп, бетін өңдеу; жергілікті жерлерді қауіпті деформациялар мен тегіс емес жерлерді жою мақсатында ойып, кейін содан алынған материалды негіз қабаты үшін пайдалану және жаңа жамылғы қабатын салу; шағылтас және қиыршықтас жамылғылардың пішіндерін қалпына келтіру.

Орташа жөндеу жол мен жол құрылыстарының алғашқы пайдалану сапасын қалпына келтіруге байланысты жұмыстардың оқтын-оқтын орындалуын көздейді. Орташа жөндеу кезінде жол жамылғыларының тозу қабаты мен тегістігі оқтын-оқтын қайта қалпына келтіріліп, сондай-ақ жер төсемінің, су бұру жүйесінің, жасанды, қорғаныстық, бекітуші, реттеуші және басқа құрылыстардың зақымдары түзетіледі. Орташа жөндеу жөніндегі жұмыстардың көлемі жолдардың күйін анықтау нәтижелері мен ақаулар ведомосінің негізінде жасалатын сметалық есеппен анықталады.

Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын орташа жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады: Жер төсемі мен су бұру бойынша: ылғалды және қар басатын жерлердегі жер төсемінің ұзақтығы бойынша кішігірім учаскелерін көтеру және кеңейту, кішігірім ісіңкі учаскелерді жою; қазіргі бар су бұру жыраларын тазарту, жаңа жыралар қазу, үйінділер мен ойықтар еңістерінің зақымдануын түзету және тіктігін азайту, құрғатқыш, қорғаныстық және бекіністік құрылғыларды, су бұру құрылыстарын және көпірлер мен құбырлардың жанындағы бұру арналарын түзету, шөп егу; жер төсемінің құламаларына шөптерді отырғызу мен резервтерге тұрақты шым жабындарын жасау бойынша қажетті агротехникалық іс-шаралар жүргізе отырып, шөптер өсіру, опырылған жерлерді, шөгіп қалған жерлерді және сел ысырындыларын тазалау; жол жағаларына қосымша себу, жұқарту, тегістеу және бекіту. Жол төсемесі бойынша: беттік өңдеулерді орнықтыру; жетілдірілген жамылғылардың тозған жоғарғы қабаттарын қалпына келтіру мен қазіргі бар жол төсемесін бөлшектей және қажетті жағдайларда беттік өңдеуді жүргізу арқылы топырақты тұрақтандыра отырып жекелеген және ісіңкі учаскелерде жол төсемесін жайғастыру, кедір-бұдырлары, жолтабандары, қаспақтары бар жамылғыны қопсыту немесе жаңа материал қосу арқылы регенерациялау, темірбетон және цементбетон жамылғылардың жекелеген тақталарын ауыстыру, көтеру және түзету.

Шағылтасты және қиыршықтасты жамылғылардың, сондай-ақ топырақты жолдардың пішінін жолдың бір километріне 500 текше метрге дейінгі мөлшерде материалдар қосу арқылы қалпына келтіру, қиыршықтасты және топырақты жолдардың жүру бөлігін тұтқырғыш және шаңсыздандырғыш материалдармен жақсарту және вираждарды жайғастыру және қозғалыс үшін қауіпті қисықтарда көрінімді қамтамасыз ету; жөнделіп жатқан учаскелердегі жүру бөлігін белгілеу.

Жасанды құрылыстар бойынша: деформациялық жіктердің астындағы су бұру науасын қалпына келтіру; су бұру құбырларын жөндеу (құбырларды ұзарту немесе қосымша құбырлар орнату); су оқшаулау жүйесінің жаяу жолмен жанасатын жерінде жамылғыдағы жіктерді жайғастыру және оларды мастикамен толтыру, су бұру құбырларындағы оқшаулауды жөндеу.

