Тәжірибелік нұсқаулар

1. Науқасты қарауға дайындау (маңдай рефлекторымен қолдану ережесі).

2. ЛОР-мүшелерін сыртқы қарау

3. Жергілікті лимфа түйіндерін пальпациялау

4. Алдыңғы риноскопиартқы

5. Артқы риноскопия

6. Мұрынның шырышты қабатынан жағынды алу

7. Алдыңғы тампонада

8. Артқы тампонада

9. Сыртқы мұрын рентгенограммасын интерпретациялау

10. МҚҚ-ның рентгенограммасын интерпретациялау

11. МҚҚ-ның КТ-сын интерпретациялау

12. Орофарингоскопия;

13. Бадамша бездері мен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дәрілік заттарды жағу

14. Тікелей емес ларингоскопия

15. Көмей рентгенограммасын интерпретациялау

16. Көмей КТ-сын интерпретациялау

17. Коникотомия;

18. Трахеостомия;

19. Трахеостомиялық түтіктің ішкі бетін ауыстыру және тазалау

20. Отоскопия;

21. Сыбырлап сөйлеу арқылы естуді тексеру

22. Сөйлеу арқылы естуді тексеру

23. Құлақты жуу

24. Сыртқы есту жолынан бөгде затты алу

 

Жағдайлық есептер – 25

Есеп №1

Науқас 18 жаста; естудің төмендеуіне, сол құлағының шаншып ауру сезіміне шағымданады. Өзін аурумын деп 2 күннен бері санайды. Объективті: AD – қалыпты; AS-сыртқы есту жолында патологиялық бөліністер жоқ. Дабыл жарғағы – гомогенді гиперемия. Сыбырлап сөйлеу – 1,5 м.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №2

 

Науқас 30 жаста; оң құлақтың қатты ауру сезіміне, естудің төмендеуіне шағымданады. Өзін суықтағаннан бері 2 күн бойы аурумын деп санайды. AD –-сыртқы есту жолында патологиялық бөліністер жоқ. Дабыл жарғағы – гомогенді гиперемия, томпайған. Сыбырлап сөйлеу – 0,5 м.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

 

Есеп №3

Науқас 50 жаста, сол құлақтан іріңнің ағуына, құлақ артының ауыруына, естудің төмендеуіне шағымданады. Ауырғанына 3 арта болған. Объективті: AS –сыртқы есту жолында іріңді бөлініс 3 ватник көлемінде, иісі жоқ. Дабыл жарғағы гиперемияланған, алдыңғы-төменгі квадрантта перфорация, «пульсті рефлекс», есту жолының гиперемиясы және жоғарғы-артқы квадрантында төмен түскен. Емізікше тәрізді өсіндіне пальпация жасағанда жоғарғы бөлімінде ауру сезімі бар.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №4

Науқас әйел оң жақтан естудің төмендеуіне кеше кешке ваннаға шомылғаннан кейін пайда болғанына шағымданады.

Объективті: құлақ қалқаны мен есту түтігі өзгермеген. Есту жолы сұйық қоңыр түсті массамен бітелген, дабыл жарғағы көрінбейді. Сыбырлап сөйлеу оң құлақтан 3м, сол құлақтан 5м.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

 

Есеп №5

Науқас 2 күн бұрын бокспен айналысып жүріп жарақат алғаннн кейін сол құлақ қалқанының ауыру сезімі бар томпаюды ң пайда болғанына шағымданады. Объективті: сол құлақ қалқанының жоғарғы үштен бір бөлігінде домалақ, ісінген, қызғылт түсті, пальпация кезінде аздаған ауру сезімі мен флюктуация бар. Басқа ЛОР мүшелері бойынша ерекшеліктер жоқ.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №6

Оториноларинголог дәрігерге есту жолында үнемі қышу сезіміне, бөгде заттың бар болу сезіміне, естудің екі құлаққа да сәл төмендеуіне шағымданады. Ауырғанына 3 ай.

Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 36,7С; сыртқы есту жолы аздап гиперемияланған, инфильтрация. Дабылды-шеміршектік бөлімінде құрғаған эпидермистің кебек тәрізді қабыршақтар, сүйекті бөлімінде жасыл түсті мицели жіпшелері бар. Дабыл жарғағы сәл гиперемияланған, ылғал соратын қағаз сияқты пленкамен жабылған. Жергілікті лимфа түйіндері ұлғаймаған, пальпацияда ауру сезімі жоқ.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

 

Есеп №7

Науқас 3 аптадан бері естудің сол жақтан төмендеп үдей түскенін, алғашында иіссіз кейін иісте бөліністердің пайда болғанын байқайды. Отскопияда сол жақтан сыртқы есту жолында қою іріңді бөлініс; құлақ ішін тазалағаннан соң дабыл жарғағында көлемі мен пішіні әр түрлі 4 перфорация бар, оның екеуі шеттік. Самай сүйектерінің Шюллер әдісі бойынша рентгенограммасында сол жақтан емізікше тәрізді осіндіге таралған секвестрмен жайылған кариес байқалады.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

 

 

Есеп №8

Науқас ЛОР кабинетке құлақ қалқанының ауру сезіміне, қызбалануына, құлақ қалқанының күйдіру сезіміне, температурасының көтерілуіне, жалпы алсіздікке шағымдарымен келді. Ауру басталардан 5 күн бұрын құлақ қалқанын түйрегішпен зақымдап алғанын айтады. Қабылдау бөліміне қаралардан 3 күн бұрын құлақ қалқанының қызаруы, көлемінің ұлғаюы, ісінуі, бас ауруы пада болған. Науқастың жағдай біртіндеп ауырлай түскен, етмпературасы көтерілген. Қарағанда құлақ қалқаны гиперемияланған, инфильтрацияланған. Процесс құлақ маңы аймағына, сртқы есту жолдының терісіне тарала бастаған. Гиперемияланған аймақтың терісінің шетінде демаркациялық аймақ бар. Есту жолынан патологиялық бөліністер жоқ, дабыл жарғағы өзгермеген.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

 

 

Есеп №9

Науқас 30 жаста, ЛОР дәрігерге оң құлақтың шыдаттырмайтын ауру сезіміне шағымданады. Айтуы бойынша 4-5 күнне бері ауырады. Жалпы жағдайы қиындаған, активті, температура көтерілмеген. Қарағанда құлақ қалқаны өзгермеген, бірақ тартқанда ауру сезімі бар. Есту жолы тарылған, ішінде шырышты-іріңді бөліністер бар, көрінерлік дабыл жарғағы түсі күлгін, лайлы.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

 

 

Есеп №10

Науқас 42 жаста, мұрынмен дем алудың қиындауына, бөліністің болуына, иіс сезудің бұзылуына шағымданады. Алғашқы аталған сиаптомдар осыдан 4 жыл бұрын пайда болған, содан бері мұрынмен дем алу қиындаған. Асқынулар жиі байқалады, мұрын бітелгенде ауыз арқылы дем алады және шырышты бөліністер көп болады. Объективті: мұрынның шырышты қабаты ісінген? Гиперемияланған. Мұрынның кеуілжірлері, әсіресе төменгі төменгі және ортаңғысы ұлғайған, мұрын жолы тарылған, ішінде ақ түсті шырыш жиналған. Мұрынның шырышты қабатын андреналин ерітіндісімен жаққанда түсі бозарады, бірақ мұрын кеуілжірлерінің кішіреюі байкалмайды. Мұрын маңы қойнауларын пальпация жасағанда ауру сезімі жоқ. Басқа ЛОР мүшелері бойынша ерекшеліктер жоқ.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

 

 

Есеп №11

Науқас оң құлақтың ауруына, керіп тұрғандай сезіміне, іріңді бөліністердің болуына, жалпы әлсіздікке, дене температурасының 380С көтерілуіне шағымданады. Бала кезінен бері ауырады. 10 күн бұрын тұмау тигеннен кейін асқынған. Объективті: емізікше тәрізді өсінді аймағы өзгермеген, перкуссиясы мен пальпациясы ауырсынусыз.

Отоскопияда: оң жақ есту жолында жағымсыз місі бар іріңді бөлініс. Дабыл жарғағының алдыңғы-жоғарғы бөлігінде шеттік перфорация бар, содан ақшыл эпидермальды масса байқалады. Дабыл жарғағының тартылған аймағында аздаған гиперемия, иньецирленген. Сыбырлап сөйлеу – 3м, калыпты сөйлеу – 6м.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

 

Есеп №12

Науқас 28 жаста, мұрын ішінің құрғауына, қабыршақтардың түзілуіне, иіс сезудің бұзылуына, кей жағдайларда қою, қан аралас іріңді бөліністер шығуына, шағымданады.

