Дебиет пәні бойынша сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері
А) Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың қабілеті, икемі, дарыны, жеке ынтасы негізінде ұйымдастырылады және бірнеше салаға бөлінеді. Үйірме жұмыстары –сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Ә) әдеби-шығармашылық үйірмелердің сонымен қатар «Шешендік өнер», «Айтыс», «Термеші» сияқты фольклорға негізделген түрлері, әсіресе, соңғы кездерде тәжірибеге көптеп енгізілуде. Үйірме жұмыстарының арнаулы органы –қолжазба журналы, газеті болады. Жұмыс жоспары жасалынады. Мұндай істерге кейде жергілікті ақын-жазушылар да (өз тілегімен) көмектесіп, белгілі бір секцияны басқарады. Әдеби-шығармашлық үйірмелерінің жұмысын жас ақын-жазушылармен бірігіп жүргізу нәтижелі болмақ.Б) әдеби үйірмелердің бір түріне «Кітап достары» немесе «Кітап –білім бұлағы» деген үйірмені жатқызуға болады. Әсіресе, 5-8 сыныптарда мұны мектеп кітапханасымен бірігіп жүргізудің маңызы ерекше. Үйірме мүшелері кітапханада арнайы көреме ұйымдастырып өткізеді, мысалы, «Құрметтейік те көтерейік Ананы» (8наурыз қарсаңында), «Менің Қазақстаным» (Республика күніне), т.с.с. Олар жаңа кітапты үнемі насихаттап, балаларға таратып, төменгі сынып балдырғандарына әңгімелеп береді.Жұмыс нәтижелі болу үшін, жоспарлы, жүйелі жүргізілуі керек. Кітапты күтіп ұстау, ұқыпты болу, оны қалай оқудың мәдениеті туралы да тартымды әңгімелер осы үйірме міндетінде. Олар осы мәселеде неше түрлі бәйге өткізеді. Мысалы, «Ұқыпты бала», «Кітап жанашыры», «Білгір» (кітапт көп оқитын), «Шапшаң» немесе «Алғыр» (кітапты тез, әрі қатесіз оқитындар үшін), т.б. тақырыптарда. Жеңімпаздарға қоғамдық ұйымдар, үйірме, мектеп әкімшілігі алғыс айтып, оларды мектеп газетінде мадақтап отырғаны дұрыс. Үйірме мүшелері оқушыларды кітапханадан кезекті кітапты қалай алуға болады, каталогпен жұмыс түрлерін қалай жүргізу керек, соған үйретеді, дағдыландырады. В) үйірмелердің тағы бір түрі –мәнерлеп оқу, драма үйірмелері. Үйірмені осы өнерден хабары бар, сауатты маманның жүргізгені дұрыс. Оқушылар драматургия жанры, оның ерекшелігі туралы хабар алады, театр өнері, оның өзіндік сипаттарымен, ұлы артистер өмірі, өнерімен танысады. Драмалық шығармалардан үзінділер, инсценировкалар әзірлейді. Оларды мұғалім сабаққа пайдаланып отырады. Мысалы, Ғ.Мүсірепов, М.Әуезов драмаларын талқылаған кезде олардың туындыларынан көрініс, монолог, дайындалып, сабақпен ұштастырылады (осындай жұмыстарды үнтаспаға жазып алып та сабаққа пайдалануға болады). шағын 5-8 сыныптар бойынша әдебиет үйірмелерімен бірлесе отырып, «Алтын сақа» немесе «Ер Төстік елінде» атты драма үйірмесін жүргізуге болады. Үйірме мүшелері ертегілерді мәнерлеп оқуға, инсценировка жасауға, сахналық көрініс көрсетуге үйренеді. Төменгі сынып оқушыларына, балабақшаларға барып, өз өнерлерін көрсетеді, бөбектерді ертегіні сүюге баулиды. Сыныптан тыс жұмыстардың бір түрі –клубтар. Үйірмеге қарағанда клубтардың ауқымы кең. Үйірмеге қабілетті, соған икемді ғана балалар тартылса, клубқа қатысам деушілерге ондай шек қойылмайды. Бір сыныпты түгелімен бір клубқа қатыстыруға болады. Мысалы, «Аққу», не «Әлди, әлди, ақ бөпем» клубына (атын басқадайда атауға болады) қыздар тартылады. Әдеби біліммен қатар, эстетикалық тәрбие беру, сұлулық, әдемілікті сезінуге баулу, ұлттық тәрбиені жүзеге асыруда оның атқаратын жұмысы ерекше болып келеді. Клубта әдебиеттегі қыздар бейнесі , ақын-жазушы қыздардың өлеңін оқып-талдау, өнерпаз, білімпаз қыз-келіншектер туралы, сондай-ақ қыздарға өзін-өзі күту, болашақта үй тұрмысын қалай жүргізу, дастарқан мәзірінің жай, бала тәрбиесі, сән т.б. туралы қызықты, маңызды әңгімелер өткізіліп, әр саладағы мамандармен кездесу ұйымдастырылады «Алтыбақан», «Мұрагер» клубтарын құрып, халықтың өнерін, әдет-ғұрпын, әдебиетін, шешендік өнерін кеңінен насихаттауға болады. Клубқа қандай ат қойылады, -оны қатысушылар өздері шешеді. «Сиқырлы сөз» клубын ұйымдастырып, өткізуге болады. Онда ақын, әншілер, сал-серілер шығармашылығы , ақын-композиторлар, Абай, Сәкен, Қасым, т.б. өлеңдері туралы тамаша хабарлар, отырыстар жүргізуде пайдалы. Клуб жұмыстары әр түрлі формада өткізіледі. Бірде дәріс-әңгіме түрінде өтсе, енді бірде композиция, концерт, кездесу, т.б. түрінде өтіледі.
7.Қазақ әдебиеті сабағын жоспарлау (күнтізбелік-тақырыптық, күнделікті сабақ жоспары).
Сабақ жоспары
Пән аты: Әдебиет
Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет - өнердің бір саласы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға өнердің бір саласы болған – әдебиет туралы білім беру.
2.Тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа тәрбиелеу
3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі:жаңа сабақты түсіндіру сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі:баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі:«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы
Пәнаралық байланыс:тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІV. Жаңа сабаққа дайындық:
1.Сабақтың тақырыбын тақтаға жазу.
2. Сабақ мақсатын түсіндіру.