Көпірдің отыруы 10 сантиметрден көп болған жағдайда үйіндімен жанасатын тораптарын жөндеу (үстіне шағыл тас себу арқылы қосымша жамылғы есебінен тегістеу) керек. Жаяужолдың үйіндімен жанасатын шеткі тақталарын ауыстыру, жол төсемесін қалпына келтіре отырып өтпелі тақталардың жекелеген орнынан жылжып кетуін жою, өтпелі тақтаның астындағы топырақ тақталарды ашқан кезде шайылып кеткен жағдайда, ол жерге топырақ себу. Болат элементтері бар деформациялық жіктердің бөлшектерін ішінара ауыстыру; жұмыстар жол төсемесі деңгейінде жүргізіліп жатқан кезде мастикамен және резинамен толытырылған жабық тұрпаттағы деформациялық жіктерді ауыстыру. Жаяужолдардағы деформациялық жіктерді ауыстыру, жаяужол жамылғысын тегістеу, жаңа жамылғы жайғастыру, жаяужол блоктарындағы кең тесіктердің опырылған жерлерін бітеу, жаяужолдардың бетін қорғағыш жамылғысымен өңдеу, жаяужол блоктарындағы опырылған және шытынаған жерлерді жою, жаяужол блоктарының түйіспелерін нақыштау және оқшаулау; жаяужолдарды қалпына келтіру, жекелеген зақымданған блоктарды күшейту немесе ауыстыру, жаяужол тақталарының сынған жерлерін жою, оқшаулауды жайғастыру немесе жаяужолдарды асфальтбетонмен жабу, жекелеген бөлімдерді жөндеу, қанаттардың жекелеген тіреуіштерін анкерлеуді күшейту; қанаттарды көпір құрылысының бүкіл ұзындығы немесе ұзындығының бір бөлігі бойынша ауыстыру; қанаттарды бүкіл ұзындығы бойынша сырлау.

Қанаттар тіреуіштерінің бекіту тораптарын жаңа анкерлермен ауыстыру; гидрофобиялау немесе бетон құрылымының барлық беттерін (тақталарды, арқалық қабырғаларын, доғаларды және басқа да элементтерді) сырлап шығу, диафрагмалардың түйіспелерін жөндеу, көпірлер мен жол өткелдерін ішінара қайта салу немесе жөндеу, сондай-ақ су өткізетін құбырларды олардың габариттері мен есепті жүктемелерін техникалық құжаттамаларда бекітілген жөнделетін жол үшін белгіленген техникалық категорияға сәйкес нормаларға дейін жеткізу арқылы толық немесе ішінара қайта салу. Көпірлердегі күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерді, арқалық торларын, жекелеген тораптар мен элементтерді ауыстыру, қалауларды, жер төсемімен жанасатын жерлерді түзету және тағы басқалар) алдын-ала кернеуленген темірбетон және метал аралық құрылымдардағы құрылыстық көтермелерді бақылау. Көпірдің жүру бөлігіндегі жамылғыларды қалпына келтіру немесе ауыстыру, жаяужол блоктарындағы саңылауларды тығындау, жаяу жолдарға жамылғылар төсеу; қоршауларды жөндеу және қайта жаңарту.

Деформациялық жіктерді материалдар мен құрылымдарды ауыстыра отырып жөндеу; су оқшаулау жүйесін жөндеу. Жаяужолдарды, қанаттарды, жиектемелерді жөндеу және ауыстыру, көпірдің жүру бөлігіндегі су бұрғышты жақсарту, құбырлар мен кеңістіктерді ауыстыру. Темірбетон құрылымдардың маңдай беттерін судан оқшаулау, негізгі арқалықтардың беттерін сырлау; жарықшақтарды беттік герметикаландыру, қаяуларды, опырылған жерлерді бітеу, көпірдің темірбетон элементтерінің қорғағыш қабатын қалпына келтіру, металл аралық құрылымдарды тұтас сырлап шығу; арқалықтардың өзара біріккен жерлерін қалпына келтіру; құрғатқыш пен су бұрғышты, өтпелі тақталарды ауыстыру арқылы көпірдің үйіндімен жанасқан жерін жөндеу. Жер төсемі мен реттеуші құрылыстардың еңістерінің бекітулерін жөндеу; тіректер мен реттеуші құрылыстардың шайылып кеткен жерлерін жою; металл аралық құрылымдардағы жекелеген элементтерді күшейту, өтпелі фермалы көпірлердегі тор элементтерін түзету; тойтарма шегелерді беріктігі жоғары болттарға ауыстыру. Тіреу бөліктерін жөндеу және оның жобалық жағдайын қалпына келтіру, тірек алаңшаларындағы төкпелерді жөндеу және қалпына келтіру; қаптама жіктерін әшекейлеу, ерітінділерді жарықшақтарға құю; аралық құрылымдар мен тіректердің шолу құрылғыларын жөндеу және қалпына келтіру; тірек денесін жөндеу; темірбетон аралық құрылымдарды тіреу орындарында тіреу бөліктерін күшейту. Құбырлардың бастары мен жекелеген бөліктерін жөндеу, оқшаулар мен түйіспелерді түзету; тіреуіш қабырғаларды, бекіткіш және реттегіш құрылыстарды, галереялар мен қалқаларды жөндеу, сондай-ақ олардың жекелеген элементтерін ауыстыру.