Объективті: мұрынның шырышты қабаты құрғақ, жұқарған, бетінде қабыршақтар түзілген, жергілікті қою ірің бар. Мұрын кеуілжірлері кішірейген, мұрын қусы кең. Жұтқыншақтың артқы қабаты құрғақ, бірақ мұрын қуысының шырышындай емес. Басқа ЛОР мүшелерінен ауытқушылық жоқ.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

 

Есеп №13

Науқас 33 жаста; мұрынның ұстамалы жедел бітелуіне, сулы-шырышты бөліністің болуына, бас ауруына, жөтелге, тершеңдікке шағымданады. Ұстамалар күннің салқындауымен бірге жүреді. Ауырғанына 3 жыл .

Риноскопия: төменгі мұрын кеуілжірлері ісінген, боз, кей жерлерінде дақтар бар. 3% эфидрин ерітіндімен жаққанда мұрын кеуілжірлері кішірейеді.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

 

 

Есеп №14

Науқас 20 жаста, үнемі оң жақтан мұрынның дем алуына, бас ауруына шағымданады. Бала кезінде мұрыннан жарқат алған.

Объективті: мұрын қыр сәл солға ығысқан. Алдыңғы риноскопияда оңғы ығысқан мұрын пердесін байқалады, шырышты қабаты қызғылт, ылғалды. Мұрын маңы қойнауларының пальпациясында аур сезімі жоқ.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

 

 

Есеп №15

Науқас 31 жаста, мұрын бітуіне, сол жақтан қою бөліністің болуына, дем алудың қиындауына, бас ауруына, маңдай ауыртпалығына, Т -37,8С жоғарылауына шағымданады. 3 жыл бұрын тұмаудан кейін созылмалы күйде іріңді бөліністің пайда болуы мен бас ауруы пайда болуын байқаған. Соңғы асқыну 1 апта бұрын болған.

Объективті: мұрынның шырышты қабаты гиперемияланған, инфильтрацияланған. Сол жақтан мұрын кеуілжірлері гипертрофияланған, ал ортаңғы мұрын жолда аздаған ірің және политпер байқалады. Қабақ үстін пальпация жасағанда ауру сезімі бар. Мұрын маңы қойнауларының рентгенограммасында маңдай қуысының интенсивті деңгейі бар қараю және сол жақ гаймор қуысының қабырғалық вуаль байқалады.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

 

 

Есеп №16

Науқас мұрынның бітелуіне, үшкіруге, су тәрізді бөліністің барына шағымданады. Жас ағады. Дене температурасы көтерілмеген, іріңді бөлініс жоқ. Өзін екі аптадан бері аурумын деп санайды. Соңғы 4-5 жылда әр мамыр-маусым айларында дәл осындай жағдайлар қайталанады

Объективті: мұрын кеуілжірлері ісінегн, аздап гиперемияланған, мұрын жолдарында сулы бөліністер бар. Көздің сілемейлі қабаты гиперемияланған, жас аққан.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

 

Есеп №17

Науқас 38 жаста, жұтқыншақтың оң жағындағы ауруына, оң құлақтың ауруына, жұтынудың қиындауына, (тек қана сұық тамақ іше алады); ауыз ашылудың қиындауына, жалпы әлсіқздіккке, Т-жоғарылауына шағымданады. 4 күн бұрын катаральды баспадан кейін болған.

Объективті: дауысы әрең шығады, аузын әрең ашады . жұтқыншақтың шырышты қабырғасы гиперемияланған. Оң бадамша маңы аймағында тіндердің инфильтрациясы бар. Оң бадамша ортадан ығысқан. Тілше ісінген және солға ығысқан, тілше ісінген және солға ығысқан, тағыз, ұлғайған, оң жақ асты лимфа түйіндерін пальпациялау кезінде ауру сезімі бар. Отоскопиялық және ларингоскопиялық көріністерде өзгерістер жоқ.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №18

Науқас 16 жаста, тамағында жағымсыз сезімге, жыбырлауға, күйдіру сезіміне шағымданадары кеше кешке көп мөлшерде балмұздақ жегеннен кейін пайда болды.

Объективті: жұтқыншақтың артқы қабырғасының қызаруы, және аздаған инфильтрациясы байқалады. Басқа ЛОР көріністерде өзгерістер жоқ.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

 

Есеп №19

Науқас 16 жаста, қабылдау бөліміне жедел жәрдеммен жалпы әлсіздікке, бас ауруына, тамақ ауруына шағымдарымен әкелінді. Ауырғанына 2 күн. Анамнезінде 1 апта бұрын инфекция бөлімшесіне жатқызылған баламен қатынаста болғаны анықталды.

