Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
| Рет № | Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және тәжірибелік сабақтарда қолданылатын зертханалық жұмыстардың тізімі | Өткізу түрі | Сағат саны |
| 1. | Белоктар. Белоктардың атқаратын қызметтері. Белоктардың жалпы қасиеттері.Қауіпсіздік техникасының ережелері. | Кеңес беру, қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру,блиц-сұрақ, жазбаша бақылау, тест, зертханалық жұмыстарды жасау; пікірталас, PBL, TBL. | |
| 2. | Гликопротеиндер, хромопротеиндер, нуклеопротеиндер: өкілдері, қасиеттері, құрылысы, маңызы. | Ауызша сұрау, соның ішінде кейбір сұрақтарды және глоссарийді ағылшын және басқа үшінші тілде талдау, блиц-сұрақ, жазбаша бақылау, тест, шағын топтармен жұмыс, ми штурмы, TBL. | |
| 3. | Ферменттер. Ферменттердің жалпы қасиеттері. Ферменттердің әсер ету механизмі. Фермент активтілігіне әсер ететін факторлар. | Ауызша талдау, блиц-сұрақ, ЖИГСО әдісі бойынша жазбаша бақылау, тест, шағын топтармен жұмыс, PBL, TBL.. | |
| 4. | Энергия алмасуы. Катаболизмнің арнайы жолдары, үшкарбон қышқылдарының циклі. Биологиялық тотығу және бұл процеске қатысатын ферменттер. Тотығудан фосфорлану. Тыныс алу комплекстер. | Ауызша сұрау, соның ішінде кейбір сұрақтарды және глоссарийді ағылшын және басқа үшінші тілде талдау, шағын топтармен жұмыс, TBL. | |
| 5. | Ферменттер. Энергия алмасуы.Коллоквиум. | Жазбаша бақылау, жағдайлық есептерді шешу,СBL. | |
| 6. | Заттар алмасуына кіріспе. Метаболизм, оның негізгі сатылары. Метаболизмнің анаболикалық және катаболикалық жолдары. Көмірсулар алмасуы. Қорытылуы, сіңірілуі. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Гликогенолиз, гликогеногенез. Анаэробты гликолиз. Кори циклі. Глюконеогенез. | Ауызша сұрау, соның ішінде кейбір сұрақтарды және глоссарийді ағылшын және басқа үшінші тілде талдау, жазбаша бақылау, тест, шағын топтармен жұмыс, PBL,TBL. | |
| 7. | Көмірсулар алмасуы.Коллоквиум. | Жазбаша бақылау, СBL. | |
| 8. | Липидтер алмасуы. Липидтердің қорытылуы, сіңірілуі. Липидтер алмасуындағы әр түрлі мүшелердің ролі. Организмде хиломикрондар мен липопротеиндердің түзілуі және ролі. | Ауызша сұрау, соның ішінде кейбір сұрақтарды және глоссарийді ағылшын және басқа үшінші тілде талдау, жазбаша бақылау, тест, бейнефильм және шағын топтармен пікірталас, PBL,TBL. | |
| 9. | Липидтер алмасуы. Аралық алмасу. Организмдегі глицерин мен май қышқылдарының және ацетил-КоА өзгерістері. | Жазбаша бақылау, ауызша талдау, тест, ТBL. | |
| 10. | Белоктар алмасуы. Белоктардың қорытылуы, амин қышқылдарының сіңірілуі. Тоқ ішектегі белоктардың шіруі және бауырдағы шіру өнімдерінің залалсыздануы. Асқазан сөлі: қалыпты жағдайдағы құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері, патологиялық жағдайда ауытқуы. | Ауызша сұрау, соның ішінде кейбір сұрақтарды және глоссарийді ағылшын және басқа үшінші тілде талдау, блиц-сұрақ, жазбаша бақылау, тест, шағын топтармен жұмыс, зертханалық жұмыстарды жасау PBL,TBL. | |
| 11. | Күрделі белоктар алмасуы. Гемоглобиннің синтезі мен ыдырауы. Өт, зәр, нәжіс пигменттерінің түзілуі. Пигменттік алмасуының бұзылуы (сарғыштану).Нуклеопротеиндер алмасуы туралы түсінік. Несеп қышқылының түзілуі. Күрделі белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі. | Жазбаша бақылау, ауызша талдау, ЖИГСО әдісі бойынша шағын топтармен жұмыс,тест, ТBL. | |
| 12. | Заттар алмасуының реттелуі.Гормондардың жалпы қасиеттері. Гормондардың әсер ету механизмдері. | Ауызша сұрау, соның ішінде кейбір сұрақтарды және глоссарийді ағылшын және басқа үшінші тілде талдау, жазбаша бақылау, бейнекастпен пікірталас, «жүзімнің бұтағы» әдісі, ТBL. | |
| 13. | Заттар алмасуының реттелуі.Көмірсулар алмасуын реттейтін гормондар. | Ауызша сұрау, жазбаша бақылау, тест, қантты диабет бойынша ролдік ойын, кесте толтыру, ТBL. | |
| 14. | Қан биохимиясы.Қан плазмасының органикалық құрам бөліктері. | Жазбаша сұрау, соның ішінде билеттің кейбір сұрақтарына ағылшын немесе орыс тілінде жауап беру. | |
| Барлығы |
Оқытушылар мен студенттердің өзіндік жұмысының (ОСӨЖ) тақырыптық жоспары