Мәтінді оқып төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
Кәсіби қазақ тілі
Нұсқа
1.Бір дененің басқа матриалдық денелермен салыстырғанда орын ауыстыруын
А. Санау жүйесі
В. Механикалық қозғалыс
Г. Материалдық нүте
Д. Траектория
2.Электр тогы тұрақты болу үшін...
A) ток тізбегі тұйықталған болу керек
B) ток күші және оның бағыты уақыт бойынша өзгеріссіз қалу керек
C) дұрыс жауабы жоқ
D) ток күші өзгеріссіз қалу керек
3. Дене импульсінің өзгерісі
A) Қуатқа тең.
B) Потенциалдық энергия өзгерісіне тең.
C) Күш импульсына тең.
D) Жұмысқа тең.
4. Ауасы сорылып шығарылған түтікшеде бытыра, тығын және құс қауырсыны бар. Осы денелер құлағанда үдеуі үлкен болатыны
A) Бытыраның.
B) Тығынның.
C) Барлығының үдеуі бірдей.
D) Құс қауырсынының.
5. Табиғаты гравитациялық күшті табыңыз
A) Жіптің тартылу күші.
B) Ауырлық күші.
C) Тіреудің реакция күші.
D) Дөңгелеу үйкеліс күші
6. Жабық ыдыста газға берілген жылу мөлшері
A) газдың массасын арттыруға жұмсалады.
B) жұмыс атқаруға жұмсалады.
C) ішкі энергияны арттыруға жұмсалады.
D) ішкі энергияны төмендетуге жұмсалады.
7. Кристалдану кезінде дененің температурасы ...
A) заттың химиялық құрамына байланысты көтерілуі немесе төмендеуі мүмкін.
B) кристалдандыру температураға тәуелді емес және ол температураның кез келген өзгерісінде жүреді.
C) көтеріледі.
D) тұрақты бір мәнде болады.
8. Дыбыс толқындарын қоздырушы прибор:
A) Жоғарғы жиілікті тербеліс генераторы.
B) Жабық тербелмелі контур.
C) Ашық тербелмелі контур.
D) Дыбыс зорайтқыш.
9. Айнымалы ток генераторының жұмысы кезінде энергияның түрленуі
A) Механикалық энергия ішкі энергияға айналады.
B) Химиялық энергия электр энергиясына айналады.
C) Механикалық энергия электр энергиясына айналады.
D) Кинетикалық энергия потенциялық энергияға айналады.
10. Тұрақты интерференциялық көрініс шығарып алу үшін қажетті шарттар:
1) Тербеліс амплитудалары бірдей болуы керек.
2) Үйлесімді толқындар болуы қажет.
3) Толқындар когерентті болуы қажет.
4) Толқын жиіліктері бірдей болуы керек.
5) Фазалар айырымы тұрақты болып келуі керек.
A) 1,4
B) 1,3
C) 1,2
D) 2,3,4,5
11. Температура тұрақты болған жағдайда, газ қысымы 4 есе төмендеген болса, онда сол газдың көлемі
A) өзгермейді.
B) 4 есе кемиді.
C) 4 есе артады.
D) 2 есе артады.
12. Ажырыту бұрышы өте кішкене (өте жіңішке) жарық шоғын туғыза алады.
2. Жарығы аса монохроматты болады.
3. Ең қуатты жарық көзі.
4. Энергиясының сапасы жоғары және алыс қашықтыққа жеткізу мүмкіндігі зор.
5. Қыздыру шамы сияқты жарық көзі болып табылады.
Лазерлік сәуле шығарудың қасиеттеріне жатпайтыны
A) 2. 4
B) 3.
C) 1.
D) 5.
13. Күш моменті физикалық шама. Ол неге тең?
A) Күш пен иіннің көбейтіндісіне.
B) Күш пен дененің жылдамдығының көбейтіндісіне.
C) Күш пен дененің үдеуінің көбейтіндісіне.
D) Күш пен бұл күштің әсер ететің уақыттың көбейтіндісіне.
14. 1. Дененің жылдамдық векторы мен үдеу векторының бағыты қарама-қарсы болуы
A) мүмкін.
B) мүмкін емес.
C) дене тұрақты жылдамдықпен қозғалғанда.
D) тек қана элипс бойымен қозғалғанда.
15. Зарядталмаған конденсатордың электр сыйымдылығы бар ма?
