Ылмыстық іс бойынша үкім шығару барысында сотпен шешілетін мәселелерді негіздей отырып көрсетіңіз
Қазақстан Республикасындағы соттар Қазақстан Республикасының атынан үкiм шығарады.Сот үкiмi заңды және негiздi болуға тиiс.Егер үкiм заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негiзiнде шығарылса, ол заңды болып танылады. Егер үкiм сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелердi жан-жақты және объективтi зерттеу негiзiнде шығарылса, ол негiздi деп танылады.
Сот үкiм шығару кезiнде кеңесу бөлмесiнде мынадай мәселелердi:
1) жасалуына сотталушы айыпталып отырған іс-әрекеттiң орын алғаны дәлелденген-дәлелденбегенін;
2) бұл іс-әрекеттің қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын-табылмайтынын және ол нақ қайсы қылмыстық заңда көзделгенін (бап, бөлiк, тармақ);
3) сотталушының осы іс-әрекеттi жасағаны дәлелденгенін-дәлелденбегенін;
4) сотталушының осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кiнәлi-кінәсіз екендігін;
5) оның жауаптылығы мен жазасын жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлардың бар-жоғын;
6) сотталушының өзі жасаған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жазалануға жататынын-жатпайтынын;
7) сотталушыға қандай жаза тағайындалуға тиiстігін;
8) жаза тағайындамай үкiм шығару немесе жазадан босату не қылмыстық жазаны өтеудi кейiнге қалдыруға негiздердің бар-жоғын;
9) бас бостандығынан айыруға сотталған адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қандай түрi мен режимiнде жазасын өтеуге тиiс екенін;
10) азаматтық талап қоюдың қанағаттандырылуға жататынын-жатпайтынын, оның кiмнiң пайдасына және қандай мөлшерде қанағаттандырылатынын;
11) азаматтық талап қоюды немесе ықтимал тәркiлеудi қамтамасыз ету үшiн тыйым салынған мүлiктi не iстеу керектігін;
12) заттай дәлелдемелерді не iстеу керектігін;
13) процестік шығындар кiмге, қандай мөлшерде жүктелуге тиiстігін;
14) соттың сотталушыны құрметтi, әскери, арнайы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан, мемлекеттiк наградаларынан айыруға (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыну енгiзуге) тиiстігін-тиісті еместігін;
15) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы;
16) қылмысты жасауға ықпал ететiн мән-жайлардың бар-жоғы туралы;
17) сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы;
18) алдыңғы үкiм бойынша шартты сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы;
19) алдыңғы үкім бойынша кепілгерлікті белгілей отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатудың күшін жою туралы шешеді.
Ақтау үкiмiн шығару кезiнде сот ақталушыға тергеп-тексеру, прокуратура, сот органдарының заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиянды өтеу туралы мәселе жөнiнде шешiм қабылдайды.Сотталушыны бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыптаған кезде, жоғарыда көрсетiлген мәселелердi әрбiр қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жеке-жеке шешедi.Егер қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп бiрнеше сотталушы айыпталса, сот әрбір сотталушының жасалған іс-әрекетке қатысу рөлi мен дәрежесiн айқындай отырып, олардың әрбіріне қатысты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген барлық мәселелердi жеке-жеке шешедi.
Сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде санамаланған негiзгi мәселелердi шешкеннен кейін мынадай:
1) сотталушының, ал қажет болған жағдайда – жәбiрленушiнiң ата-анасыз қалған, кәмелетке толмаған балаларын орналастыру туралы;
2) сотталушының мүлкiн, қажет болған жағдайда жәбiрленушiнiң мүлкiн қорғау туралы;
3) жекеше қаулы шығару қажеттiгi туралы;
4) алдыңғы үкім бойынша кепілгерлікті белгілей отырып қылмыстық жауаптылықтан босатудың күші жойылған жағдайда кепіл нысанасының тағдыры туралы қосымша мәселелердi шешуге көшедi.
6. Егер Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі осы қылмыстық іс бойынша қолданылуға жататын заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні басқа соттың бастамасы бойынша конституциялық емес деп тану туралы ұсынуды іс жүргізуге қабылдаса, сот үкім шығаруды кейінге қалдыруға міндетті.
18. Сот үкімінің түсінігі мен түрлері және сот үкімінің құрылысына талдау жасаңыз.
Қазақстан Республикасындағы соттар Қазақстан Республикасының атынан үкiм шығарады.
Сот үкiмi заңды және негiздi болуға тиiс.Соттың үкiмi айыптау немесе ақтау үкімі болуы мүмкiн.Айыптау үкiмi соттың сотталушыны қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлi деп тану туралы шешiмiн қамтиды.
Ақтау үкімі арқылы сот сотталушыны қылмыстық жауаптылыққа тартқызып, сотқа берген айыптау бойынша оның қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кiнәсiз екенін таниды және жариялайды.Үкiм кiрiспе, сипаттау-уәждеу және қарар бөлiмдерінен тұрады.
Үкiмнiң кiрiспе бөлiгiнде:үкiмнiң Қазақстан Республикасының атынан шығарылғаны;үкiмнiң шығарылған уақыты мен орны көрсетіледі;үкiм шығарған соттың атауы, соттың құрамы, сот отырысының хатшысы, процеске қатысушылар, олардың өкiлдерi, аудармашы;сотталушының тегi, аты және әкесiнiң аты (ол болған кезде), оның туған жылы, айы, күнi және туған жерi, тұрғылықты жері, жұмыс орны, айналысатын кәсiбi, бiлiмi, отбасылық жағдайы және сотталушының жеке басы туралы, iс үшiн маңызы бар өзге де мәлiметтер;жасалғанына сотталушы айыпталып отырған қылмыстық құқық бұзушылықты көздейтiн қылмыстық заң (бап, бөлiк, тармақ) көрсетiледi.
Айыптау үкiмiнiң сипаттау-уәждеу бөлiгiнде: қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты, жасалу тәсiлi, кiнә нысаны, себептерi мен салдары көрсетiле отырып, сот дәлелденген деп таныған қылмыстық әрекеттiң сипаттамасы қамтылуға тиіс. Үкiмде соттың сотталушыға қатысты түйіні негiзделген дәлелдемелер және сот басқа дәлелдемелердi жоққа шығарған себептер келтiрiледi. Жауаптылықты жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ процестік келісімде көзделген, жазаны тағайындау шектері көрсетіледі. Сот қылмыстық жазаны тағайындауға, одан немесе оны нақты өтеуден босатуға, өзге де ықпал ету шараларын қолдануға қатысты барлық мәселелерді шешудiң себептерiн де көрсетуге мiндеттi.