Пән бойынша әриптік-баллдік- рейтинг бағасы

әриптік система бойынша қойылатын баға Баллдың цифрлік эквиваленті % проценттік-/па-йыздік құрамы Дәстүрлік система бойынша қойылатын баға
А 4,0 95-100 үздік
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Орташа /қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 Нашар

 

Күнделікті бақылау: тестеу, ситуациялық есептер, жазбаша немесе ауызша сұрау, науқастан алынған клиникалық анализдерге талдау беру және т.б.

Аралық/рубежді бақылау:коллоквиум

Қорытынды бақылау: дифференциальды сынақ, оның ішіне тестпен бақылау немесе әңгімелесу

Сабақтардың барлық түрін бағалау ережесі (аудиторлы, СӨДЖ, СРСП):

күнделікті , аралық/рубежді, қорытынды бақылау, тесттен алған нәтижелері, ситуациялық есептерді ше-шу, дифференциальды сынақ өткізуге арналған билеттер. СӨДЖ және СРСП жазбаша жұмыстарың оқытушының баллдық жүйе бойынша бағалауы.


ДӘРІС КОМПЛЕКСІ

Тақырып: Туберкулездің эпидемиологиясы, этиологиясы, патогенезі, патоморфологиясы. Туберкулездің патоморфозындағы қазіргі ерекшеліктері.

 

Мақсат: ҚР қазіргі туберкулездің эпидемиологиясымен, эпидемиялық үрдіспен таныстыру.

Дәріс тезисі:

Жоспары:

1. Инфекция көзі.

2. Эпидемиялық үрдістің сипаты.

3. Эпидемиологиялық көрсеткіштер.

4. Туберкулездің этиологиясы, патогенезі, патоморфологиясы, патоморфозы.

Туберкулезбен ауырған адамдар және малдар - ол туберкулез инфекциясының көзі. Бактерия бөлушілер – туберкулез инфекция резервуарының белсенді бөлімі болғандықтан өте маңызды роль атқарады. Массивті бактерия бөлетін өкпе туберкулезімен ауыратын науқас эпидемиологиялық жағдайға қатысты өте қауіпті болады. Өкпе туберкулезімен ауыратын массивті бактерия бөлетін науқас эпидемиологиялық жөнінде өте қауіпті. Тәулік ішінде осындай бір науқас қақырықпен миллиардтан астам ТМБ бөле алады. Өкпе туберкулезімен ауыратын бактерия бөлетін науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде, өлен айтқанда ауада қақырықтың және слекейдің майда бөлшектердің құрамында туберкулез микобактериясы бар аэрозоль түзеледі. Аэрогенді ауа тамшы және ауа шан-тозан жолда-рымен 90-95% дейін науқастар туберкулезді жұқтырады. Инфицирленген кісілердің тек 5-10% туберкулезбен ауырады. Туберкулез қоздырғышы, түрі, морфологиялық құрылымы және сипаты. Туберкулез қоздырғышы – ол қышқылға төзімді микобактериялар. ТМБ негізгі тұқымдық белгісі- ол патогендігі. Патогендік дәрежесі оның вирулентігінде. ТМБ-нан культуральды және биохимиялық қасиеттерінен өзгеше айырмашылығы бар қышқылға төзімді микобактериялардың арасынан басқа түрлерін ажыратады, оларды атипті микобактериялар деп атайды. Олардың кейбіреуі адамға шартты патогенді. Иммунды тапшылығы бар кісілерде (АИТВ/ВИЧ-инфекциясы) өкпе және басқа ағзаларда олар ауру шақырады, оны микобактериоз дейді, олардың морфологиялық және клиникалық белгілері туберкулезге ұқсас келеді. Туберкулез инфекциясына организм жергілікті және жалпы реакция береді. Туберкулезде болатын эпидемиялық үрдістің ерекшелігі және оның дамуын анықтайтын факторлар. Прокариоттарға ТМБ жатады. ТМБ пішіні сәл иілген немесе тік таяқша және ұштары сәл дөңгелектенген, ұзындығы 1-10 мкм және ені 0,2-0,6 мкм. Клетка қабырғасының құрамына липидтер кіреді. ТМБ негізгі биохимиялық компоненттері – ол протеин, көмір су және липидтер. Тұрғындардың инфицирленгені. Жер жүзіндегі тұрғындардың үште бірі шамамен ТМБ инфицирленген. Әлемде 7,5-8 млн. адам туберкулезбен жылсайын ауырады. Өкпе туберкулезімен аыратын науқас 15 млн-нан 20 млн.-ге дейін ТМБ бөледі. Жылсайын 1,5 млн адам шамамен туберкулезден қайтыс болады. Мынадай мәлі-меттерді мысал келтіреді: әр 4 секундта 1 адам туберкулезге шалдығады және әр 10 секундта 1 адам туберкулезден қайтыс болады. Туберкулез өлімнің себебі ретінде инфекциялы аурулардың арасында алғашқы бірінші орында тұрады. Қазіргі эпидемиологиялық тенденциялар. Эпидемиялық үрдістің қазіргі ілімінің негізін қалаушы Л.В. Громашевский оның структурасын 3 негізгі звеноға бөледі: инфекция көзі; механизімі және инфекцияның жұғу жолдары; бейімделген организм. Туберкулез бойынша қолданатын эпидемиологиялық көрсеткіштер, эпидемиялық ситуацияны анықтау маңыздылығы ҚР оның ерекшелігі. Тұрғындар арасында туберкулездің таралуын анықтаутын негізгі эпидемиоло-гиялық көрсеткіштерге жатады, олар: - жұққандық/инфицирлену, жұғу қауіпі, аурулық, аурушандық және өлім-жітім. Туберкулездің эпидемиологиясында орын алатын дәріге төзімді микобактериялардың ролі. Туберкулездің патоморфозы. Туберкулездің дамуы 2 кезеңге- біріншілік және екіншілік деп бөлінеді. Вирулентті ТМБ организмге алғашқы енген кезден бастап туберкулез инфекциясының біріншілік кезеңі басталады. Туберкулез инфекциясының екінші кезеңі екі жолмен дамиды: туберкулез инфекциясының бірінші кезеңің басынан өткізген адамға ТМБ қайта жұқса (экзогенді суперинфекция) және біріншілік кезеңнің емдік нәтижесінде қалыптасқан қалдықты посттуберкулезді өзгерістерінің реактивациясы (эндогенді реактивациясы). Соңғы 10 жылдықта жаңадан анықталған науқастардың арасында милиарлы туберкулездің, туберкулезді менингиттің және туберкулездің инфильтратты, сонымен бірге деструкциялы формаларының меншікті салмағының өсуімен, мультирезистентті және көптеген дәріге төзімді формаларымен ауыратын науқастардың сандарының көбейюімен сипатталады.

