Политика, этика, саяси партия, гносеология, аксеология, социология, философия, экономика

 

Дәріс

Ркениет тарихындағы саяси білімнің дамуының негізгі кезеңдері.

Дәріс жоспары:

1. Саяси ойлардың даму кезеңдері.

2. Ертедегі дүниеде саяси ойдың қалыптасуы.

3. Ортағасырлық саяси ойлардың дамуы.

4. Қайта өрлеу және “ Ағарту ” дәуіріндегі саяси ойдың ерекшелігі.

5. Жаңа және жаңаша дәуірдегі саяси ойлар.

 

Саясатқа деген қөзқарас әрбір тарихи дәуірде өзгеше болған. Олар өзінше ой жүгіртіп, өзінше баға берген. Қай заманның ойшылы болмасын ойландыратын бір ғана мәселе, халықты бақытты ету жолдарын іздеу. Оны әр ойшыл өзінше пайымдап, өзінше шешті. Жалпы саяси ойдың даму кезеңдері мен ойшылдарын былай топтауға болады.

Азамат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет әр елде әр қилы дамыды . Олардың саяси идеялары да сан түрлі болған.

1.Билік пен өкімет қатынастарының діни қағидалары мен шектелген идеялары (Египет, Қытай, Үнді, Вавилон, Израиль, Персия, Грекция, Рим).

2.Саяси құқықтық пайымдаулардың келесі жетілу кезеңі б.з.б. I м.ж.

3.Саяси–құқықтық идеялардың Грекцияда, Шығыс елдерінде қалыптасуы.

4.Саяси философияның пайда болуы б.з.д. IV-V ғ.ғ Платон.

5.Жоғарғы мұратты мемлекет теориясының қалыптасуы.

6.Әр түрлі нысандағы мемлекеттік құрылысты теориялық жағынан жіктеу (Аристократия, олигархия, тирания, демократия).

7.Саясат туралы ілімнің негіздері –адамдарды басқарудың өнер ретіндегі саналуы.

8.Саяси ғылымды жеке –дара пән ретінде қарау ( Аристотель б.з.д. IV ғ.).

9.Саяси әділеттілік ұғымының пайда болуы.

10.Мемлекетті табиғи дамудың жемісі ретінде бағалау.

11.Жеке адамға қарағанда мемлекеттің біріншілігі, мемлекеттік мүдделердің басымдылығы жөніндегі пайымдаулар.

12.Саясатты ғылыми әдіспен зерттеудің қалыптасуы: күрделінің элементтерге бөлшектенуі, салыстырмалы –тарихи пайымдаулар.

Ежелгі дәуірдегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған ежелгі ойшыл Платон, ол б.з.б. 427 -347 жылдарда өмір сүрген. Толық аты Аристокл. Платон атақты ғалым Сократтың мектебінде оқиды. Кейін Афиныда өз академиясын ашады. Платонның екі жүзге тақау еңбектері бар. “Мемлекет”, “Заңдар”, т.с.с. саясатқа байланысты шығармалары бар.

Платонның ойынша қажеттілік мемлекетті тудырады. Себебі, біреу егіншілікпен, біреуі мал шаруашылығымен, енді біреу қолөнермен айналысады. Кейін өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін айырбас жасайды. Халық тек бірігіп қана өмір сүре алады деген. Платон адамдарды үш топқа бөлген.

Кімдер.

Орғаушылар.

3. Өндірушілер.

Әкімдер –табиғи жаратылысынан шындықты, ақиқатты, танып біле алатын адамдар болуы керек деген.

Қорғаушылар –мемлекетті қорғайды.

Өндірушілер –мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етіп отырады. Бір таптың екінші тапқа өтуіне болмайды. Әркім өз міндетін атқарады. Ешкім бай –кедей болмағанын қалады деген. Сонымен қатар Платон қоғамдық меншікті қолдады. Ал жеке меншіктің болуы талас-тартыс туғызады деп түсінді. Мұнда әкімдер мен қорғаушылардың мүддесі ортақ болса, ортақ игілік үшін адал еңбек етеді деп айтқан, яғни барлығының ортақ болғанын жөн көреді. Оларды мемлекет қорғайды деп түсінген.

Платон мемлекеттік құрылысты беске бөлді :

1. Аристократия –мемлекетті ақсүйектер билейді.

2. Тимократия – мемлекеттік билік бір адам қолында болады.

3. Олигархия–мемлекет азғантай топ қолында болады.

4. Демократия –мемлекет халықтың қолында болады.

5. Тирания –мемлекет күшпен басып алушы қолында болады.

Платонның ойынша бұлардың ішінде ең тиімдісі –аристократиялық мемлекет түрі. Мұнда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері –адамгершілік, абырой, ар –намыс деп саналады.

Ежелгі Рим ойшылы Марк Тулий Цицерон (б.з.д. 106-43 ж.) саяси даму тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оның “Мемлекет” , “Заңдар туралы” деген еңбектері бар.

Цицеронның ойынша мемлекет меншікті қорғау, адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабынан туады. Мемлекетті үшке бөлген:

1. Патшалық билік.

2. Аристократия.

3. Демократия.

Цецерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болады, қоғамдық –саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.

 

Жана терминдер: аристократия, тимократия, олигархия, демократия, тирания