Верреске қарсы. Төртінші кітап

Гай Юлий Цезарь

(б.з.б 100-44 жж)

Цезарь - ірі саяси қайраткер, тарихшы және шешен - Римде және Родос аралында риторикалық білім алған. Ол 59 жылы консул болды, кейін Галлияға проконсул ретінде жіберілген. Бірнеше жылдың ішінде Альпі тауларынан Океана және Рейнаға дейінгі ұлан-байтақ территорияны Римге бағындыра отырып, ол галль тайпаларын жаулап алды. Цезарьдың күшеюінен қауіптенген Сенат, оны Галлиядан кері шақырып алуға әрекеттенеді. Бұған жауап ретінде Цезарь өзіне берілген әскерімен бірге, Рубикон өзенін кеше отырып, Римге аттанады. Басталған азамат соғысының барысында (б.з.б 49-45 жж) Цезарь Фарсаль түбіндегі шайқаста (б.з.б 48 ж) Помпейдің күл-талқанын шығарады және Рим иелігінің шығыс бөлігін бағындырады. Цезарьдың диктатурсы жылдарында (б.з.б 48-44 жж) сенат билігінің жақтаушылары, Цезарьдың іс-шаралары мен реформаларына көңілі толмайтындар оған қарсы астыртын әрекет құрады жәнеб.з.б 44 жылы Брут пен Касси бастаған қастандық жасаушылардың қолынан қаза табады.Цезарь - бізге жеткен « Галль соғысы жайлы жазбалар» және «Азамат соғысы жайлы жазбалар» атты екі шығарманың авторы. «Галль соғысы жайлы жазбалар» Франция, Германия және Англияның ежелгі тарихын зерттеудегі қажетті дерекнама болып табылады.

 

 

Кітап. Гельветтермен соғыстың басы

1.Галлия жері үш бөлікке бөлінеді. Оның бір бөлігінде бельгиялықтар, екінші бір бөлігінде аквитандықтар, үшінші бір бөлігінде олардың өз тілінде келть деп аталатын, ал біздің тілде галль деп аталатын тайпалар өмір сүреді. Олар бір-бірінен ерекше тілдерімен, мекемелерімен және заңдарымен ажыратылады.Галль тайпаларын аквитандықтардан Гарумна өзені, бельгиялықтардан Матрона және Секвана өзендері бөліп жатыр. Олардың ішіндегі ең ержүрегі –бельгиялықтар, олар провинциялық мәдениет пен өркениеттен артта қалған,бұдан басқа оларда тіпті көпестер де, әсіресе рух төзімділігімен қызықтыратын заттармен, сирек болады, аяғында олар үздіксіз соғыс жүргізетін германдықтарға көрші болып өмір сүреді. Осы себептен гельветтіктер де қалған галль тайпаларын ержүректігімен басып озады: олар күн сайын дерлік германдықтармен, не өз мемлекетіне басып кіруіне тойтарыс беру арқылы, не олардың территориясына басып кіру арқылы соғысады. Біз алдында айтқандай, галль тайпалары алып жатқан бөлік Родана өзенінен басталады және оның шекарасы Гарумна,Океан өзендерімен және Бельгия мемлекетімен шектеседі; бірақ секвандықтар мен гельветтіктер жағынан шекарасы Рейна өзеніне жалғасады және солтүстікке қарай созылады. Бельгия меемлекеті Галлияның ең алыс шекарасынан басталады және Рейна өзеніннің төменгі ағысына дейін жетеді. Ол солтүстік-шығысқа қарайды. Аквитания Гарумна өзенінен Пиреней таулары мен Испанияның Океанамен ұласатын бөлігіне дейін созылып жатыр. Ол солтүстік-батысқа жатады.

 

МАРК ТУЛЛИЙ ЦИЦЕРОН

( б.э.д. 106-43 жж.)