 

Көрнекті /иллюстрациялық материал:кестелер, диаграммалар, ҚР эпидемиологиялық көрсеткіштер, туберкулез микобактериясының микроскопиялық суреті, соның ішінде ТМБ сканирленген көрінісі (10000 рет үлкейткен).

Негізгі әдебиеттер:

1. Перельман М.И.,Корякин В.А.,аударған Момынов Т.Ә. Фтизиатрия.Алматы.

2006ж.

2. Перельман М.И., Корякин В.А., В.И.Богадельникова. Фтизиатрия (учебник для студентов

медицинских вузов). М., 2006.

3. А.С.Ракишева – ДОТС стратегия в выявлении и лечении туберкулеза. Учебное пособие. Алматы, 1999 г.

4. Браженко О.М., Браженко И.Н. Фтизиопульмонология. С-П., 2006 г.

5. Кошечкин В.А., Иванова З.А. Туберкулез. Учебное пособие. М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.

Қосымша әдебиеттер:

6. *Қазақстан Респуб-ликасында туберкулезге қарсы күрес жүргізу шараларын жетілдіру жайында* деген ҚР ДСҰ/МЗ шығарған бұйырықтары № 245, 452, 466, 467.

7. Методические рекомендации. Роль сети первичной медико-санитарной помощи в контро-ле над туберкулезом. Астана, 2008

8. В.Ю.Мишин, Ю.Г. Григорьев, А.В. Митронин, С.П. Завражнов. Фтизиопульмонология. Учебник для вузов. ГЭОТАР-Медиа, 2007.

9. Диагностика, лечение и мониторинг полирезистентного туберкулеза в режиме ДОТС- плюс. Методические рекомендации. Алматы, 2002

 

Бақылау сұрақтары (қайтымды байланыс):

- *Туберкулез* ол қандай ауру?

- Туберкулез микобактериясын кім ашты?

- Туберкулез қалай жұғады?

 

Тақырыбы: Дәлелді медицина көзқарасындағы өкпелік және өкпеден тыс туберкулездің диагностикасы.

 

Мақсаты: Туберкулездің анықталу әдістерімен танысу.

 

Дәріс тезистері:

Жоспар:

  1. туберкулезді анықтау әдістері
  2. туберкулин диагностикасы
  3. микробиологиялық және бактериологиялық диагностика әдістері.
  4. сәулелі диагностика әдістері
  5. ПТР/ПЦР

 

Спецификалық үрдіске күдіктенгенде және сонымен қатар ажырату диагнозын өткізуге науқастарда лабораториялық- аспапты зерттеу әдістерін жалпы емдеу жүйесіндегі дәрігерлер туберкулезді ерте анықтау және уақытылы диагноз қою мақсатында қолдану керек. Алынған мәліметтерді дұрыс талдау өкпелік және өкпеден тыс локализациясының сатыларын, фазаларын анықтауға көмектеседі. Балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез жұққандығын, виражды уақытылы анықтауда, сонымен қатар поствакцинальді ажырату диагностикасында қолданатын туберкулин диагностикасының басқа әдістермен бірге комплексті жүргізуде диагностикалық маңызы зор.

Туберкулин сынамасы- ол спецификалық диагностикалық тест, БЦЖ вакцинациясының немесе ТМБ жұғу нәтижесінде организмнің оған беретін жоғарғы сезімталдығын анықтайды. Ересек тұрғындар арасында ТМБ-мен инфицирленуі салдарынан 80-85% кісілерде туберкулин сынамасы оң болады. Бірақ гиперергиялық реакциялары бар кісілер фтизиатр кеңесінде болу керек.

Профессор А.С. Рақышеваның оқу құралын қараңыз.

Микробиологиялық, цитологиялық, гистологиялық, биологиялық зерттеу әдістері туберкулездің диагностикасында және ажырату диагностикасында маңызы зор. Бактериологиялық әдіс дәрілерге сезімталдықты, дәріге төзімділік дәрежесін, қоздырғыштың биохимиялық ерекшеліктерін және вируленттілігін анықтауға көмектеседі. өкпені функционалды зерттеу өкпенің тыныс алу қызметінің алғашқы бұзылыстарын анықтайды.