 

Жұмыс орындарындағы технологиялық операциялардың, өндірістік операцияларды орындаған кездегі қолданылатын құрал-жабдықтар сипаты

 

Жолдардың жағдайы мен оларды көркейту, қозғалысты, байланысты, жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша: жолдардың елді мекендер арқылы өтетін учаскелеріндегі қолданыстағы жаяу жолдар мен жүргінші жолдарын жаңадан жасау және жөндеу; жекелеген қоршауларды жаңадан жасау, жөнделіп жатқан учаскелердегі жол белгілері мен бағыттаушы құрылғыларды жаңадан орнату және ауыстыру (қалпына келтіру), сәулеттік безендіру мен жеке айырымдардың көркейтілуін, демалыс алаңдарын, автомобиль тұрақтарын, көрнекті жерлерді қоса алғанда қоршауларды жөндеу; ауыспа жолдар мен өтпе жолдарды, жазғы және трактор жолдарын жөндеу; сигнализацияны, жол қозғалысын, байланыс құралдары мен жарықтандыруды ұйымдастыру объектілерін жөндеу; автожолдардың жайластыру элементтерін (автопавильондарды, тіреуіш қабырғаларды, ақпараттық панноларды және басқа ғимараттарды) жөндеу.

Жолдардың пайдаланымдық күйін қалпына келтіруді және көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да жұмыс түрлері.

Күрделі жөндеу жолдар мен жол құрылыстарының көлік-пайдаланымдық жай-күйін арттыруға, оның ішінде жол төсемелері мен жол құрылыстарының беріктігін қолданыстағы жолдардың техникалық санат нормаларының шамасында арттыруға байланысты жұмыстардың мерзімді түрде орындалуын көздейді.

Күрделі жөндеуге жататын жол учаскелері жөндеуаралық қызмет мерзімдері мен жол диагностикасының нәтижелері негізінде белгіленеді.

Автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының күрделі жөндеуі мемлекеттік сараптамадан өткен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық (жоба-сметалық) құжаттама бойынша орындалады. Жолды күрделі жөндеудің жобасы жолдың көлік-пайдаланымдық жай-күйін анықтау және бағалау нәтижелері негізінде орындалады. Жекелеген жағдайларда, апатты жағдайлардан туындаған жұмыс кезінде кейіннен қазіргі бар қолданыстағы заңнамаға сәйкес ресімделген ақаулар ведомосі мен атқару сметасы бойынша күрделі жөндеу жүргізуге рұқсат етіледі.

Күрделі жөндеу кезінде ұзақтығы жолдың жалпы ұзындығының 25%-на дейінгі жоспарда, сондай-ақ бойлық пішінде жолдардың жекелеген түзетулерін жүргізуге рұқсат етіледі.

Күрделі жөндеу кезінде мынадай жұмыстар орындалады: Жер төсемі мен су бұру жүйесі бойынша: жер төсемін оның геометриялық параметрлерін техникалық құжаттамада бекітілген жөнделіп жатқан жол үшін белгіленген техникалық санаттарға сәйкес нормаларға дейін жеткізу арқылы түзету (топырақтарды кеңейту, көтеру, ауыстыру, көрінімді қамтамасыз ету, дөңгелектену радиусын арттыру, бойлық еңістерді жұмсарту, тік қисықтар мен вираждарды орнықтыру), жолдың жеке учаскелерін түзету; ісіңкі, опырылған және шөккен учаскелерді жою, қабатшаларды оқшаулайтын құрғатқыштарды орнықтыру және жер төсемінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін басқа да жұмыстар; істеп тұрған қажетті су бұру құрылғыларын, жағаны қорғау және эрозияға қарсы құрылыстарды қалпына келтіру және қайта салу, сондай-ақ жаңадан салу; автомобиль жолдарының қиылысқан және жанасқан жерлеріне жер төсемі мен су бұру жүйесін орнату, сондай-ақ автомобиль жолдарының жүру бөлігінен тыс жерлерге аялдамаға арналған алаңшалар, автомобиль тұрақтары және демалыс алаңшаларын салу жөніндегі жұмыстарды орындау; күрделі жөндеу жөніндегі жұмыс аймағында орналасқан жол жанындағы резервтерді, жойылатын жол учаскелерін баптау; тасқын су, сел, нөсерлі жаңбыр және басқа да табиғи апаттардың салдарын жою.