Рим республикасының соңғы ғасырдағы айтулы шешені Арпин қаласының төңірегінде дүниеге келген (Лацияның шығыс бөлігі) және Римде кейін Грецияда негізгі шешендік және философиялық білімін алды. Цицерон өз заманының ең таңдаулы шешендерінің куәгері болды, құқық мәселесін және грек философиясын зерттеді. Оның алғашқы сөз сөйлеуі 80-ші жылдардың соңына жатады. Верреске қарсы сөйлеген сөздері оған үлкен табыс әкелді (70ж.). 63 жылы нобилитет қолдауының арқасында Цицеронды консул етіп сайлайды. Сенаттан төтенше өкілеттік алған Цицерон катилинарлықтардың нобилитетке қарсы бағытталған көтерілісін басып тастады. Оның Катилинаға қарсы айтқан сөздері үлкен танымалдылыққа ие. Кейін Катилинаның қастандығынан босаған соң оған өзінің жақтастарын айыпсыз өлтірді деген кінә тағылып ол 58 жылы айдауға кетуге мәжбүр болды, ол айдаудан бір жылдан соң ғана оралды. Юлий Цезарь мен Помпей арасындағы азамат соғысында Цицерон соңғысын жақтады, бірақ Цезарьдың диктатурасы кезінде (48-44 жж.) саяси қызметтен алшақтады. Цезарьдың өлімінен кейін (б.э.д. 44 ж.) ол Антонияға қарсы шықты және Цезарьдың жиені Октавианды қолдады. Антоний Цицеронды проскрипционды тізімге енгізуге бұйрық берді, сөйтіп 43 жылы Цицерон өлтірілді.Цицеронның мұрасы өте зор: бізге оның 58 сөзі, шешендік теориясына, философия және мемлекеттік құрылғы мен заң шығаруға қатысты өте үлкен көлемдегі туындылары мен хаттары жеткен. Латын тіліндегі философия терминологиясының негізін салушы бола тұра, ол ғылыми проза тілінің дамуына үлес қосты. Төменде Цицеронның Верреске қарсы сөзінен үзінді берілген (II сессия, IV кітап). Б.э.д. 73 жылы Сицилияның билеушісі бола тұра, Веррес аймақты аяусыз басқарды, оның тұрғындарын тонап күйретті. Берілген үзіндіде оның Сиракузыдағы ғибадатханалар мен қоғамдық ғимараттарды тонағандары сипатталады. Б.э.д. 735 жылы Коринфтен шыққандар негізін қалаған Сиракузы қаласы б.э.д. 211 жылға дейін өз тәуелсіздігін сақтады (ұзақ қарсыластықтан соң қаланы Рим қолбасшысы Марцелло басып алды). Цицеронның сөзінде Марцеллоның адамгершілігі Веррестің бассыздығы мен зұлымдығына қарсы қойылады.

Верреске қарсы. Төртінші кітап.

Верреске қарсы сөзден үзінді (II сессия)

LII. Құрметті төрелер, өз сөзімді аяқтау үшін,мен барлық қалалардың ішінде Сиракузды ең бай және ең керемет қала деп білемін. Сендердің араларында хаттардан оқымаған, Сиракузды Марк Марцеллдың басып алғанын білмейтін адам жоқ шығар.Ендеше әлемнің қазіргі кездегі жағдайымен ертедегі соғыс кезін салыстырыңдар: әлгіндегі билеуші Веррестің кезеңін сол императордың келуімен салыстырыңдар.Сендер Сиракузды жаулап алған адамды оның негізін қалаушы, ал оны иемденген адамды жаулаушы ретінде танисыңдар.Мен айтып кеткен нәрселерді, әлі де айтып жүрген заттарды үнсіздікпен айнала қашамын: Сиракуздағы Марцелли қалаға кірген кезде өлімнен таза сақталған қала,Веррес қалаға кірген кезде күнәсіз сицииялықтардың қанына толды,біз үшін де, карфаген флоты үшін де қол жетімсіз боп келген сиракуздық айлақ Веррес басқыншылығы кезінде килийлер және теңіз қарақшылары үшін ашылды.Оның еркін халыққа қатысты зорлық іс-әрекеттері жайлы,әр отбасының аналарына көрсеткен қорлығы жайлы сөз қозғамаймын,бұны жаулап алынған қала ішінде қатты ашынған жаудың өзі де, ызаға булыққан әскер де жеңіске жетсе де немесе соғыс дәстүрі бойынша да мұндай әрекеттерге жол бере алмайды.Үш жыл бойы Веррес көрсеткен қорлыққа көз жұма қараймын.Мен айтып кеткен оқиғалармен тығыз байланысты мәселелерді ғана баяндаймын. Сіздер Сиракузы грек қалаларының ішіндегі ең әдемі, ең үлкен қала екендігін талай рет естіген болатынсыңдар, бұл шындық қымбатты төрелер! Ол өте ыңғайлы орналасқан: теңізден де, құрлықтан да қарасақта оның көрінісі тамаша, оның кеме тоқтайтын айлақтары қаланың ішкі жағында тұр , сол себепті қалалық ғимараттар оған жанаса орналасқан,жеке кіретін жерлері бар бұл айлақтар бір-бірімен қосылатын жерде бірігеді; жіңішке теңіз бұғазы қаланың бір бөлігін Аралдан бөліп тұрады;бұл бөлік қаланың өзге бөліктерімен көпір арқылы байланысады.

