Студенттердің білімін бағалау жүйесі

Пән бойынша емтихандық баға аралық бақылауды - 40% және аралық аттестацияны (емтихан) - 60% үлгерімнің максимал көрсеткіштерінің қосындысы болып анықталады және 100% құрайды, сонымен қорытынды баға мына формула арқылы анықталады:

Р1- бірінші рейтингтің бағасының пайыздық қатынасы; Р2 - екінші рейтингтің бағасының пайыздық қатынасы; Э – емтихан бағасының пайыздық қатынасы.

Сондықтан қорытынды бағаны дәл есептеу үшін аралық бақылауда (рейтингте) және қорытынды емтиханда студенттің білімін пайызбен 0-ден 100% дейін бағалау қажет.

Студенттердің білімі, іскерлігі және дағдысы келесі жүйе бойынша бағаланады:

Әріпті жүйемен бағалау Ұпайдың сандық эквиваленті (бағасы) Пайыздық құрамы Қалыпты жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
B+ 3,33 85-89 Жақсы
B 3,0 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2,0 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

Теориялық пәндерге арналған практикалық сабақтар бойынша студенттердің білімін, біліктілігін және дағдысын бағалаудың белгілері

Әріптік жүйе бойынша бағалар Білімін бағалаудың белгілері
А Жауап толық дұрыс, түсінікті. Студент бағдарламада берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді терең меңгерген. Күрделі деңгейдегі оқу материалын еш қиындықсыз түсінеді. Пән бойынша негізгі терминдерді сауатты және мағынасына сай қолданады. Алған білімін жайдан күрделі оқу пәндеріне қарай дамыта алады. Тәжірибе жасау (химиялық немесе тағы басқа, пәнге байланысты) дағдылары бар және алынған тәжірибелік мәліметтерді теориялық тұрғыдан дәлелдеп, талдау жасай алады.
А- Жауап толық, дұрыс. Студент оқу бағдарламасының материалдары бойынша жүйелі және терең білім алған, бағдарламада белгіленген негізгі және қосымша әдебиеттерді толық меңгерген. Пәнге сай терминологияны қолдана отырып, материалдың мазмұнын сауатты түсіндіреді, алған білімін медико-биологиялық пәндер бойынша жинаған білімімен байланыстыра алады. Тәжірибе жасау (химиялық немесе тағы басқа, пәнге байланысты) дағдылары бар және алынған тәжірибелік мәліметтерді теориялық тұрғыдан дәлелдеп, талдау жасай алады, тәжірибеден қорытынды шығара алады.
В+ Жауап жеткілікті түрде толық. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі әдебиетті жетік біледі, пәнге сай терминологияны дұрыс қолданады, өмір құбылыстарындағы әр түрлі байланыстардың ролі мен мәнін сенімсіз (бірақ дұрыс) түсіндіреді. Жауап барысында бір-екі аса көңіл аудармайтын қате жібереді, бірақ оны өзі түзетеді. Тәжірибе жасау (химиялық немесе тағы басқа, пәнге байланысты) дағдылары бар және алынған тәжірибелік мәліметтерді теориялық тұрғыдан дәлелдеп, талдау жасай алады, тәжірибеден қорытынды шығара алады.
В Жауап толық. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі әдебиетті біледі. Пәндік терминологияның қолданылу бағытын дұрыс түсіндіреді, бірнеше қате жібереді, бірақ оқытушының сауал қоюы арқылы оларды түзетеді. Тәжірибе жасау (химиялық немесе тағы басқа, пәнге байланысты) дағдылары бар және алынған тәжірибелік мәліметтерді теориялық тұрғыдан дәлелдеп, талдау жасай алады, тәжірибеден қорытынды шығара алады.
В- Жауап дұрыс, бірақ жеткілікті толық емес. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі әдебиетті біледі, ұсынылған бағдарламаны біледі, пәндік терминологияны дұрыс қолданады, пәндік терминологияның барысы мен бағытын түсінеді және түсіндіре алады, негізгі механизмдерді түсіндіре алады, бірақ оны ашып айтуда қиындыққа тап болады. Жауап бергенде маңызды емес қателіктер жібереді, бірақ оны оқытушының көмегімен түзетеді. Тәжірибе өткізу дағдалары (химиялық немесе басқа да пәнге байланысты) қалыптасқан. Тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.
С+ Жауап толық емес, маңызсыз қателіктері бар, оны студент оқытушының сұраққа байланысты сұрақтар қойғанында түзете алады. Одан әрі оқуда қажеттілік тудыратын көлемде негізгі оқу-бағдарламалық білімі бар, бағдарламамен ұсынылған негізгі әдебиеттерді меңгерген. Пәндік терминологияны пайдаланады, негізгі механизмдерді пайдаланады, бірақ кезектілігімен атай алмайды, нақты үлгідегі білімін көрсете алмайды. Тәжірибені өткізудегі (химиялық немесе басқа да пәнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан. Тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.
С Жауабы оқу бағдарламасымен қарастырылған білімін көрсете алмайды, маңызды емес және маңызды бірер қателіктері бар, оны студент оқытушының сол жауапқа алып келетін (қосымша) сұрақтар қоюы кезінде түзетеді. Пәндік терминологияны қолдану дағдылары бар, аса қиын механизмдерді анықтауда қиындықтарға тап болады. Тәжірибені өткізудегі (химиялық немесе басқа да пәнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.
С- Бағдарламалық оқу материалын толық айтпайды. Студент маңызды емес және маңызды қателіктер жіберген, оларды оқытушының көмегімен түзете алады. Пәндік терминологияны дұрыс пайдалана алады, негізгі механизмдерді анықтауда қателіктерге тап болады, формулалар және т.б. жазуда қателер жібереді. Өз білімін басқа ұқсас пәндермен үйлестіре алмайды, байланыс таппайды. Тәжірибені өткізудегі (химиялық немесе басқа да пәнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.
D+ Жауап толық емес, нақтылықтар аз. Маңызды және маңызды емес қателіктер бар. Кейбір жағдайларда студент пәндік терминологияны пайдаланады, бірақ механизмдерге жауап беруде қындықтарға тап болады, байланыстыра алмайды, пән бойынша негізгі түсініктер мен терминдерге анықтама бере алмайды. Тәжірибені өткізудегі (химиялық немесе басқа да пәнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.
D Оқытушының қосымша сұрақтар қойғанының өзінде көптеген қателіктері бар жауап. Маңызды қателіктер: терминологияны дұрыс пайдалана алмайды, түсініктер мен терминдерге анықтаманы бере алмайды, негізгі заңдар, ережелердің орналасуын білмейді, түрлерге бөле алмайды. Негізгі үрдістер, механизмдердің мағынасын түсінбейді, материалды түсіндіруде пәндік терминологияны пайдалана алмайды, күрделі қателіктер жасайды. Тәжірибе өткізудің дағдыларын толық меңгермеген, тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.
F Студенттің жауаптан немесе жауап беруден бас тартуы, студент оқу бағдарламасы бойынша білімінің толықтай жоқтығын көрсетеді. Бірде бір тапсырма/тәжірибе орындалмаған, немесе тапсырма/тәжірибе/ зертханалық жұмыс дұрыс орындалмаған.