Патологиялық материалдан ТМБ анықталуы эпидемиологиялық және клиникалық маңызы зор. Туберкулездің ерте сатысын анықтау тактикасында басты бағыт- ол туберкулезге күдікті клиникалық симптомдары мен медициналық мекемелерге қаралған кісілердің қақырығына бактериоскопиялық зерттеу жүргізу. Жағынды микроскопиясында анықталған бактерия бөліну анықтау оның массивтілігін әрқашан дәлелдейді. Қоздырғышын анықтау патологиялық материалға әр түрлі микробиологиялық зерттеулер (бактериоскопиялық, бактериологиялық, биологиялық) жүргізу керек.

Дәрілік препараттарға ТМБ төзімділігін анықтаудың жедел жолы- ол биологиялық микрочиптерді қолдану болып саналады. Оларды ДНК-ның генетикалық полиморфизімін бағалау үшін қолданады. Автоматтандырылған комплекс Бактек-960 – микобактерияның өсуін тіркеу үшін және флюорисценция негізінде химиопрепараттарға сезімталдығын анықтау үшін қолданады. Осы уақытқа дейін биологиялық әдіс ең сезімтал әдіс болып саналған, бірақ, қазіргі кезде туберкулез микобактериясының вируленттілігін жоғалтып алу мүмкіндігі дәлелденді. Бұндай микобактериялар қоректік ортада өсуі мүмкін, бірақ эксперимент жүргізілген жануарларда ауру туғызбайды.

Цитологиялық зерттеу диагностикасы қақырықтың, экссудатының, жұлын сұйықтығының, бронхиалды бөліндісінің және басқалардың клеткаларын зерттейді. Цитологиялық материалда әртүрлі типті жасушалар: қан элементтері, макрофагтар, көпқабатты жалпақ және плазматикалық эпителийлер анықталады. Жасуша субстратының идентификациясы олардың сипатына тәуелді.

Кейбір рентгендік және бронхоскопиялық симптомдардың табиғатын анықтау үшін гистологиялық диагностиканы қолдану орынды. Туберкулездің морфологиялық өзгерістері алуан түрлі, ол жіті некротикалық казеозды ошақтан бастап, аздаған өзгерістерден туберкулез микобактерия тіндерінің параспецификалық , бейспецификалық реакцияға дейін беруі.

Науқастың клинико- лабораториялық зерттеулерінен алынған жан- жақты мәліметтерін ескеру, диагностика үрдісінде шешуші орын алады.

Туберкулезбен ауыратын науқастарды қарау барысында, алты этаптан тұратын, туберкулез диагностикасының жүйелі қадамдарын міндетті түрде сақтау қажет.

Нозологиялық диагнозын қою үшін тыныс алу және қан айналу функциясының зерттеулері әдетте қажет емес, бірақ, науқастың жалпы жағдайына, емдеу тәсілін анықтауда және ауру

ағымын реттеуде маңызды рөл атқарады. Спецификалық үрдістің дамуының әртүрлі этапында орындалатын өкпенің функционалды жағдайын зерттеу, ол туберкулезбен ауыратын науқастың функционалды зерттеуінің бағыттарының бірі болып саналады, өйткені өкпенің тыныс алу қызметінің бұзылуының алғашқы көрінісін анықтауына мүмкіндік тудырады және клиникалық айқын функционалды бұзылыстарын сапалық және сандық сипатын дәлелдейді, сөйтіп олардың патогенетикалы механизмін ашуға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу науқастарды хирургиялық емге іріктеп алуға кең қолданады, функционалды қалыптастыру мен патогенетикалық терапияны өткізуін анықтайды.

Өкпеден тыс туберкулезбен жыл ішінде 100 мың халыққа шаққанда 3-4 адам ауырады. Қолайсыз территорияда ірі қара мал арасында туберкулездің жиілігі бойынша, өкпеден тыс туберкулездің ауырлық көрсеткіші аса жоғары болады. Есепте тұратын өкпе және өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқастардың қатынасы 12:1.

Сәулелі диагностика- ол тыныс алу ағзаларының ауруымен ауыратын науқастарға қолданатын, жалпы клиникалық зерттеуінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Туберкулездің клиникалық диагностикасы рентгенологиялық зерттеусіз қойылуы мүмкін емес.

Жалпы емдеу жүйені мекемелерінде алғашқы рентгенологиялық зерттеу ретінде, флюорографияны қолданады. Патологиялық өзгерістер болған жағдайда, флюорографияны кеуде торша ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасымен міндетті түрде толықтырылуы керек. Негізгі рентгендік әдістерге жатады: рентгеноскопия, рентгенография және ірі кадрлы флюорография.

Қосымша әдістерге көбінесе: томография, зонография, латероскопия, бронхиалды және қантамыр жүйесін контрасты зерттеуі қолданылады, ал КТ маңызды орын алады.

Өкпенің рентгенологиялық зерттеуінде мынандай өзгерістер анықталуы мүмкін: ошақты, инфильтративті өзгерістер, диссеминация, домалақтанған және қуысты түзілістер, кеуде ішілік лимфа бездерінің ұлғаюы, плевриттер. Осы аталған өзгерістер туберкулезден басқа да ауруларда кездесуі мүмкін.

Рентгеносемиотика: Дерттің рентгенологиялық симптомдары және рентгенологиялық синдромдары. Рентгендік анализ мәліметтері келесі рентген симптомдарын анықтауда келесі кезекпен жүреді: өзгерістің орналасуы мен таралуы; көлеңкенің сипаты; көлеңкенің санын және оның бөлінуі; көлеңке көлемі; көлеңкенің структурасы (құрамы) мен баяу қанықтығы; көлеңкенің контуры немесе шетінің сипаты; көлеңкенің ығысуы.