 

Август Тут Ливий

Атақты тарихшы Август Тит Ливийдің өмірі туралы мәліметтер аз. Оның туған жері Патавия қаласы (қазіргі Падуя қаласы), онда ол шешеннің білімін алып, философиямен көп айналысты. Өмірінің көп уақытын Ливий Римде өткізді, тек өліміне аз уақыт қалғанда өзінің туған жеріне көшіп келді.Рим халқының тарихы бойынша Ливийдің еңбегі Римнің тарихын б.з.б 9 жылдың негізін қамтиды. (осы арада кездесетін қолжазбалар мен көне грамматиктерде бұл шығарманың атауы «AB urbe condita»№ «Қаланың негіздеуінен». Ливий өмір бойы өзінің шығармаларымен жұмыс жасап келді. Оның үлкен еңбектерінің тек төрттен бір бөлігі сақталып калды.Бізге дейін жеткен Ливийдің шығармалары Римнің ішкі және сыртқы тарихының ең маңызды көзі болып табылады. Ливийдің мұраты Рим мемлекетінің дәуірі болды. Сол уақытта бостандық қорғаушылары мен мемлекет дәстүрін тұтынатындарды помпеяндықтар мен тіпті Брута мен Кассияны деп санады. Кейбір дәлсіздіктерді болдырғанымен, Ливий болған мәселені талқылаған кезде шындыққа ұмтылады. Прозаларды дамытуда Ливийдің атқарған еңбегінің мағынасы көп. Цицерон сияқты Ливий де ұзақ кезеңдер мен метафоралық білдірулерді қолданады. Оның ораторлық шеберлігі көбінесе тарихи қайраткерлердің аузына автордың өзімен салынған сөйлеулерде білінеді. Сол секілді, мысалға, Ганнибал немесе Сципионаның Тицина мен Заманың алдындағы соғысулардағы сөйлеулері. Ливийдің тарихының ең жақсы беттеріне Согунтаның қоршауы, Рону арқылы Ганнибаланың өткелі, оның Альпі арқылы өтуі және т.б. сияқты көріністер жатады. Ливийдің еңбегі дәлірек айтқанда Тацита сияқты Римнің тарихшыларына әсерін тигізді. Оның қайта өркендеу дәіріндегі шығармасы айрықша жетістікке ие болды.Төмендегі үзіндіде Ливийдің 21-ші кітабындағы Ганнибаланың Альпа арқылы өтуі суреттеледі.(25-27 басы)

 

Бірақ келесі күні екі жақтың ортасында тұрған әскери позициялы таулықтар қатары азайып және байланыс кері қалпына келді. Солай көп адамдар мен малдар жоғалтқанымен, карфагендер аңғарды өтті. Таулықтар шамалы тонаушылар тобымен шабуыл жасауды жалғастырды, олар жердің жағдайы мен карфагендердің байқаусыздығын пайдалана отырып, біресе алдыңғы қатарға, біресе артқы қатарға шабуыл жасады, біресе алға шегінгендерге, біресе артта қалып қойғандарға. Карфагендік әскерді Альпада көп тоқтатқан пілдер болатын, себебі оларды тар және тік жолдармен жүргізуге тура келді. Бірақ піл жүрген әскер жағы қауіпсіздікті қамтамасыз етті, себебі олардың жаулары ондай жануарды көрмегеннен кейін оларға жақындауға қорықты. Сонымен қатар карфагендер әзер дегенде жолды табатын болды «көп жағдайда өздерінің жолын жүрмейтін жерлер мен бірнеше рет жолдан тайып, біресе оларды жолаушылар алдап, біресе оларға сенбей өздері жорамалдап керең алқаптарға кетіп қалатын болды. Тоғызыншы күні тауға қарай жолда карфагеняндар Альпаның асуына жетті, онда олар екі күн дем алды. Кейін жиырма алтыншы қазанда әскерлердің үрейіне қарай қар жауды. Әскерді жабырқаңқылық басты. Сол кезде Ганнибал, туларды озып әскерге томпақ көрікте тоқтауға бұйырды, сол жақтан кең және ұзақ аймақ шолуға болатынын, және оларға Италияны көрсете тұра және Альпаның астында жайылып жатқан Пада алқабын көрсете, айтты: « Енді сендер тек Италияның қабырғасына ғана емес, және де Римнің қабырғасына жеткелі жатсындар. Бәрі бұдан былай тегіс, жадағай беткей бойымен сияқты барады; бір немесе көп, екі ұрысты қолымызға береді, бекініс пен Италияның астанасы біздің билік астында болады. Әскер рухын көтерді. Тіпті таулықтар оларды қобалжытуға батылы бармады және болмашы тонаушы шығарулармен шектелді.Алайда, таудан түсу өрмелеуге қарағанда күрделірек болды, өйткені жаяу жол тік, тар және сырғанақ болды –тайып кетпей аяқта тұру қиынға соқты. Көп адамдар мен малдар құлап жатты. Әйтеуір карфагендіктер жаяу жол тағы аса тарылтқан жартасқа дейін жетті, ал тік жолдың соншалықты болғаны, тіпті жауынгердің өзі ұзақ күштен кейін бұталар мен тамырларына жабысып түсе алатын еді.