Жалпы жағдайы орташа, әлсізденген. Төсекте әрең отырады. Тері жабындысы бозғылт, ылғалдығ Т-38,6С, пульс 82 рет/мин; Жұтқыншақтың артқы қабырғасы гиперемияланған, бадамша бездер сұр жабындымен жабылған, олар душкаларға таралған. Жабындар әрең алынады, астындағы тін қанайды. Бадамша маңындағы тіндер пастозды, ісінген. Ауыздан жағымсыз иіс шығады. Жақ асты аймағында лимфа түйіндері ұлғаймаған, бірақ жұмсақ тіндері ісінген.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №20

Науқас 16 жаста; тамақ ауруына, бастың жиі ауруына, мұрын арқылы дем алудың қиындауына, жүрек аймағы мен буындардың жалпы ауруына шағымданады.

Объетивті: Жұтқыншақты ңартқы қабырғасының тұрақты гиперемиясына; бадамша бездер атрофияланған, борпылдақ, душкалармен жабысқан; лакуналарда казеозды пробка. ЭКГ-да қарынша аралық өткізгіштің бұзылуы бар. Қан анализінде патология жоқ.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №21

Науқас 20 жаста. Жұтынғанда тамақ ауруына, бас ауруына, жалпы әлсіздікке, тізе буындарының ауру сезіміне, дене Т-38С көтерілуіне шағымданады. Ауырғанына 2 күн. Ауруын суық тиумен байланыстырады. Жалпы жағайы қанағаттанарлық, тәбеті төмен. Пульс 102 р/мин, толымы қанағаттанарлық. Басқа мүшелер бойынша шағымдар жоқ.

Объективті: жұтқыншақтың артқы шырышты қабаты гиперемияланған; 2 бадамша беттерінде жабын. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда ауру сезімінсіз. Басқа ЛОР көріністерде өзгерістер жоқ.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

 

Есеп №22

Қыз 14 жаста, тамақ ауруына, әлсізденуіне, дене температурасының жоғарлауына шағымданады. 3 күн бұрын жалпы дімкәстіктен кейін ауырды.

Объетивті: жаопы жағдайы орташа, дімкәсиің, тері жабынды боз, температура 400 С, жұтқыншақтың шырышты қабаты гиперемияланған. Бадамшалар ақ жабынмен жабылған. Жақ асты, қолтық асты, шап лимфа түйіндері ұлғайған.

Қан анализінде: лейкоциттер-12х109/л, эозонофильдер-0%, базофилдер – 1%, таяқшаядролы нейтрофилдер – 0%, сегменттіядролые нейтрофилдер – 23%, лимфоциттер – 50%, моноциттер – 26%.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №23

Науқас 46 жаста, үнемі тамағының құрғауына, жағымсыз сезімдердің күшеюіне, жұтынған кезде тамақтың ауру сезіміне шағымданады.

Объетивті: мұрын қуысының шырышты қабаты жұқарған, жұтқыншықтың артқы қабырғасы құрғақ, беті тегіс, жылтыраған, тұтқыр мұрын бөліндісімен жабылған.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №24

Науқас 68 жаста, тамақтаң ауру сезіміне, дем алудың қиындау шағымдары осыдан 2 сағат бұрын дәрінің орнына қателесіп нашатырлы спирт ішіп қойғаннан пайда болған.

Объективті: ауыз қуысының шырышты қабаты гиперемияланған, еріннің, ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабатында ағарған жабынды бар. Жұтқыншақтың артқы қабатында гиперемия, жұқа қабыршақтармен жабылған. Ларингоскопияда: көмейдің шырышты қабаты гиперемияланған, көмей қақпасының шетіде инфильтрацияланған, ожау тәрізді шеміршектер маңында ісінген. Дауыс қатпарлары қызғылт, қозғалмалы. Дыбыс сңылауы жетерліктей кең.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.

Есеп №25

Науқас төс артында ауру сезіміне, жұтынудың қиындауына шағымдары осыдан 4 сағат бұрын етпен сорпа ішкеннен кейін пайда болған.

Объективті: жжалпы жағдайы қанағаттанарлық. Бір жұтым су іші мүмкін емес. Жұтқыншақтың артқы қабырғасында жарақат іздері бар.

Ларингоскопияда: алмұрт тәрізді синустардың өңешке ашылар жерінде «сілекей көлшігі». Көмейдің шырышты қабаты өзгермеген. Дыбыс қатпарлары ақ, қозғалмалы. Дыбыс саңылауы кең.

Болжамды диагнозды негіздеу, косымша және негізгі диагнозды негіздеу, ем тағайындау, олжам және нұсқаулар беру.