Буын- сүйек туберкулезімен ауыратын науқасты анықтауды жалпы емдеу жүйесінде жұмыс істейтін дәрігерлер жүзеге асырады, олардың туберкулез ауруына шалдығу қаупі жоғары тобындағы науқастарға аса көңіл аударуы керек, науқастар арқасының және қол- аяғының ауру сезіміне шағымданса, ұзақ ағымды артритпен және остеомиелитпен ауырса. Осы жағдайда КТ мен МРТ аса құнды болады. Ірі буындары зақымданған кеуде қосымша зерттеу ретінде артроскопия қолдануға болады.

Абсцесс, жылан көз, буын қуысында зақымданған тіннің пунктаты мен биоптаттардан алынған заттарға гистологиялық, бактериологиялық, цитологиялық зерттеулер диагнозды верификациялайды. ТМБ- на спецификалы праймермен өткізілетін полимераза тізбекті реакция (ПЦР) кең ауқымда қолданылады. Реакция ТМБ ДНК-ның апликациясына негізделген. Полимераза тізбекті реакция үшін арнайы тест- жүйе және лаборатория қажет.

 

Көрнекті/иллюстрациялық материал: кестелер, диограммалар, ҚР эпидемиологиялық көрсеткіштер, туберкулез микобактериясының микроскопиялық картинасы, соның ішінде туберкулез микобактериясының сканерленген суреті (10000 есе үлкейтілген)

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Перельман М.И.,Корякин В.А.,аударған Момынов Т.Ә. Фтизиатрия.Алматы.

2006ж.

2. Перельман М.И., Корякин В.А., В.И.Богадельникова. Фтизиатрия (учебник для студентов

медицинских вузов). М., 2006.

2. А.С.Ракишева – ДОТС стратегия в выявлении и лечении туберкулеза. Учебное пособие. Алматы, 1999 г.

3. Браженко О.М., Браженко И.Н. Фтизиопульмонология. С-П., 2006 г.

4. Кошечкин В.А., Иванова З.А. Туберкулез. Учебное пособие. М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.

Қосымша әдебиеттер:

5. *Қазақстан Респуб-ликасында туберкулезге қарсы күрес жүргізу шараларын жетілдіру жайында* деген ҚР ДСҰ/МЗ шығарған бұйырықтары № 245, 452, 466, 467.

6. Методические рекомендации. Роль сети первичной медико-санитарной помощи в контро-ле над туберкулезом. Астана, 2008

7. В.Ю.Мишин, Ю.Г. Григорьев, А.В. Митронин, С.П. Завражнов. Фтизиопульмонология. Учебник для вузов. ГЭОТАР-Медиа, 2007.

8. Диагностика, лечение и мониторинг полирезистентного туберкулеза в режиме ДОТС- плюс. Методические рекомендации. Алматы, 2002

Бақылау сұрақтары (қайтымды байланыс):

- туберкулез ауруын анықтау үшін қандай әдістер қолданылады?

 

Тақырып: туберкулездің біріншілік формалары. Өкпенің диссеминирлі туберкулезі. Туберкулезді менингит. Клиникасы және диагностикасы.

Мақсаты: туберкулездің клиникалық формаларымен таныстыру

Дәрістің тезистері:

Жоспары:

- өкпенің біріншілік туберкулезі

- өкпенің диссеминирлі туберкулезі

- туберкулезді менингит

 

Туберкулез микобактериясы алғашқы рет жұғу нәтижесінде клиникалық морфологиялық белгілері пайда болса, оны біріншілік туберкулез деп атаған. Егерде, жоғарғы резистентті организмге әлсіз вирулентті микобактериялар және аз мөлшерде түсетін болса, онда “латентті микробизм” клиникалық белгісіз дамиды. Бұл жасырын инфекция макроорганизмнің туберкулез қоздырғышымен өзара қатысының бастапқы фазасын көрсетеді. Бактериемия организмнің спецификалы сенсибилизациясының пайда болуындағы маңызды факторларының бірі және гиперергияның дамуына әкеледі. Микрополиадения байқалады.

Біріншілік туберкулезді комплекстің ағымында тегіс ағыммен өтетін және асқынулармен өтетін ағымды ажыратады және кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі.

Ересектерде біріншілік туберкулез экссудатты реакциялар айқын емес, лимфа бездері сирек зақымдалады, казеозды өзгерістер айқын емес, бірақта 90 % дейін өкпелік түрімен өтеді, біріншілік дәріге төзімдік байқалады.

Ересектерде болатын туберкулездің патогенезі – көне ошақтардан инфекцияның шығу-ымен (экзацербация) және эндогенді жолымен инфекция таралады. Асқынулар – жылан-көз, перифериялық (сыртқы) лимфоаденит.

Мосқал кісілердің туберкулезінің клиникасы: - 23 % -жіті, 35 %-жеделдеу ; 20% - аз симптомды, 15 %- симптомсыз басталады.

Мосқал кісілерден: - 40 %- дәрігерге қаралу арқылы, 30%- профилактикалық тексеру арқылы,30% - басқа ауруханалардан туберкулезді анықтайды.Мосқал кісілерде туберкулез созылмалы ағымды өтеді, сондықтан олар басқа мамандарға жиі қаралады.

Біріншілік туберкулездің барлық формаларына тән микрополиаденияның әртүрлі көрінісі.

Кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі – ол біріншілік туберкулездің ең жиі кездесетін клиникалық формасы. Ол тереңдетілген иммундық бұзылыстарда, ТМБ популяциясының көбеюінде және кеуде ішілік лимфа бездерінде спецификалық қабынудың үдеуінде дамиды.

Біріншілік туберкулездің комплексі – ол біріншілік туберкулездің ең ауыр формасы, өйткені өкпені және кеуде ішілік лимфа бездерін зақымдайды. Біріншілік туберкулездің клиникалық көрінісі әртүрлі болады. Үш негізгі синдромға біріншілік туберкулездің клиникалық симптомдарын кіргізуге болады. Интоксикациялық, бронхоөкпелік – плев-ральды және басқа ағзаларды және жүйелерді зақымдау синдромы. Біріншілік туберкулезге тән параспецификалық реакциялар біріншілік туберкулездің *маскалары* ретінде танымалы.

Туберкулин диагностикасы (2Тб жасалатын Манту сынамасы)- ол біріншілік туберкулезге күдіктенгенде зерттеудің ең манызды компонентті.

Диссеминирлі туберкулез (милиарлы)- ол туберкулез микобактериясы гематогенді, лимфогенді таралуы нәтижесінде пайда болады және көптеген туберкулезді ошақтардың түзілуімен сипатталады. Бірінші рет анықталған науқастардың арасында 5% кездеседі. Туберкулезге қарсы күрес жүргізетін мекемелерде еспте тұратындардың арасында 12% кұрайды, ал өлуге әкелетін себебі 3% болады. Клиникалық ағымы бойынша милиарлы (жіті), жеделдеу және созылмалы формаларын ажыратады. Өкпенің диссеминирлі туберкулезінде дамитын әртүрлі патоморфологиялық өзгерістер және патофизиологиялық бұзылыстар түрлі түрлі клиникалық көрінісін болуына себепші. Науқасты жан жақты зерттеу нәтижесіне байланысты диагноз қойылады. Диссеминирлі туберкулездің дамуына әкелетін жағдайлар – ол иммундық реактивтілігінің едәуір төмедеуі және туберкулезге қарсы дамыған бейстерильды иммунитеттің әлсіреуі. Гематогенді диссеминирлі туберкулездің дамуына әкелетін міндетті жағдай – ол бактеримия. ТМБ-сына тіннің және клеткалардың/жа-сушалардың сезімталдығының жоғары болуы өте маңызды. Қан тамыр қабырғаларының өткізгіштігі күрт жоғарлауы. Патоморфологиялық зерттеулердің мәліметтері бойынша үш вариантын ажыратады: жіті (милиарлы), жеделдеу және созылмалы.

Өкпенің диссеминирлі туберкулезінің диагнозы науқастың комплексті зерттеу нәтижесіне негізделген. Өкпенің диссеминирлі туберкулезінің басты рентгендік синдромы – ол ошақты диссеминациясы.

Туберкулезді менингит – ми қабығының екіншілік зақымдауы болып табылады. Туберкулезді менингиттің патогенезінде екі теория орын алады: гематогенді және ликворогенді теориялары. Туберкулезді менингиттің клиникалық көрінісі продромальды кезеңімен, аурудың нағыз қызған кезімен (ОНЖ тітіркену кезеңі), менингоэнцефалитпен сипатталады, содан кейін жұлын қабығын түседі және оның затын және нервтің корешоктарын/түбін зақымдайды (менингиттің спинальды формасы). Туберкулезді менингит көптеген науқастарда біртіндеп басталады. Туберкулезді менингитке тән: менингиальды синдром, ми нервтерінің параличи және парезі, ми затының зақымдану симптомдары. Жұлын пункция мен жұлын сұйықтығын, көздің түбін зерттеу туберкулезді менингиттің диагностикасында ең маңызды орын алады.

Егерде диагноз кеш қойылса, онда созылмалы ағымына ауысады және жиі аурудың өршуі/қайталануы байқалады және тұрақты қалдықты бұзылыстар асқынулардың дамуымен жүреді.

 

Көрнекті материал: таблицалар, презентациялар, листовкалар, оқұлық альбом, брошюралар

Негізгі әдебиеттер:

1. Перельман М.И.,Корякин В.А.,аударған Момынов Т.Ә. Фтизиатрия.Алматы.

2006ж.

2. Перельман М.И., Корякин В.А., В.И.Богадельникова. Фтизиатрия (учебник для студентов

медицинских вузов). М., 2006.

3. А.С.Ракишева – ДОТС стратегия в выявлении и лечении туберкулеза. Учебное пособие. Алматы, 1999 г.

5. Браженко О.М., Браженко И.Н. Фтизиопульмонология. С-П., 2006 г.

6. Кошечкин В.А., Иванова З.А. Туберкулез. Учебное пособие. М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.

7. Диагностика, лечение и мониторинг полирезистентного туберкулеза в режиме ДОТС- плюс. Методические рекомендации. Алматы, 2002

Қосымша әдебиеттер:

8. *Қазақстан Респуб-ликасында туберкулезге қарсы күрес жүргізу шараларын жетілдіру жайында* деген ҚР ДСҰ/МЗ шығарған бұйырықтары № 245, 452, 466, 467.

9. Методические рекомендации. Роль сети первичной медико-санитарной помощи в контро-ле над туберкулезом. Астана, 2008

10. В.Ю.Мишин, Ю.Г. Григорьев, А.В. Митронин, С.П. Завражнов. Фтизиопульмонология. Учебник для вузов. ГЭОТАР-Медиа, 2007.

11. Ю.Н. Левашев, Ю.М. Репин. Руководство по легочному и внелегочному туберкулезу. П,ЭЛБИ-СПб, 2008 г.

Бақылау сұрақтары (қайтымды байланыс):

- Вираж дегеніміз не?

- Гиперергиялық реакцияға сипаттама беріңіз.

 


Тақырып:туберкулездің екіншілік формалары (өкпенің ошақты, инфильтратты туберкулезі, казеозды пневмония, өкпе туберкулезінің деструкциялы формлары).

Мақсаты: туберкулездің екіншілік формаларының клиникалық ерекшеліктерімен таныстыру

Дәріс тезистері:

Дәріс жоспары:

- өкпенің ошақты туберкулезі

- өкпенің инфильтратты туберкулезі

- казеозды пневмония

- өкпе туберкулезінің деструкциялы формлары.

Өкпенің ошақты туберкулезі - шектелген, көбінесе, продуктивті қабыну үрдісімен, созылмалы аз белгі клиникалық ағымымен сипатталады. Бірінші рет анықталған науқастардың арасында 6-15 % дейін ошақты туберкулез құрайды. В патогенезінде эндоген-ді (Ашофф-Пуль, Симон және Абрикосов ошақтары) және экзогенді (суперинфекция) факторлар орын алады. Жаңа және созылмалы өкпенің ошақты туберкулезін ажыратады.

Көптеген жағдайда ошақты туберкулез өкпелік үрдісінің бастапқы түрі болмайды, өйтке-ні өкпе туберкулезінің басқа клиникалық формаларының емдік нәтижесі болуы мүмкін (фиброзды-ошақты –созылмалы).

Ошақты туберкулездің диагностикасында орын алатын рентгендік зерттеу әдісі өте мәлі-метті тәсіл. Ошақты туберкулездің негізгі рентгендік синдром – ол диаметрі 12 мм аспайтын ошақты көлеңке.

Рентгендік зерттеуден басқа қақырықтан ТМБ анықтау/табу ошақты туберкулездің диаг-ностикасында өте маңызды. Бактерия бөліну сирек және аз мөлшерде болады, бірақ оның анықталуы диагнозды верифицирлеуге көмек береді және спецификалық қабынудың активті-лігін дәлелдейді.

Өкпе туберкулезі жанадан анықталған науқастардың арасында 65-75% дейін инфильт-ратты туберкулез деген диагноз қойылады. Туберкулездің өлім-жітім көрсеткішінің структурасында инфильтратты туберкулез шамамен 1% құрайды. Аурудың летальды аяқталуы көбінесе казеозды пневмонияның, қан кетудің асқынуында кездеседі.

Өкпенің инфильтратты туберкулезі- пневмонияға ұқсас клиникалық көрінісі бар және ыдырауға тез бейімделген экссудатты қабыну типімен/түрімен көбінесе сипатталады. Өз уақытында диагноз қойылса және дұрыс емделсе инфильтрат тез кері қайтады және сорылады. Инфильтратты туберкулез – ол өкпе тінінің гипепергиялық қабынуы, көне қал-дықты туберкулез өзгерістерінің экзацербация нәтижесінде пайда болуыда мүмкін. Рентгенологиялық сипаты, клиниклақы көрінісінің ерекшеліктері және дерттің ағымы бойынша инфильтратты туберкулез бірнеше клиникалық рентгенологиялық варианттарға бөлінеді.: - дөңгелек (Ассман – Редекер инфильтраты), бұлт тәріздес, бронхолобулярлы, инфильтрат, перисциссуррит, казеозды пневмония.

Бактериологиялық диагностика – ол өте маңызды диагностикалық әдіс. Өкпенің инфильтратты туберкулезі көп жағдайда жіті бастулуы мүмкін және жедел пневмонияға немесе тұмауға ұқсас болады.

Инфильтратты туберкулездің емнің соңғы нәтижесі көп жағдайда науқасты уақытылы қалай анықтаса, солай қолданған химиотерапияның тиімділігіде солай болып анықталады.

Казеозды пневмония – ол өкпе туберкулезінің ең ауыр формаларының бірі. Ол бұрын сау адамның иммунитетінің күрт әлсіру тұсында жеке өзбетінше ауру ретінде немесе туберкулездің басқа формаларының қауіпті асқыну ретінде дамуы мүмкін. Казезды пневмонияның ерекшелігі – ол туберкулезді қабынудың күрт айқын казеозды некрозды компонентті, тез удейіді және көптеген ыдырау қуысы қалыптасады. Казеозды пневмонияда леталдығы 50-60% дейін болады.

Туберкулема – ол өкпедегі домалақ түзілім, казеозды өзгерістермен, продуктивты қабынуымен және фиброзбен сипатталатын туберкулездің бір клиникалық формасы. Тыныс алу ағзалар туберкулезімен бірінші рет анықталған науқастардың арасында туберкулема 2-6% құрайды.

Туберкулемаға тән аз симптомды торпидты ағым, кейбір кезде үдеуімен және деструкция пайда болуымен өтетін дерт. Туберкулеманың үш негізгі варианттын ажыратады:

- инфильтратты пневмониялық түрі

- казеома (солитарлы, қабатты, конгломератты түрі)

- толған туберкулема.

Клиникасында тұрақты, кері қайтатын және үдемелі ағымын ажыратады.

Туберкулемаға диагноз қою қиын. Туберкулеманың диагностикасында өте нәтижелі және нақты әдіс- ол бронхологиялық зерттеу катетеризациясымен және аспираттарды, яғни бактериологиялық және цитологиялық зерттеуге материалды алу. Егер туберкулема қабырғаға жақын орналасқанда, субплевральды орналасқанда трансторакальды пункция кейбір жағдайларда көмек беруі мүмкін. Ажырату диагностикаға бронхологиялық зерттеу көмек бермеген жағдайда, бірақ диагноз әзірше анықталмағанда, онда торакотомия көрсетілген. Туберкулеманы - емдеуге жататын туберкулездің активті формасы ретінде санау керек, соның ішінде хирургиялық ем көрсетілген.

Туберкулездің әр формасы казеоздың ыдыраумен асқыну мүмкін, казеозды массалар/заттар сыртқа бронх арқылы шығып қуыс түзіледі, яғни үрдіс деструкциялы формасына ауысады.

