Азақстанның бүгіні мен ертеңі

Мәтінге жоспар құрыңыз. Жоспар бойынша баяндаңыз.

Біз жүйелік экономикалық реформалардың күрделі кезеңінен өтіп, ТМД-ның басқа елдерінен көп нәрседе алда келеміз. Бүгінде Қазақстанда нарықтық экономиканы еркін дамыту үшін негізгі жағдайлар жасалған.

Жүргізілген реформалардың нәтижелері ашық та айқын. Қазақстандағы экономиканы еркін дамыту үшін негізгі жағдайлар жасалған.

Жүргізілген реформалардың нәтижелері ашық та айқын. Қазақстандағы экономика әлемдегі ең жедел дамушы экокомикалардың біріне айналды. Біз еліміздің экономикалық өсуі негізінен өндіруші секторлардың дамуына байланысты екенін түсінеміз. Алайда үміттендіретін үрдістер де бар, өйткені өсудің жоғары қарқынын басқа салалар да, соның ішінде қаржы секторы, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және байланыс салалары да көрсетіп отыр.

Бірақ та біздің экономика, негізінен, экстенсивті тұрғыда дамып келе жатқанын мойындау керек, қазақстандық кәсіпорындар үшін энергияны шығындаудың жоғары деңгейі мен еңбек өнімділігінің төмен деңгейі тән.

Сондықтан бүгінгі күні біздің алдымызда өнімдері сыртқы рыноктарда сұраныс туғызатын жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту міндеті тұр. Ал бұған жаңа технологияларсыз, осы заманғы менеджмент модельдерін енгізбейінше қол жеткізу мүмкін емес.

Біз Қазақстанда өмір сапасы мен стандартын бәсекеге барынша қабілетті болудың деңгейіне жақындатуға ұмтылуға тиіспіз. Қазақстанның әлемдік рынокта шешуші бәсекелік басымдығы жоғары білікті, жұмылған адами капитал, сондай-ақ инновацияларды тұрақты ендіру болуы тиіс.

2010 жылға қарай біз жан басына келетін ІЖӨ-ні 7000 долларға дейін, ал сатып алу қабілетінің паритеті (СҚП) бойынша 15000 долларға дейін арттырып, халық өмірінің күтіп отырылған ұзақтығын 68 жасқа дейін жеткізбекпіз. Таяудағы үш жылда Қазақстан білім беруге арналған мемлекеттік шығындарды ұлғайтуы тиіс, олар ІЖО-нің 4,1 пайызынан кем болмауы керек.

Біз 2005-2015 жылдарға арналған Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру мен дамыту жөніндегі бағдарламаны талдау жасап, индустриялық-инновациялық даму стратегиясын қабылдадық. 2004 жылдан бастап қазірдің өзінде 520 инвестициялық жоба іске асырылды.

Біздің негізгі міндетіміз – жоғары технологиялардың әлемдік рыногына тезірек кіру және өз тауашамызды алу. Елдің географиялық жағдайы бізге өңірлік рынокқа бағдарланған жоғары технологиялық өндірісті дамытуға мүмкіндік береді, мұнда Қазақстан болашақта өңірдің сервистік-технологиялық орталығына айналуы тиіс. Ол үшін бізге өз ғылымымызды дамыту керек.

Жаңа ғылыми-техникалық бағыттар-биотехнологиялар, нанотехнологиялар, ғарыштық қызмет пен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – бұлар отандық және трансұлттық бизнеспен әріптестік жағдайында нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндігіміз бар салалар.

Нақ осы бағыттар бойынша бізге мамандар мен дипломды ғалымдар қажет болады.

 

Жаһандану үрдісіндегі ұлттық құндылықтардың сақталуы туралы баяндаңыз. Мәтінге жоспар құрыңыз. Жоспар бойынша баяндаңыз.

Әлемдік деңгейдегі өте маңызды технологиялар шоғырына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қасиеттері алдын-ала белгіленген жаңа материалдардың алынуы, биотехнологиялар, энергия үнемдеу, энергияның баламалы көздерін жасау жатқызылады.

Білім беру саласындағы жаһандану да бірқатар үрдістерімен сипатталады. Білім ақпараттық қоғамда құнның негізгі көзіне айналып барады. Білім беру ұғымының өзі өзгеруде және кеңеюде. Білім беру барған сайын көп ретте мектепте және тіпті жоғары оқу орнында оқумен бірдей түсінілуден қалады. Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасының жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Ақыр соңында білім берудің халықаралық интеграциясы дамуда. Білім беру ұлттық басымдық категориясынан әлемдік басымдық категориясына өтуде.

Технологиялық тұрғыда дамыған елдерде ғылыми талдамалар жүйесінде маманды оқытумен ғана емес, сонымен бірге техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізумен айналысатын ғылыми кешендер болып табылатын университеттер ерекше рөл атқарады. Қазақстанға индустриямен тығыз байланысты, қуатты білім беру, зерттеу және ғылыми-өндірістік кешендер болып табылатын элиталық университеттер қажет. Осы тәжірибені ескере отырып, Астанада халықаралық деңгейдегі жаңа университет құру туралы шешім қабылданды. Уақыт өте келе Алматыда да жаңа унивесритет құру жоспары бар. Елдің осындай деңгейге көтерілуге қабілетті қазіргі бар аса университеттердің әлеуетін зерттеу керек. Біздің университеттердің құрылымында химия, физика, химиялық технология, экономика саласындағы жоғарғы білікті мамандар болуы тиіс. Мамандардың осындай байланысы Массачусетс, Калифорния және Токио институттарының әлемдегі үздік институттарға айналуына мүмкіндік берді.

Барлық жоғары оқу орындарында математикалық бағыттағы қолданбалы кафедраларда дәріс беру деңгейін сапалық тұрғыда өзгерту керек. Мәліметтерді талдаудың математикалық әдістерін бәрі де – инженерлер, экономистер, заңгерлер, құрылысшылар, мемлекет қайраткерлері меңгеруі тиіс. Әлемдік практика көрсеткеніндей, кадрлардың математикалық әзірлігінің жоғары деңгейі барлық салаларда сапалық секірісті қамтамасыз етеді.

Білімді, салауатты адамдар бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгіқозғаушы күші. Реформалардың алдыңғы шебінде жастар болуы тиіс, нақ осы жастардың күш-жігерімен бастамашылдығы, олардың болашаққа ұмтылысын көп ретте біздің бастамалар табыстылығының кепіліне айналды.