Сөйлемнің құрылысына қарай түрлері

Түрі Ереже Тыныс белгісі
Жақты сөйлем Бастауышы бар сөйлем Мен ауылға бардым.
Жақсыз сөйлем Бастауышы жоқ сөйлем. Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді: 1. –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді. 2. Атау және барыс септіктеріндегі тұйық етістікке керек,жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, айтуы тиіс т.б. 3.–ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды. 4. Баяндауыш құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек сілесі қатты, шарасы қалмады. 5. Ілік септігіндегі тұйық етістіктің «керегі жоқ, қажеті жоқ, қажеті не» деген бейтарап сөздермен тіркесуі арқылы жасалады. 6. Барыс септігіндегі тұйық етістіктің «бол, жара, тура, кел» деген көмекші етістіктермен тіркесі арқылы. 7. Сондай-ақ мынадай түрлері бар: Бұны енді айтпасқа болмайды. Бұны енді айтпақ керек. Оның мұрнын шүйіруін-ай. Менің оқығым келеді. Оны алуға болмайды.    
Жалаң сөйлем Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем Ол келді. Бала-шағасыкеліп кетті.
Жайылма сөйлем Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем Ол ерте келді. Жаңбыр қатты жауып тұр.
Толымды сөйлем Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем Олар артарынан мәңгілік із қалдырды.
Толымсыз сөйлем Айтылуға тиісті мүшелердің бірі түсіп қалған сөйлем -Балам, қайдан келдің? - Астанадан. Толымды түрі: -Балам, сен қайдан келдің? -Астанадан
Атаулы сөйлем Іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем Жаз. Қайнаған күн. Егіс даласы.

 

 

СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер.
Құрамына қарай
Дара мүше Күрделі мүше Үйірлі мүше
толық мағыналы бір сөзден болады күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзденқұралады Кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады.
Дала қарңғы. Мұғалім келе жатыр. Білімі көп адам жерде қалмайды

 

СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ
Тұрлаулы мүше Тұрлаусыз мүше
Сөйлем құрауға негіз болатын мүше Сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтыратын мүше
Бастауыш Баяндауыш Анықтауыш Пысықтауыш Толықтауыш
         

 

Бастауыштың құрылысына қарай бөлінуі

Құрылысына қарай бөлінуі Мысалдар
Дара бастауыш Балалар (кімдер?)саяхаттан көңілді оралды.
Күрделі бастауыш Ел көру, жер тану (не?)– ер жігітке лайық қасиет.
Үйірлі бастауыш Жұмысы жоқтық (не?)аздырар адам баласын. Анамның айтқаны (не?)әлі есімде сақтаулы.

 

Бастауыш болатын сөз таптарының кестесі.

 

Сөз табы Мысалдар
Зат есім Жетімкөлге биыл аққулар(нелер?) оралмады.
Сын есім Үлкендер (кімдер?)төрге, кішілер (кімдер?)есік жаққа жайғасты.
Сан есім Алтау (кім?)ала болса,ауыздағы кетеді, төртеу (кім?)түгел болса, төбедегі келеді.
Есімдік Кейбіреулер (кімдер?) бұл сұрақтан тосылып қалды.
Есімше тұлғалы етістік Оқыған (кім?)жетер мұратқа, оқымаған (кім?)қалар ұятқа.
Тұйық етістік Сыпайы сөйлеу (не?) –әдептіліктің белгісі.
Одағай Әжемнің уһлі (несі?)көбейіп кетті.
Үстеу Еріншектің ртеңі (несі?)бітпес.
Еліктеу сөз Дабыр-дүбір (не?)жақыннан естіле бастады.

 

Баяндауыштың құрылысына қарай бөлінуі

 

 

Құрылысына қарай бөлінуі Мысалдар
Дара Басты байлық – денсаулық.Саябақ – демалыс орны.
Күрделі Әр ата-ана өз баласынан үміт күтеді.
Үйірлі Бұл дүниенің бақыты – мұратқа қол жеткізу.


Баяндауыш болатын сөз таптарының кестесі.

Сөз табы Мысалдар
Етістіктер Төреқұлдың әңгімесін бәрі ұйып тыңдады.
Сын есімдер Бұл үйдің балалары бір-бірімен өте тату.
Зат есімдер Бүгінгі жастар – бақытты жастар.
Сан есімдер Төрт жерде төрт – он алты.
Есімдіктер Мәдениет сарайы – анау.
Көмекші етістік пен еліктеуіш сөз Кенет әлдене тарс етті.Қуанғаннан жүзі күлмің-күлмің етеді.

 

Анықтауыш құрылысына қарай бөлінеді: