Білім бағасының критериі
Әріптік жүйе бойынша бағалау | Білімді бағалау критерийлері |
А | Пәннің теориялық сұрақтарының мазмұны толықтай ашылған және жетілген клиникалық дағдылар көрсетілген. Жауап беруде қажетті логикалық бірізділікпен пәндік саланың терминологиясы мен символикасы пайдаланған. Студент қажет болған жағдайда басқа курстар мен оқу пәндерінің мәліметтерін пайдалана отырып, күрделілігі әр түрлі деңгейдегі оқу материалын еркін меңгергендігін көрсетеді. Қосымша сұрақтарға жауап беру кезінде өз ойын дамыту, проблеманы және оны шешу жолдарын табу қабілеттілігі байқалады. Студент ойлай және тәжірибелік сабақты өздігінен орындай алатындығын көрсетеді. Тәжірибелік бөліктің барлық тапсырмалары жоғары деңгейде орындалған, клиникалық ойлау қабілеті көрсетілді. Шешімдері логикалығымен, негізделгендігімен, оңтайлылығымен сипатталады. Шешімдерді орындауда стандартты емес тәсілдемелердің мүмкіндіктерін көрсетеді. Коммуникативтік дағдыларды жетік меңгерген. |
А- | Жауап беру кезінде студент әр түрлі қиындық деңгейі бар оқу материалдарымен қаруланғанын көрсетеді, оқу пәнінің мазмұнын толық меңгерген, пациенттермен жұмыста осы білімдерін шығармашыл қолдана алады. Тәжірибелік бөлігінің тапсырмаларын шешу кезінде студент үздік техника мен клиникалық ойлауын көрсетеді. Үздік жауап беру кезінде жауап берушінің өзі оңай түзететін және қорытынды нәтижеге әсер етпейтін болмашы кемшілік жіберіледі. Коммуникативтік дағдыларды жақсы меңгерген. |
В+ | Студент бағдарламалық оқу материалын жақсы меңгерген. Жауап бергенде, студенттің өзі түзететін бір-екі қателіктері бар. Қосымша тапсырма берілген жағдайда студент клиникалық ойлауын, клиникалық дағдыларының жақсы техникасын және коммуникация тәсілдерін көрсете отырып, бейтаныс жағдайда қиындықтарды табысты жеңеді. |
В | Студент таныс жағдайда еркін пайдалана отырып, бағдарламалық материал бойынша білімді жалпы меңгерген. Жауап беру кезінде бір-екі кемшілік көрінеді. Студент сенімді түрде негізгі оқу бағдарламасы курсының негізгі ережелеріне қатысты қосымша сұрақтарға жауап береді, бірақ өзіне таныс емес жағдайда клиникалық есептерді шешуде қиындыққа тап болады. Стандартты есептерді шешу үшін сәйкес клиникалық дағдыларды білімді қолдана алу. Тәжірибелік тапсырма (пациентпен жұмыс) бойынша есепті ресімдеу кезінде елеусіз қателері бар. Коммуникативтік дағдыларды сенімді меңгермеген, бірақ тиімді диалог жүргізу қабілеттілігін көрсетеді. |
В- | Оқу бағдарламасының негізгі ережелері кейбір қателіктерімен айтылады. Алайда қосымша сұрақтарға жауап бергенде студент аса көп қателіктер жібермей, оқу материалының негізгі бөліктеріне жауап бере алады, үлгі бойынша таныс жағдайда бар білімдерін көрсету. Тәжірибелік бөлімнің тапсырмаларын (пациентпен жұмыс) ресімдеуде аздаған қателіктер жіберілген. Коммуникативтік дағдылар толық қолдана алмайды. |
С+ | Оқу материалын нақты білмейді. Жауап бөлшекті, схемалы. Пациентті (клиникалық жағдаят) клиникалық тексеру фактілері мен негізгі түсініктеріне қатысты қосымша сұрақтар студенттің клиникалық терминологияны түсініп, қолдануында қиындықтар туғызады. Тәжірибелік бөліктің тапсырмасын орындау кезінде студент елеулі қателіктер жібереді. Клиникалық дағдыларды сенімсіз қолданады. Типтік клиникалық есептерді қатемен орындайды, нәтижесінде оқытушының көмегімен дұрыс шешімге келеді. Медперсонал мен науқастармен қарым-қатынас кезінде қателіктер жасайды. |
С | Бағдарламалық оқу материалын толық білмейді. Клиникалық зерттеулердің бірқатарын дұрыс орындамайды. Өз білімін тек әдеттегі таныс жағдайда ғана қолдана алады, ал сұрақ сәл өзгерген жағдайда қиындыққа тап болады. Сондай-ақ, арнайы білік пен дағдаларды қолдануда қиындықтар бар. Тек типтік клиникалық есептерді ғана шеше алады, коммуникативтік дағдыларды нашар меңгергендігін көрсетеді. |
С- | Студент жауап беруге тырысты, бірақ оның білімдері үзілген және жүйесіз. Пәндік саладағы терминологияны төмен меңгерген. Тәжірибелік тапсырманың үштен бірі орындалған. Студент алған білімі мен нақты клиникалық есепті жеткілікті дәрежеде байланыстыра алмайды. Оқытушының көмегінсіз науқастармен бірге өздігінен жұмыс жасай алмайды. Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі жөнінде тек теориялық білімі ғана бар. |
D+ | Студент қойылған сұраққа жауап беруге талпынды, бұл оның оқу материалы туралы кейбір түсінігін ғана көрсетеді. Жүйелік білім оқу пәнінің теориялық саласында жоқ. Клиникалық дағдыларды нашар меңгерген. Төрттен кем тәжірибелік тапсырма шешілген. Клиникалық есептерді шешуде де, тәжірибелік тапсырмаларды ресімдеуде де айтарлықтай кемшіліктері бар. Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігін төмен деңгейде түсінген. |
D | Сұраққа жауап беруге талпынған кезде студент пәннің теориялық бөлігінің мазмұны туралы нақты түсінігінң жоқтығын көрсетеді. Ұсынылған клиникалық есепті шешу әрекеті жасалған,бірақ көптеген маңызды кемшіліктер жасалған. Тәжірибелік тапсырма тек жарым-жартылай ғана орындалған. Студент тек жеке клиникалық дағдыларды ғана меңгерген. |
F | Студент жауап беруден бас тартады немесе сұраққа жауап беруге талпынғанда оқу материалы бойынша білімінің мүлдем жоқтығын көрсетеді. Бірде-бір клиникалық есеп шешілмеген, бірде-бір тәжірибелік тапсырма орындалмаған. |