A) Сыйымдылықтың бар немесе жоқ болуы конденсатордың түріне байланысты
B) Жоқ, себебі зарядпен бірге электр сыйымдылығы да жойылады
C) Жоқ, себебі сыйымдылық потенциал айырмасына тәуелді
D) Бар, себебі, сыйымдылық геометриялық өлшемдері мен диэлектриктің өтімділігіне байланысты
Мәтінді оқып төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
Механика – денелердiң механикалық қозғалысын және өзара әсерлесуiн зерттейтiн физиканың бөлiмi. Механика екi бөлiмнен тұрады: кинематика және динамика. Зерттелетiн денелердiң сипатына қарай механика үшке бөлiнедi. Материялық нүктенiң механикасы. Берiлген жағдайда көлемiн, пiшiнiн ескермеуге болатын дененi - материялық нүкте деп атайды. Егер дененiң өлшемдерiне қарағанда оның жүрiп өткен ара қашықтығы көп есе үлкен болса, бұл дененi материялық нүкте деп қарастыруға болады. Қатты дене механикасы. Кез-келген екi нүктесiнiң ара қашықтығы өзгермейтiн дененi абсолют қатты дене деп атайды. Тұтас орта механикасы. Газдардың, сұйықтардың тепе-теңдiгiн және қозғалысын зерттегенде оларды үздiксiз тұтас орта түрiнде қарастырады.
1. Механика неше бөлімнен тұрады
А) төртеу
В) екеу
С) біреу
Д) үшеу
2) Қатты дене механикасы
А) Кез-келген екi нүктесiнiң ара қашықтығы өзгермейтiн дененi абсолют қатты дене деп атайды
В) Берiлген жағдайда көлемiн, пiшiнiн ескермеуге болатын дене
С) дененiң өлшемдерiне қарағанда оның жүрiп өткен ара қашықтығы көп есе үлкен болса
Д) Газдардың, сұйықтардың тепе-теңдiгiн және қозғалысын зерттегенде оларды үздiксiз тұтас орта
3) Зерттелетiн денелердiң сипатына қарай механика
А) төртке бөлiнедi
В) екіге бөлiнедi
С) үшке бөлiнедi
Д) беске бөлiнедi
4) материялық нүкте деп қарастыруға болады
А) көлемін ескеріп пішінін ескермейтін денені
В) көлемін және пішінін міндетті түрде ескеретін денені
С) көлемiн, пiшiнiн ескермеуге болатын дененi
Д) көлемін ескермей пішінін ескеретін денені
5) Мәтінді оқып, түсінгенін айту
Жарық дифракциясы – жарық толқындарының мөлшері сол толқындардың ұзындығымен қарайлас тосқауылды (тар саңылау, жіңішке сым, т.б.) орап өту құбылысы. Жарық дифракциясы болу үшін жарық түскен дененің анық шекарасы болуы тиіс. Дифракция жарыққа ғана тән емес, басқа да толқындық процестерде де байқалады (мысалы, механикалық толқындардың жолында кездескен тосқауылды орап өтуі, т.б.). Жарық дифракциясы кезінде жарықтың түзу сызық бойымен таралу заңы, яғни геометриялық оптиканың негізгі заңдары бұзылады. Жарық толқындарының ұзындығы өте қысқа болғандықтан, қалыпты жағдайда жарық дифракциясы байқалмайды. Жарық дифракциясы – жарықтың толқындық қасиетін дәлелдейтін негізгі құбылыстардың бірі. Бұл құбылысты 17-ғасырда италиялық физик және астроном Франческо Гримальди ашты, ал оны француз физигі Огюстен Жан Френель түсіндірді.
1.Қай ғасырдың физигі және астрономы Франческо Гримальд
А) 18
В) 17
С) 19
Д) 20
2) Қандай жағдайда жарық дифракциясы байқалмайды
А) түскен дененің анық шекарасы болуы тиіс
В) түскен дененің анықталмаған шекарасы болуы тиіс
С) Жарық толқындарының ұзындығы өте ұзын болса
Д) Жарық толқындарының ұзындығы өте қысқа болса
3) жарықтың толқындық қасиетін дәлелдейтін негізгі құбылыстардың бірі.
А) жарық дифракциясы
В) жарық толқыны
С) жарықтың сынуы
Д) жарықтың шағылуы
4) Мәтінді мәнерлеп оқу
5) Осы тақырыпқа байланысты трек сөздерін теріп жазыңыз
Физика және математика кафедрасының ортасында талқыланып, бекітілді
№ хаттама « » ________ 2014 жылы
Физика және математика кафедрасының меңгерушісі: А.А.Кульжумиева
Факультеттің ОӘК талқыланып бекітілді
№ хаттама « » ________2014 жылы Ж.С.Иксебаева
Кәсіби қазақ тілі
Нұсқа
1. Тұрақты интерференциялық көрініс шығарып алу үшін қажетті емес шарт:
A) Фазалар айырымы тұрақты болып келуі керек.
