Араб және парсы тілдерінен енген сөздер

Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздердің барлығы бірдей қазақ тілінің сөздік қорына енбегенімен оның ішінде сөздік қордағы қазақтың тума сөзіндей ұзақ өмір сүріп, жаңа сөздер жасауға ұйытқы болған жасамыс байырғы сөздер көптеп табылады. Мысалы: ас, абырой, ар, дүние, аспан, бақыт, шаруа, қызмет, зат, ақыл, құдай т.б. Осыған байланысты мынадай мақалдар бар: ас-адамның арқауы, ас иесімен тәтті, таспен атқанды аспен ат т.б. Араб-парсы тілдерінен енген көптеген кірме сөздер атқаратын қызметі жағынан бірдей емес, бұларды негізінен 4топқа бөлуге болады.

1. Тілге әбден сіңісіп қазақтың байырғы сөзіндей жымдасып кеткен актив сөздер. Мысалы: ас, бақыт, дүние, шаруа, дос, зат, қас, айна, нан, шам.

2. Жалпы халыққа таныс әрі түсінікті бола отырып әлеуметтік өмірдің, шаруашылық пен өндірістің, түрлі мамандықтың белгілі бір саласында жұмсалатын арнаулы сөздер.Мысалы: нарық, базар, арзан, қарыз, борыш, зейнет, емтихан, мата, дәрі, әкім, мейрам, кеден т.б.

3. Әртүрлі экспрессивті-эмоциялыұ мәні бар, ерекше стильдік реңк тудыратын сөздер. М: азамат, махаббат, бісмілла, мырза, ғаламат, пешене, жомарт, дидар, жәннат, ақырзаман, қасірет, тағдыр.

4. Әдеби тілдің шеңберінен біржола ығысқан немесе ығысуға жақын жүрген сөздер. М: мілләт, ғазал, шаһар, шайыр, сауал, жарапазан, хикмет, мизам, мала, шырағдан.

Араб-парсы сөздері тілімізге негізінен 3 сала бойынша енген.

1. Ғылым мен мәдениетке, әлеуметтік өмірге байланысты: тарих, әдебиет, мәдениет, закім, тәрбие, емтихан, ғылым, мекеме, мектеп, дұшпан, салтанат.

2. Үй тұрмысы мен шаруашылыққа, саудаға байланысты: бәс, жиһаз, парық, қаражат, ауқат, дихан, кеме, мақта, сарай, құмыра.

3. Дінге байланысты: құран, имам, мешіт, мүфти, азан, айт, зікір, зекет, рамазан, жаназа, намаз.

Бұдан басқа адам аттарына байланысты сөздер енген: Ғали, Сағадат, Фатима, Айман, Нағима, Ысқақ, Жақып, Назым, Мұрат, Мұхтар, Әміре, Раушан, Мәлік.

Қазақ тіліне бұл сияқты сөздер тікелей келіп енбеген тәжік, өзбек және татар тілдері арқылы келіп сіңіскен. Бұл сөздер бізге сауда, дін арқылы, шығыс халқының классикалық әдеби мұралары арқылы тараған.Сонымен қатар парсы тіліндегі кемпір сөзі қаусаған шал ұғымында айтылса, ал қазақ тілінде қартайған әйел мағынасын береді. Араб тілінде ар(гар) масқара, қарабет, өлім мағынасында қолданылса, ал қазақ тілінде намыс, ұят, адамгершілік мағынасында қолданылады. Ашына арабта білгір, білімді мағынасында айтылса, ал қазақ тілінде құмарлық, көңілдес, ғашықтық ұғымында жұмсалады. Демек араб-парсы тілдерінен енген сөздер қазақ тілінің сөздік құрамын сан жағынан байытып қана қоймай, оның лексикасын түр-тұрпаты, мән-мағына жағынан да кеңейтіп кемелдендірілген.

 

Фразеологиялық кірмелік және фразеологиялық калька.

Қазақ әдеби тілінің фразеологиялық қорында орыс тілі және шет тілінен енген фразеологизмдер көптеп кездеседі. Олардың басым көпшілігі дәлме-дәл, яғни сөзбе-сөз аудару арқылы жасалған тұрақты тіркестер. Тілімізде мұндай тіркестерді фразеологиялық калькалар деп атайды. Аталуына қарап, бұларды фр/қ бірлік, фр-қ тізбек, фр-қ тұтастық секілді түрлерімен шатастырмау керек. Мұндай калькалану арқылы пайда болған фраз.өзінің құрылымы мен синтаксистік құрылысы және семантикалық қатынастары жағынан кейде ерекшеленетін тұстары бар. Алайда фраз.калькалар басқа да ұлт тілдеріндегі тұрақты тіркестер секілді ауыспалы мағынадан пайда болған және тұрақтылық қасиетін, мағына бірлігі мен тұтастылығын , сондай-ақ қолдану тиянақтылығын әркез сақтайтын тілдік бірліктер. Өйткені калька- бұл сөзбе-сөз аудару тілдік единицаны, тіркестердің құрылысын, сыртқы түрі мен ішкі мазмұнын сол қалпында өзгертпей аудару деп түсініледі.

Мысалы:

Айтуға аузы бармау-язык не поварачивается

Жіліктік майлы басы-жирный кусок

Жанды жер-больное место

Жанды жегідей жеу-скребет на душе

Жүйкесін жұқарту- трепать нервы

Көз салу-положить глаз

Екі оттың арасында қалу- между двух огней

Сизифов труд-сизиф еңбегі

Крокодиловы слезы- қолтырауынның көз жасы

Черепашьим ходом- тасбақа жүріс /аяң/

Мінез көрсету-показать характер.

Лучше поздно, чем никогда- ештен кеш жақсы

Калька (фр. calque – көшірме) – өзге тілдегі сөз тіркесі мен жай сөйлемнің құрылымдық-мағыналық негізділігін ана тіліндегі төл тәсілдер арқылы дәлме-дәл көшіріп алу. Тілдің негізді бірліктеріне туынды сөздер, сөз тіркестері және жай сөйлемнің кейбір түрлері жатады. Әрбір шет тілдік негіздегі бірліктерін аударушы тілдің төл тәсілдерімен көшіріп суреттеу ерекшеліктеріне сәйкес қазіргі қазақ тіліндегі калька негізінен 6 түрлі болады.

Соның бірі- шет тілдік фразеологиялық бірліктер құрамындағы ең маңызды құрамдас бөліктерінен бастап, сол бірліктердің тұтас мағынасын дәлме-дәл көшіре алатын фразеологиялық калькалар (зерно истины – ақиқаттың дәні, увидеть свет – жарық көру);