Кавернозды туберкулез қалыптасқан каверналармен сипатталады, оның айланасында айқын перифокальды қабыну болмайды және көлемді бронхогенді диссеминация байқалмайды.

Кавернозды туберкулез - деструкциялы үрдісінің бастапқы кезі емес, ол үдемелі ағымдағы деструкциялы туберкулездің аралық кезеңі деп мұны осылай қорытындауға болады.

Қуысты түзілімдердің диагностикасында маңызды орын алатын қақырықты зерттеу, өйткені туберкулездің деструкциялы *ашық* формаларында 90-100% дейін ТМБ анықталады.

Фиброзды кавернозды туберкулез - үдемелі ағымдағы деструкциялы туберкулез үрдісінң аяқталу кезеңі. Фиброзды кавернозды туберкулезге тән созылмалы, толқынтәріздес үдемелі ағым.

Фиброзды кавернозды туберкулез-ол туберкулездің анықтау сапасын, жұққандықты және аурулық көрсеткішін сипаттайтын өте маңызды көрсеткіш.

Фиброзды-кавернозды туберкулездің қалыптасуына әкелетін мына факторлар: дертке кеш диагноз қою, дәлелсіз дәрілерді жиі қолданбау,/алып тастау, емінің ұзылуы, дәріге төзімділік, ем жүйесін сақтамау, емінің барлық кезеңінде қатал бақылаудың болмауы және т.б.

Циррозды туберкулез - айқын фиброзды өзгерістердің өкпеде дамуымен, эмфиземамен және бронхоэктаздармен сипатталады, бірақ осылардың түсінда активті туберкулез үрдісінің клиникалық рентгенологиялық көрінісі сақталады.

Циррозды туберкулез – ол керу қайтпайтын жағдай.

Циррозды туберулездің 5 клиникалық варианттарын ажыратады:

1. шектелген аз симптомды ағымымен

2. шектелген немесе кең таралған жиі асқынумен өтетін үрді.

3. Бронхоэктаздар мен өкпеден қан кету мен немесе қан түкіруімен өтетін үрді

4. өкпелік жүрек

5. “бұзылған өкпедегі” туберкулездің үдеуі және метатуберкулезді синдроманың әртүрлі көрінісі.

Көрнекті материал: таблицалар, презентациялар, листовкалар, рентгенограммалар, томограммалар, брошюралар

Негізгі әдебиеттер:

1. Перельман М.И.,Корякин В.А.,аударған Момынов Т.Ә. Фтизиатрия.Алматы.

2006ж.

2. Перельман М.И., Корякин В.А., В.И.Богадельникова. Фтизиатрия (учебник для студентов

медицинских вузов). М., 2006.

3. А.С.Ракишева – ДОТС стратегия в выявлении и лечении туберкулеза. Учебное пособие. Алматы, 1999 г.

4. Браженко О.М., Браженко И.Н. Фтизиопульмонология. С-П., 2006 г.

6. Кошечкин В.А., Иванова З.А. Туберкулез. Учебное пособие. М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.

 

Қосымша әдебиеттер:

7. *Қазақстан Респуб-ликасында туберкулезге қарсы күрес жүргізу шараларын жетілдіру жайында* деген ҚР ДСҰ/МЗ шығарған бұйырықтары № 245, 452, 466, 467.

8. Методические рекомендации. Роль сети первичной медико-санитарной помощи в контро-ле над туберкулезом. Астана, 2008

9. В.Ю.Мишин, Ю.Г. Григорьев, А.В. Митронин, С.П. Завражнов. Фтизиопульмонология. Учебник для вузов. ГЭОТАР-Медиа, 2007.

10. Ю.Н. Левашев, Ю.М. Репин. Руководство по легочному и внелегочному туберкулезу. П,ЭЛБИ-СПб, 2008 г.

Бақылау сұрақтары (қайтымды байланыс):

- Туберкулездің деструкциялы формасының эпидемиологиялық маңыздылығы қандай?

- Туберкулездің созылмалы деструкциялы формаларының пайда болу себептерін атаңыз.

 


ТАҚЫРЫБЫ:Туберкулездің қазіргі таңдағы емдерінің принциптері. Дәлелдемелі медицина көз қарасымен өкпелік және өкпеден тыс туберкулезді емі.

 

МАҚСАТЫ:Туберкулез емінің принциптерімен танысу.

Дәріс тезистері

Жоспары:

  1. Туберкулезбен ауыратын науқастардың емінің принциптері
  2. Химиотерапияның этаптары
  3. Науқастардың категориялары мен типтері

 

 

Аурудың клиникалық белгілерін жою және патологиялық өзгерістердің тұрақты жазылуы туберкулезбен ауырған науқастардың емінің басты мақсаты болып табылады. Басты әдіс – этиотропты химиотерапия. Химиотерапия екі этаптан тұрады. Негізгі принциптері: емді ерте басталу, оптимальды ұзақтығы және үздіксіздігі, емнің ағымын бақылау, комплекстілігі, сабақтастығы және препараттардың комбинациясын тағайындау.

Хирургиялық әдіспен емдеуді қолданатын көрсеткіштері, патогенетикалық және симптоматикалық терапия. Коллапсотерапия. Өкпе туберкулезінде болатын шұғыл/кезек күттірмейтін жағдайлар: өкпеден қан кету, спонтанды пневмоторакс, бірінші көмек көрсету.

 

Көрнекті/иллюстрациялық материал: кесте, презентация, листовкалар, брошюралар, әдістемелік/методикалық нұсқаулар, оқу құралдары, бұйрықтар.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Перельман М.И.,Корякин В.А.,аударған Момынов Т.Ә. Фтизиатрия.Алматы.