B) Толқындар когерентті болуы қажет.
C) Үйлесімді толқындар болуы қажет.
D) Тербеліс амплитудалары бірдей болуы керек.
2. Ампер күшінің бағытын анықтауға болады
A) Бұрғы ережесі бойынша.
B) Суперпозиция принципі бойынша.
C) Сол қол ережесі бойынша.
D) Ленц ережесі бойынша.
3. Біртекті магнит өрісінде қозғалатын электронға әсер етуші күштің жұмысы:
A) Орын ауыстыру мен күштің көбейтіндісіне тең.
B) Электрон зарядының потенциалдар айырмасына көбейтіндісіне тең.
C) Электронның потенциалдық энергиясының өзгерісіне тең.
D) Нөлге тең, өйткені электронға әсер ететін күш бағыты үнемі оның қозғалыс бағытына перпендикуляр.
4. Ядролық сәулелерді тіркеуге арналған приборлардың қайсысында шапшаң қозғалатын зарядталған бөлшектер буда сұйық тамшыларынан тұратын із қалдырады?
A) Гейгердің газ разрядты санағышы.
B) Күкіртті цинкпен қапталған экран.
C) Ви.льсон камерасы
D) Көпіршікті камера.
5. Дұрыс емес тұжырымды анықтаңыз.
Лоренц күші бөлшектің жылдамдығына перпендикуляр болғандықтан ...
A) ол бөлшектің жылдамдығының бағытын ғана өзгертеді.
B) ол бөлшектің кинетикалық энергиясын өзгертпейді.
C) ол жұмыс атқармайды.
D) ол оң жұмыс атқарады.
6. «кг×м/с» өлшем бірлігімен өлшенетінін физикалық шама
A) Импульс
B) Күш моменті
C) Қуат
D) Күш
7. Жоғарғы жиілікті ток адам өмірі үшін қауіпсіз болу себебі
A) беттік эффекті әсерінен адамның ішкі органдары арқылы ток өтпейді.
B) ток күші 0,1 А-ден кем.
C) жоғарғы жиілікті ток үлкен энергия тасымалдамайды.
D) жоғарғы жиілікті ток бұлшық еттерді жиырмайды.
8. Резонанс кезінде тербелмелі контурда
A) Тербеліс жиілігі азаяды.
B) Тебеліс жиілігі өседі.
C) Ток күшінің тербеліс жиілігі азаяды.
D) Ток күшінің тербеліс амплитудасы артады.
9. Газ қысымы тұрақты болған жағдайда, оның температурасы 3 есе төмендеген болса, онда сол газдың көлемі
A) өзгермейді.
B) 3 есе артады.
C) 3 есе кемиді.
D) 6 есе артады.
10. Радиоактивті элементтерді археологияда қолданудың мақсаты:
A) Нәрселердің беріктілігін анықтау.
B) Нәрселердің жазықтығын анықтау.
C) Заттардағы элементтерді анықтау.
D) Өте ертедегі нәрселердің жасын анықтау.
11. Заряды q бөлшектің өзінің бастапқы жылдамдығына перепендикуляр бағытталған біртекті магнит өрісіндегі қозғалысы
A) Түзу сызықты бірқалыпты.
B) Магнит өрісі күш сызықтарына қарама-қарсы.
C) Түзу сызықты бірқалыпсыз.
D) Шеңбер бойымен бірқалыпты.
12. Біртекті магнит өрісі тогы бар рамаға
A) жарықтық әсер көрсетеді.
B) химиялық әсер көрсетеді.
C) механикалық әсер көрсетеді.
D) жылулық және химиялық әсер көрсетеді.
13. Жай механизмдер дегеніміз
A) Күшті түрлендіретін құралдар.
B) Қозғалтқыштың қозғалу бағытын өзгертуге септігін тигізетін құралдар.
C) Күшті азайтатын ?ұралдар.
D) Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар.
14. Күш моменті физикалық шама. Ол не тең?
A) Күш пен дененің жылдамдығының көбейтіндісіне.
B) Дененің массасы мен оның жылдамдығының көбейтіндісіне.
C) Күш пен дененің үдеуінің көбейтіндісіне.
D) Күш пен иіннің көбейтіндісіне.
15.Қандай процесте идеал газдың ішкі энергиясы өзгермейді:
А). изобаралық
В).адиабаталық
Г).аталған процестің барлығында
D). изотермиялық