Жол төсемесі бойынша: жол төсемесін бір қозғалыс жолағынан аспайтындай етіп күшейту (қалыңдату), кеңейту және қазіргі бар жол төсемесін регенерациялау және оны негіз ретінде пайдалану арқылы аса жетілдірілген жол төсемесінің үлгілерін төсеу, сондай-ақ жолдардың қайта орнықтырылып (қайта түзетіліп) жатқан учаскелеріне және елді мекендердің айналма жолдары мен оған келетін жолдарға жаңадан жол төсемесін төсеу, көлік айырымдарына, инженерлік құрылғыларға, жаяужолдарға, жүргінші және велосипед жолдарына, автобус аялдамаларына, демалыс алаңдары мен автокөлік тұрақтарына жол төсемесін төсеу; шағылтас және қиыршықтас жамылғылардың, сондай-ақ топырақты жолдардың пішінін жаңа материалдар қосу арқылы түзету, жүру бөлігін тұтқырғыш материалдармен жақсарту; жасанды және табиғи материалдардан жасалған жиектемелерді және жетілдірілген жамылғылардың шеттеріндегі бекіту жолақтарын, соның ішінде негізгі жол төсемесінің үлгісі бойынша жаңадан орнату және тозғандарын ауыстыру.

Жасанды құрылыстар бойынша: көпірлерді, сондай-ақ жүргінші жолдарын, жол өткелдерін олардың габариттері мен тасу қабілеттерін техникалық құжаттамада осы жөндеуге (көпірді жаңа арқалықтар қоспай габаритін кеңейту арқылы; габаритті кеңейте отырып және ригельді үлкейту және күшейту арқылы салу, толық немесе бір бөлігін қайта салу, жаңа арқалықтар қосу арқылы; габаритті кеңейте отырып және бір жағынан немесе екі жағынан тіреуді ұлғайтатын арқалықтар қосу арқылы жөндеу) ауырлыққа дейін жеткізе отырып кеңейту және күшейту; негізгі арқалықтар мен металды көпір фермасының элементтерін түзету және күшейту; металды аралық құрылымдарды ауыстыру; көпірдің жүру бөлігін ауыстыру; су өткізгіш құбырларды салу және қайта салу; бөліктерді, бастарды ауыстыру және құбырларды бекіту; құбырлардың зақымданған сақиналарын ауыстыру; құбырдың ұзындығын жаңа сақиналар мен бастар есебінен өсіру; қалқымалы көпірлерді, салдық өткелдерді, теміржол өтпесін тұрақты көпірлермен және жол өткелдерімен алмастыру; тіреуіш қабырғаларды, қорғаныстық, бекіту және реттеуші құрылыстарды жайғастыру және қалпына келтіру; қайтадан салынған және жаңадан салынған көпірлерді сынау; тоннельдердің құрылымдық элементтерін, тау жолдарындағы қорғаныс галереялары мен қалқаларды, жөндеу және ауыстыру, сондай-ақ уақытша галереялар мен қалқаларды тұрақтылармен алмастыру.