2006ж.

2. Перельман М.И., Корякин В.А., В.И.Богадельникова. Фтизиатрия (учебник для студентов

медицинских вузов). М., 2006.

3. А.С.Ракишева – ДОТС стратегия в выявлении и лечении туберкулеза. Учебное пособие. Алматы, 1999 г.

4. Браженко О.М., Браженко И.Н. Фтизиопульмонология. С-П., 2006 г.

5. Кошечкин В.А., Иванова З.А. Туберкулез. Учебное пособие. М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.

6. Диагностика, лечение и мониторинг полирезистентного туберкулеза в режиме ДОТС- плюс. Методические рекомендации. Алматы, 2002

Қосымша әдебиеттер:

7. *Қазақстан Респуб-ликасында туберкулезге қарсы күрес жүргізу шараларын жетілдіру жайында* деген ҚР ДСҰ/МЗ шығарған бұйырықтары № 245, 452, 466, 467.

8. Методические рекомендации. Роль сети первичной медико-санитарной помощи в контро-ле над туберкулезом. Астана, 2008

9. В.Ю.Мишин, Ю.Г. Григорьев, А.В. Митронин, С.П. Завражнов. Фтизиопульмонология. Учебник для вузов. ГЭОТАР-Медиа, 2007.

9. Ю.Н. Левашев, Ю.М. Репин. Руководство по легочному и внелегочному туберкулезу. П,ЭЛБИ-СПб, 2008 г.

 

Бақылау сұрақтар (қайтымды байланыс):

Емнің негізгі мақсаттары қандай?

 

Тақырып:Қ.Р. туберкулезге қарсы күрес жүргізу ұйымдары және системасы.

 

Мақсаты:туберкулезге қарсы күрес жүргізу ұйымдарымен таныстыру.

 

Дәріс тезистері:

 

Жоспар:

  1. Жалпы емдік- профилактикалық жүйесінің рөлі.
  2. Туберкулезге қарсы күрес жүргізу диспансері.
  3. Туберкулезді инфекция ошағындағы эпидемияға қарсы жұмыс.

 

Әлеуметтік тәуелді ауру ретінде туберкулезге қарсы күрес жүргізу- бұл мемлекеттік маңызды іс болып табылады. Барлық емдік- профилактикалық мекемелерінің басты қызметі- тұрғындардың арасында туберкулезбен ауыратын науқастарды уақытылы анықтау. Амбулаторлы және госпитализацияланған ересек науқастардан туберкулезді анықтау үшін диагностикалық алгоритм дайындалған. Поликлиникада емделіп жүрген науқастар тобының арасынан қауіп- қатерлі тобын құрастыру. Туберкулезге қарсы күрес жүргізетін диспансер - бұл мамандандырылған емдік- сауықтыру/профилактикалық мекемесі, яғни жабық типті мекеме ретінде ерекшеленеді және сау адамдар арасында туберкулездің етек алуын болдырмау жағдайын бақылайды. Диспансердің негізгі мақсаты- туберкулездің жұқтырылуын, ауырулық көрсеткішін, аурушаңдығын және өлім санын азайту болып табылады.

Диспансер туберкулездің санитарлық профилактикасы бойынша шаралар комплексін жүзеге асырады, вакцинацияға жетекшілік етеді, тұрғындардың туберкулезге қайталамалы тексерілуіне әдістемелік көмек көрсетеді, науқастардың реабилитациясымен және еңбекке қабілеттілік экспертизасымен айналысады, туберкулезге эпидемиологиялық талдау жүргізеді. Туберкулез инфекция ошағында санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау орталығымен және туберкулезге қарсы күрес жүргізілетін диспансермен бірге бірігіп, профилактикалық шараларды жүзеге асырады.

 

Көрнекті/иллюстрациялық материал: кестелер, презентациялар, листовкалар, брошюралар.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Перельман М.И.,Корякин В.А.,аударған Момынов Т.Ә. Фтизиатрия.Алматы.

2006ж.

2. Перельман М.И., Корякин В.А., В.И.Богадельникова. Фтизиатрия (учебник для студентов

медицинских вузов). М., 2006.

3. А.С.Ракишева – ДОТС стратегия в выявлении и лечении туберкулеза. Учебное пособие. Алматы, 1999 г.

4. Браженко О.М., Браженко И.Н. Фтизиопульмонология. С-П., 2006 г.

5. Кошечкин В.А., Иванова З.А. Туберкулез. Учебное пособие. М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.

6. Диагностика, лечение и мониторинг полирезистентного туберкулеза в режиме ДОТС- плюс. Методические рекомендации. Алматы, 2002

Қосымша әдебиеттер:

7. *Қазақстан Респуб-ликасында туберкулезге қарсы күрес жүргізу шараларын жетілдіру жайында* деген ҚР ДСҰ/МЗ шығарған бұйырықтары № 245, 452, 466, 467.

8.Методические рекомендации. Роль сети первичной медико-санитарной помощи в контро-ле над туберкулезом. Астана, 2008

9. В.Ю.Мишин, Ю.Г. Григорьев, А.В. Митронин, С.П. Завражнов. Фтизиопульмонология. Учебник для вузов. ГЭОТАР-Медиа, 2007.

10. Ю.Н.Левашев, Ю.М.Репин. Руководство по легочному и внелегочному туберкулезу. С-П, ЭЛБИ-СПб, 2008 г.

Бақылау сұрақтары (қайтымды байланыс):

- Жалпы емдеу жүйесінде туберкулезді анықтау үшін қандай профилактикалық шаралар қолданылады?