 

 

ПУБЛИЙ КОРНЕЛИЙ ТАЦИТ

Тацит I ғасырдың соңы мен II ғасырдың басындағы көрнекті тарихшылардың бірі және негізгі риторикалық білім деңгейін игерген болатын. Ол жастайынан өзін керемет оратор ретінде көрсете білді. Оның бұқараның алдында сөз сөйлеулері үлкен қолдауға ие болды. 88 жылы Тацит претор, 97 жылы консул болып тағайындалып, 113-116 жылдар аралығында Азия провинциясының проконсул қызметіне қол жеткізді. “Оратор жайлы диалог”, “Юлий Агрикола өмірінің баяндамасы” және “Германия” атты шығармалары оның ең алғашқы еңбектері болып табылады. Августтың өлімінен (б.з. 14 ж) Домицианның құлауына дейінгі (б.з. 96 ж) уақыт аралығын қамтитын “Тарих” және “Анналдар” деген екі үлкен еңбегі Тациттің есімін күллі әлемге шулатты. Бірақ бұл жұмыстары толығымен сақталмаған: бізге жеткен “Тарих” кітабында 69-70 жылдары орын алған оқиғалар ғана сипатталса, “Анналдар” кітабынан қалған деректерде Тиберияның, Клавдия мен Неронның ел басқарулары жайлы айтылған. Тацит қатал әрі қатігез болған Тиберия мен Нерон императорларының бейнелерін шебер әрі көркем жеткізе білген. А.C. Пушкин өзінің “Тациттың Анналдары жайлы пікірінде” оны “Тирандардың бәлесі” деп атап кеткен. Төменде Тациттың “Германия” шығармасынан үзінді берілген. Мұнда герман тайпаларының өмір жағдайы мен өмір сүру ортасы бейнеленген.

Германия

Түгел Германдықтар Рэтискве галлдарынан Рейн және Дунай өзендерімен алшақтанған болса, Сарматтардан олардың көрсеткен қауіп-қатер мен екі ел арасындағы түсінбеушіліктер әсерінен алшақтады; Германия құрамына көлемі үлкен бухталар мен шығанақтар, көптеген аралдар кіретін мұхит жерінің біраз жерін, соңғы кезде соғыстар нәтижесінде құрылған ердердің көп бөлігін алады. Рейн өзені аспанмен таласқан, қол жетпес биік шыңды Альпы тауларының батыс бөлігінен бастау алып, Солтүстік мұзды мұхит бағытында ағады. Дунай болса, қалың ну орман арқылы көптеген елдерді қиып өтеді де, алты сағаға тарап барып Қара теңізге құяды.

Тит Лукреций Кар

(б.з.б 98-55 жж.)

Ең жарқын және аса маңызды ежелгі әдебиеттің ескерткіші, «О природе вещей» поэмасының авторы танымал поэт, философ материалист – Лукреций. Бул шығармада поэтикалық пішін жағынан атомистикалық материализмнің философиялық негізі баяндалған. Лукрецийдің поэмасында Демокриттің материалистік көзқарастарының дамуын көрсететін Эпикурдың атомистикалық теориясын айқындайды. Әрбіреуінде ерекше бастама бар поэма алты кітаптан тұрады. Бірінші кітаптың бастамасы ретінде Шолпан патшасын әлемде тылсым күш ретінде бейнелейді. Мазмұндаманың көркемдік пішіні Лукрецийдің материалистік идеясына аса бейнелілік пен сенімділік береді. Лукреций еңбегінде медицина сұрақтарына біліктілікпен жақындайды. Өте ұсақ қозғаушы бөлшектер, атомдар, тірі организмнің ауыр құрылысы, бірте-бірте өсімдік және жануар әлемінің дамуы, организмдердің өзгешелігі және белгілердің мұрагерлікпен берілуі, организмдердің бейімделмей қырылып қалуы туралы ойын айтады. Кейбір ауруларға өте дәл сипаттама береді. Лукрецийдің алтыншы кітабында жұқпалы аурулар, олардың пайда болуы туралы баяндалады да аурудың пайда болу концепциясын ұсынылады. Ол су, тамақ және басқа заттар арқылы жұғу мүмкіншілігі бар екеніне назар аударады, өзіне айқын емес нұсқауларды белгілеу арқылы, инфекция туралы айтады.Поэманың бастапқы 20 өлеңі төменде беріледі.