Пайдалану қызметінің ғимараттары, қосалқы құрылыстары мен өндірістік базалары бойынша: ғимараттарды сыртқы қабырғалардың шегінде ішін қайта жоспарлау, қолданыстағы ғимараттардың жанынан қосалқы-көмекші және санитарлық-тұрмыстық орындар салу; ғимараттардың ақаулары мен зақымдарын оның қабырғалары мен жабындарының материалдарының 40%-на дейінгісін ауыстыра отырып жою, оның ағаш іргетасын тұрақтыларымен алмастыру; орталық жылу, сумен қамсыздандыру, газдандыру, канализация, электрлі жарықтандыру жүйелерін жайғастыру және қолданыстағы желілерге, газ құбырларына және байланыс желілеріне жалғану; құны ғимараттардың құнынан 25%-нан аспайтын аулалық құрылыстарды (қоралар, үш машинаға дейін сыйатын гараждар, қоймалар, құдықтар, қазылған шұңқырлар және тағы басқалар), қоршауларды, аулалық немесе қоралық құрылыстар орнықтыру; бұл үйлерді кейінірек желілік жол-пайдалану қызметінің жұмысшыларын орналастыру үшін пайдалану мақсатында уақытша ғимараттар мен құрылыстар, уақытшалардың орнына тұрақты тұрпаттағы тұрғын үйлер үшін көзделген сметалық соманың шегінде жолдарды күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру орындарында қажетті уақытша ғимараттар мен қосалқы құрылыстарды (битум, тас уату, асфальтбетонды, цементбетонды базалары) салу; жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін топырақ қорын, жергілікті тас кен орындарын және өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтарын (күл, боксит шламы және тағы басқалар) игеру, оларға келетін жолдарды, энергиямен қамсыздандыру жүйесін, материалдарды сақтауға арналған алаңдар орнықтыру. Бұл мақсаттардағы жылдық шығындар ағымдағы жылдағы күрделі жөндеудің жалпы қаражатының 10%-нан аспауы тиіс.

Жолдардың жағдайы мен көркеюі, қозғалысты, байланысты, жарықтандыруды ұйымдастыру объектілері бойынша: жолдардың немесе олардың жеке учаскелерінің сәулеттік ресімделуі және көркейтілуі.

Аялдама, қону алаңдары мен автопавильондар, қауіпсіздік аралшықтарын, демалыс алаңдарын (күркелері, су көздері, қарау шұңқыры немесе автомобильді жолда алдын ала тексеруге арналған эсткадалары және басқа да құрылыстары бар), автомобиль тоқтайтын немесе тұратын алаңдар, жүргіншілер өтетін жолдарды (оның ішінде әр түрлі деңгейдегі), сондай-ақ жаяу жолдар, елді мекен ішіндегі жол учаскелеріндегі жаяу жүргіншілер жолдарын жайғастыру керек.

Күрделі жөндеу жүріп жатқан учаскелердегі құрылғылар мен жол белгілерін бағыттайтын бөгеттік қоршауларды жаңадан жайғастыру немесе ауыстыру; автомобиль жолдарының бір және әр түрлі деңгейлердегі қиылыстары мен жанасуларының, сондай-ақ бүкіл жолдың бойындағы немесе оның учаскелеріндегі жеке өтпелердің, шығу жолдарының және вираждардың, желілік жол қызметінің ғимараттарына және жол сервисі кешендеріне келетін жолдардың жаңасын орнықтыру және қолданыстағыларын қайта жайғастыруға болады.

Жаздық трактор жолдарын жаңадан орнықтыру немесе қолданыстағысын қайта орнықтыру, табиғи апаттардан қираған жол учаскелерін жөндеу немесе қалпына келтіру кезінде уақытша айналма жолдар жасау, автомобиль жолдарының өзара және теміржолмен қиылысатын жерлеріндегі қозғалысты ұйымдастыратын және реттейтін техникалық құралдарды жаңадан орнықтыру (монтаж).

Жолдың жеке учаскелеріне, көпірлер мен салдық өткелдерге электрлі жарықтандыру, жол желілік (телетайптық) немесе радиобайланыс және басқа да технологиялық байланыс құралдарын орнықтыру болады. Қозғалысты есепке алу жөніндегі бекеттерді, қар өлшейтін және су өлшейтін және жолдың жұмысын, оның жеке элементтерін, құрылыстарын және оның бойынан өтетін көлік ағындарын зерттеуге қажетті басқа да құрылғыларды жайғастыру және жабдықтау; қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шараларды жүргізу (қазандықтардағы шаң ұстайтын құрылғыларды орнату, су көздерін ластанудан сақтау және тағы басқа жұмыста.